Материалдар / Әдістемелік құрал Р дыбысын қоюға арналған жаттығулар кешені
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Әдістемелік құрал Р дыбысын қоюға арналған жаттығулар кешені

Материал туралы қысқаша түсінік
Р дыбысын қоюға арналған жаттығулар мен тапсырмалардан тұрады. Оқушыларға түсінікті болуы үшін көрнекіліктермен жасалған.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Қазан 2021
1032
5 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Солтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы

Қызылжар ауданы

«Парасат» мектеп-лицейі» КММ









Тақырыбы: Әдістемелік құрал

«Р» дыбысын қою



Орындаған:Кошембаева А.К

Логопед









2020 жыл





Мазмұны

Содержание





  1. Кіріспе

  2. Тілге арналған жаттығулар

  3. 1-тапсырма

  4. 2-тапсырма

  5. 3-тапсырма

  6. 4-тапсырма

  7. 5-тапсырма

  8. 6-тапсырма

  9. 7-тапсырма

  10. Қолданылған әдебиеттер тізімі































Кіріспе

Р және Р' дыбыстарының айтылуындағы түрлі кемшіліктері ротацизм деп аталады. Ол дыбыстың қате айтылуын немесе басқа дыбыспен алмасуын білдіреді. Кемшіліктің екінші түрі параротацизм деп аталады. Кейде қатаң Р-ны жұмсақ Р' мен алмастыруда кездеседі. Кері алмасуда болады. Бүйірлік Р дыбысы да жиі кездеседі. Жұмсақ Р дыбысының айтылуы артикуляцияда жұпталған қатарынан тіл үстінен қосымша көтерілумен, аздап ілгері ығысумен ерекшеленеді. Ротацизмнің алғы шарт болатын анатомиялық аномалиялары мыналар: тіл асты желбезегінің қысқалығы, жіңішке және биік таңдай, шектен тыс үлкен немесе жіңішке, икемі кем тіл.

Мектепке дейінгі және бастауыш сынып балаларының ротацизмнің түзетудегі бірінші талпыныс еліктеу негізіндегі құлақпен қабылдайды, сосын оны төңіректегі дүрілді дыбыстармен /мотор үні, күн күркіреу/ бекітуді қамтиды. Сонымен қатар айна арқылы тілдің формасы қалпы мен қызметін бақылап отыру мүмкіндігі пайдаланылады.

Әдетте Р дыбысын дұрыс айтып үйрену арнаулы жаттығуларды қажет етеді. Егер бала жоғарғы Ш, Ж дыбыстарын дұрыс айтса, фрикативтік Р дыбысын жасау қиын емес. Ол үшін ауызды ашып, дөңгелектемей, тілдің алдыңғы шетін ілгері, жоғарғы күрек тістер қызыл иегіне жылжытып Ж дыбысын соза айтады оған жеткен соң тербелістің меңгеріліун күтпей-ақ Р дыбысын айтуды буын, сөз, сөз тіркесімен бекітеді. Мұндай дыбыс дем ауасының қатты қысымымен, тіл ұшы мен қызыл иек арасындағы тар саңылаумен айтылу маңызды. Егер Ш және Ж дыбыстары теріс айтылатын болса, онда тіл ұшы жоғары көтерілмесе, онда Ш дыбысын айтудағы тіл қимылын түзейтін артикуляциялық жаттығулардың бәрін қайталау керек. Тербелісті қалыптастыру үшін бір дем шығаруда Д дыбысын неғұрлым жиі қайталайды. Оның артикуляциясы ерекше ауызды аздап ашып тілдің алдыңғы шеті күрек тіске емес жоғарғы қызыл иекке, альвеолға тигізеді /ағылшынның дыбысын айтқандай/. Жаттығу әуелі дыбысты екі, үш қатар қайталаудан /дд, дд ... дддд, ддд/ одан соң соңғы дыбысты күшейту сериясынан /дд, дд ... ддд, ддд .../ дыбысты бірнеше қайталап айтудан /ддддд ... /, әрбір үшіншісін ырғақпен ерекшеленуден /ддд, ддд .../ тұрады. Т дыбысынан бастап айтуға да болады /тд, тдд/- Бұнда төменгі жақ қозғалмай, тіл ғана жұмыс істеуге тиіс. Одан соң екі, үш қатарлы айту дауысты дыбысқа аяқталады /дда, дда, дды, дды, ддда, дды, дддды/.

Балаларға дыбыстың айтылу кемшіліктерін жеңуге және сөйлеу тілін неғұрлым нақты, дұрыс болуына осы кітапшаның көмегі тиетініне сенімдімін.









Тілге арналған жаттығулар

«Саңырауқұлақ». Ауызды кең ашып, тілді таңдайға жапсыра ұстап тұрып төменгі жақты басып ауызды кең ашып ұстау.

«Сағат». Тілді жіңішкертіп ұстап оңға, солға жайлап козғау керек. Осылай санап отырып 15-20 рет қайталау керек.

«Тәтті тосап». Жалпақ тілді шығарып жоғарғы ерінді жалап, тілді ауыз қуысына тереңірек апару /15 рет қайталау/.

