Әдістемелік нұсқаулық хат

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Әдістемелік нұсқаулық хат

Материал туралы қысқаша түсінік
Әдістемелік нұсқаулық хат
Материалдың қысқаша нұсқасы
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы

«2023-2024 оқу жылында ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ОРТА БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДАҒЫ ОҚУ-ТӘРБИЕ
ПРОЦЕСІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ТУРАЛЫ»
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ ХАТ

Астана

Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының Ғылыми-әдістемелік
кеңесінің шешімімен ұсынылды (2023 жылғы 25 суәірдегі № 3 хаттама)

«2023-2024 оқу жылында Қазақстан Республикасының орта білім беру
ұйымдарындағы оқу-тәрбие процесінің ерекшеліктері туралы» әдістемелік
нұсқау хат. – Астана: Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА, 2023. – 107 б.
Әдістемелік нұсқау хатта Қазақстан Республикасы білім беру
ұйымдарының 1-11-сыныптарында 2023-2024 оқу жылындағы білім беру
процесін ұйымдастыру жөніндегі материалдар берілген.
Әдістемелік нұсқау хат орта білім беру ұйымдарының басшыларына,
педагогтеріне, әдіскерлерге, білім басқармалары мен бөлімдерінің, білім беру
саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменттерінің басшылары мен
мамандарына арналған.

© Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА, 2023

2

Құрметті әріптестер!
2023-2024 оқу жылында Қазақстан Республикасының орта білім беру
ұйымдарындағы оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы
осы әдістемелік нұсқау хат қолданыстағы заңнаманы ұстануға, бастауыш, негізгі
орта және жалпы орта білім берудің оқу бағдарламаларын іске асырудың
бірыңғай тәсілдерін қалыптастыру мақсатында әзірленді.
Әдістемелік нұсқау хат келесі нормативтік құжаттар мен әдістемелік
ұсынымдарды қамтиды:
- 2023-2024 оқу жылындағы Қазақстан Республикасының жалпы білім
беретін мектептеріндегі оқу процесін реттейтін негізгі нормативтік құжаттарға
сілтемелер;
- құндылыққа бағдарланған, құзыреттілік, STEAM/ STEAM педагогикалық
тәсілдерді іске асыру бойынша ұсыныстар;
- пәндерді оқытуда функционалдық сауаттылықты (оқу және жазу
сауаттылығы, математикалық, ғылыми жаратылыстану сауаттылығы)
қалыптастыру бойынша ұсыныстар;
- пәндік, метапәндік және түйінді құзыреттерді; цифрлық құзыреттер мен
дағдыларды дамыту бойынша ұсынымдар.
Білім беру процесінде білім алушы басты назарда тұруы тиіс. Барлық
оқыту процесі оған қолайлы әрі қауіпсіз орта құруға бағытталуы қажет.
Алдағы оқу жылында үлгерімі төмен білім алушылармен жұмыс жасау
өзекті міндет болады.
Тәрбие жұмысын ұйымдастыру кезіндегі басым бағыт – балаға қамқорлық
пен құрмет көрсету, сенім арту, балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін
қамтамасыз ету, оларды кемсітуге жол бермеу болып табылады.
Құрметті ұстаздар! Бұл әдістемелік нұсқау хат Сіздерге алдағы оқу
жылында білім беру процесін сапалы ұйымдастыруда тиімді әрі пайдалы болады
деп сенеміз.

3

І

2023-2024 ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ НЕГІЗГІ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

 Оқу жылының ұзақтығы 1-сыныптарда – 33 оқу аптасын, 2-11 (12)сыныптарда – 34 оқу аптасын құрайды.
 1-2-сыныптарда «Еңбекке баулу» және «Бейнелеу өнері» пәндері,
3-4-сыныптарда – «Көркем еңбек» кіріктірілген пәні оқытылады.
 Оқыту қазақ тілінде жүргізілетін мектептердің 1-сыныбында «Әліппе»,
«Ана тілі» пәндері оқытылады, 2-сыныбында «Орыс тілі» пәнін оқыту
басталады.
 Жоғары сыныптарда ағылшын тілінен оқу жүктемесі 1 сағатқа артады.
 Негізгі орта (5-8-сыныптар), жалпы орта (10-сынып) білім беру
деңгейлерінде академиялық жылды аяқтаған соң қазақ тілінен емтихан
тапсыру енгізіледі.
 Экологиялық білім беру сапасын арттыру: экологиялық проблемаларды
шешуде білім алушылардың практикалық дағдыларын дамытуға арналған
зертханалық, зерттеу, жобалық жұмыстарды ұйымдастыру.
 Үлгерімі төмен білім алушылармен жұмысты күшейту.
 Білім беру ұйымдарында тұтас тәрбие бағдарламасын енгізу.
 Домбыра тарту бойынша факультативтік курстар өткізу, мектептердегі
шахмат секцияларының желісін кеңейту.
 Мерейтойлар мен атаулы күндерге арналған сыныптан тыс іс-шараларды
ұйымдастыру.
 Мектептердің ата-аналар қауымдастығымен өзара іс-қимылын нығайту,
«Ата-аналарды педагогикалық қолдау» орталығын құру.
 Педагогтерге арналған «Цифрлық кітапхана» жобасын жүзеге асыру.
 «Үздіктен үйрен» жобасын іске асыру: «Үздік педагог» байқауы
жеңімпаздарының озық педагогикалық тәжірибесін дәріптеу
 «Білім беруді өзгертудегі 1000 көшбасшы» республикалық кадрлық
резервтің деректер қорын жасау.

