Материалдар / Әдіс тәсілдер
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Әдіс тәсілдер

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімге сабақта қолдануға әдістемелік көмек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Маусым 2018
1086
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
































«Менен сұрақ, сізден жауап» әдісі

Үй тапсырмасын не жаңа сабақты бекіту мақсатында оқушыларға сұрақтар қойылып, жауабы тыңдалады. Оқушы сұрақтарға нақты жауап беру керек.





















«Адасқан әріптер» әдісі

Негізгі мақсаты:

Әріптерден сөздер құрастырамыз.Сабақты бекіту кезінде қолданамыз

«Сиқырлы сандық» ә дісі



Мақсаты: Оқушыларды сабақ соңында бағалауға пайдаланады.









«Кір жаю»әдісі



Үй тапсырмасын бекіту.

Өткен сабақтағы оқушы түсінігін еске түсіру, қалай оқып келгені жайында байқау мақсатында пайдаланады.

















«Пирамида» әдісі



Әңгіменің кейіпкерлерін табу, сол кейіпкерге мінездеме жазу.



















«Бірге ойлаймыз» әдісі

Бұл әдістің тиімділігі сыныптағы елеусіз оқушыны сабаққа таратуда қолданылады.

















«Көршіге арналған сөздік диктант» әдісі.



Интербелсенді әдістердің тиімді түрлерінің бірі- жұптық жұмыс. Жұптық жұмыс-ынтымақтастық пен өзара көмек үшін таптырмас форма. Жұпта оқушылар бірін-бірі тексере алады, жаңа материалды бекіте, өтілген материалды қайталай алады.



Құрастырған:_________________



Өтілген сабақ «Э дыбысы»

Сөздерді қатесіз көшіріп жаз, жазылуын есте сақта.



Эссе, экран, элеватор, экипаж, экскаватор, аэроклуб, эмблема, экспедиция, эстафета.







Полиглот. Жеті жұрттың тілін біл.



Мақсаты: Оқцшылардың ой- өрісін дамыту. Басқа пәндермен де пәнаралық байланыс орнату. Сергіту сәтінде де пайдалануға болады.



















«Құпия хат» әдісі

Мақсаты: Оқушылардың қызығушылын арттыру. ( бір тілек, бір сұрақ)

























«Жұптас, ойлас, бөліс» әдісі

Мақсаты: Топтық білімді жинақтау ынтымақтаса жұмыс жасай отырып өз ойларын еркін, дәлді түрде жеткізе білуге ықпал ету

Әр оқушы алдымен өзі орындайды,көршісімен ақылдасады, топқа түсіндіреді.

















Стратегия «Роль на стене»

Сказка «Болтливая жена»

Басты кейіпкердің кейпін салып, ішкі бетіне сол кейіпкер жайлы білетіндерін жазып, сыртына одан не сұрағысы келеді соны сұрайды.



«ДЖИГСО» әдісі



Мақсаты: оқушыларға жауапкершілік а ртылады.



Мақсаты:Оқушыларға бір әріптің екі дыбыс беруі сурет салу арқылы есте сақтайды.





Мақсаты: Есте сақтау қабілетін арттыру үшін қолданылады.





















Мақсаты:Оқушы сөзді сурет арқылы көріп, есте сақтау.



















Өзіңді бағала



Мақсаты: Оқушылардың өзін қалай және қандай дәрежеде бағалайтынын анықтау





Менің ұраным

Шаршама, талма, тек алға!

