Материалдар / Әдістемелік нұсқама "Катализ.Электролиттік диссоциация.Тұздардың гидролизі"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Әдістемелік нұсқама "Катализ.Электролиттік диссоциация.Тұздардың гидролизі"

Материал туралы қысқаша түсінік
студенттерге катализ,электролиттік диссоциация және тұздардың гидро- лизі туралы түсінік беріп және меңгерген білімін ойын элементтерін пайдалана отыр- ып тексеру,химияның басқа пәндермен байланысына көз жеткізу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Желтоқсан 2018
760
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ШЖК«Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметова

атындағы Ақтөбе Жоғары медициналық колледжі» МКК


Бекітемін Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары _______А.Куздыбаева «___» _________2018 ж






Тәжірибелік сабақтың әдістемелік нұсқамасы

Пән: Бейорганикалық химия


Тақырыбы: Катализ.Электролиттік диссоциация.Тұздардың гидролизі.


Мамандық: Фармация


Курс: І















2 «Ғылыми-жаратылыстану

пәндер» ЦӘК отырысында қаралды

Хаттама № ___

«___» _______2018 ж

ЦӘК төрайымы: А.Абилова



Әдістемелік нұсқаманы жұмыс бағдарламасына сәйкес құрастырған: Н.Қалжанов

Тәжірибелік сабақтың әдістемелік нұсқамасы



Тақырыбы: Катализ.Электролиттік диссоциация.Тұздардың гидролизі.


Сабақтың мақсаты:

Білімділік - студенттерге катализ,электролиттік диссоциация және тұздардың гидро-

лизі туралы түсінік беріп және меңгерген білімін ойын элементтерін пайдалана отыр-

ып тексеру,химияның басқа пәндермен байланысына көз жеткізу.

Дамытушылық - Әрбір студенттің жеке тұлға ретінде белсенділік қабілетін дамыту,

танымдық ойлау, қиялдау қабілеттерін арттыру, өздігінен ізденуге талпындыру .

Тәрбиелік - студентердің іздемпаздыққа,әр құбылысты ғылыми тұрғы түсіндіре білуге

тәрбиелеу және есте сақтау,көңіл аудару қабілеттерін дамыту,сабақ уақытын бағалау-

ға үйрету, еңбекқорлыққа және пәнге қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі: тәжірибе

Сабақтың әдісі: түсіндіру, баяндау, сұрақ – жауап, тәжірибелік жұмыс

Сабақтың уақыты: 90 мин

Сабақты өткізу орны: 214 ауд.

Пәнішілік байланыс: Атом құрылысы мен химиялық элементтердің периодтық жүйесі.

Химиялық байланыстың түрлері.Химиялық реакциялардың

жылдамдығы

Пәнаралық байланыс: биология, органикалық химия,фармакология.

Сабақтың жабдықталуы: презентация, слайдтар, өзіндік жұмыстар,приборлар, химиялық

ыдыстар, реактивтер,кестелер,таблицалар, кеспе қағаздары,

Пайдаланылған әдебиеттер:

Негізгі: 1.Патсаев А.Қ. Жайлау С.Ж., Мамытова В.К. Бейорганикалық химия

2.Глинка Н.Л «Жалпы химия» 1985 ж

Қосымша: 1.Патсаев А.Қ. Дауренбеков К.Н. Бейорганикалық химия пәнінен

тәжірибелік – зертханалық сабақтарына қолданба. Шымкент, 2006

Студент білуі тиіс: - диссоциация практикада дәрежесіне байланысты электролиттердің

жіктелуңн анықтауды білуі тиіс

Студент істей білуі тиіс: -электролиттік диссоциация теориясын, тұздардың теориясын білуі

керек.



Сабақтың хронокартасы және құрылымдық-логикалық сызбасы

І. Ұйымдастыру кезеңі – 5 мин

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру – 20 мин

ІІІ. Кіріспе нұсқау беру – 40 мин

ІV. Студенттердің өзіндік жұмысы – 170 мин

V. Бекіту – 25 мин

VІ .Қорытындылау – 5 мин

VІІ. Үйге тапсырма – 5 мин

Сабақ барысы

І Ұйымдастыру кезеңі

1.Оқу кабинетінің сабаққа даярлығын,тазалығын тексеру.