4

1.1 ОҚУ-ТӘРБИЕ ПРОЦЕСІН
НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕР

ҰЙЫМДАСТЫРУ

БОЙЫНША

2023-2024 оқу жылында білім беру ұйымдары білім беру процесін іске
асыру кезінде Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңын, Қазақстан
Республикасында мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беруді
дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын, «Педагог
мәртебесі туралы», «Қазақстан Республикасындағы Баланың құқықтары
туралы», «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік
қорғау туралы» және т.б., Заңдарды және басқа да заңнама актілерін басшылыққа
алуы және оқыту процесін келесі нормативтік құжаттар негізінде жүзеге асыруы
тиіс:
1.

2.

3.

4.

5.

6.

«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, https://adilet.zan.kz/kaz/docs/
негізгі орта және жалпы орта, техникалық және кәсіптік, V2200029031);
орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік
жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» (ҚР
Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348
бұйрығы, 23.09.2022 ж. № 406 бұйрығымен енгізілген
өзгерістерімен)
«Қазақстан Республикасында бастауыш, негізгі орта, https://adilet.zan.kz/kaz/docs/
жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын V2200029136
бекіту туралы» (ҚР БҒМ 8.11.2012 ж. № 500 бұйрығы,
ҚР Оқу-ағарту министрінің 12.08.2022 ж. № 365; https://adilet.zan.kz/kaz/docs/
30.09.2022
ж.
№412
бұйрығымен
енгізілген V2200029916)
өзгерістерімен
«Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім https://adilet.zan.kz/kaz/docs/
беретін пәндер, таңдау курстары мен факультативтер V2200029767
бойынша үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы»
ҚР Оқу-ағарту министрінің 16.09.2022ж. №399 бұйрығы https://adilet.zan.kz/kaz/docs/
21.11.2022 ж. № 467, 05.07.2023 ж. № 199 бұйрығымен V2200030654)
енгізілген өзгерістерімен
«Білімді ұлт. Сапалы білім» Ұлттық жобасын бекіту https://adilet.zan.kz/kaz/docs/
туралы»
Қазақстан
Республикасы
Үкіметінің P2100000726)
12.10.2021ж. №726 Қаулысы
«Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, https://adilet.zan.kz/kaz/docs/
аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің үлгілік V2300032306)
ережелерін бекіту туралы» ҚР БҒМ 18.03.2008 ж. № 125
бұйрығы, ҚР Оқу-ағарту министрінің 13.04.2023 ж. №96
бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен
«Орта білім беру ұйымдарына арналған оқулықтардың, https://adilet.zan.kz/kaz/docs/
мектепке дейінгі ұйымдарға, орта білім беру V2000020708
ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік кешендердің,
оның ішінде электрондық нысандағы тізбесін бекіту
туралы» (ҚР БҒМ 22.05 2020 ж № 216 бұйрығы, ҚР Оқуағарту министрі м.а. 22.05.2023 ж. №140 бұйрығымен
енгізілген өзгерістерімен, жаңа редакцияда - ҚР Оқуағарту министрінің 03.07.2023 ж. № 194 бұйрығымен)
5

7.

8.

9.

10.

11.

12.

13.

14.

«Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта,
техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім
беру, мамандандырылған, арнаулы білім, жетім балалар
мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға
арналған білім беру ұйымдарында, балаларға және
ересектерге қосымша білім беру ұйымдарының үлгілік
қағидаларын бекіту туралы» (ҚР Оқу-ағарту
министрінің 31.08.2022 ж. №385 бұйрығы)
«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, орта білім
берудің, сондай-ақ кредиттік оқыту технологиясын
есепке алғандағы техникалық және кәсіптік, орта
білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан
кейінгі білім берудің жан басына шаққандағы
нормативтік қаржыландыру қағидаларын бекіту
туралы» (ҚР БҒМ 27.11.2017ж. №596 бұйрығы,
05.07.2023
ж.
№197
бұйрығымен
енгізілген
өзгерістермен)
«Мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдарын, сондайақ арнайы білім беру ұйымдарын жабдықтармен және
жиһазбен жарақтандыру нормаларын бекіту туралы»
(ҚР БҒМ 22.01.2016 ж. №70 бұйрығы, ҚР Оқу-ағарту
министрінің 03.07.2023 ж. №193 бұйрығымен енгізілген
өзгерістерімен)
«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, бастауыш,
негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім
беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және
кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білімнің білім
беру
бағдарламаларын
және
арнайы
оқу
бағдарламаларын
іске
асыратын
білім
беру
ұйымдарында жұмыс істейтін педагогтерді және білім
және ғылым саласындағы басқа да азаматтық
қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен
шарттарын бекіту туралы» (ҚР БҒМ 27.01.2016 ж. №83
бұйрығы, ҚР Оқу-ағарту министрінің 30.12.2022ж.
№533 бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен
«Білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын
және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін
бекіту туралы» (ҚР БҒМ 17.06.2015ж. №391 бұйрығы)
«Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші
басшыларын ротациялауды жүргізу қағидаларын бекіту
туралы» (ҚР БҒМ 11.11.2021 ж. №559 бұйрығы, ҚР Оқуағарту министрінің 12.12.2022 ж. №492 бұйрығымен
енгізілген өзгерістерімен)
«Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші
басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау,
лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» (ҚР
БҒМ 21.02.2012 ж. № 57 бұйрығы, ҚР Оқу-ағарту
министрінің 22.12.2022 ж. № 513 бұйрығымен енгізілген
өзгерістерімен)
«Мамандандырылған білім беру ұйымдарының желісін
және дарынды балалармен жұмыс жөніндегі оқуәдістемелік кеңес туралы ережені бекіту туралы»
6

https://adilet.zan.kz/kaz/docs/
V2200029329)

https://adilet.zan.kz/kaz/docs/
V1700016138);

https://adilet.zan.kz/kaz/docs/
V1600013272)

https://adilet.zan.kz/kaz/docs/
V1600013317)

https://adilet.zan.kz/kaz/docs/
V1500011716)
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/
V2100025128);

https://adilet.zan.kz/kaz/docs/
V1200007495);

https://online.zakon.kz/Docu
ment/?doc_id=31730757)

15.

