Материалдар / Адыраспан-жанға шипа,емге дауа.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Адыраспан-жанға шипа,емге дауа.

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектеп оқушыларына 5-11 сынып
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Мамыр 2021
1252
6 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

«Өрлеу БАҰО» акционерлік қоғамының филиалы «Солтүстік Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты»







Ғылыми жоба

Тақырыбы: «Адыраспан- емге дауа,жанға шипа»























Орындаған: Адылбекова К.Е.

Тексерген: Сабиева К.У.



Чистопол селосы

2020 ж



Кіріспе бөлімі:

Зерттеу бөлімі:

1.Теориялық бөлім

1.1. Адыраспанның сипаттамасы

1. 2. Адыраспан дәрілік өсімдік. Биологиялық және химиялық құрамы

2. Халық емшілігі

2. 1. Адыраспан тұнбасымен емдеу

2. 2. Адыраспан халық ұғымында

3. Адыраспан туралы хикая

3.1 Адыраспан туралы ақиқат

3.2 Адыраспанмен аластау

4. Ғылыми жаңалығы

Қорытынды бөлімі

Пайдаланылған әдебиеттер




















Кіріспе

Адыраспан

Қасетті Бәйдібектің етегінде,

Қос тұма, тастақты жер, беткейінде.

Өседі бар ауруға шипа болар,

Адыраспан – түйіндер піскен кезде.



Қазақстан әсем, сұлу табиғатымыздың аясы өсімдіктер дүниесіне бай.

Еліміздің табиғи жағдайлары әр түрлі болып келетін орманды, далалы, таулы аймақтардан тұрады. Республикамыздың аймағында 6000-ға жуық өсімдік түрлерін кездестіруге болады. Соның 500 түрінен дәрілік заттар алынады. Біле білген адамға осының өзі қаншама байлықтың көзі деп айтуға болады. Осынша байлықты игерумен бірге дәрілік өсімдіктерді зерттеудің, оны танып білудің маңызы зор. Ерте заманнан бері мал бағумен айналысқан көшпелі қазақ халқы шөптердің, жалпы өсімдіктердің емдік қасиеттерін білген.

Адамзат дамуының ең алғашқы дәуірлері кезінде адам баласының негізгі қорегі өсімдік болған. Алуан түрлі жемістерді, өсімдік тамырларын, түрлі-түрлі гүлдерді, шөптерді жинай жүріп, адам тамағын тойғызып қана қоймай, сонымен қатар әртүрлі аурулар азабынан құтылу жолдарын іздестіре бастаған. Сөйтіп, өсімдіктің шипалық қасиетін зерттеп үйренген. Қазіргі медицинада қолданыста жүрген дәрі-дәрмектердің 40 пайызының бөлігі өсімдіктер дүниесінен жасалады. Солардың ішінде ертеден пайдаланатыны – адыраспан.

Адыраспан – ең көп тараған емдік шөптердің бірі. Одан жасалған гармалин алкалоидының әсері банистерин алкалоидынан асып түседі. Ол эниефалит ауруын емдегенде жақсы нәтиже береді.

Адыраспанның тағы бір қасиеті – жерді тақырланудан сақтайтын өсімдік екенін көп адамдар біле білмейді. «Адыраспанның жерді азып – тозудан сақтайтынын көбіміз біле білмейтініміз рас. Мен оны өз көзіммен көрдім. Ол айналасына шөптердің тұқымын жинап, олар өсіп жетілген кезде өзі жойылып кетеді екен», - деп белгілі жазушы әрі саяхатшы Темірхан Момбекұлы 2005 жылы арнайы «Қасиетті қазақ жері» деген бағдарлама бойынша кең – байтақ еліміздің біраз аймақтарын велосипедпен аралап, өз көзімен көргендерін республикалық «Ана тілі» газетінде жазған.

Шығыс халқы адыраспанның киесі бар деп есептеген. Әлі күнге дейін өзбектер жол сапары сәтті болсын деп көлігінің алдыңғы әйнегіне іліп қояды екен. Жалпы, адыраспанды түрлі микроптарды аластау үшін дезинфекция ретінде қолдануға болады. Біздің жеріміздегі өсімдіктердің қай – қайсысы да шипалық қасиетке бай. Алайда олардың ішінде улы өсімдіктерді дәрі – дәрмек ретінде пайдаланғанда аса сақтық, білімділік, тәжірибелік қажет.