Кері байланыс



























География сабақтарында ойын түрлерін география сабағында
тиімді пайдалану 

Халық пен халықты,адам мен адамды 
теңестіретін нәрсе-білім
М.Әуезов 

Жас ұрпаққа саналы тәрбие сапалы білім беру - бүгінгі күннің өзекті мәселесі екенін қоғамның даму кезіңінде болып жатқан әлеуметтік-саяси және жаңа технологиялық өзгерістер тәрбие мен білім беру жүйелерінің ісін жаңа сатыға көтеру үшін білім саласында жаңа,тиімді әдіс-тәсіледерді қолданудың қажеттілігі дәлелдеп отыр. 
Жалпы білім беру жүйесіндегі және мектеп мұғалімнің алдында тұрған көлемді әрі жауапкершілігі мол міндеттердің бірі-оқушыға тиянақты білім беру болып табылады.
Өз мамандығын шын сүйетін,өзі оқытатын пәнін жақсы көретін мұғалім әрбір сабағын ерекше дайындықпен және үнемі ізденіс үстінде жүргізеді. Оқушылардың ынтасын арттыру,пәнге қызығушылығын дамыту,білімді берік те саналы жеткізу жолында жаңаша әдіс-тәсілдерді ізденіп қолданады. Оқыту мен тәрбиелеу мақсатында жүргізілген жұмыстың тиімді көрсеткіштерінің бірі-оқушының белсенділік қабілеттері және пәнге деген қызығушылығын ояту,терең де мазмұнды білім беру,ой-өрісін,шығармашылық ізденісін дамытып,қазіргі нарық заманы бәсекесіне төтеп бере алатындай білікті тәрбиелі шәкірт, азамат тәрбиелеу.
Орыс ғалымы Л. В. Зенков жаңа технологиялық әдіс - тәсілдерді пайдалану-білім сапасын арттырудың бірден –бір жолы -деп көрсеткендей, біздің әр күн сайынғы сабағымыз жаңа технологиямен өткізуді қажет етеді.Мұнда оқушының әрекеті- технологияны қабылдауы,ынтасы,құштарлығына көңіл бөлінуі тиіс. Мектептердің оқу үрдісіне жаңа технологияны енгізу арқылы оқу сапасы жақсарып,дамыта оқыту жүзеге асырылып,жеке тұлғамен жұмыс істей отырып,саралап,даралап оқытуға мүмкіндік туады.Жаңа технология оқушының өзіндік жұмыс атқаруына және ең бастысы-оқушының білім жетістіктерін жақсартуға ықпал етеді.
Сабақта оқушы қызығушылығын артт ыру үшін ойын-сабақтарын жүргізу өте тиімді. Ойын жөнінде белгілі педагог В.А.Сухомлинский: «Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты дамуы жоқ және олай болуы мүмкін емес. Ойын дегеніміз-ұшқын,білуге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты» деген болатын. Сондықтан да ойын түрлерін кірістіре отырып өтілген сабақ оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыра түседі. Яғни,мұғалім оқушымен сабақ барысында үздіксіз жұмыс істеуі керек. Сонымен бірге оқушының сабақ барысындағы рөлін арттыра түсу қажет. Сонда ғана оқушының дарындылық қабілеті шыңдала түседі. Ойын баланың көңілін өсіріп,ойын сергітіп қана Балалар ойын арқылы бір-бірімен тез тіл табысып,жақсы ұғысады,бір-бірінен ептілікті,тапқырлықты үйренеді.
Оқытып тәрбиелеудегі негізгі мақсат-оларды мектептегі оқуға, ұйымшылдыққа, еңбек етуге даярлау,олардың бойына адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру,ойлау,сөйлеу қабілетін дамыту. Сабақ үстінде жүргізілетін жұмыс түрлері,тақырыпқа сай алынған тәрбиелік мәні бар ойын түрлері оқушының ойлау белсенділігін қажет етеді.
Ойын өткізудің ережелері.
1.Ойын оқытудың маңызды,байыпты түрі.
2.Ойын барысындағы көтеріңкі дыбыстарды шу деп қабылдамау керек.
3.Балалардың барлығы үздіксіз іс-әрекетте болуы керек.Ойынға барлық оқушылар қатысуы керек.
4.Ойынды сырттан бақылап тұруға болады.Сіздің көмегіңсіз ойын жалғаспайтын жағдайда ғана ойынға араласу қажет.Ойын барысында қиындық туындаса шара қолдануға асықпаңыз.Оқушыларға проблеманы шешу үшін ойлануға уақыт беріңіз.
5.Балаларға даяр жауапты бермес бұрын олардың өздері ізденуіне түрткі болыңыз.
