Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Әдістемелік көмек
“Екі жақты күнделік “
Мәтінен үзінді |
Не себепті таңдадыңыз, пікіріңіз |
|
|
Өз ойын түсіндіріп айтуға үйрету
“Инсерт“(түртіп алу) INSERT
Білемін Ү |
Қайшы - |
Жаңалық + |
Түсінбейтін ? |
|
|
|
|
Мәтін бойынша сызбаны толтыру,білетінін айту, қайшы пікір айту, өзі үшін жаңалық екенін айту, түсінбейтінін ортаға салып түсінуге үйрену.
Бұл әдісті мағынаны тану, ой толғаныс бөлімінде қолдануға болады.
“Болжау“
Шын мәнінде не болды деп ойлайсың? |
Қандай дәлеліңіз бар? |
Шынында не болды |
|
|
|
Мәтін бойынша сызбаны толтыру, өз ойын айту, ойын дәлелдеу, дәлелін ортаға салу.
Бұл әдісті сабақтың 3 бөлімінде де қолдануға болады.
“Ойлан, жұптас, пікірлес“
Өзіңізге қатты әсер еткен жері |
Мәселенің себебі неліктен солай? |
|
|
Мәтін бойынша сызбаны толтыру, ойын ортаға салып, пікір бөлісу.
Бұл әдісті сабақтың 3 бөлімінде де қолдануға болады.
“Жазушының қойын дәптері“
Менің әрекетім |
Ой толғанысым |
|
|
Менің әрекетім бөлігінде жоспарлайды, ой толғанысым бөлігінде өз іс-әрекетін әңгімелеп жазады.
Бұл әдісті қызығушылықты ояту бөлімінде қолдануға болады.
“Ой қозғау“ БҮҮ
Білемін |
Үйренгім келеді |
Не үйрендім |
|
|
|
Тақырып бойынша сызбаны толтыру, білетінін, үйренгісі келетінін,не үйренгенін ортаға салу.
Бұл әдісті сабақтың 3 бөлімінде де қолдануға болады.
“Бес жол өлең“ Синквейн
Шарттары: 1.1-ші жол 1зат есім (Көктем)
2.2-ші жол тақырыпты сипаттайтын 2 сын есім (Шырайлы шуақты)
3.3-ші жол 3 етістік (ериді, жылиды, оралды)
4.4-ші жол сезімді білдіретін 4 сөзден құралған 1 сөйлем (Барлық тіршілік көңілденді тірілді)
5.5-ші жол тақырыптың мәнін ашатын 1 сөзден құралған синоним (Жазғытұрым)
Сөздік қорын, ой қиялын дамыту.
Бұл әдісті ой қорыту бөлімінде қолдануға болады.
“Топтастыру”
Зат есім
зат
Еркін ойлауға, ойды жинақтауға, тақырыпты ашуға бағытталған әдіс. Бұл әдісті 3 бөлімінде де қолдануға болады.
“Дөңгелек үстел”
Тақырып бойынша бір-бір сөйлем жазып,топ жалғастыра отырып мәтін құрайды.Жазған сөйлемдерін көрсетпейді, соңғы оқушы мәтінді тұтастай оқиды.
Оқушының қызығушылығын арттырады,сөздік қорын дамытады.
Бұл әдісті 3 бөлімінде де қолдануға болады.
“Бір айналым сөйлесу”
Тақырып бойынша бір-бір сөйлемді ауызша айтып,топ жалғастыра отырып мәтін құрайды.
Оқушының қызығушылығын арттырады,сөздік қорын дамытады.
Бұл әдісті 3 бөлімінде де қолдануға болады.
“Кубизм” (Саралаңыз)
6 жағында 6 тапсырма болады.
1.Суреттеңіз (ойынша суреттеп айту)
2.Салыстырыңыз (неге ұқсас, басқалардан айырмашылығы қандай)
3.Байланыстырыңыз ( нені ойыңызға түсіреді, басқалармен байланыстырыңыз)
4.Зерттеңіз (саралаңыз, қалай жасалғанын айтыңыз, зерттеңіз)
5.Қолданыңыз (онымен неістеуге болатындығын және қалай қолданылатынын айтыңыз)
6.Талқылаңыз (өз ойыңызды дәлелдеңіз немесе жаңадан туған бір пікіріңізді айтыңыз)
Оқушының қызығушылығын арттырады,сөздік қорын дамытады, пікірталастыруға үйретеді.