1.Теориялық бөлім

1.1 Адыраспанның сипаттамасы

Дүниесі: Өсімдіктер

Бөлімі: Гүлді өсімдіктер

Табы: Қос жарнақтылар

(unranked) Сore eudikots

Сабы: Sapindales

Тұқымдасы: Nitrariaceae

Тегі: Peganum

Түрі: P. harmala


Адыраспан – сортаңдау ыстық өлкеде кездесетін, басында ащы дәні бар дәрілік өсімдік. Адыраспанды емшілер дәрілік шикізат ретінде шілде айында гүлдеген кезінде жинап алады екен. Алғанда да, сол тұрған бойы бәрі ала бермейді, оның енді пісіп-жетілген бұтақшаларын, жапырағы мен гүлін бір қиқымын жерге түсірмей көлдей орамалға түйеді. Алғанда тамырдан жоғары жағынан ұқыпты кесіледі. Кептірер кезде темір шатыр астындағы көлеңкелі, ауа өтіп тұратын жерге қойылады. Осылайша ол екі жыл сақталуы керек. Ал тұқымын өскіннің қауашағы ашыла бастаған кезде теріп алады. Оны да төбесі жабық болғанымен, ауа өтіп тұратын бастырма астында кептіреді. Астына мата төсеп, сосын тұқымын шөбі мен қауызынан ажыратады. Ол – улы өсімдік, дәмі ащы, мал жемейді. Жаз, күз мезгілінде тұтас денесін, күз мезгілінде жемісін жинап, кептіріп сақтайды.