16.

17.

18.

19.

20.

21.

22.

23.

(ҚР БҒМ 1.07.2015 ж. № 428 бұйрығы, 02.02.2022 ж.
№34 бұйрығымен енгізілген өзгерістермен)
«Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту, орта, арнаулы,
қосымша, техникалық және кәсіптік, орта білімнен
кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу
үшін міндетті құжаттардың тізбесін және олардың
нысандарын бекіту туралы» (ҚР БҒМ 6.04.2020 ж. №
130 бұйрығы, ҚР Оқу-ағарту министрінің 17.03.2023 ж.
№68 бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен)
«Қашықтықтан білім беру технологиялар бойынша оқу
процесін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» ҚР
БҒМ 20.03.2015ж № 137 бұйрығына өзгеріс енгізу
туралы» (ҚР БҒМ 3.11.2021 ж. №547 бұйрығымен
енгізілген өзгерістермен)
«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі
орта, орта білім беру ұйымдарында педагогикалық
кеңес қызметін ұйымдастырудың және оны сайлау
тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ
міндетін атқарушының 16.05.2008 ж. №272 бұйрығына
өзгерістер енгізу туралы» 02.04.2020 ж. № 125 бұйрығы
«Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялықэпидемиологиялық
талаптар»
санитариялық
қағидалары (ҚР Денсаулық сақтау министрінің
05.08.2021 ж. № ҚР ДСМ-76 бұйрығы)
«Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып,
жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар
кадрларды даярлауға жоғары және (немесе) жоғары оқу
орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық
бөлімшелеріне мемлекеттік білім беру тапсырысын
орналастыру қағидаларын бекіту туралы» (ҚР БҒМ
29.01. 2016 ж №122 бұйрығы)
«Педагогтердің біліктілігін арттыру курстарының білім
беру бағдарламаларын әзірлеу, келісу және бекіту
қағидаларын бекіту туралы» (ҚР БҒМ 4.05.2020 ж. №
175 бұйрығы, ҚР Оқу-ағарту министрінің 27.08.2022 ж.
№ 384 бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен)
«Үздік педагог» атағын беру қағидаларын бекіту
туралы» (ҚР БҒМ 16.01.2015 ж. №12 бұйрығы, ҚР Оқуағарту министрінің 09.08.2022 ж. №355 бұйрығымен
енгізілген өзгерістерімен)
«Педагогтердің
біліктілігін арттыру курстарын
ұйымдастыру және жүргізу, сондай-ақ педагогтің
қызметін курстан кейінгі қолдау қағидалары» (ҚР БҒМ
28.01.2016 ж. №95 бұйрығы, ҚР Оқу-ағарту министрінің
3.10.2022
ж.
№415
бұйрығымен
енгізілген
өзгерістерімен)
«Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп
формасына қойылатын талаптарды бекіту туралы» (ҚР
БҒМ 14.01.2016 ж. №26 бұйрығы, ҚР Оқу-ағарту
министрінің 30.12.2022 ж. №534 бұйрығымен енгізілген
өзгерістерімен)

7

https://adilet.zan.kz/kaz/docs/
V2000020317)

https://adilet.zan.kz/kaz/docs/
V1500010768)

https://adilet.zan.kz/kaz/docs/
V2000020292

https://adilet.zan.kz/kaz/docs/
V2100023890)

https://adilet.zan.kz/kaz/docs/
V1600013418)

https://adilet.zan.kz/rus/docs/
V2200029446)

https://adilet.zan.kz/kaz/docs/
V15H0010279)

https://adilet.zan.kz/kaz/docs/
V1600013420);

https://adilet.zan.kz/kaz/docs/
V1600013085);

24.

25.

26.

27.

28.

29.

30.

31.

«Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің
жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске
асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың
үлгілік қағидаларын бекіту туралы» (ҚР БҒМ 12.10.2018
ж. №564 бұйрығы, ҚР Оқу-ағарту министрінің
05.08.2022
ж.
№350
бұйрығымен
енгізілген
өзгерістерімен)
«Орта білім беру ұйымдарында сынып жетекшілігі
туралы ережені бекіту туралы» (ҚР БҒМ 12.01.2016 ж.
№18 бұйрығы, 31.05.2022 ж. №251 бұйрығымен
енгізілген өзгерістермен)
«Жеңімпаздары, жүлдегерлері және оларды дайындаған
педагогтер бюджет қаражаты есебінен біржолғы
сыйақымен көтермеленетін жалпы білім беретін пәндер
бойынша халықаралық олимпиадалардың тізбесін
бекіту туралы» (ҚР Оқу-ағарту министрінің 20.07.2022
жылғы №333 бұйрығы)
«Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық
және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар
конкурстарының
(ғылыми
жарыстардың),
орындаушылар конкурстарының, кәсіби шеберлік
конкурстарының және спорттық жарыстардың тізбесін
және оларды іріктеу өлшемшарттарын бекіту туралы»
(ҚР БҒМ 7.12.2011 жылғы № 514 бұйрығы,
жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а.
17.08.2022 ж. № 371 бұйрығы)
«Білім беру деңгейлері бойынша сапаны қамтамасыз ету
жөніндегі басшылықты бекіту туралы» (ҚР БҒМ
23.06.2022 ж. №292 бұйрығы)
«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
министрлігінің террористік тұрғыдан осал объектілерді
және білім және ғылым саласындағы қызметті жүзеге
асыратын террористік тұрғыдан осал объектілерді
терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру жөніндегі
нұсқаулықты бекіту туралы»(ҚР БҒМ 30.03.2022 ж. №
117 бұйрығы)
«Ерекше
білім
беру
қажеттіліктерін
бағалау
қағидаларын бекіту туралы» (ҚР БҒМ 12.01.2022 ж. №4
бұйрығы)
«Білім
беру
ұйымдарында
психологиялықпедагогикалық қолдап отыру қағидаларын бекіту
туралы» (ҚР БҒМ 12.01.2022 ж. №6 бұйрығы)