2.Оқушылардың медициналық халат,чепчик формасына көңіл бөлу.

3.Сабақта жоқ оқушыларды оқу журналына белгілеу.

4.Сабақтың тақырыбы мен жоспарымен таныстыру.

ІІ Үй тапсырмасын тексеру

Тақырыбы: Атом құрылысы мен химиялық элементтердің периодтық жүйесі.Химиялық

байланыстың түрлері.Химиялық реакциялардың жылдамдығы.

(Оқытушы сабақты сұрауда оқытушы «Атом құрылысы мен химиялық элементтердің пе-риодтық жүйесі.Химиялық байланыстың түрлері.Химиялық реакциялардың жылдамдығы» презентация қарап студенттерге сұрақ қою,тест тапсырмасын орындау, «ББҮ» сызба әдісімен алған білімін ақпарат жинау арқылы білімін жетілдіру,есептер мен жаттығулар орындайды).

Сұраққа жауап беру.

1. Аррениустың қышқыл және негіз теориясы мен оның шектелуі.

2. Бренстед–Лоуридің қышқыл және негіздің протолиттік теориясы. Негізгі анықтаулар: протолиттік реакциялар, қышқыл, негіз, амфолит.

3. Қабысқан жұптар: қышқыл — негіз. Қышқыл және негіз күш- теріне сандық сипаттама. Қышқыл және негіз константалары.

4. Протолиттік реакциялар типтері.

5. Протолиттік реакциялардың тепе-теңдік константалары.

6. Қышқыл және негіз ерітінділеріндегі иондану.

7. Гидролиттік процестер. Аквакатион гидролизі, анион және бірік-кен гидролиз.

8. Бейтараптану реакциялары. Күшті қышқыл және негіздердегі амфотерлік гидроксидтердің еруі.

9. Протолиттік реакциялардың тепе-теңдігінің орнауы.

10. Дәрілік заттарды талдау кезіндегі және дәрілік заттардың мета- болизміндегі протолиттік реакциялардың рөлі. Дәрілік заттардың ағза- дағы химиялық сәйкессіздігі.

11. Бренстед–Лоури теориясының шектелуі.

Тест жұмыстарын орындаңдар:

(Интерактивті тақтадан тест тапсырмалары көрсетіледі, студентердің қолында А В С D Е әріптері болады, сол бойынша жұрыс жауап тұрған әріпті көтереді)

І нұсқа

  1. Элементтің химиялық қасиеті анықталады:

А. атом ядросының зарядымен; В. периодтық жүйедегі орналасуымен;

С.атомдық массасымен; D.сыртқы электрон деңгейінің құрылысымен; Е.атом радиусы.

2. Бір периодта орналасқан элементтерде бірдей:

А. химиялық қасиеттері; В. атом радиустары; С. энергетикалық деңгейлер саны;

D. валенттік электрондар саны; Е. атом ядросының зарядымен;

3. Қосымша топшада орналасқан элементтер:

А. тек металдар; В. тек d және f элементтер;С. тек s және p элементтер;

D. тек үлкен периодтардағы жұп қатарлар; Е.тек бейметалдар.

4. Негізгі топшаларда жоғарыдан төмен қарай өседі:

А. металдық қаиеттері; В. бейметалдық қасиеттері; С. химиялық белсенділігі;

D. судағы ерігіштігі; Е. бейметалдық қаиеттері.

5. Кальций атомының сыртқы деңгейіндегі электрон саны;

А. 18; В. 8; С. 6; D.2; Е. 21

6. Электрондық құрылысы 2/8/3 болатын элемент:

А. литий; В. алюминий; С. темір; D. вольфрам; Е.күкірт.

7. р-деңгейшеде қанша электрон бола алады?

А. 2; В.3; С. 6; D. 8; Е.4.

8. Жоғарғы оксидінің жалпы формуласы R2O5 болатын топша

А. 2 негізгі; В. 4 негізгі; С. 5 негізгі; D. 5 қосымша; Е. 4 қосымша

9. Мына элементтердің қайсысында бейметалдық қасиет күштірек?

