Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Әдістемелік бірлестік жұмыс
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
2017-2018 оқу жылындағы қазақ тілі мен әдебиет пәні әдістемелік бірлестігі бойынша І жартыжылдық жұмысының есебі
Тіл – тәуелсіздіктің тірегі. Тәуелсіздікті баянды етудің бір жолы – мемлекеттіктілдің мәртебесін арттыру, елімізде оның қолдану аясын кеңейте отырып, өмірдің бар саласынан орын беріп, әлем елдерімен бәсекелес болу.
2017-2018 оқу жылында – бірлестігімізде 4 мұғалім қызмет атқарады, барлығы жоғары білімді. Бірінші санатты -3, екінші санатты маман - 1. Қазақ тілі мұғалімдері мектеп әкімшілігі бекіткен бірлестіктің жұмыс жоспары бойынша жұмыс істеуде. Мектепте басты тұлға- мұғалім. Мемлекеттік білім саясаты осы мұғалімдер арқылы жүзеге асырылады. Ал мұғалімдер қауымының алдында тұрған басты мақсат- рухани жан дүниесі бай, жан-жақты дамыған, жеке тұлғаны қалыптастыру, яғни қазіргі таңның басты мақсаты болып есептеледі. Бұл жолда білім сапасына әр түрлі жолмен жетуге болады.
Әдістеме бірлестігінің мәселесі: «Жаңартылған білім мазмұнында оқыту арқылы оқушылардың сындарлы ойын, тілдік дағдыларын қалыптастыру, тұлғалық әлеуетін ашу.
Мақсаты:
Мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту барысында оқу үдерісінде оқытудың
инновациялық технологияларын пайдалану, оқушылардың мемлекеттік тілге деген
қызығушылығын арттыру барысында құзіретті тұлға қалыптастыру.
Әдістеме бірлестігінің міндеті :
Мұғалімдерге жаңа педагогикалық технологиялар мен инновацияларды меңгеруге, өз тәжірибесіне енгізуге көмек көрсету;
Озық педагогикалық тәжірибелерді зерттеу, үйрену,ендіру;
Мұғалімдердің әдістемелік шеберлігін, кәсіби деңгейін арттыру арқылы сапалы білімге қол жеткізу.
Дарынды оқушыларды анықтап, қабілетіне қарай шығармашылыққа баулу;
Үлгерімі төмен оқушылармен үздіксіз жұмыс жүргізу;
Сабақта әр түрлі әдіс-тәсіл түрлерін қолданып, оқушылардың ойлау қабілеттерін арттыру.
Оқу жылының басында әдістемелік бірлестік ағымдағы жылда жүргізілетін жұмыс жоспары жоспарланды.ӘБ мұғалімдерінің біліктілігін арттыру курстарынан өтуі, аттестациядан өтетін мерзімдері жоспарланды.
Әдістеме бірлестігінің отырысы І жартыжылдықта үш рет өткізілді. Бұл отырыстарда қазақ тілі мұғалімдері көптеген мәселелерді көтеріп, оларды шешу жолдарын қарастырды.
Қырқүйектің алғашқы аптасында өткізілген «Денсаулық күніне» арналған іс-шараға пән мұғалімдері белсене қатысып, «Денсаулық - зор байлық», «Ас — адамның арқауы» тақырыбында оқушыларға шығармалар жаздырды. Жеңімпазар марапатталды.
Тілдер мерекесі қарсаңында мектеп басшысының бекіткен жоспары бойынша онкүндік өткізілді. Шара барысында Аскер Қ. «Таза,терең, өткір, күшті, кең тілім» тақырыбында мақала байқауын өткізді. Бисолтан П. «Мәңгілік ел- мәртебелі тіл» сайысын 9-11 сыныптар аралығында жүргізді. Камел Х. «Ұлттарды біріктірген -ұлы тіл» мәнерлеп жатқа өлең оқу сайысын орыс тілді сыныптар аралығында ұйымдастырды. Сонымен қатар орыс, ағылшын тілдеріне байланысты іс- шаралар жүргізілді. Онкүндік жақсы деңгейде өтті. Жоспарланған іс-шараларға оқушылар белсене қатысып, өз үлестерін қосты. Жеңімпаздар, белсене қатысқан оқушылар марапатталды.