Қолданыстағы НҚА-дағы өзгерістер
ақпараттық жүйесінде көрініс табады.

мен

https://adilet.zan.kz/kaz/docs/
V1800017553)

https://adilet.zan.kz/kaz/docs/
V1600013067);

https://adilet.zan.kz/kaz/docs/
V2200028915);

https://adilet.zan.kz/rus/docs/
V1100007355

https://online.zakon.kz/Docu
ment/?doc_id=37431780)
https://adilet.zan.kz/rus/docs/
V2200027414)

https://adilet.zan.kz/rus/docs/
V2200026618/compare
https://adilet.zan.kz/rus/docs/
V2200026513/compare

толықтырулар

Әділет

✓ Сонымен бірге МЖМБС, Үлгілік оқу жоспарлары, Үлгілік оқу бағдарламалары
Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының (www.uba.edu.kz) сайтында
орналастырылған.
✓ Педагогтер МЖМБС, Үлгілік оқу жоспарлары, Үлгілік оқу бағдарламаларының
электронды нұсқасымен жұмыс жүргізе алады.
8

1.2

ҮЛГІЛІК ОҚУ ЖОСПАРЛАРЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Республиканың жалпы білім беретін мектептеріндегі оқу процесі ҚР Білім
және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен (ҚР Оқуағарту министрінің 12.08.2022 ж №365; 30.09.2022 ж. №412 бұйрықтарымен
енгізілген өзгерістермен) бекітілген Үлгілік оқу жоспарларына сәйкес жүзеге
асырылады.
ҚР Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 31 тамыздағы №385 бұйрығымен
бекітілген «Орта білім беру (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта) ұйымдары
қызметінің үлгілік қағидаларына» сәйкес білім беру ұйымдары үлгілік оқу
жоспарын, оның ішінде оқу процесі жүзеге асырылатын қысқартылған оқу
жүктемесі бар үлгілік оқу жоспарларын дербес таңдап алады.
Үлгілік оқу жоспарының вариативтік бөлiгiнiң құрамына кiретiн және
нақты бір ұйымның ерекшелігін көрсететiн оқу пәндерi бойынша оқу жұмыс
жоспарын және бағдарламаларын әзiрлеудi білім беру ұйымы дербес жүзеге
асырады.
Білім беру ұйымдары жұмыс оқу жоспарларының Үлгілік оқу жоспарына
және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру
стандарттарына сәйкестігін қамтамасыз етеді.
ҚР Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 12 тамыздағы №365 бұйрығымен
бекітілген, 2022 жылғы 30 қыркүйектегі №412 бұйрығымен енгізілген
өзгерістерімен, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің үлгілік оқу
жоспарлары (төмендетілген оқу жүктемесімен) тиісті білім беру деңгейіндегі
оқу жүктемесінің ерекшеліктерін қамтиды, оның ішінде:
Бастауыш білім беру деңгейі бойынша:
− оқыту орыс тілінде жүргізілетін сыныптарда «Қазақ тілі» пәнінің оқу
жүктемесі 2, 4-сыныптарда 1 сағатқа (ҚР Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы
30 қыркүйектегі № 412 бұйрығына 9, 12-қосымша https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2200029916 );
− оқыту қазақ, орыс, ұйғыр, өзбек және тәжік тілдерінде жүргізілетін
сыныптарда «Жаратылыстану» пәнінің оқу жүктемесі 3-4-сыныптарда 1 сағатқа
көбейді (ҚР Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 30 қыркүйектегі №412 бұйрығына
8,9,10,11,12-қосымша https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2200029916 ).
Негізгі орта білім беру деңгейі бойынша:
- оқыту қазақ, орыс, ұйғыр, өзбек және тәжік тілінде жүргізілетін
сыныптарда «Жаратылыстану» (5-6-сыныптарда), «Алгебра», «Физика»,
«Химия», «Биология», «Қазақстан тарихы» пәндерінің (7-9-сыныптарда) оқу
жүктемесі 1 сағатқа көбейді (ҚР Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 30 қыркүйектегі
№412 бұйрығына 13,14,15,16,17-қосымша https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2200029916 ).
Вариативтік компонент бойынша:
Білім алушылардың ерте кәсіби бейімделуін қамтамасыз етуге арналған
оқу пәндерінің комбинациялары 1 сағат көлемінде оқытылады.
9

