Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Adobe Dreamveaver CS3 бағдарламасында Web сайт жасау жолдары.
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
№ 60 «Қызылқұм»жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Adobe Dreamveaver CS3 бағдарламасында Web сайт жасау жолдары.
11 сыныптарға арналған авторлық бағдарлама.
Авторы: Тасов ҒабитҚалдыбайұлы
Түсінік хат
Ақпараттық қоғам жағдайында информатика пәнінің рөлі ақпараттық білімнің, ақпараттық орта мен адамның өзара қарым- қатынасын үйлесімді етудегі орнымен қамтамасыз етіледі.
Ақпараттық бірліктің білімге айналуы әлемнің жүйелік ақпараттық бейнесін оқушылардың шығармашылқ қабілеттері және құндылық бағдарларын дамыту арқылы қалыптастыруды көздейтін, адамның дүниетанымының құрамды бөлігі болып табылатын интеллектуальдық дамуды қамтамасыз етеді.
Информатика пәніндегі компьютердің көмегімен кескіндерді өңдеу және редакторлеу әдістері компьютерлік графика деп аталады. Әр түрлі мамандықтардағы адамдар компьютерлік графиканы өз салаларында сәйкесінше қолданады. Компьютер экранындағы кескіндер графикалық программалар арқылы құрылады және растрлық, векторлық редакторлар арқылы өңделеді. «Компьютерлік графика және дизайн» курсында иллюстрациялар құру және кескіндерді өңдеуге, яғни векторлық және растрлық бағдарламаларға басты назар аударылады. Қазіргі кездегі интернеттегі сайттарды жасайтын бағдарламалардың ең танымалысы- Adobe Dreamveaver CS3. Бұл бағдарлама арқылы мектептің және әр түрлі мақсаттағы сайттарды құруға болады.
Курс бағдарламасын құруда төмендегідей мақсаттар қойылды:
-оқушылардың санасында әлемнің ақпараттық бейнесін қалыптастыру;
-іс- әрекет құралы ретінде компьютерді пайдалану мүмкіндіктері;
-компьютерлік интуицияны қалыптастыру;
-компьютерді практикада тек тиімді болған жағдайда ғана пайдалана білу іскерлігін қалыптастыру;
- әр түрлі үлгідегі сайттардың жобасын жасау;
Курс міндеттері:
-Кескіндерді сақтау және тұрғызу принциптеріне тереңірек түсінік қалыптастыру;
-графикалық файлдардың форматтарын меңгеру және оларды әр түрлі графикалық программаларда қолдануда пайдалану;
-компьютерлік графика негізін әр түрлі графиалық программаларда қолдануды қарастыру;
-графикалық программалар құралдарын пайдаланып оқушыларды өздерінің жеке кескін жұмыстарын құру және редакторлеуге үйрету;
-әр түрлі программалар арасында графикалық деректер алмасуға үйрету;
-құрылған дайын сайттарды сервер компьютерлерге орналастыру.
IІ. ОҚУ ПӘНІНІҢ БАЗАЛЫҚ МАЗМҰНЫ
Барлығы- 34 сағат
Photoshop-бағдарламасы туралы негізгі түсінік. Құралдар тақтасы, мәзір.Палирта. Photoshop- бағдарламасынадығы түстер. Түстерді басқару. Каливровка. (3 сағат)
Photoshop бағдарламасымен жұмыс. Іске қосу.Сканерлеу. Сканерлеу үшін бағдарламалық қамтамасыздандыру. (2 сағат)
Жаңа кескіндерді құру. Файлдарды сақтау. Жаңа кесіндерді сақтау. Кескіндерді басқару. Қарап шығу. Кескіндерді жабу. Photoshop бағдарламасынан шығу.(2 сағат)
Растрлық кескіндер туралы негізгі түсінік.(1 сағат).
Бөліп алу. Бөліп алу туралы.(2 сағат)
Компоновка. Орын ауыстыру.Көшіріп алу.(2 сағат)
Қабат. Жаңа қабатты құру. Қабаттармен орындалатын амалдар.(2 сағат)
Негізгі және фондық түс.Градиенттер. Градиенттерді қолдану. Контурлар мен фигуралар. Мәтіндермен жұмыс. (2 сағат).
Коллаждар жасау. Баспаға басу.(2 сағат)
Adobe Dreamveaver CS3 бағдарламасы туралы негізгі түсініктер. Іске қосу. Терезе элементтері(2 сағат).
