Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Әдістемелік тренинг: «Шеберлік шыңға жетелейді»
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Әдістемелік тренинг:
«Шеберлік шыңға жетелейді»
Алмалы ауданы
МКҚК «№74 балабақша»
әдіскері Койшыбаева Анар Альбатыровна
Мақсаты:
- оқу қызметін ұйымдастыру туралы түсініктерді нақтылау және түзету;
- тәжірибе алмасу – «ҰОҚ көбінесе осылай бастаймын…» (мотивацияға, табыс жағдайына, тақырыпты ұғынуға бағытталған бастау);
- «ерекше басталуы» ұжымдық критерийлерін әзірлеу,
Өткізу жоспары:
1. «ҰОҚ басталуы. Психологиялық көңіл-күй»
2. Презентация «Мотивация тудыру немесе қызығушылықты ояту формалары»
3. Шеберлік – сағат: «Эбру технологиясы бойынша сурет салу» (дәстүрден тыс сурет салу шеберлік сабағы)
4. Рефлексия
Сәлеметсіздер ме, бүгінгі тренингке қатысушылар! «Астарлы айтар ойы болса, маржандай терер сөзі болса, сол күннің текке өтпегені» - дейді дана халық. Бүгін сол сәтті күндердің бірін сіздермен бірге өткізгеніме қуаныштымын!
«ҰОҚ басталуы. Психологиялық көңіл-күй». Бәрімізге белгілі әрбір ұйымдастырылған оқу қызметін мотивация тудыру немесе балалардың қызығушылықтарын ояту арқылы басталады. Бұл аралықта жүргізілетін жұмыс формалары қандай? Біз нені қолданамыз?
Егеменді еліміздің өсіп келе жатқан ұрпағын ойлы да іскер, өзіне - өзі сенімді, интеллектуалдық деңгейі биік азамат етіп тәрбиелеуде балабақшаның алатын орны ерекше. Бұл саты – білім, дағды, іскерліктің қалыптасуының бастамасы болып табылады. Біздің міндетіміз – жеке тұлғаны дамытып, білімге деген сенімін нығайту, қызығушылығын оятып, ынтасын арттыру.
Қазіргі заманғы ғылыми - техникалық үрдістің қарқыны білім беру жүйесінің алдына үлкен мақсаттар мен жаңа міндеттер жүктейді. Жас ұрпақты жан - жақты жетілген, ақыл - парасатты, ой - өрісі биік, бәсекеге қабілетті азамат етіп тәрбиелеу – қоғамымыздың ең өзекті мәселесі. Бұл әр педагогтың шығармашылық ізденіспен жаңаша жұмыс істеуін қажет етеді.
Білім негізі балабақшадан басталатыны белгілі. Әр бүлдіршін не нәрсені болса да білуге құмар, қолымен ұстап, көзбен көргенді ұнатады. Зейіндері тұрақсыз болғандықтан бір сарынды процесстен тез жалығады. Баланың жеке тұлғасында танымдық белсенділігінің дамуы бес - алты жас аралығында қарқынды келеді. Бұл әсіресе баланы логикалық тапсырмаларды белсенді орындауы, жауап кілтін табуға ширақ келуі, білуге деген ұмтылысы танымдық ойындар арқылы оқу әрекетінің міндеттерін шешуде айқын көрінеді.
Ұйымдастырылған оқу қызметі барысында бала мен тәрбиеші (педагог) арасындағы өзара қарым-қатынас мотивациядан басталады. Педагог тарапынан мотивация болмаса, мектепке дейінгі баланың белсенділігі болмайды, себептері туындамайды, бала мақсат қоюға дайын болмайды. Мотивацияларды зерттеу оқыту мен білім беру сапасын арттыру мақсатын қойса, шешуге қажет болатын ең қиын практикалық міндеттерге жатады. Міне, сондықтан мектепке дейінгі балаларды оқуға ынталандыру бүгінгі күні де өзекті мәселе болып қалуда.
Ең алдымен тәрбиеші, педагог тарапынан көңілді көңіл күй, болмаса қарапайым сөзбен айтқанда дұрыс ниеті болмаса, дайындаған кез-келген әдіс те, тәсіл де жоққа ұшады. Сондықтан мен тәрбиешілерге мынандай жаднамалар ұсынамын:
-
Жан дүниеңізде биік арман болып, соған ұмтылыңыз. Қол жеткізу үшін бізге берілетін мүмкіндіктердің шегі жоқ екенін ұмытпаңыз.