«Алтыбақан». Жіңішке тілді ауыздан шығарып біресе мұрынға қарай созу, біресе иекке созу, жаттығуды жасағанда ауыз ашық болу керек. Осылай 10-15 рет қайталау керек.

«Тоқылдақ». Ауызды кең ашып тілдің ұшымен жоғарғы альвеолаға немесе таңдайға жиі-жиі соғылғандай қимыл жасау керек (д-д-д қайталау).

«Ат шауып келеді». Ауызды кең ашып тілді таңдайға жапсыру-айыру немесе таңдай қағу. Аталған жаттығулардан тек әр дыбысқа керекті жаттығулар алынады.

«Инеше» ауызды кең ашып тілді алға қарай жіңішкертіп шығарып 10-15 секунд ұстап тұру керек.

































Тапсырма 1

  1. Артикуляциялық және саусақ жаттығуларын жасау.

а) артикуляциялық жаттығулар: «Саңырауқұлақ», «Сағат», «Тәтті тосап», «Алтыбақан», «Тоқылдақ», «Ат шауып келеді».

ә) саусақ жаттығулары: «Шынжыр», «Піл», «Саусақтар жүреді», «Доп», «Гүл».


  1. Буындарды және сөздерді қайталау

Ра-ра-ра

Ро-ро-ро

Ри-ри-ри

Ру-ру-ру

Ра-ра-ра – ара, қара

Ры-ры-ры – тары, сары


  1. «Мен бастайын, сен аяқта» ойыны

Логопед сөз бастайды, бала «Р» дыбысын айтады.

Логопед Бала Логопед

Қа - р қар

Ба - р бар

Та - р тар

Ша - р шар

Бо - р бор

  1. «Қателеспе» ойыны

Логопед: мен бірнеше дыбыс, буын, сөз айтамын. Ал сен «Р» дыбысын естісең, қол көтер.

А, с, л, м, р, ш, т, д, р, у, қ.

Ас, ат, аш, ар, ба, до, ро, ри, ла, са, ша, ра.

Ата, қаз, шар, тас, жол, ара, қара.


  1. Суретпен жұмыс


Иттің ырылдауын келтіру(қатты).

Күшіктің ырылдауын келтіру(ақырын)

Трактор дүрілдеуі(қатты).

Машина дүрілдеуі(ақырын)


  1. Машинаның суретін екі қолмен кезектесіп басып бояу.


ОDrawObject1 ң қолмен Сол қолмен


Тапсырма 2

  1. Артикуляциялық және саусақ жаттығуларын жасау.

  2. [Р] дыбысын ашық буында машықтандыру:


Р – А  Ра-ра-ра  Р – У   ру-ру-ру

Р- О  ро-ро-ро  Р – Ы  ры-ры-ры

Р - Ұ рұ-рұ-рұ Р- У ру-ру-ру

Ра-ро-ру Ра-ра-ра-ро  Ру-ро-ру-ро Ро-ру-ры Ры-ру-рұ

  1. Суреттерге қарап, «р» дыбысының орнын айту.





  1. Суретпен жұмыс

Аспазшыға көмек керек.

«Р» дыбысы бар жемістерден Тамақ пісіру үшін көкөністерді

сусын жасау. дұрыс айтып беру.

  1. Күшік «р-р-р» деп , «үйшік,сүйек, мысыққа» жеткізу.



  1. Жаңылтпашты қайталау.

Ара, ара, аралар,

Орман бойын жағалар.





Тапсырма 3

  1. Артикуляциялық және саусақ жаттығуларын жасау.

  2. [Р] жабық буында машықтандыру:

А – Р ар-р-р ар – ар -ара

О – Р ор-р-р ор – ор - ор

Ы – Р ыр-р-р ыр – ыр -ыр

Ұ – Р ұр-р-р ұр – ұр – ұр


  1. Сөздерді қайталау. Сөздерде «р» дыбысының орнын айту.

Ара бор тары

Қара Раушан арпа

Тарақ рахмет қар

Радио орақ Арман

Сары Сара қарбыз


  1. Буындарды оқу.




  1. «Тр-р-р» деп машинаны соңына дейін жеткізу.








  1. «Р» дыбысын қойып жаз.


DrawObject4 DrawObject3 DrawObject2

Ра DrawObject7 DrawObject8 DrawObject6 DrawObject5 Ра

DrawObject11 DrawObject10 DrawObject9 Ры





Тапсырма 4

  1. Артикуляциялық және саусақ жаттығуларын жасау.

  2. Буындарды қайталау

Ра-ра-ра-рас Ар-ар-ар-қар

Ро-ро-ро-ром Ор-ор-ор-тор

Ры-ры-ры-рыс Ыр-ыр-ыр-отыр



  1. «Мен бастайын, сен аяқта» ойыны

Логопед сөз бастайды, бала «Ра» дыбысын айтады.

Логопед Бала Логопед

Қа - ра қара

Ба - ра бара

Та - ра тара

Ша - ра шар

Да - ра дара



  1. Мына жануарлардың дыбысын салу.

КАР-КАР-КАР ХРЮ-ХРЮ-ХРЮ

КРЯ-КРЯ-КРЯ КУ-КА-РЕ-КУ



Р-Р-Р-Р



  1. Жаңылтпашты оқу.

Ақ шар бар,

Көк шар бар,

Көп ша

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!