«Тіл мәртебесі- ел мәртебесі» атты қазақ тілі мен әдебиеті апталығы туралы (02.10.17-10.10.17)
Мақсаты: Тіл – ұлттың мақтанышы, тірегі, жүрегі екендігіне кең түсінік бере отырып, оқушыларды елжандылыққа, туған тілін құрметтеуге, тілді ұлттық мұра ретінде қастерлеуге үйрету.
2017 жылдың екінші қазаннан бастап қазанның онына дейін «Тіл мәртебесі- ел мәртебесі» атты қазақ тілі апталығы өтті. Апталық салтанатты жиынмен ашылды. «Мектептегі қызықты өмір» фотокөрме көрмесін Шайзада С. ұйымдастыруымен өткізілді. Сонымен қатар «Ана тіліңде елдігіңді, ерлігіңді жырлайсың» тақырыбында мерейтой иелеріне яғни ақын-жазушыларымызға арналған қабырға газетін шығаруды Бисолтан П. жауаптанып жүргізді.
«Тіл тағдыры –барша қазақ халқының тағдыры» атты шығармалар сайысын 8-11 сыныптар аралығында жаздырды және орыс тілді сыныптар аралығында «Қазақ тілім –өз тілім, ана тілім, Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім» жатқа мәнерлеп оқу сайысы ұйымдастырып Камел Х . өткізді. «Мақал -сөздің азығы, Жұмбақ – ойдың қазығы» тақырыбында жинақша құрастыруды Аскер Қ. жауаптанды.
Апталықты ары қарай «Білекті бірді, білімді мыңды жығар» атты интеллектуалдық сайыспен жалғастырған Бисолтан П. өз мақсатына жетіп, өте жақсы бағаланды.
«Тіл мен өнер -егіз» атты Ашық тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағаты барысында қазақ әндері, жыр, күйлері, мақал-мәтел, жұмбақтары айтылып, әдеби шығармалардан үзінділер көрсетілді.
«Қазақ тілі – ажарым, қасиетім, қанатым» атты апталықты қорытындылау кеші өтті. Қорытынды барысында ақын өлеңдері жатқа оқылып,монолог, диалог оқылып, Абай атамыздың қара сөздерін оқыды. Ана тілі туралы көрініс ойналып, оқушылар арасында мақал –мәтел айтысып, қазақ әндері шырқалды. Көрермендермен «Ойлада ойна» ұйымдастырылды.
Қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдері түрлі әдіс- тәсілдерді қолдана отырып, оқушылардың мемлекеттік тілді жетік меңгеріп білуіне көңіл бөліп, пәнге деген қызығушылықтарын арттырып, ізденімпаздық қабілеттерін оята білді.
Қорыта келгенде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің апталығы белгіленген жоспар бойынша жоғары деңгейде өткізілді.
Жоспар бойынша қазақ тілі мен әдебиет пәнінен мектепішілік олимпиада өткізілді. Олимпиадаға 8-11 сыныптар қатысты. Олимпиада 3 кезеңнен тұрды. І кезеңде әр сынып диктант (Жазба жұмысын) жазды. Диктантан өткен оқушылар ІІ кезеңге өтті. ІІ кезеңге қазақ сыныбынан 14 оқушы, орыс сыныбынан 11 оқушы қатысты.
ІІ кезеңде қазақ сыныптары шығарма жазып, орыс сыныптары мазмұндама жазды. ІІ кезеңнен өткен оқушылар ІІІ кезеңге өтті. ІІІ кезеңге қазақ сыныбынан 6 оқушы, орыс сыныбынан 5 оқушы өтті. Оқушылар ІІІ кезеңде ауызша сұрақтарға жауап беріп, тапсырмалар орындады.Комиссия мүшелерінің шешімі бойынша қазақ сыныптары арасынан І орын Бисолтан А., ІІ орын Кадербек Ж., ІІІ орын Құмай Г. иеленді. Орыс сыныптар арасынан І орынға 11 сынып оқушысы Ахметжаноав А., ІІ орынға 10 сынып оқушысы Линник В., ІІІ орынға 8 сынып оқушысы Тастанбеков М. пәндік олимпиадада жүлделі орынға ие болған оқушылар марапатталып, қатысқан оқушыларға алғыс айтылды.