Шындығында, өзіміз табиғат берген байлыққа көңіл аудара бермейміз. Емдік шөптер – үйіміздің жанында, бау-бақшамызда, жол бойларында кездесетін арам шөптер. Өсімдіктер сарқылмайтын қазына емес, сондықтан оларды орынды пайдаланып, қорғай білудің өмірлік маңызы зор. «Мың теңге тұратын дәрі дәл шарбағыңнын түбінде өсіп, тұр» деп дана аталарымыз ­бекер айтпаса керек. Біздің тұрып жатқан жерімізде дәрілік өсімдіктер түрлерінің 60 пайызы өседі. Соның бірі – адыраспан. Қазақстан аумағында адыраспанның үш түрі өседі. Оның ішінде «кәдімгі адыраспан» (Peganum harmala) деген түрі көп кездеседі. Адыраспан – түйетабан тұқымдасына жататын шөптектес иісті, терең тамырлы өсімдік. Биіктігі 30-60 см. Сабағы жұмыр әрі жан-жаққа тармақталып және топталып өседі. Тамыры тереңге кетеді әрі жуан болып келеді. Жемісі қоңыр түсті, ірі ұрығы бар, диаметрі 1 сантиметрдей шар тәрізді қауашық. Көктем мезгілінде гүлдейді, жазда жемісін береді. Топтанып өсетін өскін гүлдеген кезде оның хош исі төңіректі алып кетеді. Бір ғажабы, адыраспан өсіп тұрған маңайға шыбын-шіркей жоламайды. Адырас­пан тұқымдары арқылы көбейеді. Ақын С.Кеттебайұлының «Дала дәрі­ханасы» деген өлеңінде дәрілік өсімдік – адыраспанның биологиялық ерек­шелігі, морфологиялық құрылысы өте жақсы сипатталған.
Біздің ата-бабаларымыз адырас­панды киелілік қасиеті мол деп санап оны үйдің босағасына немесе есіктің маңдайына іліп қойып, осы арқылы отбасын алуан түрлі бәле-жаладан сақтауға тырысқан. Адыраспан тұрған жерге жын-шайтан жоламайды деп есептейді.
Адыраспан адырлы, шөлейт, құр­ғақ жерлерде, тау бөктерінде және жа­зықтарда өседі. Қазақстанның шөл-шөлейтті, сортаңды жерлерінде, әсі­­ресе Шу, Іле, Сырдария, Шымкент, Сарысу өзендері бойындағы тақырланған жайы­лымдарда бір түрі – кәдімгі ады­­распан (Peganum harmala) өседі. М.Көке­нов мәліметтері бойынша (1998 ж) ол Оңтүстік Қазақстан аумағында қалың болып өседі. Адыраспанның тағы бір қасиеті – жерді тақырланудан сақ­тайтын өсімдік екенін көп адам біле бермейді. Белгілі жазушы әрі сая­хатшы Темірхан Момбекұлы 2005 жылы арнайы «Қасиетті қазақ жері» деген бағдарлама бойынша кең-байтақ еліміздің біраз аймақтарын велосипед­пен аралап, өз көзімен көргендерін күн­делік ретінде жазып жүрген. Сон­дай жазбаларының бірінде ол «Ады­рас­панның жерді азып-тозудан сақтай­ты­нын көбіміз біле бермейтініміз рас. Мен оны өз көзіммен көрдім. Ол айналасына шөптердің тұқымын жинап, олар өсіп жетілген кезде өзі жойылып кетеді екен» деп ерекше атап көрсеткен.
Бұдан біз адыраспанның ерекше екендігін айқын байқаймыз. Сондықтан да, дана халқымыздың адыраспанды «қасиетті» деп атауында зор мән бар.
Ғылымда адыраспан өсімдігін 1928 жылдан бері дәрі-дәрмекке пай даланып келеді. Адыраспан халық медицинасында буын ауруларына, қайнатылған тұнбасы безгек ауруы­на қарсы қолданылады. Малдың қотырын, түрлі тері және желін ауруларын, мысалы түйенің көкталақ ауруын адыраспанның қайнатпасын ішкізіп емдейді. Сабағынан қайнатып алынған тұнбаны ауылшаруашылық зиянкестеріне қарсы қолданады. Оны мал жемейді. Өткір әрі сасық исі болады. Адыраспаннан тұқымынан алынатын қызыл бояумен жүнді және жіптерді бояй­ды. Әсіресе, түріктер жүннен тігілген бас киімдерін бояуға адырас­пан бояуын көп қолданатындықтан, ел арасында бұл бояуды «түрік бояуы» деп те атайды.
Адыраспанның сабағы мен жапы­рағын жемістеніп тұрған кезде, яғни күзде жинап, оны күн түспейтін көлеңкелі жерде кептіреді. Адырас­пан­ның түтіні адамды тыныштандырады және микробтардан залалсыздандырады. Кептірілген адыраспан сабағын түтетіп, бөлменің ішін және бала бөленетін бесіктің айналасын алас­тайды. Адыраспанды жинаған кезде малдың тұяғы баспаған таза жерден алу керектігін бұрынғы бабаларымыз үнемі ұрпақтарына өсиет етіп айтып отырған.
Қазақ халқының көшпелі өмір салты айналасындағы өсімдіктердің қан­дай түрі пайдалы, қандай түрі зиян­ды екенін білуге үйреткен. Орыстың дәрілік өсімдіктерді зерттеуші көрнекті ғалымы П.Массагетов 1921 жылы Алтайдан бастап, Қазақстанның шығыс және оңтүстік-шығыс өлкелерін аралап, дәрілік өсімдіктер туралы құнды деректер жинап, «Өсімдік әлеміне саяхат» атты кітабын жазған. Бұл кітап 1988 жылы қазақ тіліне аударылған. Ғалым осы кітабында қазақ халқының өсімдіктерге ерекше көңіл бөлетіндігін атап, «Қазақтар өсімдік атаулыны қатты бағалайды, оған өте мән бере қарайды» деп таңдана жазған.

1.2. Адыраспан дәрілік өсімдік. Биологиялық және химиялық құрамы.

Адыраспан (Harmal немесе Peganum harmala) — түйетабандар тұқымдасына жататын көп жылдық өсімдіктер туысы, терең тамырлы өсімдік. Дәрілік шикізат ретінде шілде айында бұтақшаларын, жапырағы мен гүлін жинап алады.

Пеганин гидрохлорид, дезоксинпегонина гидрохлорид (таблетка және укол ретінде қолданады).

Тұқымынан «Дезоксипеганин гидрохлорид» деген препарат алынады. Бұл препарат мононеврит, неврит, полиневрит және миазтенид ауруларын емдеу үшін қолданады.

Қазақстанда адыраспанның бір ғана түрі –ақ адыраспан өседі.

Көпжылдық өсімдіктер туысы.

Түйетабандар тұқымдасына жатады.

Жапырақтары кезектесе орналасады.

Тұқымы ұсақ бозғылт, не қара түсті болады.

Жемісі қоңыр түсті, диаметрі 1см шар тәріздес қауашақ.

Сабы мен гүлінде уы болады.

Ерекше сасық иісті, дәрілік өсімдік.

Гүлі ақ, сары, бозғылт-сары түсті 1-3-тен орналасады.

Биіктігі 30-80 см, мамыр-шілде айында гүлдейді.