А. күкірт; В. хлор; С. оттек; D. фтор;Е. натрий

10. Үшінші энергетикалық деңгейде барлығы қанша орбиталь болады?

А. 5; В. 2; С. 3; D. 9; Е. 1.

11.Бериллийдің жоғары оксидінің формуласындағы индикстер қосындысы?

А 2 В 4 С 6 Д 7 Е 8

12. Теріс иондарды қалай атайды? 
А. Анодтар В. Тотықтырғыштар С. Аниондар D. Каниондар E. Акцепторлар

13. Мышьяктың жоғары оксидінің формуласындағы индекстр қосындысы 
А. 4 В. 6 С. 5 D. 7 E. 8

14. Aзонның оттекке айналатын теңдеуіндегі барлық коэффициенттер қосындыы. 
А. 4 В. 2 С. 3 D. 5 E. 6 
15. Төменде көрсетілген құбылыстардың қайсысы химиялық реакцияларға жатады? 
А. Мұздың еруі В. Күкірттің жануы С. Қанттың еруі D. Сүттің ашуы Е. В, D

Жауабы: 1.А;. 2. А; 3.В; 4.А; 5.D; 6.В; 7.С; 8.С; 9.D; 10.С;11.С;12.С;13.С;14.D;15.Е.

ІІ нұсқа

1. Алюминийдің валенттігі нешеге тең? 
А. 1 В. 2 С. 3 D. 4 E. 5

2. 1 моль көміртекте атом саны қанша? 
А. 6,02 ∙ 10²³ В. 6,02²³ С. 6 ∙ 23¹º D. 1• 10²³ E. 12

3. 10 моль күкірттің массасы (г) – 
А. 32 г. В. 3,2 г. С. 320 г. D. 10 г. Е. 16 г. 
4. Өнеркәсіпте оттекті қай заттан алады? 
А. Судан В. КМnO4 C. KClO3 D. HgO E. Ауадан

5. Төмендегі реакция теңдеуіндегі оттектің алдына қандай коэффициент қойылады

CH4 + O2 → CO2 + H2O? 
A. 1 B. 2 C. 3 D. 4 E. 5

6. Су әрекеттеседі: 
А. Қышқылдармен В. Негіздермен С. Барлық металдармен 
D. Активті металдармен Е. Сутекпен

7. Қосылыстар арасынан қышқылды көрсет: 
А. Н2О В. Са (ОН)2 С. NH3 D. NaCl E. HNO3

8. Периодтық жүйенің 7-ге тең горизонтальді жолдары аталады: 
А. Периодтар В. Топтар С. Қатарлар D. Жолдар Е. Топшалар

9.Кремний атомындағы электрон қабаттарының саны: 
А. 1 В. 2 С. 3 D. 4 E. 5

10.Темір атомының ядросындағы протондар саны: 
A. 20 B. 55 C. 30 D. 8 E. 26

11.Бром Br2 молекуласындағы химиялық байланыс түрі: 
A. Иондық B. Металдық C. Коваленттік D. Ковалентті полюсті E. Ковалентт полюссіз

12.Қай металл сілтілікке жатады: 
A. Ca B. Fe C. Ni D. Na E. Дұрыс жауап жоқ

13.Қай затпен хлор әрекеттеспейді? 
A. H2 B.Na C. K D. CuO E. Ca

14.Период нөмірі сәйкес келеді: 
A. Протондар санына 
B. Сыртқы қабаттағы электрондар санына 
C. Нейтрондар санына 
D. Электрон қабаттарының санына 
E. Электрондардың жалпы санына

15.Диссоциация кезінде анион ретінде тек гидроксид-ион, түзетін заттар аталады: 
A. Қышқылдар B. Орта тұздар C. Сілтілер D. Қышқыл тұздар E. Қос тұздар

Жауабы:1.С; 2.Е;3.С;4.В;5.В;6.D; 7.Е;8.С;9.С;10.Е;11.Е;12.D;13.D;14. D;15.С.

Тапсырмаларды орындаңдар:

Тапсырма 1.Толықтыру тесті

1. Металдардың кристалл торлары екі типті:                  және             болады

2. 10000С-тан жоғары температурада балқитын металдарды                                 ал одан төмендерін                                                    деп атайды.