Бұл әдісті мағынаны тану бөлімінде қолдануға болады.
“Сұрақ қоя білу”
Мәтіннің әрбір азат жолын топтарға бөліп, сұрақтар дайындалады. Әр топ бір- біріне дайындаған сұрақтарын қояды.
Оқушы ойын жинақтайды, ойланады, ізденеді, сұрақ қоюда алдына мақсат қояды.
Мағынаны тану бөліміне қолдануға болады.
“РАФТ”
Роль, аудитория, форма, тақырып
Кімдер жазуы мүмкін |
Кімге арнап жазуы мүмкін |
Қандай түрде |
Қандай тақырыпты жазуы мүмкін |
|
|
|
|
Оқушы ойын еркін айтуға, ұсыныс жасай білуге оны жазбаша түрде жеткізе білуге дағдыланады.
Ой толғаныс бөліміне қолдануға болады.
“Автор орындығы”
Оқушыларды топтарға бөліп, мәтіндегі негізгі ойды таңдап алады да дайындалады. Әр топтан бір оқушы шығып таңдаған ойын автор орындығында қорғайды.
Оқушы топта өз ойын ортаға салуға өзіндік пікір айтуға дағдыланады. Мағынаны тану, ой толғаныс бөлімдеріне қолдануға болады.
“Кейіпкерге хат”
Мәтінмен танысып, мәтін кейіпкеріне өз сезімін білдіру.
Оқушы мәтінді өз бетінше таныса отырып, мәтін кейіпкеріне өз сезімдерін білдіруге үйренеді.
Мағынаны тану, ой толғаныс бөлімдеріне қолдануға болады.
“Бірін-бірі оқыту”
Топқа бөлу, Абзац бойынша іштей оқу, әр топ өз тобында талдайды, оны ортаға шығып қорғайды.
Оқушы мәтінді топта таныса отырып, бір-біріне үйретеді.
Мағынаны тану, ой толғаныс бөлімдеріне қолдануға болады.
“Семантикалық карта”
Сөздер |
Зат есім |
Сын есім |
Етістік |
Сан есім |
Есімдік |
Ағаш |
+ |
|
|
|
|
Оқушылар өткен тақырыпты еске түсіріп, қайталауға дағдыланады. Сабақтың 3 бөліміне де қолдануға болады.
“ЖИКСО-2”
1. Топқа бөлу
2. Топты рет саны бойынша номерлеу
3. Мәтінді бөлікке бөлу
4. Номер бойынша топ құру
5. Мәтіннің әр бөлігімен топта танысады.
6. Үйренгенін өз топтарына келіп, талдайды.
Оқушы мәтінді топта таныса отырып, бір-біріне үйретеді,ұжыммен жұмыс жасауға үйренеді.
Мағынаны тану, ой толғаныс бөлімдеріне қолдануға болады.
ВЕНН диаграммасы
Екі затты салыстыру
Ақпаратты есте сақтауға немесе оқушының деңгейін анықтауға қолданылады.
Мағынаны тану, ой толғаныс бөлімдеріне қолдануға болады.
“Ұқсастық пен даралық”
Ортақ қасиет
Ақпаратты есте сақтауға немесе оқушының деңгейін анықтауға қолданылады.
Мағынаны тану, ой толғаныс бөлімдеріне қолдануға болады.
“Сезімнен шыққан өлең”
Белгілері қандай? (ыстық, күн ұзақ, демалыс,қысқа дайындық
Қалай сезінесің? (көңілді,әдемі,таңғы таза ауа)
Қалай естисіз? (бақаның, масаның ызыңы,құстар дауысы,жөндеу жұмысындағы дыбыстар)
Қандай иіс?(көктің иісі,шаңның иісі)
Дәмі: жеміс-жидектің дәмі
Оқушының өзіндік жұмысы ретінде қолданады.
Сабақтың 3 бөлімдеріне де қолдануға болады.
“Әдебиет үйірмесі”
І топ Баяндап беруші. Мәтіндегі оқиғаның мазмұнын дайындайды.
ІІ топ Зертеуші. Кейіпкерге мінездеме береді.
ІІІ топ Сұрақ құрастырушы.Әңгіменің мазмұны бойынша сұрақтар дайындайды.
ІҮ топ Сілтеме табушы. Сөздік жұмысын жүргізеді.