Сабағы бұтақты, салалы тамыры 10 м тереңдікке дейін кетеді.

Адыраспан құрамында улы гармин және гармалин алкалоидтары, гүлі мен бұтағында пеганин алкалоиды болады. Адыраспан – улы өсімдік, сондықтан оны тек дәрігердің нұсқауымен ғана пайдалануға болады.Емдік мақсатта адыраспанның шөбін яғни сабағын, жапырақтары мен гүлдерін пайдаланады.

Тұқымында - 3,5 - 6 % алкалоид, 60% гармалин, 30 гармин және шамалы ғана мөлшерде гармалол, пеганин мен дезоксивицинон.

Шөбінің құрамында 1,5 - 3% алкалоид, 60 % пеганин мен вазицинон бар.

Тамырында - 1,7 - 3,3%,

Сабағында - 0,23 - 3,57 %,

Жапырағында - 1,07 - 4,96%,

Гүлінде - 2,82 %,

Жемісінде - 1,08%,

Тұқымында 2,38 - 4,59% алкалоидты заттар, хинализин мен индол бар.

Жас өсімдіктің тамырындағы алкалоидты заттың мөлшері 2 есе көп келеді.


2. Халық емшілігі

2.1 Адыраспан тұнбасымен емдеу

Гастрит – асқазанның қабынуы ауруын емдеуге болады.

Ревматизммен ауыратын адамдар қайнатып, салқындағаннан кейін сүзіп алады. Сол қайнатпаны 38-39 градус температурада ваннаға құйып әрбір екі күн сайын 10-15 рет ваннаға түсіп отырса ревматизм ауруынан айығады.

Адыраспанды тасшөппен, қарааңдыз тамырымен қосып қайнатады да, радикулитті, сегізкөз невралгиясын емдеуге қолданады.

Адыраспан өкпені тазалап, жөтелді басады, денедегі уды қайтарады. Оны жөтел, демікпе, несеп бұзылу, себебі белгісіз ісіктер, буын қабыну, асқазан, рак, сияқты ауруларды емдеуге қолданады.

Жел-құздан қозған буын ауруын емдеу үшін адыраспанның жас сабағын қиып алып, жаншып буынға тарту керек.


Емдік қасиеті жағынан адыраспан Орта Азияда ертеден белгілі болған. Бұл жерде оның ұрығын зығыр тұқымымен қосып демікпені емдейді, қара немесе қызыл бұрышқа араластырып тері ауруларына қарсы жағады.

Кавказ халқы адыраспанды ұйықтататын дәрі ретінде пайдаланады. Оның шөбін жағып, түтінімен бас ауруын емдейді және жұқпалы сырқаты бар адам жатқан бөлмені ыстап залалсыздандырады.  

Үндістанда жақында ғана адыраспанды ішек құртқа қарсы инсекцидтік құрал ретінде және аборт жасау үшін қолданады. Кавказда адыраспанның жаңадан жасалған шырынын іш ауруының алғашқы стадиясын емдеу үшін береді.

Түркияда ерте кезеңдерден ақ адыраспаннан қызыл бояу алып, онымен өздерінің ұлттық бас киімдері – фесканы бояған.

Тағы бір елдерде адыраспанды ішек құртқа қарсы инсекцидтік құрал ретінде қолданады.

Халық медицинасында адыраспан ревматизм, қышыма және басқа да тері аурулары кезінде бұлау жасауға пайдаланылады, тер шығаратын дәрі ретінде, ал шөбінен жасалған қайнатпа суық тигенде, безгек ауруларына, жүйке жүйесінің әлсіреуіне және ұстама ауруларына ем болады. Адыраспанның түтін иісі мұрын бітеліп тұмауратқанда өте көп пайдасы бар. Халық емшілері адыраспанды адамның құяңын, сегізкөздің жүйке ауруын емдеуге пайдаланған. Құяңмен ауырған адам адыраспанның сабақ, жапырақтарын қайнатып, күніне ұдайы екі жеті қатарынан ішуі керек. Ұмытшақтық меңдетсе адыраспанды сабағы мен жапырағын бірге қайнатып ішеді. Көзі нашар көретін кісілерді адыраспанды бал мен шарапқа араластырып емдейді. Адыраспан өкпені тазалайлы, онымен буын қабынуын, белгісіз ісіктер, асқазан, қызыл өңеш обырын емдеуге болады.