3. Ең жеңіл металдар –                                                            . Ең ауыр металл –          

4. Электр тогын жақсы өткізетін металдар –   

                                                       

Тапсырма 2.«ББҮ» сызба әдісі кестені толтырыңдар.

Білемін

Білгім келеді

Үйрендім





Есептерді шығару:

1-есеп

Натрий ацетататының 0,01 М ерітіндісінің рН есептеңіз.

Алгоритм.

1. Есеп шартын қысқаша жазып алыңыз.

2. CH3COONa гидролизінің теңдеуін жазыңыз, себебі гидролиз анион бойынша сілтілік ортаны түзе жүреді.

3. [OH– ] есептеудің формуласын жазыңыз.

4. Мәндерін орнына қойып [OH– ] есептеңіз.

5. Судың иондық көбейтіндісін негізге ала отырып, [H+ ] есептеңіз.

6. рН-ты есептеңіз.


Берілгені

Шешуі

CCH3COONa = 0,01 M;

Кш = 1,8× 10–5.

Табу керек:

рН = ?

1. CH3COONa + HOH ← → CH3COOH + NaOН:

CH3COO– + HOH ← → CH3COOH + OH–

Shape2 Shape1

КН2ОСтұз

2Shape4 Shape3 .[ОН-] =

Кқышқыл

Shape6 Shape5

10-14 х 10-2

3Shape8 Shape7 .[ОН-] = = 2,34 х 10-6 мол/г.

1,8 х 10-5




2-есеп.

Белгісіз купоростың MeSO4nH2O және сол купоросқа сәйкес келетін сусыз тұздың суда ерігіштігі 100 г суда 20 оС температурада 101,3 г және 38,4 г тең. Қандай заттар жөнінде сөз болып жатыр, белгісіз затты анықта.

3-есеп. Барий хлоридінің 100 мл ерітіндісіне араластыра отырып 100 мл күміс нитратының және 150 мл күкірт қышқылының ерітіндісі бірге құйылды. Әрбір ерітіндінің концентрациясы 0,1 моль/л болды. Түзілген тұнбаның массасын анықтаңдар және ерітіндідегі еріген заттардың концентрациясын анықтаңдар.

4-есеп. Массасы 78г жез құймасы (Си + Zn) тұз қышқылынан 13,44л (қ.ж.) газды ығыстырады. Құймадағы мыстың массалық үлесін (% есебімен) табыңдар.

Жаттығуларды орындаңдар:

1 жаттығу Күмістің препараттары медицина мен фармацияда кеңінен қолданылады. Күміс тұз қышқылымен қандай қосылыс түзеді? Жауабы: Әрекеттеспейді

2 жаттығу Элементтердің электронық формуласы арқылы олардың химиялық қасиеттеріне сипаттама беруге болады. 3d104s2 қандай элементтің электрондық формуласы? Жауабы: Zn

3 жаттығу Элементтің электрондық формуласы оның химиялық қасиеттеріне сипаттама береді. 3d105s2 қандай элементтің электрондық формуласы? Жауабы: Cd

4 жаттығу Элементтің электрондық формуласы арқылы оның қасиеттеріне сипаттама беруге болады. 5d106s2 қандай элементтің электрондық формуласы? Жауабы: Hg

5 жаттығу Мырыш II В топ элементтеріне жатады, оның қосылыстары медицинада маңызды орын алады. Мырыштың тотығу дәрежесі? Жауабы: 0,+2

ІІІ Кіріспе нұсқау беру

Катализ.Электролиттік диссоциация.Тұздардың гидролизі» тақырыбындағы презентация материалдарын және стендтерді,кестелерді пайдалана отырып ,тақырыпқа кіріспе нұсқау беріледі.)

Тақырыбы: Катализ.Электролиттік диссоциация.Тұздардың гидролизі.

Заттарды суда еріткенде немесе балқытканда иондарға ыдырауын диссоциация дейміз. Диссоциацияланатын заттар электролиттер, ал диссоциацияға ұшырамайтын заттар — бей-электролиттер (қант, глюкоза, спирт жөне кейбір жай газдардың (Н2,02, N2) судағы ерітінді-лері жатады).