Ү топ Бейнелеуші, суретеуші. Мазмұнына сай сурет салады.
ҮІ топ Өмірмен байланыстырушы. Мәтін мазмұнын өмірмен байланыстырады.
Оқушының өзіндік жұмысы ретінде қолданады.
Сабақтың мағынаны тану, ой толғаныс бөлімдеріне қолдануға болады.
“Суретпен жұмыс”
Оқушыларды топқа немесе жұпқа бөледі.Оларға суреттер таратылады. Суретке қарап отырып, өлең құрастыру тапсырлады.Топ немесе жұп жұмыстарын алмастырады да,құрастырылған өлеңге сурет салады.Жұмыстар тақтаға ілінеді.Оқушылар бірінің жұмысына бірі баға береді.
Оқушының өзіндік жұмысы ретінде қолданады.
Сабақтың қызығушылықты ояту, ой толғаныс бөлімдеріне қолдануға болады.
“Т (и) кестесі”
Мәтінмен жұмыс “Сарайшық”
Келісу себептері |
Жасалған жұмыс зертелген, сондықтан келісемін. |
Келіспеу себептері |
|
Өз ойларың |
|
Оқушының өзіндік жұмысы ретінде қолданады.
Сабақтың ой толғаныс бөлімдеріне қолдануға болады.
“Бір- бірімен бөліскен әңгіме”
Суретпен жұмыс
Әр топ сурет таңдап алады. Суретке қарап өлең құрастырады.
Әр топтың өлеңдері алмастырылады да, сол өлең қай суретке сәйкес келетіні таптырылады. Сурет пен өлеңдер тақта ілінеді. Барлық оқушы жұмыстармен танысады.
Оқушының өзіндік жұмысы ретінде қолданады.
Сабақтың ой толғаныс бөлімдеріне қолдануға болады.
Сабақтан алған әсерім
1. Не үйрендің?
2. Сіз үшін маңыздысы не болды?
3. Ұсыныс, пікір.
Еркін жазу стратегиясы. Бұл әдісті сын тұрғысынан ойлау жобасындағы сабақтың үшінші ой толғаныс кезеңінде пайдалану тиімді. Мұғалім сабақ бойын қарастырылған жаңа ақпарат жайлы, одан алған әсерін, не үйренгенін, нені әлі де біле түсу керек екенін тағы басқа жайлы өз пікірін қағаз бетіне түсіруді тапсырады. Жазуға уақыт береді. Уақыт аяқталған кезде оқушылар өз жазғандарымен топ мүшелерін таныстырады. Ең жақсы деп танылған жұмысты ұжымда оқуға болады. Оқушыларды алған білімдерін қорытуға оған сын көзбен қарап, ойын түйіндеуге үйрететін бұл әдісті кез келген сабақта қолдануға болады.
Венн диаграммасы. Бір-бірімен айқасқан екі шеңбердің екі жағына салыстыруға берілетін объектілердің сипаттамалары жазылады. Ал айқасқан жерген екеуіне ортақ сипаттар тізіледі. Салыстыруға арналған тапсырмаларды осы диаграммаға салып оқушылар қызыға толтырады яғни салыстыру сияқты күрделі ойлау операциясын меңгереді.
«Көп деңгейлі сұрақ» стратегиясы. Тура сұрақтар (Litera l level). Мұндай сұрақтар қандайда бір фразаны немесе түрлерін еске түсіру үшін қойылады. Сұрақтардың жауаптары мәтіннің ішінде кездеседі, оқушыдан оны жаттап алып, айтып беру талап етіледі. Өзгертуді талап ететін сұрақтар (translation questions) жауап берушіден мағлұматты басқа формада жеткізуді күтеді. Мұндай сұрақ қою кезінде оқушы ойша болатын жағдайды елестетіп көріністі суреттеп берулері керек. Яғни, оқушылар ойша елестеткен кейіптер мен дыбыстарды талқылайды. Олар ең алдымен елестету тәжірибесін жинайды, содан кейін сөйлеу арқылы басқаларды өз қабылдауымен таныстырады. Интерпретациялау-сұрақтары (interpretation) оқушыларды идеялар мен фактілер, анықтамалар мен құндылықтар арасындағы байланыстарды табуға үйретеді. Сұрақ-тіркеме (application questions) оқушыларға мәселені шешуге немесе келесі мәселенің логикасы мен себептерін зерттеуге мүмкіндік береді. Сұрақ – баға (Evaluation questions) оқушыларды жақсы, жаман деген сиқяты қорытынды шешім қабылдатады.