Адыраспан тұнбасымен емдеу:

Невростения, малярия, мерез ауруына, талма, сал, ұмытшақтық, қояншық ауруы, ауыздың қызыл иегі ауырғанда, іш ауруының алғашқы кезеңінде, ішкі мүшелерге суық тигенде, ревматизм, тарамыс, ми қабынуы ауруларын емдеуге болады.

Адыраспан шөбінің қайнатындысы мен тұнбасы бас ауруды басып, адамды тыныштандырады, сырқатты асқындырмауға көмектеседі. Сонымен қатар, белге суық тигенде адыраспан көмегімен емдеуге болады. Ол үшін кептірілген, ұнтақталған 50 грамм адыраспан шөбін шүберекке түйіп, сыртынан қайнаған су құяды. Сәлден соң суын сығып, қалтаны жылы күйде белдің ауырған тұсына басып, үстіне қыздырғыш (грелка) қояды. Белді осылай күніне 30-40 минуттан бер рет булау керек. Бір қалта адыраспанды ыстық суға қайталап салып төрт рет пайдалануға болады. Адыраспан улы өсімдік болған соң, оны емге ішкен кезде аса сақ болған жөн.Адыраспанды мөлшерден артық қолданса, ауыздан көпіршік атып, еріксіз зәр шығаратын азапты қалтыраулар міндетті түрде болады.

2.2 Адыраспан халық ұғымында

Атам қазақ өзі аса киелі деп білген бұл өсімдікті өсіп тұрған жерінен жұлып аларда да оның әдеп-ибасын қатаң сақтаған. Қауызы толып, тұқымы толық піскен кезде ғана жұлған. Ер адамның ғана жұлуына рұқсат етілген. Жұлатын адамның жаны ғана емес, үсті-басы таза, дәреті бар екеніне мән берілген. Жұлушы кісі міндетті түрде Аллаһқа құлшылық етіп:

«Бисмиллаһи-ир-рахман-ир-рахим!

Ассалаумағалейкум, адыраспан,

Бізді сізге жіберді Омар, Оспан,

Кеселге жеті түрлі ем болсын деп,

Әкім Лұқпан пірлері ақыл қосқан.

Бисмиллаһи-ир-рахман-ир-рахим!» деп барып, өсімдіктің сағағына қолын тигізген.

Соңынан малдас құрып, Құран аяттарын оқиды. Адыраспанды тек ер адам ғана жинайды, қапқа салып жинап алып, кептіріп қояды. Ертеде әйел босана алмай қиналып жатқанда, зиянды күштерді адыраспанның түтінімен қуатын болған. Адыраспанмен баланың бесігін және сырқат адамды да аластайды. Тіл мен көз тигенде адыраспанды түтетіп, тұзды басынан айналдырады.


3.Адыраспан туралы хикая


Ырысбек Дәбей

Төрт шадиярдың бірі әзіреті Оспан әскер бастап жорыққа бара жатады. Жолда бір жерге түнейді. Түнде жаулары тыңшы жіберіп, байлаулы тұрған аттарын босатып, жан-жаққа шашыратып қуады. Оспанның атының шылбыры бір түп адыраспанға оратылып қалады. Оның кісінеген даусын естіп, өзге аттардың бәрі сол араға жиналады. Оспан да серіктерін ертіп жылқының дауысы шыққан жерге келеді. Қараса барлық жылқы бір жерге үйіріліп тұр екен. Оспан адыраспанды дорбасына салып алады. Сол жорықта жолы болып, жеңіспен оралады. Елге келген соң, Мұхамбет пайғамбарға болған жайды баяндайды. Пайғамбар:
– Бұл шөптің аты қалай? –деп сұрады. Оспан:
– Мұны адыраспан деп атадым, – деді. Пайғамбар:
– Ұлық Алла бұл шөпті себеп қылып, бір апаттан сақтапты. Бұдан кейін де адыраспан менің үмбетіме игілікті қызмет етсін, – деп, аят оқып, шөпке дем салған екен.
Содан бері адыраспанға емдік қасиет дарыпты. Осыған орай ел ішінде:
Ассалаумағалейкум, адыраспан,
Атыңды қойған екен Әзіретті Оспан.
Пайғамбар дұғасынан нәр алған соң,
Өзіңе келіп тұрмын жол алыстан, – деген сөз қалған екен.