-
Кәсіби өсіп, педагогикалық ғылымның соңғы жетістіктерінен хабардар болыңыз, мұнымен тоқтамаңыз.
-
Әрдайым жағымсыз эмоцияларды жасырын ұстап, тепе-теңдік сақтаңыз.
-
Кешірімді, жанашыр болыңыз.
-
Өмір сүру оңай, қарапайым және қуанышты. Бәрінен оңды көріңіз.
-
Әрдайым тату болыңыз. Достық - денсаулықтың негізі.
-
Барлық жерде тәртіп пен жайлылықты қалыпты ұстау, жанұяда, жұмыста мейірімділік, махаббат пен сұлулықтың оазисін құру.
-
Мейірімді және адал болыңыз. Сіз жасаған жақсылық әрқашан сізге бірнеше есе артатындығын ұмытпаңыз.
Қандай да бір бастаманы жақсы ниетпен бастаса, оның нәтижесі тек оң болмақ, және балабақшада мынандай нәрселерге тыйым салынады:
-
Балаларға дауыс көтеруге, жазалауға;
-
Балалардың жағымсыз қылықтарын көпшілікке жария етуге;
-
Ата-аналармен бөтен баланың мінез-құлқын талқылауға;
-
Балаларды жалғыз қалдыруға;
-
Баланы қорлауға.
Біздің барлығымызға белгілі, мектепке дейінгі балалар қызметінің жетекші түрі - ойын. Қарапайым оқу қызметін балалар үшін қызықты ойынға қалай айналдыру керек? Бірақ ойын қарапайым емес, бала үшін танымдық, оқыту, дамытушы болу керек. Баланың іс-әрекетке қызыға араласуын қалай жасауға болады. Жауап қарапайым, өз ісі немесе басқа қызмет түрі үшін мотивацияны сәтті таңдау керек. Мотивацияның сәтті таңдауы балалар ұсынылған тапсырмаларды үлкен ықыласпен орындап, жаңа кездесулерді, келесі шараны асыға күтетініне кепілдік береді. Мотивация балаға әсер етуі, оны әрекетке итермелеуі, баланы қызықтыруы тиіс.
Мотивация - бұл ішкі және сыртқы қозғаушы күштердің жиынтығы, олар іс-әрекетке, оқылатын тақырыпқа қызығушылық тудырады, балалардың назарын аударатын, белгілі бір мақсатқа жетуге бағытталған ұғым.
Мотивацияның әдістері:
-
Көрнекілік арқылы (заттарды көрсету, үлгі, иллюстрациялар, фильмдер көрсету);
-
Сөздік (әңгімелесу, қысқа мазмұнды әңгімелер оқу);
-
Ойын (мақсатты ойындар);
-
Практикалық (жаттығу, тәжірибе, модельдеу);
-
Бақылау;
-
Іздеу (дыбысты тап);
-
Қиын жағдай туғанда (батырға көмектес);
Мотивация түрлері
1. «Ойыншыққа көмектес» ойын мотивациясы, бала көмекші және қорғаушы ретінде әрекет етеді, оқыту мақсатына жетеді, ойыншықтардың мәселелерін шешеді. Оны әр түрлі практикалық дағдыларды оқыту үшін пайдалану орынды. Бұл мотивацияны аппликация, құрастыру, кіші және орта топ үшін сурет салу арқылы қолдануға болады.
2. Ересектерге көмек мотивациясы – «Маған көмектесші!».
Мұнда балалар үшін үлкендермен қарым-қатынас жасау, мақұлдау алу мүмкіндігі, сондай-ақ бірге орындауға болатын бірлескен істерге қызығушылық болып табылады. Мотивацияның бұл түрі ортаңғы топтан пайдалануға болады.
3. «Маған үйретші» мотивациясы, баланың өзі білетін және білетінін сезіну ниетіне негізделген. Мотивацияның бұл түрін ойын іс-әрекетінде пайдалануға болады, жоғары топтарда.
Мысалы: - балалар, мен садақ байлауым керек. Мен жасай алмадым. Сендер маған үйрете аласыңдар ма?