ӘБ І жартыжылдық бойынша 2 рет оқушылардың оқулық пен дәптеріне тексеру жүргізілді. Бұндағы мақсат: тазалығы, қолдану, жазу т.б. жақтарын қарастырып, «Үздік дәптер», «Ұқыпты оқушы» т.б атақтармен марапатталды.
Желтоқсан айының 15-20 аралығында дарынды оқушылардың жұмыстары(шығарған өлең, жазған,зерттеген жобалары, құрастырған жұмбақта мен жаңылтпаштары, ертегілері т.б.) сараланып, жетістіктері топтастырылды. 9 сынып оқушылары:Бисолтан А., Кадербек Ж. Жеңіс И. 6 сынып оқушылары Бисолтан Е. Даулетқызы Ж.,Ожан Н.,Ерболқызы А., Булганхан А.,Жақсыбек А.,Кабыл А..
Үлерімі төмен оқушылармен жүргізілген жұмыстарын пән мұғалімдері отырыс барысында ортаға салды. Нәтижесінде 9 сынып оқушысы Илимбаев Д. , Сагин Ж., Зингалюк М. талпыныстары жақсы. Тест, сайыстарға қатысу, үй тапсырмасына дайындалуы бір сатыға жоғарлаған. Есесіне 6 сынып оқушысы Шамшина Қ., 5 сынып оқушысы Бемь Ж., Лиьтвяков Е. әліде қосымша қызығушылығын арттыратын жұмыстарды қажет етеді.
Алдағы уақыттада дарынды оқушы мен үлгермеуші оқушымен жұмысты жалғастыруды қажет етеді. Пән мұғалімдеріне жасалған жұмыстарын арнайы папкаға жинақтау туралы ұсыныс айтылды.
2017-2018 оқу жылына жоспарланған ҚР «Тілдер туралы» Заңын орындаудың және 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асырудың жоспары бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жұмысты жүргізудегі мақсат: ана тілінің маңызы мен қоғамдағы орнын, жас ұрпақтың ана тілінің қадір-қасиетін түсіне білуін, балаларды туған тілін сүюге, оны қорғауға және қамқорлық жасауға тәрбиелеу. Қазақстанда тұрып жатқан өзге ұлт өкілдерінің Қазақстан халқына деген сыйластығын, ұлттық қарым-қатынасын нығайту. Міндеттері: 1.Қазақ,орыс,ағылшын тілдерін тереңдетіп оқытуға және сабақтан тыс уақыттарда қолдана білуге жағдай туғызу. 2.Аудандық,қалалық, облыстық байқауларға қатысып, балалар мен ересектер қоғамдастығының көлемін ұлғайту. Жоспарланған жоспар бойынша мектеп директоры Адилбаев Д.Ж. шілде – тамыз айларында қазақ тілінде оқитын сыныптар санын көбейту мақсатында мектепалды дайындық тобын қазақ тілінде тәрбиеленуіне аса назар аударып, тәрбиешілер мен мұғалімдерге бағыт-бағдар берді. Жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды қазақ тілінде тәрбиелеп оқытатын қосымша сабақтар ұйымдастырылды. Қазан айында оқу-тәрбие ісінің меңгерушісі Бисолтан А. өзге ұлт өкілдеріне сабақ беретін пән мұғалімінің жұмысын бақылап, сабағына қатысты. Қараша айында орыс жастары арасында «Тіл- халық жанын танудың кілті» атты байқау өткізді. Байқауға 4 жас қатысып, І орынды Линник П. жеңіп алды. Жауапты қазақ тілі пән мұғалімдері болды. Сынып жетекшілер ҚР-ның Конституция күніне арналған сынып сағаттарын өткізді. ҚР-сы Тілдер мерекесіне орай гуманитарлық бағыттағы тіл мамандары мектепішілік жоспарланған онкүндік іс-шара өткізді. Қазақ тілі мұғалімдерінің өткізген іс-шара тақырыптары жоғарыда көрсетілген.19-26 қыркүйек аралығында сынып жетекшілер «Тіл тағдыры-ел тағдыры» сынып сағаттарын өткізді. Дурэмбай Р. мен Дурмэд Ж. мұғалімдерінің сынып сағаттары жоғары деңгейде болды. 19-26 қыркүйек аралығында мектеп кітапханашысы Камнева Ж.