Жалпы орта білім беру деңгейі бойынша:
Оқыту қазақ, орыс тілінде жүргізілетін қоғамдық-гуманитарлық бағыт
бойынша Жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарына сәйкес «Физика»,
«Химия», «Биология» пәндерінің оқу жүктемесі 1 сағатқа көбейді (ҚР Оқу-ағарту
министрінің 30.09.2022ж. №412 бұйрығына 38,40 қосымшалар )

Оқыту қазақ, орыс тілінде жүргізілетін қоғамдық-гуманитарлық бағыт
бойынша Жалпы орта білім берудің (төмендетілген оқу жүктемесімен)
үлгілік оқу жоспарына сәйкес:
− «Алгебра және анализ бастамалары» пәнінің оқу жүктемесі 1 сағатқа
көбейді;
− таңдау пәндері (тереңдетілген деңгей): «Шетел тілі», «Дүниежүзі
тарихы», «География», «Құқық негіздері» пәндерінен 10-11-сыныптарда 2 пән 2
сағаттан оқытылатын болды.
− таңдау пәндері (стандарттық деңгей): «Физика», «Химия»,
«Биология», «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәндерінен 10-11-сыныптарда
2 пән 2 сағаттан оқытылатын болды (ҚР Оқу-ағарту министрінің 30.09.2022ж. №412
бұйрығына 18,20,22,26 қосымша https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2200029916 ).
Оқыту қазақ, орыс тілінде жүргізілетін жаратылыстануматематикалық бағыт бойынша Жалпы орта білім берудің (төмендетілген
оқу жүктемесімен) үлгілік оқу жоспарына сәйкес:
− «Алгебра және анализ бастамалары» пәнінің оқу жүктемесі 1 сағатқа
көбейді;
− таңдау пәндері (стандарттық деңгей): «Дүниежүзі тарихы»,
«Кәсіпкерлік және бизнес негіздері», «Графика және жобалау», «Құқық
негіздері» пәндерінен 10-11-сыныптарда 2 пән 1 сағаттан оқытылатын болды (ҚР
Оқу-ағарту министрінің 30.09.2022ж.№412
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2200029916 ).

бұйрығына

19,21,23,24,25

қосымшалар.

Білім беру ұйымдары білім беру қызметінде Қазақстан Республикасы Оқуағарту министрлігінің 2022 жылғы 16 қыркүйектегі №399 бұйрығымен
бекітілген Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің барлық пәндері
бойынша
үлгілік
оқу
бағдарламаларын
қолданады
(https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2200029767).
Алдағы оқу жылында оқу бағдарламаларындағы өзгерістер тек 2-сыныпқа
ғана қатысты, атап айтқанда:
- 1-2-сыныптарда «Көркем еңбек» кіріктірілген пәнінің орнына «Еңбекке
баулу» және «Бейнелеу өнері» пәндерін жеке оқыту жалғасады (Қазақстан
Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 12 тамыздағы №365
бұйрығына 1, 2, 3-қосымшалар https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2200029136#z18);
«Цифрлық сауаттылық» пәнін оқыту жалғасады (ҚР Оқу-ағарту министрінің
2022 жылғы 12 тамыздағы № 365 бұйрығына 1, 2, 3-қосымшалар
https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2200029136#z18); «Шетел тілі» пәні оқытылмайды.
- Қазақ, ұйғыр, өзбек, тәжік тілдерінде оқытатын 2-сыныпта «Орыс тілі»
пәнін оқыту енгізіледі.

10

Оқу жылының ұзақтығы 1-сыныптарда 33 оқу аптасын, 2-11 (12)сыныптарда 34 оқу аптасын құрайды.
Орта білім беру ұйымдарында білім беру процесі 5 күндік оқу аптасы
бойынша жүзеге асырылады. Бұл ретте 5-11(12)-сыныптар үшін сенбі күндері
сабақтар, қосымша сабақтар өткізуге болады.