4. «Өз қолымен заттар жасау» мотивациясы. Мұндай мотивация балаларды өз бетінше немесе жақындары үшін заттар мен ұсақ-түйектер жасауға итермелейді. Балалар өз жұмыстарын мақтан тұтады және оларды пайдаланады. Құрастыруда, логикада, қол еңбектерінде, шығармашылықта пайдалануға болады.
Қорыта келгенде, Тәуелсіз мемлекетіміздің ертеңі ұрпақтың рухани байлығы, мәдениеті, саналы ұлттық ойлау қабілеті мен біліміне, іскерлігіне байланысты. Осыған орай мектепке дейінгі оқу үдерісінде балалардың танымдық қызығушылықтарын арттыру, дамыту болашақта білімді өз бетінше жинап алу қабілеттерін дамытуда жетекші рөл атқарады. Оқыту барысында көзделетін білімділік, дамытушылық, тәрбиелік міндеттерді жүзеге асыруда әртүрлі әдіс - тәсілдерді қолданудың тиімділігіне көз жеткізуге болады.
«Көкіректе сәулесі
жоқтың,
көңілде сенімі жоқ,
өнерсіз өмірден тез суынар»
Абай Құнанбаев
Шеберлік – сағаты:
Мақсаты: Мектеп жасына дейінгі оқытуда жаңа технологияларды тиімді қолдану. Білім беру қызметінде 4 к моделіне: креативтілікті, сыни ойлауды, коммуникативтілікті дамытуға және командада жұмыс істеуге баулу. Тәрбиешілерге шығармашылық арқылы өздерінің әсерлерін білдіруге, олардың дәстүрден тыс сурет техникасының көмегімен шығармашылық қабілеттерін жақсартуға жағдай жасау.
Көрнекіліктер: алдын ала эбру тәсілмен жасалған суреттер көрмесі.
Керекті құралдар: ыдыс, арнайы сұйықтық, бояулар, қылқалам, сулық, сүрткіш т.б.
Барысы: Қайырлы күн, құрметті әріптестер! Сіздерді көргеніме қуаныштымын, бүгін біз сіздермен қызықты және пайдалы уақыт өткіземіз деген үміттенемін. Сурет салудың бейдәстүр әдістерін қолдану арқылы балалардың шығармашылық қабілеттерін арттыру мақсатында бүгін сіздерге балабақшада сурет салу оқу қызметінде эбру әдісін колдану шеберлік сабағын көрсетемін.
Бүгінгі біздің тақырыбымыз «Эбру технологиясы бойынша сурет салу»
Сұрақ – жауап:
1.Дәстүрлі әдіс тәсіл дегеніміз не?
2.Дәстүрлі емес әдіс – тәсіл дегеніміз не?
Тәрбиеші: сурет салудың дәстүрлі әдісін айтпасақта бәріміз білеміз. Қылқаламмен, түрлі-түсті карандашпен жұмыс істеу.
-
«Дәстүрден тыс сурет» атауы
-
Көкөністерді бастырып сурет салу,
-
Алақан немесе саусақпен сурет салу,
-
Қағазды умаждау арқылы салу,
-
Жіптің көмегімен сурет салу,
-
Орамжапырақты пайдалану арқылы сурет салу,
-
Құммен сурет салу, су бетіне сурет салу т.б.
Эбру технологиясы бойынша сурет салу:
Ұрпақ тәрбиесі басты назарға алынған бұл қоғамда баланың ой-өрісін, психологиясын бақылап отыру маңызды жұмыс. Оның мысалы арт терапияның түріне жататын «Эбру» су бетіне сурет салу әдісі.
«Эбрудың» шығуы жайлы әртүрлі дерек бар. Оның қарыштап дамыған жері – Түркия. Сондықтан да Түркияны «эбрудың» отаны деуге толық негіз бар.
Елімізде бұл әдіс бірте-бірте қолданысқа еніп жатыр. Су бетіне сурет салу әдісі баланың жан дүниесіне үңіліп, ішкі әлемінде болып жатқан жай-күйін жеткізе білуге ықпал етеді. «Эбру» баланы сурет салуға үйретпейді, керісінше сол арқылы қызығушылығын оятып, шығармашылығын дамытуға септігін тигізеді.