Бұл теорияның негізін 1887 жылы швед ғалымы С. Аррениус салған.

Аррениус теориясының негізгі қағидалары

  1. Тұздар, қышқылдар, негіздер ерігенде және балқығанда иондарға ыдырайды.

  2. Ерітінділер мен балқымалардың ток өткізгіштігі осы иондардың концентрациясына тәуелді болады. Олардың оң зарядталғаны катодқа тартылатындықтан катиондар деп, ал анодқа тартылатындары аниондар деп аталады. Ағылшын физигі М. Фарадей XIX ғасырдың 30-шы жылдары «электролит, ион, катион, анион» терминдерін енгізді. Ионды және кова-лентті полюсті байланысты молекулалар суда ерігенде иондарға толығымен ыдырайды:

NaCl↔ Na++ Cl-;b HCl ↔ Н++ CI-; H2S04 ↔ 2Н+ + S042-

Электролиттік диссоциация теориясының қазіргі заманғы қағидалары:

  1. Заттар суда ерігенде оң жөне теріс иондарға ыдырайды.

  2. Диссоциацияның себебі - заттардың гидратациялануы. Электр шамы жанады.

  3. Электр тоғының әсерінен иондар катод пен анодқа бағытталады.

  4. Диссоциация қайтымды үдеріс: диссоциация (ыдырау)↔ ассоциация (бірігу)

  5. Электролиттер әр түрлі шамада диссоциацияланады (α).

  6. Электролит ерітінділерінің химиялық касиеттері ондағы иондардың табиғатымен анықталады.

  7. Элемент атомы мен оның ионының қасиеттері әр түрлі болады.

Иондар ерітінділерде гидратталған күйде болғанымен, заттардың диссоциациялану теңдеуін жазған кезде гидраттық қоршауын еске алмай, жалаң иондар күйінде жазылады. Бұл - жазу үдерісін оңайлату үшін жасалған шара. Электролит ерітінділерінде электр тогын тасы-малдаушы иондар болады. Ондай электролиттерді екінші ретті өткізгіштер деп атайды.

Қышқылдар  HCl→H++Cl-

HNO3→H++NO3-

H2SO4→H++HSO4-

HSO4-→H++SO42-

H2SO4→2H++SO42-

Көп негізді қышқылдар сатылап диссоциацияланады.

Электролиттік диссоциация теориясы бойынша қышқылдар дегеніміз диссоциациялану нәтижесінде ерітіндіге сутек катиондарын бөлетін күрделі заттар.

НегіздерNaOH↔Na++OH-

Ca(OH)2↔Ca2++2OH-

Ba(OH)2↔Ba2++OH-

(BaOH)+↔Ba2++OH-

Көп қышқылды негіздер де сатылы диссоциацияланады. Негіздер дегеніміз диссоциациялану нәтижесінде ерітіндіге гидроксид аниондарын бөлетін электролиттер.

Орта тұздар. MgS04 → Mg2+ + SO42-

ВаСl2→ Ва2+ + 2Cl-

Ca(N03)2→ Са2+ + 2N03-

Электролиттік диссоциация теориясы тұрғысынан тұздар дегеніміз диссоциациялануы нәтижесінде ерітіндіге металл катиондары мен қышқыл қалдығының аниондарын бөлетін күрделі электролиттер.

Қышқыл тұздар. Na2HP04↔ 2Na+ + НРО4-

НР042-↔ Н+ + Р043-

Na2HP04↔2Na+ +Н++ Р043-

Негіздік тұздар. Mg(OH)Cl↔ [Mg(OH)+] + Cl-

Mg(OH)↔ Mg2++ OH-

Олай болса, тұздар деп негіздер мен қышқылдар қалдықтарынан тұратын күрделі заттарды айтамыз.

Кейбір органикалық заттар қышқылдар мен негіздердің ерітінділерінде түстерін өзгертеді, оларды индикаторлар деп атайды.

Диссоциациялану үдерісін сандық жағынан да сипаттауға болады.

Диссоциацияланудың қаншалықты толық жүретіндігін диссоциациялану дәрежесі (α) көрсе-теді, α-ны сандық үлеспен (0-1) немесе пайызбен (0-100%) беруге болады.