6.Олардың жай түсініксіз айтқан сөздерін қайталап айтыңыз,қалған оқушылардың көңіл қойып тыңдауын талап етіңіз.
7.Балаларға ойынды өздері ұйымдастыруға уақыт беріңіз.Балалар тарапынан кеткен барлық қателіктерді түзете беру қажет емес,себебі бұл оқушылардың ойынға деген қызығушылығын ынтасын төмендетеді.
8.Көбірек ойнау қажет.Қызықты ,жағымды ойындар барысында оқушылар қызығып ойнайды.
География сабағында мынадай ойын түрлерін қолданамын.
«Мен-Өзенмін» ойыны
Бұл ойынның шарты бойынша,картадан өзенді көрсетіп,« Мен-Жайық өзенімін,қайда барып құямын?» деймін.Олар« Мен-Жайық өзенімін,Каспийге барып құямын?»,дейді.Ойын осы ретпен жалғаса береді.
«Зообақ » ойыны
Әр оқушыға жануарлар мен өсімдіктер бейнеленген суреттер таратылады. Сол суреттегі жануар мен өсімдіктердің аттарын атап, қай белдеуге,материкке жататынын анықтайды.
«Пошта» ойыны
Тақтаға төрт пошта жәшігін іліп қойылады.Жіңішке қағаз қиындыларына әр түрлі тақырыптарға сәйкес сөздер жазылады.Сол қиындыдағы сөздерді дұрыс тапқан және көп жинаған оқушы жеңіске жетеді.
«Сыңарын тап» ойыны
Ойынға екі топ қатысады.Топ мүшелері кезекпен шығып тақтаға жазылған таулардың,шыңдардың,олардың биіктіктерінің сәйкестігін тауып жазады.(Кавказ,Анды,Кордильер,Алтай,Орал,Гималай,Эльбрус,Аконкагуа,Белуха,Народная,Мак-Кинли,Джомолунгма 6959,6194,1899,4506,8848,5642.)Орындалу үлгісі:Кавказ-Эльбрус-5642.
«Қай қатар тез?»ойыны
6,7,8-сыныптарға өткізуге болды.Тақтаға Таулар, Аралдар деген бағанаға екі қатардан екі оқушы шығып,біреуі таулардың,екіншісі аралдың аттарын жазуы керек.Кім тез, әрі көп жазса,сол топ жақсы бағаланады.
«Ел тани білесің бе?»ойыны
Картадан бір елді көрсетеді.Оны мына жоспар бойынша сипаттайды.Елдің аты,астанасы,жер көлемі,халқы,ресми тілі,діні,мемлекттік құрылысы,ақша бірлігі
Картаны жина ойыны
Кез-келген материктердің бөлшектенген кескін картасын шапшаңдықпен тез арада құрастыру қажет.
«Номенклатура»ойыны
Бұл ойында географиялық нысандарды картадан көрсету арқылы жүргізіледі.
«Кім тез»ойыны
Бұл ойында географиялық терминдерді теріп жазады. Яғни,шапшаң тез жазу қажет.
Муссон-жел Бриз-жел
Флюгер-аспап Гигрометр-аспап
Атмосфера-ауа қабаты Торпосфера-ауаның төменгі қабаты
«Географиялық орнын тап»ойыны.
Мұғалім бір нысанды атайды. Оқушы географиялық орнын айтады. 
Бурабай-Көкшетауда
Қарағанды-Орталық Қазақстанда 
Атырау-Каспий жағалауында 
Мұғаджар-Ақтөбеде
Терек-Кавказда
Әр бір сабақтарымда осы ойын түрлерін орнымен қолданып,оны қызықты ету арқылы білімге ынта-ықыласын,пәнге сүйіспеншілігін қалыптастыруын көздеймін.
Сабақтың тақырыбы:Қазақстанның ішкі суларын қайталау
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:Оқушыларға ішкі сулардың түрлерін олардың маңызы жөнінде білімділік негізін қалыптастыру.
Тәрбиелік:су нысандарын қорғай білуге оны тиімді пайдалану,тәрбиелеу 
Дамытушылық:оқушылардың ойлау қабілетін дамыту дүние-танымдық көз қарастарын қалыптастыру
Сабақтың түрі:
Сабақтың әдісі:ойын
Сабақтың көрнекілігі:Қазақстанның физикалық картасы,Глобус,Атластар
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі.
Амандасып,сабаққа қатысты тексеріп,оқушылардың сабаққа келуіне зейініне көңіл бөлу.
II.Үй тапсырмасын тексеру.
1.Қазақстанның климаты қандай?
2.Климат қалыптастырушы факторлары
3.Қазақстан аумағында ауа температурасының өзеруі
4.Климаттың адам өміріндегі маңызы
ІІІ.Жаңа сабақ
І-топ.Каспий
ІІ-топ.Арал
ІІІ-топ.Балқаш
Сабақ бес бөлімнен тұрады.
«Сұрақ менен-жауап сізден»
Жұмбақтар
«Пошта»ойыны
«Бір-бірін тексеру»ойыны
«Мозайка»ойыны