Эбру өнері балалардың ақыл-ой, жүйке жүйесін тыныштандырып қана қоймай, балаларда табандылықты, қиял мен ойлауды дамытады және түстер мен формаларды біріктіруге қабілеті артып, қолдың ұсақ моторикасын дамытады.
Балаларға құрғақ сөз әр қашан үлгі бола бермейді. Сөзбен істің арасы жақын болса, оның нәтижесі де оң болмақ.
Суға сурет салу әдісі үшін керекті құрал жабдықтар:
-
арнайы қоспа,
-
арнайы бояулар,
-
таяқшалар,
-
сүрткіштер.
Сурет салуды бастауға да болады. Суға түрлі –түсті бояуларды шашыратып шығамыз. Ауламен суды ұқыпты түрде айналдырып,бояудың пішінсіз тамшыларын суретке айналдырамыз.Бояулар шеберлердің қолының әрқайсысына бағынған,және тіпті жеңіл бриз желісінен,ой қозғалысы,олар өздері айналдырылады.
Суға салған суретіміз дайын болған соң, дайын суретті ақ қағаздың бетіне көшіріп алуға болады.Ақ қағазды дайын болған судағы сурет бетіне төсейміз.Су мен қағаздың арасында ауа қалмау үшін қағаз үстінен таяқшаны жүргізіп шығамыз. Сурет қағаз бетіне түскен кезде қағаздың шетінен ұстап судан шығарып аламыз . Сурет су бетінде қалмайды. Ыдыстағы суға тағы бірнеше рет сурет салуға болады. Эбру-өрнектерін жасау кезінде қолданылатын су белгілі біртығыздыққа ие болуы керек, сондықтан гүлдер ерімейді, бірақ оның бетінде қалады.Сұйықтық пайдалануға дайын. Сұйықтықты кішкене табаққа құйыңыз. Суреттегі сурет үшін қажетті түс гаммасын қолдану арқылы біз қиялға еркіндік беретін элементтерді қосамыз.
Балаға бір нәрсе үйрету үшін, оны педагог өзі жетік білу керек. Олай болса, өзіміз жасап үйренейік.
Тапсырма-жұмбақ: Әр педагог сандықшадан жұмбақ жасырылған түрлі-түсті қағаздардан біреуін таңдап алады, жұмбақты шешіп, жауабын эбру әдісі бойынша салады.
Гүл ұшып гүлге қонады,
Гүл бақшам гүлге толады.
Көбелек
Құлпырса, қадірлейді, аялайды
Қураса сыпырғышқа жарамайды
Гүл
Қырға кілем жайдым
Қызғалдақ
Суда өседі, өнеді, Сыртқа шықса, өледі.
Балық
Суда балықтай, бірақ балық емес,
Құрғақта таяқтай, бірақ таяқ емес.
Қайық
Таңмен көзін ашады,
Әлемге нұрын шашады.
Күн
«Көңіл-күй» түсі
Бүгінгі көңіл-күйіңізді қандай түспен бейнелейсіз?
Әр қатысушы өзінің көңіл-күйінің түсін таңдап алады. Қатысушылардың бүгін қандай көңіл-күймен келгендігін проектордан көрсету.
Сары-өзін де, басқаны да қуантып жүретін адамдар.
Көк-байсалдылық, қанағаттандылық белгісі, қонақжай адамдар.
Жасыл-жүрген ортасында белсенді адамдар.
Ақ-мейірімді адамдар
Қызыл-алдына мақсат қойса жетпей тынбайтын жігерлі адамдар
Қара-ішімдегіні тап деп отыратын тұйық мінезді адамдар
Қорытынды.
Енді сіздердің пікірлеріңізді білгім кеп тұр!
Ортаға шығып белсенділік білдіргендеріңізге рахмет! Бүгінгі біздің шеберлік сағатымыздан естелік ретінде сіздерге мынандай жаднама бергім келіп тұр. «Шеберлік – шыңға жетелейді» - деп айтқандай сіздерге өз мамандарыңыздың шебері болыңыздар демекпін.
Рефлексия.
Қатысушылардың қызметін бағалау, пайдалылығы, нәтижелілігі:
* Жасыл:
Мен бұл туралы білдім, бірақ қызықты болды
* Сары:
Мұны алдағы жұмыста қолданамын
* Қызғылт сары:
Маған өте қызықты болды, Мен өзіме көп жаңа нәрсені үйрендім.