ЖИГСО – ұжымдық оқыту әдісі. Мақсаты жалпы мәселені алдымен жұпта, сосын ұжымда талқылау. Бұл жағдайда әрбір оқушы бір сәт өзін мұғалім ретінде сезінеді, оқуға деген жауапкершілігі артады. Әдісті қолдану төмендегіше ұйымдастырылады. Алдымен ұжым 4 адамнан тұратын топтарға бөлінеді. Бұл «жанұя» топтар деп аталады. Содан кейін 1, 2, 3, 4-ке санау арқылы 1-лер бөлек, 2, 3, 4-өз алдына «жұмыс» тобын құрайды. Оқуға ұсынылатын материалдың тақырыбы талқыланған соң, осы мәтінді түсіну қажет екендігі ескертіледі. 4 логикалық бөлікке бөлінген мәтіннің 1-бөлігін 1-лер, 2-бөлігін 2 санын алғандар, 3, 4 – нөмірлі топтарға оқуға тапсырылады. Жұмысты бастамас бұрын оқушыларға «жұмыс тобында» мәтіннің тиісті бөлігін жақсы меңгеру қажеттілігін, өйткені сол бөлікті «жанұя топ» оқушыларына түсіндіруге жауапты екенін, мәтінді тұтас түсіну әр оқушының ыждағаттылығына байланысты екенін түсіндіру қажет. Келесі кезекте ұжым мүшелері бастапқы топтармен қайта табысып, өздерінің үйреніп келген бөліктеріндегі мазмұнды ортаға салады. Осылайша ұжым мүшелері бірін-бірі оқытуға, сол арқылы ойлауға үйренеді.
ЖИГ СО – стратегиясы мазмұнды жоғары табыспен меңгеру, оқығанды есте сақтау үшін өте тиімді. Оқушының оқуға деген қызығушылығы артады, ұжымда жақсы қарым-қатынас қалыптасады, саналы тәртіп орнайды. Сондай-ақ олар мұғалімді, мектеп қызметкерлерін түсіну, оларға деген дұрыс көзқарасқа үйренеді.
«Қос жазба күнделігі» стратегиясы. Қандай да бір мәтін, әңгіме оқыған кезде оқушылар дәптерлерінің ортасынан вертикаль сызық жүргізеді. Мәтінді оқу барысында олар сызықтың бір жағына әсер еткен тұстар мен үзінділерін жазса, екінші жағына пікірін, яғни, нені еске түсіретінін, себеп салдарын жазады. Барлық оқушы тапсырманы орындап болған соң жұпта, топта талқылау ұйымдастырылады. Жұмыс аяқталған кезде мұғалім қорытуға арналған әзірлеп келген сұрақтарын қойып, жауаптар алады.
Миға шабуыл стратегиясы – бұл ұжымдық талқылау, мәселенің шешімін іздеуде қолданылатын тиімді әдіс. Қандайда бір проблеманы әр мүшенің пікірін еркін тыңдау арқылы шешу. Бұл әдіс жеке тұлғаны қалыптастырудағы маңызды әдістердің бірі. Миға шабуыл стратегиясының өзіндік ережесін сақтап, дұрыс пайдаланса оқушының стандарты емес шығармашыл ойлауын жақсы дамытады. Миға шабуыл стратегиясының қағидасы қиын емес. Мұғалім топ құрады да, қандай да бір проблеманың шешімін табуды өтінесіз (айтасыз). Барлық оқушылар өз пікірлерін айта бастағанда, ешкім оның ойын бөліп, өз пікірін айта алмайды және бағаланбайды. Іс –тәжірибеден байқағанда бірнеше минут ішінде көптеген пікірлер яғни шешімдер табуға болады. Бұл жерде пікірдің көптігі мақсат емес, ол тек нақты саналы шешім қабылдауға негіз болады. Қағидасы: - Ұсынылған пікір бағаланбайды, сыналмайды. - Жұмыс пікірдің сапасына емес санына бағытталған (неғұрлым пікір көп болса, соғұрлым нақты шешім қабылдауға таңдау болады). – Барлық пікірлер «бір ауыз сөзбен» жазылып отырғаны жақсы. – Белгіленген уақыт сақталуы тиіс. ДЖИК СО немесе Бедерлі пышқы стратегиясы - ұжымдық оқыту әдісі. Мақсаты: жалпы мәселені алдымен жұпта сосын ұжымда талқылау. Қолданылуы: Алдымен сынып 4 топқа бөлініп отырады – бұл жұмыс немесе бастапқы топтар деп аталады. Мәтін немесе тапсырма 4 бөлікке бөлініп дайындалады. Бірдей мәтін бөлігін алған оқушылар енді эксперт немесе жанұя топтарын құрады, яғни эксперт топтар басқа топ құрады, мәтіннің бірдей бөліктерін талдайды. Төрт логикалық бөлікке бөлінген мәтіннің 1 – бөлігін бірлер, 2 - бөлігін екілер, 3 - бөлігін үшіншілер, 4, 5- бөліктерін - бесінші және төртінші топқа бөлінетін оқушылар алады. Бастамас бұрын бастапқы топтардағы мәтінді мұқият меңгеру қажет себебі жанұя топтарға түсіндіруге жауапты екенін түсіну керек. Келесі кезекте бастапқы топтар қайта табысып, үйреніп келген бөліктерінің мазмұнын ортаға салады. Осылайша ұжым мүшелері бірін – бірі оқытуға, сол арқылы ойлануға үйренеді. ДЖИКСО немесе Бедерлі пышқы стратегиясының тақырыптың мазмұнын жақсы меңгеру, оқығанды есте сақтау үшін тиімді әдіс.Мынадай кескін бойынша түсінуге болады.
İNSERT немесе түртіп алу стратегиясы - түртіп алу әдісі. Қолдарына қарындаш алып, «v»- білемін, «+» - білмеймін, «-» - мен үшін жаңа білім (ақпарат), «?» – мені таң қалдырды - деген белгілерді қойып отырып мәтіннің мазмұнын түсінеді. Бұл әдіс оқығанын саналы түсінуге, өз ойын басшылыққа алуға, ойын білдіруге үйрететін ұтымды әдіс.Оқушылар білгендерін анықтап, білмейтіндерін сұрауға әзірленеді. Бұл әрекет арқылы жаңаны түсіну үшін бұрынғы білетіндерімен жаңа материалды байланыстыруға дағдыланады. Кесте толтырылады.v + - ?
Куббизм стратегиясы
–
Ойын арқылы оқыту. Кубиктің алты жағына жазылған сөздер бойынша
жұмыс жасайды. Қандайда бір затты жан жақты талдайды, талқылайды,
сол арқылы білімдерін қайталайды, жаңа білім
қосады. Сипатта (түрі, түсі, көлемі)
Салыстыр (ұқсастығы,
айырмашылығы) Ұсын (қалай, қай жерде
пайдаланылады?)- Дәлелде (қарсы және қарсы
емеспін) Талда (қалай жасалған, неден
тұрады?)
Ой толғау (бұл неден
жасалған?) Кубикпен жұпта немесе топта жұмыс жасайды. 1, 2 –
сыныптарда үш жағын ғана пайдалануға болады. Бастауыш сыныптарда
түрлі – түсті түрде пайдалануға болады.
Sinkuein немесе бес жолды өлең стратегиясы –
оқушы берілген тапсырма бойынша өлең құрастырады. Бес жолды өлеңді
құрудың ережесі мынадай: бірінші жолда 1 зат есім, екінші жолда 2
сын есім, үшінші жолда 3 етістік, төртінші жолда 4 сөзден тұратын
сөйлем яғни ойды түйіндеу, бесінші жолда тақырыпқа байланысты 1
синоним сөз жазылады. Кім? Ана Қандай? Мейірімді,
ақылды
Не істеді? Бағады, тәрбиелейді,
өсіреді. Түйін Ағайын - алтау, ана
–біреу.