Р. көркем шығармалар қорын толықтырып көрме ұйымдастырды. Оқушылар ерекше құлшыныспен шығармаларды оқыды. Көрме өз мақсатына жетті. Қазақ тілі пәні мұғалімі жауаптанып «Ана тілінің сұлтаны» сайысын 5-11 сыныптар аралығында өткізді. Сайысқа 5 оқушы қатысып, таныстыру, өнер- білімін көрсету талаптары қойылды. Жеңімпаз 10 сынып оқушысы Серикжан Б. болды. Оқушылар белсенділік танытып, сайыс қызықты өтті. Қыркүйек айының 26 жұлдызында Камел Х. «Тіл білімінің атасы- А. Байтұрсынов» тақырыбында жоғарғы сынып оқушыларына жиын өткізді. Желтоқсан айында Тәуелсіздік күніне арналған апталық іс- шараларда Мекеева А.Б.,Духий С.,Садуова Қ.Н., Мустафин Е.А. және бастауыш сынып мұғалімдері «Кең - байтақ Қазақстаным» т.б. тақырыптарда ерекше ашық тәрбие сағаттарын өткізді. Оқушылар, ата-аналар, мұғалімдер ерекше әсер алды. Қазақ –орыс тілдерінде спорттық шараларда жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Басқада жүргізілген іс –шаралардыңда тілге берер маңызы мен әсері мол болды. Алдағы уақыттада Тіл бойынша іс –шаралар жоспар бойынша жүргізіліп, жалғасын табады.
Латын әлипбиіне көшу
бойынша мектепішілік жоспар бойынша Болашаққа бағдар:
рухани жаңғыру Елбасымыздың жолдауын талқылау. Латын әліпбиіне көшу
жоспарын жасау және бекіту туралы мектеп ұжымы жиын
өткізді.Қазан айында ҚР Президентінің 2017 жылғы 26 қазандағы №569
Жарлығымен бекіткен Латын графикасына негізделген қазақ тілі
әліпбиімен түсіндірмелі жұмыстарын ұйымдастыру туралы сынып
сағаттары, дөңгелек үстел шарасын өткізген мектеп әкімшілігі мен
қазақ тілі мұғалімдері. «Латын әліпбиін үйренеміз» тақырыбында
ақпараттық бұрыш дайындады мектеп кітапханашысы Камнева Ж.Р. Қараша
айында «Латын әліпбиіне көшу- Қазақстанның дамуының жаңа
кезеңдері»тақырыбында ата-аналарға, мектеп оқушыларына,
қызыметкерлер үшін дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Мектеп
әкімшілігі, қазақ тілі мұғалімдері жауаптанды. Қысқы демалыс
кезеңінде латын әліпбиіне көшу бойынша стендтік ақпарат ресімдеу
және орналастыру.парат ресімдеу және орналастыру
шы қатысты.ары мазмұндама жазды.қйымдастырды.Қазақ тілі кабинетін
жабдықтау жоспарлануда. Алдағы уақытта
латын әліпбине арналған жоспар жалғасын
табады.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша І жартыжылдық білім сапасының пайыздық көрсеткіші төмендегі пайызды құрады.
Орыс тілді сыныптарда
Қазақ тілі
Оқу жылы |
І тоқсан |
ІІ тоқсан |
2017-2018 |
67,1 |
69,1 |
Әдебиет
Оқу жылы |
І тоқсан |
ІІ тоқсан |
2017-2018 |
- |
63,7 |
|
|
|
Қазақ сыныптарында
Қазақ тілі
Оқу жылы |
І тоқсан |
ІІ тоқсан |
2017-2018 |
70,2 |
73,1 |
Әдебиет
Оқу жылы |
І тоқсан |
ІІ тоқсан |
2017-2018 |
- 65,3 |
68,5 |
|
|
|
Жаңа бағдарлама бойынша 5,7 сыныптар ББЖ,ТЖБ жұмыстары жоспар бойынша жүргізілуде. Пән мұғалімдер де оқушылар да жаңа ағымға қалыптасып қалды. Бағдарлама меңгерілуде. Жалпы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің І жартыжылдықтағы жұмысы жақсы. Алға қойған мақсаттарына жетті. Алдағы ІІ жартыжылдықта жүргізілетін жұмыс көп. Пән мұғалімдері дайын.
Қазақ тілі мен әдебиеті әдістемелік бірлестіктің жетекшісі: Аскер Қ.