11

1.3

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТӘСІЛДЕР

Жылдам өзгеретін әлем, ақпаратты қабылдаудың жаңа тәсілдері, мәдени
әртүрлілік, ХХІ ғасырдағы ортаны технологияландыру оқыту мақсаттарын білім
алушылардың метапәндік және жеке тұлғалық нәтижелерге қол жеткізуіне,
олардың қабілеттері мен алған білімдерін қолдана отырып, нақты өмірдегі
мәселелерді шешуге дайын болуына, цифрлық технологияларды қолдана
отырып, өзекті ақпарат негізінде шешім қабылдауға баса назар аударуды қажет
етеді. Осыған байланысты білім беру процесіндегі жетістіктер оған
қатысушылардың – педагогтердің, білім алушылардың және олардың атааналарының оң және тұлғалық маңызды нәтижелерге қызығушылығына
байланысты. Қазіргі педагогикалық тәсілдер білім алушылардың дене дамуы мен
эмоционалдық жағдайын қолдауға, олардың мүдделері мен жеке ерекшеліктерін
ескеруге бағытталған.
Оқыту мен тәрбиелеудегі құндылыққа бағытталған тәсіл
жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды, адамның өмірі мен
денсаулығын, жеке тұлғаның еркін дамуының басымдықтарын, патриотизмді,
еңбекқорлықты, адам құқықтары мен бостандықтарын құрметтеуге тәрбиелеуді
көздейді. Бұл тәсіл білім беру процесінің тәрбиелік әлеуетін арттыруға, оқыту
мен тәрбиелеуді интеграциялауға, білім беру әдістемесін, мазмұны мен
құрылымын жаңартуға бағытталған.
Сабақта оқушының жеке басын қалыптастыру процесі нақты өмірмен
байланысты материалға негізделуі керек, тек осы жағдайда ғана оқыту мәнді
және тиімді болады. Сабақтың тиімді болу шарттарының бірі – білім
алушылардың бойында базалық құндылықтарды қалыптастыру.
Сабақты ұйымдастыруда құндылықтарды қалыптастыру оқу мақсаттарына
тікелей байланысты.
Мысалы, 2-сыныптың қазақ тілі пәнінде берілген «Дені саудың жаны сау»
бөлімінде 2.2.5.1* дереккөздерден (сөздік, анықтамалық, энциклопедия)
мәліметті табу жолын анықтап, берілген тақырып, сұрақ бойынша мәліметті
іріктеп алу мақсатын жүзеге асыру үшін «Дұрыс тамақтану» тақырыбын алуға
болады. Тақырыпты талдау арқылы білім алушылар денсаулықты сақтау үшін
қажетті дәрумендер мен пайдалы тағамдар туралы біледі. Осылайша, мәтінді
талдау оқу мақсатын пысықтайды және дұрыс тамақтану жолдарына қатысты
жаңа ақпаратты зерттейді. Әрі қарай жазылым кезінде (2.3.2.1* үлгі бойынша
қарапайым хабарландыру, хабарлама жазу) білім алушы денсаулық пен дұрыс
тамақтанудың маңыздылығы туралы хабарлама жаза алады.
Қазақ тілі сабағында 6-сыныпта «Су – тіршілік көзі» тақырыбындағы
мәтінді оқыта отырып, «6.1.2.1 әлеуметтік-мәдени, ресми-іскери тақырыптарға
байланысты диалог, монологтердегі (нұсқаулық, өмірбаян) көтерілген мәселені
талдау»; «6.1.3.1 тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, детальді ақпаратты
анықтау» оқыту мақсаттарымен жұмыс жасау арқылы «Су – тіршілік нәрі»
тақырыбындағы тапсырмадан негізгі, қосымша, детальді ақпараттарды анықтата
отырып, білім алушыларға мәтін мазмұнына сай халықтың «судың да сұрауы
бар» деп неге айтқандығын түсіндіреміз. Сол арқылы судың халықтың байлығы,
12

игілігі екендігін, пайдасын, ысырапшылыққа жол бермеу керектігін, сусыз
тіршілік болмайтындығын айта отырып, білім алушылардың бойына
патриотизмді, еңбекқорлықты, үнемшілдікті, адамгершілікті, жауапкершілікті
сіңіреміз. Білім алушылар саналы түрде табиғат байлығының адам игілігі үшін
екендігін түсінетін болады.
Адами құндылықтарды дарытуда әлеуметтік-қоғамдық, мәдени
тақырыптарға байланысты диалог, монологтердегі (пікірталас, жаңалық,
интервью) автор көзқарасы мен көтерілген мәселені талдау арқылы ортақ шешім
мен өзгенің пікірін тыңдай білу дағдысы қалыптасады.
9-сыныпта қазақ тілі пәнінде білім алушылар «Сарқылатын және
сарқылмайтын табиғи ресурстар» тақырыбы бойынша «9.1.3.1 тыңдалған
мәтіндегі ақпаратты өмірлік мәселелермен байланыстыра білу» оқу
мақсатымен жұмыс жүргізуде табиғат ресурстары туралы, геология ғылымы,
Қазақстандағы металлогения мектебінің негізін қалаушы Қаныш Имантайұлы
Сәтбаев туралы, оның ғылымдағы өмір жолы, адам ретіндегі биік бейнесі туралы
біледі. Мәтін мазмұнын оқи отырып, оқу мақсатына сай мәтіндегі ақпаратты
өмірлік мәселелермен байланыстыру арқылы білім алушының бойында
адамгершілік, отаншылдық, патриоттық, экологиялық құндылықтарды
қалыптастыру көзделеді. Сонымен қатар жалпыадамзаттық құндылықтармен
бірге баланың жауапкершілігін, тыңдау мәдениетін қалыптастырады;
өміршеңдікке баулиды; сауаттылыққа, ойын жүйелі жеткізе білуге
дағдыландырады.
Қазақ әдебиеті сабағында құндылыққа бағытталған тәсілді іске асыру
қазақстандық патриотизмді, өз елінің өткен тарихына, ата-бабаларымыздың
әдебиеті, мәдениеті мен әдет-ғұрыптарына құрмет көрсетуді жүзеге асырудың
мүмкіндіктерін көздейді. Көркем шығарманы оқыта отырып, төмендегі кестеде
берілген оқу мақсаттары арқылы оқушы бойына қандай құндылықтар
қалыптастыра аламыз? (1-кесте)
1-кесте - Қазақ әдебиеті сабағында құндылыққа бағытталған тәсілді іске
асыру
Оқу мақсаттары

Оқытылатын
көркем шығарма
5.3.3.1
шығармадағы «Қобыланды
кейіпкерді
өзіндік батыр» жыры
құндылығы тұрғысынан
талдап, әдеби эссе жазу;
5.3.4.1
оқырманның
рухани
дүниесіне
шығарма әсерін талдай
отырып, сыни хабарлама
жазу
7.3.4.1
әдеби Т. Әбдіков
шығарманың
«Қонақтар»
эстетикалық құндылығы әңгімесі

13

Оқушы әрекеті
Оқушылар
көркем
шығармадағы
жекелеген эпизодтар арқылы тарихи
құндылықтар мен кейіпкерлерді талдап
танып, ол құндылықтарды шынайы
өмірмен
байланыстыра
отырып
бағалайды. Шығарма кейіпкерін өзіндік
құндылық болмысы тұрғысынан талдап,
нәтижесінде әдеби эссе, оқырман ретінде
өзінің
рухани
дүниесіне
әсерін
бағалайтын сыни хабарлама жазады.
Көркем шығарманың идеясы мен
мазмұнына
қарай
отбасылық
құндылықтарды
(үлкенді сыйлау,
отбасын сақтау, кішіге қамқорлық,