α = диссоциацияланган молекулалар саны/жалпы еріген молекулалар саны

Диссоциациялану дәрежесінің мәніне қарай электролиттер үш топка бөлінеді:

  1. α > 30% - күшті;

  2. 3% < α < 30% - орташа күшті;

  3. α < 3% - әлсіз.

Күшті электролиттерге ерімтал тұздар, қышқылдар (HNO3, H2S04, HCl), сілтілер (NaOH, КОН, Ва(ОН)2) жатады. Бұлар суда ерігенде иондарға толық ыдырайды.

Әлсіз электролиттерге: Н2С03, H2S, Н3Р03, СН3СООН, NH4OH, Н20 жатады. Олар суда еріген кезде иондарға толық ыдырамайды.

Орташа күшті электролиттер: Н3Р04, H2S03, HN02, т. б.

Диссоциациялану дәрежесіне заттың және еріткіштің табиғаты, ерітіндінің концентрациясы, температура әсер етеді.

c1=c•α•n

Мұндағы:

  • c1 - ерітіндідегі иондар концентрациясы;

  • с - заттың молярлы концентрациясы;

  • α - диссоциациялану дөрежесі;

  • n - ерітіндіге өтетін иондардың моль саны.

Сода кесегін тұз қышқылына салсак мына реакция жүреді:

Na2C03 + 2HCl = 2NaCl + Н20 + C02

2Na+ + С032- + 2Н+ + 2C1- = 2Na+ + 2Сl- + Н20 + С02

Реакциялардың иондык теңдеулерін жазғанда зат молекуласындағы атом саны коэффициент ретінде ионның алдына қойылады.

Енді қыскартылған иондық теңдеуін жазамыз, ол үшін өзгермеген, яғни тендеудің екі жағындағы бірдей иондарды алып тастап, қалғанын жазамыз.

С032- + 2Н+ = Н20 + С02

Реакция газ бөле жүреді.

Мыс сульфатының ерітіндісіне натрий гидроксидінің ерітіндісін құйғанда жүретін реакция:

CuS04 + 2NaOH = Cu(OH)2↓ + Na2S04

Cu2+ + S042- + 2Na+ + 20H- = Cu(OH)2↓ + 2Na+ + S042-

Cu2+ + 2OH-= Cu(OH)2

Бұл реакцияда көгілдір тұнба пайда болды.

Осы мысалдардан мынадай қорытынды шығады. Реакция аяғына дейін журу ушін мынадай шарттар орындалуы керек:

  1. газдың бөлінуі;

  2. тұнбаның пайда болуы;

  3. әлсіз электролиттің түзілуі.

Осы қорытынды зат құрамындағы иондарды анықтағанда қолданылады.

IV Cтуденттердің өзіндік жұмысы

(Студенттер презентация материалдарынан тақырыпқа байланысты сурет салады,зертхана-лық жұмыстарын жүргізеді.Сенсорлы дисплей арқылы «Ой қозғау «Кім көп біледі», «Ауыз-ша есептер» және тәжірибе жұмыстары орындайды.)

«Ой қозғау «Кім көп біледі» әдісі бойынша тексеру . 
1.Металдар қалай жіктеледі? 
2.Бейметалдар қалай жіктеледі? 

«Ауызша есептер»
1. Темірдің (ІІ) оксидінің салыстырмалы молекулалық массасы нешеге тең? (72) 
2. 45 г судағы моль саны нешеге тең? (2,5 моль) 
3. 11,2 моль судың массасын есептеңдер? (201,6 г) 
4. 32 г күкірттің зат мөлшері нешеге тең? (1 моль) 
5. 2 моль оттек көлемін табыңдар? (44,8л) 
6.5л сутектің зат мөлшері нешеге тең? 0,22 моль) 
7. Массасы 177.5г хлордың (қ.ж.)көлемі (56 л) 
8. 2 моль темірдің атом санын тап (12,04*10 23) 
9. 0,2 моль газдың көлемін (қ.ж.) есептеңдер. 
10. Массасы 22 г көмірқышқыл газының көлемін (қ.ж.) табыңдар. (11,2л ) 
11. газдың 1 литрінің (қ.ж.) массасы 1,875 г. Осы газдың молярлық массасын табыңдар.