Синоним Адам
RAFT стратегиясы – Оқушы қандайда бір объектіні алып, сол рольге еніп өз ойын жазады. Бұл стратегияны қолдануда бала сол зат туралы ойын жазба түрде, бірінші жақта хабарлайды. Мысалы: Мен қазақтың қара домбырасымын. Менің күмбірлеген қоңыр үнімді ұнатпайтын қазақ жоқ. Мен әр қазақтың төрінде ілулі тұрамын. Мен адамның көңіл – күйін шектерім арқылы жеткіземін. т.с.с
Блум таксаномиясы, сұрақтар
стратегиясы - Блум сұрақтарды екіге бөледі. Олар жалпақ және
жіңішке сұрақтар. Сұрақтар тізімі алдын ала жасалуы тиіс. Алдымен
жіңішке сұрақтар, сосын жалпақ сұрақтар кетеді. Жіңішке сұрақтар -
еске түсіруге арналған сұрақтар, жауабы нақты цифрмен немесе ия,
жоқ деген жауап алынатын сұрақтар. Мысалы: - желтоқсан оқиғасы қай
жылы болды? - 1986 жылы - Сенің таныстарыңның ішінде оқиғаға қатысқан
адамдар бар ма? – бар. Жалпақ сұрақтар – сұрақтың жауабына толық әрі
түсіндіре отырып жауап беріледі. Жауапты мәтіннен алуға болады. Бұл
сұрақ түріне жауапты фразамен немесе нақыл сөзбен, мақал – мәтелмен
беруге болады. Жалпақ сұрақтарды екінші деңгейдегі сұрақтар дейді.
Сұрақтың бұл түріне сөзбен ғана емес басқа формаларда жауап беруге
болады. Мысалы: сурет немесе схема, тіпті көрініс түрінде де.
Жалпақ сұрақ: – қарастырылып отырған кейіпкер неге осындай қылық
жасады? ( шағын көрініспен жауап
беру)
Т кестесі стратегиясы
–
Мақсаты: қарама – қарсы нәрселерді сөздерді тере білу. Бұл жұмыста
салыстыру, салыстыра отырып топтастыру сияқты процестер жүзеге
асады. Оқушылардың ойлау қабілетін, есте сақтау қабілеттерін
дамытады. Т кестесін тақырыпты ашарда пайдаланылса, жаңа материалды
түсінуге дайындық болады. Бұл стратегия жұпта, топта, жеке де
орындала береді. Іс – тәжірибеде үй тапсырмасына да беріліп жүр.
Кіші жас оқушыларына кескін, сурет түрінде орындауға
болады.
Топтастыру немесе кластер
стратегиясы - ойды жинақтау, ми қыртысында сәулеленген
ойларды топтастыру, ассосациялау. Бұл стратегия топпен де жұппен де
орындала береді. Сабақтың әр кезеңіне де
қолайлы.
Тірек сөздер стратегиясы – Мұғалім тірек сөздер
береді. Оқушылар тірек сөздердің ретін бұзбай әңгіме немесе мәтін
құрастырады. Мәтіннің құрамын құруға мән беруге мұғалім назар
аударады. Мәтін құрастыру кезінде логикалық ойлау іске қосылады.
Әңгіменің мазмұнын жұпта, топта ақылдасады. Оқушының сөздік қоры,
тілі, қиалы дамиды. Бұл әдіс мазмұндама және шығарма жазуға жақсы
дайындық.
БББ немесе маркировка кестесі
стратегиясы – «БББ» - білемін, білдім, білгім келеді деген
сөздерден алынған. Бұл кестеде үш бөлік. Әр бөлікті мәтінді не
тақырыпты оқып отырып толтыра отырады. Негізгі қойылатын талап –
оқушылардағы ойлар, тезистер, фактілер дәл сол күйінде
көшірілмейді, өз ойымен жазылады. Бұл әдіс мұғалімге әр оқушыны
бақылауға, оған сабақ соңында баға қоюға мүмкіндік береді. Мүмкін
болса кесте сабақ үстінде толтырылады. Ал, үлгермеген жағдайда әр
бөлікке бір, екі ой жазылу керек. Толықтыруға үйге беруге
болады.Білемін. Білдім. Білгім
келеді.
ЭССЕ немесе ой
толғаныс стратегиясы
–
тақырыпқа сай оқушы өз ойын қорыта және жинақтай отырып,
ой-толғанысын жазады. Оқушы өз бетімен жеке жұмыс жүргізеді. Эссені
5-10 минут ішінде тоқтамай жазады. Мұғалім де отырып жазуына
болады. Бұл әдісте оқушы бала өз ойын еркін жеткізе білетін болады.
Шығармашылықпен жұмыс істеп, сөздік қоры дамиды. Өмірде кездесетін
жағдайларға, оқиғаларға саналы, ойлы қарауға
үйренеді.