туралы шағын
шолу жазу

сыни

7.1.4.1
көркем Жиембет жырау
шығармадағы кейіпкер «Еңсегей бойлы Ер
бейнесін
ашып, Есім»
үзінділерді жатқа айту

қонақжайлық) анықтай отырып, оқу
мақсатын
жүзеге
асыру
кезінде
шығарманың эстетикалық құндылығын,
көркемдік құндылығын талдайды.
Оқу мақсатын жүзеге асыру кезінде де,
шығарманы
меңгеру
кезінде
де
патриотизм — өз Отанына деген
мақтаныш,
адамның
қоғам
мен
мемлекетке,
елдің
тарихы
мен
дәстүрлеріне деген құрметі Есім ханның
бейнесін талдау арқылы қалыптасады.

На уроке русского языка во 2 классе в разделе «Мой родной край» для
отработки цели 2.1.5.1 понимать и описывать события, о которых говорится в
видео и аудиоматериале, отвечать на вопросы можно использовать
мультфильмы, отрывки отечественных фильмов. Обучающиеся смогут глубже
познакомиться с широтой, богатством, красотой природы своего родного края.
Также формируются чувства гордости, любви, патриотизма к родному краю.
Таким образом, при анализе материала отрабатывается цель обучения и
изучается новая информация о родной земле. Далее при написании текста
(2.4.1.1* создавать постер/писать слова-признаки к предмету, изображенному
на картинке/иллюстрации) обучающийся демонстрирует свое понимание о
патриотизме, любови к родной земле.
На уроке русского языка в 6 классе в разделе «Спорт и диета» для
отработки цели «6.2.5.1 формулировать вопросы, оценивающие текст с точки
зрения актуальности, ценности, качества и полезности» можно рассмотреть
текст «Как правильно питаться?». Из текста обучающиеся узнают о витаминах,
необходимых для поддержания здоровья, а также продуктах, где встречаются
данные витамины. Таким образом, при анализе текста отрабатывается цель
обучения и изучается новая информация о полезной пище. Далее при написании
эссе (6.3.5.1 писать эссе-повествование, эссе-рассуждение, эссе-описание)
обучающийся демонстрирует свое понимание ценности здоровья и правильного
питания.
Көркем еңбек сабақтарында білім алушылардың бойына ұлттық
құндылықтарды дарыту халықтық қолөнерді меңгерту негізінде жүзеге
асырылады. Мысалы, 5-сыныпта «5.1.2.1 қазақ халқының ұлттық және әлем
мәдениетіндегі өнер, қолөнер мен дизайн туындыларының ерекшеліктерін
анықтау және зерделеу» оқыту мақсатымен жұмыста сабақта киіз үйдің макетін
жасап, өз жұмыстарының презентациясын көрсетеді, 8-сыныпа «8.1.2.1 тарихи
және мәдени шығу тегі әр түрлі өнер, қолөнер мен дизайн туындыларының
ерекшеліктері туралы түсінігін көрсету» оқыту мақсатымен жұмыста қазақтың
ұлттық сандығының нобайы сызылады, сандық жасап, өз жұмыстарын көрсетеді.
Музыка сабақтарында 5-сыныпта «5.1.1.1 тыңдалған музыкалық
шығарманы талдау (туған өлкедегі музыкалық шығармашылықтың
ерекшеліктері туралы түсінігінің болуы), оның жанрын, стилін, түрін және
музыкалық көркемдеуші құралдарды анықтау» оқыту мақсатымен сабақта
14