(42 г/моль) 
12. 1 моль азоттың массасы нешеге тең? (28 г) 

Тәжірибе жұмыстары:

1-тәжірибе.

Ортаның реакциясына тұз табиғатының әсері Аммоний ацетатының, натрий хлоридінің, мырыш сульфатының және натрий карбонаты ерітінділерінің 2–3 тамшыларынан төрт про- биркаға құйыңыз. Осы ерітінділер ортасының реакцияларын лакмус қағазын және метил қызғылт-сары мен фенолфталейн көмегімен зерттеңіз. Байқауларыңыздың нәтижесін кесте түрінде көрсетіңіз.



Тұз ерітіндісі

Индикатор

Ортаның реакциясы

Ерітіндінің рН шамасы

Лакмус қағазы

Метил қызғылтсары

Фенолфталеин

CH3COONa






NaCl






ZnSO4






Na2CO3







Барлық тұздар гидролиздене ме? Гидролиз реакциясының молекулалық және иондық теңдеулерін құрастырыңіз.

2-тәжірибе.

Гидролиз дәрежесіне температураның ықпалы Натрий ацетаты ерітіндісін 2–3 тамшыдан екі пробиркаға құйып, олардың әр қайсысына фенолфталейннің 2–3 тамшысын тамызыңыз. Бірінші пробирканы қайнағанға дейін қыздырыңыз. Ыстық және суық ерітінділердің бояуын салыстырыңыз және ерітіндінің бояуы өзгеруін бақылаңыз. Бақыланған өзгерістерді түсіндіріңіз және реакциялар тең- деуін жазыңыз.

3-тәжірибе.

Тұздар гидролизіне сұйылтудың ықпалы Сурьма (ІІІ) хлориді ерітіндісінің 1–2 тамшысына 2–3 тамшы су құйыңыз. Тұнба түсуінің себептерін түсіндіріңіз. Әуелі Sb(OH)2Cl тұзы түзіліп, ол кейіннен SbOCl түзе ыдырайтынын ескере отырып, реакция теңдеуін жазыңыз.

4-тәжірибе.

Гидролиз тепе-теңдігін ығыстыру А. 3-тәжірибеде алынған тұнбаға тұз қышқылын (HCl) қосыңыз. Гидролиз тепе-теңдігі ығысуының реакциясын жазыңыз. Б. Пробиркаға 3 тамшы темір (ІІІ) хлориді ерітіндісін құйыңыз, ерітіндінің түсін байқаңыз. Магний ұнтағын аз мөлшерде пробирка-ға салыңыз. Газ шыққанын көреміз. Қандай газ шығады? Құбылысты түсіндіріңіз. Реакцияларды жазыңыз.

5-тәжірибе.

Толық гидролиз Натрий карбонаты ерітіндісінің екі тамшы алюминий хлориді ерітіндісінің екі тамшысын құйыңыз. (№ 1 пробирка) пробирканы газ тұратын түтікшемен тығындайды, оны газ бұратын түтікшені (әк суы пробиркаға (№ 2 пробирка) жібереміз. Екі пробиркада № 1 аморфты, ал № 2 кристалды тұнбаның түзілуін байқаймыз. № 1 пробиркадағы тұнбаның үстіндегі ерітіндіні сүзіп алып, оны екі пробиркаға бөледі де тұз қышқылы мен сілті ерітінділерінде еріте отырып, амфотерлігін тексереді. Барлық реакциялардың теңдеулерін жазыңыз. Өз бетінше орындауға арналған тапсырмалар мен есептер. 1. Мына тұздар гидролизінің (егер ол жүрсе) теңдеуінің молекулалық және иондық түрін жазыңыз: калий цианиді, натрий фосфаты, калий.

V. Бекіту

Тақырыбы: Катализ.Электролиттік диссоциация.Тұздардың гидролизі.

(Сабақты бекіту мақсатында оқытушы «Катализ.Электролиттік диссоциация.Тұздардың гидролизі»презентация материалдарын пайдаланып студенттерге есептер шығару және «Кубизм» әдісімен тапсырмалар орындатады).