Adobe Dreamveaver CS3 бағдарламасында HTML негізінде жаңа құжатты құру. Құжатқа мәтіндерді енгізу және оларды пішімдеу. (2 сағат)
Adobe Dreamveaver CS3 құжатқа кестелермен суреттерді кірістірудің жолдары. Кестеге бағаналар мен қатарларды қосу, өшіру, біріктіру және бөлу. (4 сағат)
Үлгітүр негізінде мектеп сайтының үлгісін жасау. CSS стильдерді пайдаланып құрылған сайт беттерін көркемдеу. Беттерге гиперсілтемелер қою. (5- сағат)
Дайын құрылған сайтты Internet Explorer, Mozilla Firebox, Opera және т.б. браузерлерде тестілеп жүргізу. (1 -сағат)
Құрылған сайтты интернеттегі тегін хостингтерге тіркеліп, құрылған сайтты серверге орналастыру. (2 сағат)
III. «БІЛІМ МЕН БІЛІК ДЕҢГЕЙІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
Үйірме мүшелері нені білу керек:
-оқушыларға Photoshop-бағдарламасы туралы негізгі мағлұматтарды;
-құралдар тақтасындағы құралдардың қызметі мәнін;
- палитраны қолдану ұғымын;
-рhotoshop- бағдарламасынадығы түстерді пайдалану мен қолдануын;
-түстерді басқару, яғни кескіннің суреттерінің түсін өгзерте білуін;
-рhotoshop бағдарламасын іске қосып, жұмыс істеуін;
-суреттерді сканерлеп, кескіндерді ашу ұғымын;
-кескіндерді баспадан шығармастан бұрын қарап шығу, олардың масштабтарын өзгертудің мәнін;
- кескіндерді жабу, Photoshop бағдарламасынан шығу;
-растрлық кескіндер туралы негізгі түсініктер ұғымын;
- аdobe Dreamveaver CS3- жұмыс істеудің мәні;
- кестелер мен суреттерді құжатқа кірістірудің мәні;
-үлгітүр негізінде сайттарды жасау ұғымы;
-сайттарды интернетке орналастырудың мәні;
Нені меңгеру керек:
-Рhotoshop бағдарламасын іске қосып, жұмыс істеуді;
-суреттерді сканерлеп, кескіндерді ашуды;
-. файлдарды сақтауға немесе жаңа кесіндерді сақтауды;
-кескіндерді баспадан шығармастан бұрын қарап шығуға, олардың масштабтарын, кескіндерді жабу, Photoshop бағдарламасынан шығуды;
-суреттердің керекті фрагменттерін бөліп алуды;
-кесіндердің экрандағы орнын ауыстыруды;
-суреттердің көшірмесін алуды;
- жаңа қабаттар құруды;
-Аdobe Dreamveaver CS3- жұмыс істеуді;
- кестелер суреттерді құжатқа кірістіруді;
-үлгітүр негізінде сайттарды жасауды;
-сайттарды интернетке орналастыруды;
IV. ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҮЙЕСІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
«Информатика» оқу пәнінің мазмұны оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыруға сәйкес құрастырылады.
Курстың теориялық бөлімі Adobe Photoshop бағдарламасы көмегімен кескіндерді ашу,өңдеу, сақтау және Adobe Dreamveaver CS3 бағдарламасы көмегімен сайттарды жасау, оларды интернет желісіне орналастыруды негізге ала отырып құрылған.
Курстың практикалық бөлімі оқушылардың ақпараттық сауаттылығын қалыптастыру ғана емес, басқа да оқу пәндерін меңгеру тиімділігін жоғарылату, сонымен қатар пәнаралық, жалпы оқу біліктіліктерін қалыптастыру үшін қажетті ақпараттық технология құралдарын пайдалану дағдыларын меңгеруіне бағытталады. Осыған байланысты материалды оқып-үйрену реті бүкіл оқу үдерісінің тиімділігін және оқу себебін жоғарылату үшін оқушыларға маңызды міндеттерді шешуге мүмкіндік беретін ақпараттық технологиялардың барынша кең ауқымын ертерек қолдану мүмкін болатындай етіп құрылған. Мысалы, «кескін» ұғымы ең алдымен технологиялық ортаға қатыссыз. Содан кейін кескіндерді компьютерде өңдеудің практикалық мәселелері қарастырылады, оқушылардың әр түрлі кескіндер, қабаттар жайлы түсініктері толықтырыла түседі.
Курстың бастапқы бөлімінде растрлық кескіндерді өңдеуге арналған - Adobe Photoshop бағдарламасы туралы жалпы түсінік. Adobe Photoshop бағдарламасында жаңа кескін құру,ашу, сақтау және өңдеу ұғымдары туралы айтылады.
Курстың екінші бөлімінде Adobe Dreamveaver CS3 бағдарламасының қызметі, сайттарды кесте түрінде жасау, сайттарды жасауда үлгітүрлерді пайдалану, Web парақтарға графикалық объектілерді, гиперсілтемелерді қою жолдары қарастырылады. Сонымен қатар дайын болған сайтты инернеттегі сервер компьютерлерге орналастыру туралы ақпараттар беріледі.
Бағдарлама авторы:
Тасов Ғабит Қалдыбайұлы- «Қызылқұм» жалпы орта мектебі» мемлекеттік мекемесінің информатика пәнінің мұғалімі.
«БЕКІТЕМІН»
«Қызылқұм» жалпы орта мектебі» мемлекеттік мекемесінің директоры:
____________Кекилова Ж.
«__» __________2012 ж
Adobe Dreamveaver CS3 бағдарламасында Web сайт жасау жолдары.
11 сыныптарға арналған авторлық бағдарлама.
«КЕЛІСЕМІН»
Оқу ісінің меңгерушісі:
____________Спатаев Қ.
«____» _________ 2012 ж
Ә/б отырысында қаралды:
Хаттама № ___
«___» _________ 2012ж
Ә/б жетекшісі:_________
Авторы: Тасов Ғабит