1."Сұрақ менен-жауап сізден"
Қазақстанда неше өзен бар?
Қазақстандағы өзенді неше алқапқа бөлеміз?
Қазақстандағы барлық көлдер саны?
Мұздақтардың саны?
Қазақстандағы көлдер саны?
2.Жұмбақтар
Суы тартылып ғаламдық қасіретке айналған көл. (Арал ) 
Ақ жылан аяғы жоқ,көзі де жоқ,
Сөйлейтін не бір аузы сөзі де жоқ.
Тоқтамай қызы жазы кезе берер,
Үстінде бір жапырақ бөзі де жоқ.(Өзен) 
Мен өзім ағашпын,
Көресің ауылдан да, қаладан да.
Ал өзен болсам долданған
Табасың тек Кавказдан (Терек) 
Мінезі де,аты да бұзық өзен.(Тентек) 
Алғашқы буыным ат әбзелі.
Екінші тұр ауызыңда тізіле.
Ал егер қосып оқысаң,
Өзенмін мұхитқа барып құятын (Ертіс) 
 3. Пошта ойыны 

Керектісөздер:Жайық,Каспий,Шокальский мұздығы,Корженевский мұздығы,Ертіс,Арал,Есіл,Балқаш 
4. "Бір-бірін тексеру" ойыны
Жайық,Торғай,Сырдария, Іле,Шу,Есіл,Нұра өзендерін кескін картаға түсіру. 
5."Мозайка" ойыны

Қорытынды.Ұпайлары есептелініп,жеңімпаздар анықталады.
Үйге тапсырма.Тарауды қайталау.

Ойын сабақтың соңында оқушылардың алған білімін тиянақтау ретінде пайдаланады. Ойын элементтері сабақты түрлендіріп, мазмұнын кеңейте түседі.
Сын тұрғысынан ойлау мен экологиялық тәрбиелеуде дамыта оқытумен қатар оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін ойын элементтерін көбірек қолдану қажет. Ойын баланың ой-өрісін дамытады.
Менің осы сабақтарымда жүргізілген ойын түрлерінің арқасында оқушыларымның жетістіктері бар.Яғни олар мектепшілік, қалалық олимпиадаларда,әр түрлі сайыстарда жүлделі орындарға ие болып жүр.
Бүгінгі таңда білім беретін мектептердің міндеттін өзінің талантын танып және оны таныта алатын жан-жақты жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады. Ол үшін ең алдымен оқушылардың танымдық іс-әрекетінің маңызды жақтарына көп көңіл аударуымыз керек.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!