Есептерді шығарыңдар:

1есеп. Бір химиялық зерттеу институтында мыс (ІІ) оксидінің ортофосфор қышқылымен және аммиакпен әрекеттесуі зерттелді. Зерттеу тәжірибелері келесі ретте жүргізілді: мыс (ІІ) оксидіне артық мөлшерде қышқыл ерітіндісі құйылды, сонан соң араластыра отырып аммиак газы белгілі бір қышқыл–негіздік орта түзілгенше жіберілді. Мынадай құбылысты байқауға болады: қышқылдықты азайтқан кезде ашық–көк түсті А тұнбасы түзіледі. Егер реакцияның ортасын бейтарап ортаға дейін келтірсек, онда қанық–көк түсті Б тұнбасы түзіледі. Әрбір тұнбаны қыздырған кезде солбір ғана В өнімінің түзілуіне әкелді.

А, Б және В заттарын атаңдар, мынадай мәндер белгілі болса:


Заттар

Массалық үлес бойынша элементтік құрамы (%)

мыс

фосфор

Азот

А

40.0

19,4

0

Б

32,8

15,9

7,2


А,Б және В заттарының түзілуіне байланысты тиісті реакция теңдеулерін келтіріңдер.

2есеп; Азоттың диоксиді және көміртектің монооксиді бар газ қоспасы аузы жабық ыдыста әрекеттесті. Егер химиялық реакция теңдеуі NO2 + CO = NO + CO2 осылай бимолекулалы механизм бойынша жүретіні белгілі болса, онда қоспа компоненттерінде қандай парциал қысымда бастапқы реакцияның жылдамдығы максимал мәнге ие болатынын анықта. Қандай парциал қысымда компоненттердің бастапқы жылдамдығы 10 рет өзгереді. Екі жағдайда да қоспаның жалпы қысымы мен температурасы бірдей болады.

«Кубизм» әдісімен тапсырмалар орындау:

Тапсырмаларды орындаңдар:

Тапсырма 1.

Мына тұздар гидролизінің (егер ол жүрсе) теңдеуінің молекулалық және иондық түрін жазыңыз: калий цианиді, натрий фосфаты, калий сульфиді, темір хлориді (ІІ), алюминий сульфиді, хром (ІІІ) карбонаты, калий нитраты, мыс (ІІ) сульфаты, магний перхлораты, натрий сульфа-ты, натрий гипохлориті, кальций хлориді, висмут (ІІІ) нитраты, сурь- ма (ІІІ) хлориді. Ерітіндінің рН және ортасы қандай екенін көрсетіңіз.

Тапсырма 2.

Егер гипохлорит қышқылының иондану константасы 5 ×10–8 тең болғандағы натрий гипохлориті 0,1 М ерітіндісінің гидролиз констан- тасы мен дәрежесін табыңыз. Жауабы: Кг = 2 × 10–7; h = 0,14%.

Тапсырма 3.

Натрий сульфитінің 0,1 М ерітіндісінің рН, гидролизінің константасы мен дәрежесін есептеңіз. К2H2S = 6,2 × 10–8. Жауабы: рН = 10,1; Кг = 1,6 × 10–7; hг = 1,26 × 10–3.

Тапсырма 4.

Аммоний бромиді гидролизінің константасын есептеңіз. Тұз- дың 0,01 М ерітіндісі гидролизінің дәрежесі мен рН қандай? Жауабы: 5,7 × 10–10, 2,387 × 10–2%, 4,195 × 10–4.

Тапсырма 5.

Натрий карбонатының ерітіндісіне натрий гидроксидін қосқанда гидролиз дәрежесі қалай өзгереді?
VІ Қорытындылау

Студенттерді жеке жауаптарын саралап бағалау.Жеке тапсырмалардың тексеріп,қорғау нәтижелерін қорытындылау.Тәжірибе жұмыс қорытындысын жасау.Келесі сабақты дайындалуға бағыт-бағдар береді.

VІІ Үйге тапсырма

Тақырыбы: «Катализ.Электролиттік диссоциация.Тұздардың гидролизі»

Патсаев А.Қ. Жайлау С.Ж., Мамытова В.К. «Бейорганикалық химия» 142-168 беттер.

Тақырып бойынша өзіндік жұмыс дайындау және есептер шығару.







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!