3.1 Адыраспан тұралы ақиқат

Халқымыз адыраспан шөбінің әулиелік қасиеті мол деп санаған. Сондықтан біздің ата-бабаларымыз оны үйдің босағасына іліп қойып, отбасын алуан түрлі бәле-жәлелерден сақтауға тырысқан. Адыраспан түтінімен үйдің ішін түгел аластап, жын-шайтандарды, адамдардың лас ниеттері мен қарғыстарын шаңырақтан аластайтын болған.


3.2 Адыраспанмен аластау


-Алас, алас, баладан алас,

Иесі келді, пәлесі көш!

Алас, алас, пәледен қалас.

Көзі жаманның көзінен алас,

Тілі жаманның тілінен алас!

Отыз омыртқасынан алас!

Қырық қабырғасынан алас!


Адыраспанмен аластау рәсімі қазіргі күнде де қазақтар арасында кеңінен қолданылады. Адыраспан қазақ үшін қасиетті шөп болғандықтан бәле – жаладан сақтайды деп үйдің ішіндегі көрнекілеу жерге – кереге басына іліп қояды. Жаңа үйге кірерде босағаға жын –шайтан мүлдем жоламасын деп, адыраспанмен аластаған. Сонымен қатар, бұл өсімдікті иесіз үйді иесі жоқ кезде жайлап алған беймәлім жын –шайтандардан тазарту үшін адыраспанның бір бұтағын отқа салып тұтатып, аластайтын болған. Сондай-ақ ауыл әйелдері бірігіп текемет басқанда, әзірленіп жатқан текемет, киіздің қасына көз тимесін деп адыраспанды және қызыл түсті мата төсейді. Өйткені, ондайда текеметке немесе киізге көз тисе, салынған өрнектер қиғаш немесе қисық түседі-мыс. «Адыраспан, адыраспан шыққан жерді, сірә баспан» депкелетін тіркес адыраспанның айрықша қасиетіне байланысты айтылған болу керек.


4.Ғылыми жаңалығы:

Адыраспан тұқымы жүйке жүйесінің ауруларын емдеуге, пайдалануға болатыны анықталды.

Адыраспанның есірткіге тәуелділікке қарсы тұра алатын қабілеті бар. Сондықтан бұл өсімдік алкоголь мен никотинге тәуелділіктен емдеу үшін қолданылады. 


Менің ұсыныстарым:

1. Адыраспан шөбі тереңірек зерттелсе.

2. Медицинада адыраспанның емдік қасиеттерін қолдану енгізілсе.

3. Дәрілік өсімдіктер жайында, оның ішінде адыраспан туралы газет, журналдарға ғалымдар зерттеу мақалаларын  жарияласа.

4. Қолөнерде адыраспаннан дайындалатын қызыл бояу қолданысқа енгізілсе.  



































Қорытынды бөлімі


«Кімде-кім халқынан алмаса тәлім,

Оны үйрете алмас ешбір мұғалім», - дейді Жүсіп Баласағұн. Демек біз еліміз үшін, болашағымыз үшін ештеңеден аянбай, ұлы дала көшпенділерінің тарихын, ата-бабаларымыздың өсімдіктерден қолданған емді ары қарай дамытуымыз қажет. Дәрілік өсімдіктер кептірілген шөп, тұнба, қайнатынды түрінде қолданылады. Көптеген өсімдіктердің біз білмейтін емдік қасиеттері бар. Осы заманғы кейбір дәрілер жабайы шөптерден жасалынады. Сонымен, өсімдік-медициналық препараттардың сарқылмас көзі. Улы деген өсімдіктің өзі пайдалы. Қазіргі заманда адам денсаулығын сақтау жайындағы күрес, бүкіл елдің қасиетті парызы. Өсімдік – тіршілік көзі, өзегі. Дәрілік өсімдіктермен айналысу денсалықты сақтауға, табиғат байлығын қорғауға көмектеседі.

Біздің Бәйдібек ауданы ,Алмалы ауылымыз дәрілік өсімдіктерге бай, қысы жылы, жазы жайлы, әрі күн сәулесі көп түсетін табиғаты жағынан тартымды жерлердің бірі. Ауылымыздың жер бедері таулы және ылғалды болғандықтан өсімдіктер дүниесіне бай. Туған ауылымыздың шипалы өсімдіктер түрлерін Республика және шетелдерге насихаттап, халықаралық деңгейге жеткізу біздің міндетіміз. Қазіргі уақытта өз өлкемізде өсетін өсімдіктерді дер кезінде жинап, кептіріп, шөп қайнатпаларын дайындасақ жанға шипа, дертке дауа болары сөзсіз!




.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!