қазақтың халық әні «Бір баланы» тыңдайды және әнге аннотация жазып, әнді
орындайды, 6-сыныпта «6.1.1.1 тыңдаған музыкалық шығарманы талдау, туған
өлкенің жыршы-термеші, әнші және сазгерлерінің шығармашылығы туралы
және өнердің түрлері, стилі мен жанрларын, сонымен қатар, өнердің өзге
түрлерімен байланысын анықтау» оқыту мақсатын іске асыруда білім алушылар
қазақтың ауызша-кәсіби аспаптық музыкасы туралы әңгіме жүргізіп,
Құрманғазы
Сағырбайұлы
мен
Тәттімбет
Қазанғапұлының
шығармашылықтарын салыстырады, күйшілердің «Қосбасар», «Аман бол,
шешем, аман бол» күйлерін тыңдайды, композиторлардың орындаушылық
шеберліктерін талқылайды.
«Құқық негіздері» пәні бойынша сабақтарда, мысалы, отбасы құқығын,
құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамды зерделеу кезінде қазақтардың әдет
құқығының бірегейлігі мен адамгершілігін негіздеу үшін ұлттық көркем
шығармалардан, қазақтың белгілі тарихи тұлғаларының, ойшылдарының,
ағартушыларының сөздерінен үзінділерді пайдалану ұсынылады. Мәселен, 10сыныпта «Құқықтық мемлекет, азаматтық қоғам» бөлімінде «10.1.2.1 құқықтық
мемлекет принциптерін айқындау» мақсатын пысықтау үшін белгілі ғалым,
заңгер, Алашорда жетекшісі Ә. Бөкейхановтың құқықтық мемлекет және
азаматтық қоғам туралы көзқарастарын оқу және талдау үшін тапсырма беруге
болады. Осы ретте білім алушылар қазақ ойшылының қандай идеялары біздің
Конституциямызда көрініс тапқаны туралы талқылау жүргізеді.
Оқыту мен тәрбиелеудегі құзыреттілік тәсіл
Құзыреттілік тәсілдің негізгі ұстанымы – білім алушының өз тәжірибесіне
сүйене отырып, әртүрлі салалардағы және іс-әрекет түрлеріндегі мәселелерді
өздігінен шешу қабілетін дамыту. Демек, оқу процесін ұйымдастырудың мәні –
білім
беру
мазмұнын
құрайтын
танымдық,
коммуникативтік,
ұйымдастырушылық, дүниетанымдық, адамгершілік және басқа да мәселелерді
шешуде білім алушының тәжірибесін қалыптастыруға жағдай жасау.
Білім беру нәтижелерін бағалау белгілі бір кезеңде қол жеткізілген
құзыреттілік деңгейлерін талдауға негізделеді, сондықтан алдағы өмірде қажет
болатын белгілі бір дағдыларды дамыту үшін бастауыш мектептен бастап
құзыреттілік тәсілді қалыптастыру қажет.
Құзыреттілік тәсілді жүзеге асыру педагогтердің оқу мақсаттарын қайта
ойластыруын; білім беру технологияларын мұқият таңдауын; оқытудың әдістәсілдеріне белгілі бір талаптар қоюын көздейді. Оқу үрдісінде жоба әдісін
қолдану, сыни тұрғыдан ойлауды, пікірталас әдісін, кейс-стадилерді, стандартты
емес тапсырмаларды дамыту, ғылыми-практикалық сипаттағы оқу әрекетін
ұйымдастыруды және т.б. ұсынылады.
Мысалы, «Ана тілі» пәнінде берілген «1.1.2.1 көмекші құралдар (тірек
сызба, сюжетті сурет) арқылы оқиғаның ретін сақтай отырып баяндау»
оқыту мақсатын жүзеге асыруда білім алушыда құзыреттілікті қалыптастыру
үшін сызбаларды, суреттерді, модельдерді оқуды, күнделікті өмірде көмекші
құралдарды қолдана білуді және өз ойларын ауызша ғана емес, жазбаша түрде де
білдіруді үйрену маңызды. Сонымен қатар, «Қазақ тілі» пәнінде
құзыреттіліктерін қалыптастыру үшін «2.2.5.1* дереккөздерден (сөздік,
15

анықтамалық, энциклопедия) мәліметті табу жолын анықтап, берілген
тақырып, сұрақ бойынша мәліметті іріктеп алу» мақсатын алуға болады.
«Обучение грамоте» пәні бойынша «1.1.2.1 пересказывать с соблюдением
порядка событий с помощью вспомогательных средств (опорной схемы,
сюжетного рисунка)» оқыту мақсатымен жұмыс жасауда білім алушылардың
схемаларды, суреттерді, модельдерді оқуды, күнделікті өмірде көмекші
құралдарды қолдануды және өз ойларын ауызша ғана емес, жазбаша түрде де
білдіруді үйренуі маңызды. Аталған дағдыны қалыптастыруды жалғастыру үшін
«Орыс тілі» пәнінде «2.1.3.1 отвечать на вопросы и подбирать
соответствующую иллюстрацию/ картинку/схему к прослушанному тексту»,
оқыту мақсатымен жұмыс жасалады. Ал негізгі орта және жоғары сыныптарда
барлық пәндерде ұстаным мен шешімді таңдауды негіздеу кезінде
диаграммаларды, суреттерді, кестелерді, модельдерді қолдану ұсынылады.
«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінде берілген «5.3.2.1 хат, жарнама мазмұнын
түсіну, стильдік ерекшелігін анықтау» мақсатын жүзеге асыру барысында білім
алушының өз ойын ауызша ғана емес, жазбаша түрде де білдіру дағдыларын
дамытуды қамтамасыз етеді. Білім алушыда оқу мақсатына сай досына, атасына,
апасына, ағасына, сыныптасына хат жазу арқылы өз ойын жинақтап, ішкі сезімін,
айналасына, белгілі бір тақырыпқа деген көзқарасын білдіре алу құзыреттілігі
дамиды.
Құзыреттілік тәсіл функционалдық сауаттылықты және тәжірибеге
бағдарланған оқытуды қалыптастыруға бағытталған, білім алушыларды өмірлік
жағдайларда алған білімін қолдануға бағыттайды.
Мысалы, 8-сыныптағы физика сабақтарында білім алушылар мынадай
практикалық жұмыстарды орындай алуы тиіс:
- күштің, сондай-ақ жұмыс пен энергияның әсерінен дене қозғалысының
заңдылықтарын зерттеу үшін сапалық және сандық есептерді шешу;
- әр түрлі әдістер мен құралдарды қолдана отырып, мұздың балқу
температурасын зерттеу және алынған мәліметтерді талдау;
- судың булану жылдамдығының температура, ауа ылғалдылығы, бетінің
ауданы және т.б. сияқты әртүрлі факторларға тәуелділігін анықтау.;
- оптикалық жүйелердің жұмыс істеу принциптерін түсіну, кескінді
фокустау және камера сенсорында кескін қалыптастыру мақсатында адам көзі
мен камераның оптикалық жүйесін салыстыру.
Осы тәсілге сәйкес педагог білім алушылардың мүмкіндіктері мен
қабілеттерін ескере отырып, негізгі құзыреттерді қалыптастырады.
Мысалы, география бойынша «7.1.1.3 географиялық дерек көздер
Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
pdf
16.12.2023
681
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі