Материалдар / Адыраспанның пайдасы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Адыраспанның пайдасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Адыраспанның пайдасы мен зияны тұралы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Қаңтар 2023
300
5 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Алматы облысы,

Еңбекшіқазақ ауданы

Мектеп:Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің «Еңбекшіқазақ ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің "М.Маметова атындағы орта мектеп-МДШО"КММ
Оқушының аты-жөні:
Махмутова Аяна

Жетекшісінің аты-жөні: Джамалова Зарина Махмутжановна

Ғылыми бағыты: Таза табиғи орта – Қазақстан 2030 Стратегиясын іске асырудың негізі

Секция: Биология


Аннотация

Зерттеудің негізгі мақсаты:

- Жергілікті жергеді  емдік шөп, ағаштардың адамға тигізер пайдасы туралы ұғым беру, білімін кеңейту. Адамның  денсаулығына  шипа болатын табиғат ерекшелігін меңгерту;

- Табиғат қадірін, байлықты бағалай білуге, туған табиғатты сүюге және қамкорлық, жанашырлық сезімге баулу, оқушылардың табиғат жөнінде ой-өрісін кеңейту;

- Табиғат пен жергілікті жерді аялауға, қорғауға тәрбиелеу. Адамгершілікке, мейірімділікке тәрбиелеу, білімге құштарлығын, логикалық ойлау  қабілетін, сөйлеу тілін дамыту; оны қорғауға, ұйымшылдыкка, өзара сыйластықка тәрбиелеу

Зерттеудің ғылыми болжамы:

Адыраспан өсімдігінің медицина саласындағы деңгейін көтеру.

Адыраспан өсімдігінен әр түрлі ауруларға ем болатын дәрілік шөптерді дайындау.

Зерттеудің негізгі кезеңдері:

Бірінші кезең: оқулықтар мен жұмыс, қосымша материалдар көзін іздеу.

Екінші кезең : жинақталған материалдарды қорыту, жүйелеу.

Үшінші кезең: зерттеу жұмыстарын жүргізу арқылы нақты нәтижелерге келу.

Зерттеу әдістері: жинау,талдау,сараптау

Алынған мәліметтер негізінде автордың қорытындысы:

Жұмысты орындау кезінде халықпен байланыса отырып,дәрілік өсімдіктер, адыраспан туралы жазылған кітаптардан,газет-журнал материалдарынан пайдалана отырып,адыраспанның емдік қасиеттерін,ем болатын ауру түрлерін анықтадым.Сонымен қатар адыраспан өсімдігінің тұмау ауруына қарсы,темекі тартуды қойдыруға қолданылатын емдік қасиеттеріне зерттеу жұмыстарын жүргіздім.

Аталған жұмыстың іс-жүзінде қолданылуы:

1.Биология үйірмелерінде оқушылармен оқып,таныстыру.

2.Биология, география сабақтарында қолдану.

3.Биология, география пәндері бойынша сабақтан тыс шараларда пайдалану.

Зерттеудің жаңалығы:

- Жергілікті жердегі табиғат байлығының адамға тигізер пайдасын ұғындыру.

1




Жоспар                                                                                                       

1. Кіріспе бөлім.
2. Зерттеу бөлімі
3. Дәрілік өсімдіктермен емделу артықшылығы
4. Адыраспанның пайдасы
5. Қорытынды бөлім
6. Пайдаланылған әдебиеттер.








































2



1. Кіріспе бөлім

Мың теңге тұратын дәрі

дәл шарбағыңның түбінде өсіп тұр

халық даналығы


Өсімдік жайлы не білеміз ?

Адам баласы кейбір өсімдіктерді әр түрлі ауруларды емдеуге, пайдалануға болатындығын алғашқы қауымдық кезеңнен бастап ақ білген. Одан бірнеше мың жылдан кейін дәрілік өсімдіктерді емге пайдаланудың мән-жайын халық арасында ауыздан ауызға таралып, кейіннен кағазға жазыла бастаған. Біздің ғасырға жеткен осындай жазбалардан өсімдіктерді ауру-сырқаттарды емдеуге пайдалану ілімі біздің эрадан алты мың жыл бұрын Ирак жерінде өмір сүрген Шумер мемлекетінен басталғаны айтылған. Онда Шумерлік дәрігерлердің емдік қасиеті бар, өсімдіктерді жапырақтарын, тамырларын,сабақтары мен дәндерінен ауру емдейтин әр түрлі ұнтақ, тұнба дайындайтындықтары жазылған. Осы мен қатар сол уақыттың өзінде-ақ, дәрілік өсімдіктерді кептірген кезде күн көзінен олардың дәрілік қасиеттері жойылатындығы ашылып, кептіру жұмысы күн көзінен таса жерде жүргізілуі тиіс екені дәлелденген. Осы себептен Шумерліктер кейбір өсімдіктерді жинау керек екенін ұсынған. Вавилондықтар мен Ассириялықтар сол Шумерліктер көрсеткен өсімдіктерден дәрі-дәрмек жасау әдісін, емдеу жолдарын жалғастырып, кеңейте тускен. Ассирия мемлекеттерінде дәрілік шөптер өсірілетін арнайы бақтар болған. Египеттіктер олардан үйреніп дәрілік өсімдіктердің емдік қасиеттерін кеңінен анықтай отырып алоэ, анис, меңдуана, жалбыз, тағы басқа өсімдіктердің дәрілік қасиетін ашқан. Египеттіктер даладағы дәрілік өсімдіктерді жинаумен қатар Ассириялықтар сияқты оларды қолдан егіп өсірумен айналысқан. Олар дәрілік өсімдіктерді көбейту мақсатында шетелдерге арнайы экспедициялар ұйымдастырған. Тұңғыш рет осы дәрілік қасиеттері бар өсімдіктерді Египет мамандары классификация жасаған. Олар дәрілік өсімдіктерді фармокологиялык әсеріне қарай іш өткізетін, құстыратын, қақырық түсіретін топтарға қарай бөлген. Өсімдіктерді ауру-сырқаудан емдеуге пайдалану әр елде өздеріне керек бағытта әр түрлі жүргізілген. Осыдан кейін жалпы дәрілік өсімдіктерді емдеу ісіне пайдалану жолдарын өрістетуде үлкен мүмкіндікке жол ашылды.


3



Дәрілік өсімдіктерді ауруды емдеуге қолдануда Греция елі біраз рөл атқарған. Греция дәрігері Гипократ дәрілік өсімдіктердің екі жүзден астам түрін жазып, олардың ауруларды емдеуге қалай пайдалануға болатындығы туралы толық ғылыми тұрғыдан түсінік берген. Ал, Грецияда Диоскорит деген дәрігер өзінің «дәрілік заттар» деген еңбегінде дәрілік өсімдіктердің алты жүз түрінің қолдану түрін жазған.

Рим дәрігерлері бұл өсімдіктерді ауруларды емдеуге пайдалану жағдайында деректерді осы Греция ғылымдарының мәліметтерінен алған. Дегенмен Рим дәрігерлерінің емдік қасиеттері бар емдік сапасын көбейтуге тигізген әсері де өте зор. Үлкен Плинийдің айтуы бойынша римдіктер дәрілік өсімдіктердің мыңнан астам түрлерін тапқан. Дәрілік өсімдіктер туралы коптеген мәліметтерді Оңтүстік Батыс Азия халықтары да өз елінің флорасынан өсімдіктердің сегіз жүзге жуық түрлерін тапқан.Тибет дәрігерлерінің емдеу әдістері осы Индия,Қытай, Жапон, Монғол елдеріндегі білім негізінде құралған. Осының арқасында болу керек,тибеттіктерде ауру-сырқауларды емдеуге пайдаланатын дәрі-дәрмек түрі өте көп. Басқа елдерге қарағанда Қытайда бұл салада көзге көрінерлік жұмыстар жүргізілген. Бұл елде дәрілік өсімдіктер туралы кітап жаңа эрадан екі жарым мың жыл бұрын жазылған Фармоколог – Ли-Ши-Чжень оның он алтыншы ғасырда, өзінің жиырма жеті жылдық жұмысын жинақтап, елу екі томдық дәрігерлік еңбегін шығарған. Бұл еңбекте дәрілік өсімдіктің екі мыңға жуық түрі жазылған. Сонымен қатар дәрігерлік өсімдіктерді жинау үшін, кептіру, одан әрі жасау әдісі, қандай ауруға қалай пайдаланылғаны туралы коптеген мәліметтер берілген. Біздің елімізде әр түрлі ауруларды емдеуге өсімдіктерді пайдалану ерте уақыттан басталған. Дәрілік өсімдіктер-өсімдіктің бұл тобынан емге керекті дәрі алу мен қатар, құрамында әр түрлі витаминдер,микроэлементтер, белок, углевод, май, соның ішінде эфир майы болуына байланысты оларды тағамдыққа және басқа халық қажетіне пайдаланады. Өсімдіктерден әртүрлі ауруларды емдейтін дәрі-дәрмек, витаминдер т.б организмге қажетті заттар алынатындығы белгілі.

Өсімдіктердің қай түрі болмасын тіршілікке зиянды микробтарды жоятын фитонцит (фитон – өсімдік, цит - өлтіреді) деп аталатын ұшқыш метабалиттерді бөліп шығарады. Бұл метабалиттер атмосфераға тез тарап, ауадағы қоздырғыш әр түрлі микробтарды жойып, ауа тазалығына үлкен әсерін тигізеді. Өсімдіктердің осы микробтарды жоятын қасиеттері ерте заманнан – ақ белгілі болған.

Өсімдік дүниелерінің адамзат тіршілігіне тигізетін тағы бір шексіз пайдасы – ауаны тазартып, оттекпен байытып отырады. Табиғаттағы оттегі қоры өсімдіктер дүниесіне ғана алынады.

Қазақстан табиғи жағдайлары әр түрлі болып келетін орманды, таулы, далалы аймақтардан тұрады. Республика аймағында 6000-ға жуық өсімдік түрлерін кездестіруге болады. Соның 500 түрінен дәрілік заттар алынады. Осынша байлықты игерумен қатар дәрілік өсімдіктерді зерттеудің, оны танып білудің маңызы зор. Ерте заманнан бері айналысқан көшпелі қазақ халқы шөптердің, жалпы өсімдіктердің емдік қасиеттері ертеден белгілі болған.



4






Әбу Насыр Әл – Фараби, Әбу – Әли Ибн – Сина, Әл – Беруни, Әл Джуржани қазақ халық медицинасының дамуына әсіресе дәрілік өсімдіктерді тауып пайдалануына зор ықпал етті. Жер жүзіндегі дәрілердің 40% өсімдіктен дайындалады екен. Қазіргі кезде шөппен емдеу фитотерапия үй жағдайында кеңінен қолданылған мүмкіндігі жеткілікті ол үшін дәрісіз ем - домды дәрілік өсімдіктерден іздеуіміз керек. Бұған дәлел халық нақалы «Дана көптен шығады, дәрі шөптен шығады». «Сенің денеңнің қуаты – өсімдіктің шырынында» деп медицинасы ілгері дамыған Қытай елінің дәрігері Шин – Нон айтқан. Шындығында өзіміз табиғат берген байлыққа көніл аудара бермейміз.

Емдік шөптер – үйіміздің жанында, бау – бақшамызда, жол бойларында кездесетін арам шөптер. Өсімдіктер сарқылмайтын қазына, байлық емес сондықтан оларды орынды пайдаланып, қорғай білудің өмірдегі маңызы өте зор. Мың теңге тұратын дәрі дәл шарбағыңның қасында өсіп тұр. Дәрімізді ем – домды дәрілік өсімдіктерден іздейік. Жергілікті жердің өсімдіктеріне мән берсек, біздің тұрып жатқан жерімізде өсімдіктердің алуан түрлері өседі. Қазақстанның жер көлемі 2750мың шаршы шақырым, табиғи байлығы сан алуан. Осынау ұлан ғайыр өлкеде орманды, далалы, таулы шөлейтті, шөлді және т.б табиғи жағдайы әр түрлі болып келетін аймақтар бар. Әсіресе өсімдіктердің молдығы жағынан Қазақстан алдыңғы қатардағы мемлекеттердің бірі болып саналады. Мал бағумен ерте заманнан айналысқан қазақ халқы шөптердің емдік, дәрілік қасиеттерін ертеден білген.

Шығыс ғалымдарының қазақ халқы медицинасының дамуына, әсіресе дәрілік өсімдіктерді танып пайдалануына еткен ықпалы зор болды. Бұған қоса қазақ халық медицинасында дәрілік өсімдіктер жөніндегі ұғым көршілес Ресей, Иран, Қытай, Монғолия, Тибет және Ауғаныстан медицинасындағы деректермен байытылып, одан әрі дамиды. Жер жүзіндегі дәрілердің 40 % шөптерден дайындалады. Көптеген ғылыми мекемелер мен т жоғарғы оқу орындарыс, өсімдік бақтары, қорықтар дәрілік өсімдіктерді зерттеумен айналысады. Елімізде өсетін 20 мыңнан астам өсімдік түрлерін 2500 – інің шипалық маңызы бар.Бұның 600 – ге жуық дәрілік өсімдік түрінің 500- і дәрілік өсімдіктерге жатады. Мысалы : адыраспан, бақ-бақ, қара андыз, итшоғын, мың жапырақ, түймешетен, ермен, дәрмене, өгейшөп, шәй шөп, қалақай, атқұлақ, рауғаш, қызылтаспа, су бұрышы, ойран шөп, тау қылша, итсигек, сүмелек, жанаргүл, жұмыршақ, долана, сиыр сілекей, итмұрын, есекмия, ақмимя, дәрілік жоңышқа, миятамыр, сасықшөп, киік от, тас шөп т.б. дәрілік өсімдіктер құрамында алкалоитар, гликозиттер, эфир майы түрлі түрлі дәрумендер болады. Оларда түрлі микробтарды өлтіретін заттар түзіледі табиғат ол бізді коршаған орта, байлыктың көзі. Табиғат - күллі  тіршілік атаулының кұтты коныс-мекені, алтын ұя тал бесігі. Ерте кездерде халқымыз табиғаттың кейбір туындыларын киелі, қасиетті деп ұғып, оларды өлтіруге, жоюға болмайтынын уағыздаған. Сонымен бірге табиғат пен адам біртұтас, бір-бірінен бөлуге болмайды деп қараған. Сондықтан адам табиғаттан өз керегін ғана алып, қалғанына еш уакытта зиян тигізбеген.



5


Жалпы табиғат — күллі тіршілік  атаулының  құтты  коныс-мекені, алтын ұятал бесігі. Барша адамзат өкіліне ауа, су, жер ортақ. Сондықтан жердің қадірін, байлығын бағалай білу, жалпы табиғатты қорғау - баршамыздың міндетіміз. Халқымыздың мактанышы болып саналатын     ғалым, этнограф, зерттеуші Ш.Уәлиханов былай деген екен: "Табиғат пен адам егіз! Өзіңіз айтыңызшы, тіршілікте одан ғажап,олардан кұпия не бар?!  Қазақтар дүниеге үлкен мән берді. Табиғаттағы кейбір жануарлар мен құстарды,өсімдіктер мен шөптерді, ағаштарды, көшпелі тұрмыска қажетті заттарды киелі деп қастерледі. Осы айтылғандарды құрмет тұту адам баласына байлық пен бақыт, кұт әкеледі".

Шынында да халқымыз табиғаттағы өздері қастерлеген жерлерді "әулие бұлақ", "әулие ағаш"  деп бағалаған. Осындай қасиетті "әулие бұлақта", "әулие ағашта", адамға пайдасын тигізетін емдік өсімдіктер мен шөптерде біздің жергілікті жерімізде кездеседі.

Қазіргі заманда адам денсаулығын сақтау жайындағы күрес, бүкіл елдің қасиетті парызы. Өсімдік- тіршілік көзі, өзегі. Дәрілік өсімдіктермен айналысу денсаулықты сақтауға, отбасының қаражатын үнемдеуге, табиғат байлығын қорғауға көмектеседі. Қазіргі уақытта өз жергілікті жерімізде өсетін өсімдіктерді дер кезінде жинап, кептіріп, шөп қайнатпаларын дайындасақ жанға шипа, дертке дауа болары сөзсіз.

Табиғат - асыл қазына, адамға баға жетпес байлық. Осы байлықтарды қорғап, оны мұқият сақтай білу бәріміздің міндетіміз.


























6



2.Зерттеу бөлімі

Дәрілік өсімдіктермен емделу артықшылығы.

Жер шарында өсімдіктердің 500 млн. астам түрі бар. Жыл сайын ғылыми-лабораторияларда олардың бірнеше жаңа түрлерін өсіріп шығарады. Өсімдік – жер шарының «өкпесі» деп бекер айтылмаған. Тіршілік атауыны өсімдіксіз елестетуге болмайды. Жер шарында өсімдіктер жамылғысы біркелкі тарамаған. Қазақстанда орман қоры  21,8 млн. га жерді алып жатыр. Яғни, республикамыздың барлық жерінің 3,35 %-ын құрайды. Біздің еліміздегі ормандар жүйесі негізінен Солтүстік және Шығыс аймақтарда шоғырланған. Ормандардың бірнеше типтері бар. Олар – сексеуіл, қарағай, шетен, шырша, самырсын, қайың ормандары, тоғайлар мен бұталар.

Сирек және дәрілік өсімдіктерді де қорғау баршаның ісі. Біздің жеріміз дәрілік өсімдіктерге өте бай. Олар көбінесе Іле Алатауы, Жоңғар Алатауы, Алтай таулары мен Қаратау тау жоталарында көп шоғырланған. Әсіресе алтын тамыр, марал оты, дәрмене, жусан, қылша, шайқурай, жалбыз, бәйшешек, тартар жапырақ, түймедақ, мыңжапырақ, тау жуасы, сарымсақ, ермен, адыраспан, тасжарған, алтай рауғашы, қызылжидек, сасыр, т.б. өсімдіктерден дәрі-дәрмек жасайтын формоцевтік зауыт жұмыс істейді.

Дәрілік өсімдіктермен емдеу тәсілін ерте заманнан бері ата-бабамыз қолданып келе жатыр. Ертеде өмір сүрген Әбу-Насыр әл Фараби, Әбу Әли Ибн Сина, Беруни, Әл-Джуржани орта ғасырларда өмір сүрген шығыс ғалымдары халық медицинасының дамуына, әсіресе дәрілік өсімдіктерді танып, пайдалануына ықпалы зор болды.

Қазіргі заманда адам денсаулығын сақтау жайындағы күрес, бүкіл елдің қасиетті парызы. Өсімдік - тіршілік көзі, өзегі. Дәрілік өсімдіктермен айналысу денсаулықты сақтауға, отбасының қаражатын үнемдеуге, табиғат байлығын қорғауға көмектеседі. Қазіргі уақытта өз жергілікті жерімізде өсетін өсімдіктерді дер кезінде жинап, кептіріп, шөп қайнатпаларын дайындасақ жанға шипа, дертке дауа болары сөзсіз.Табиғаттың ерекшелігі сол, ашылатын сыр, шешілетін жұмбақ, қызықты құпиялар жайы өте көп. Адам тіршілік барысында әртүрлі жағдайда сырқаттанғанда сол сырқаттың емін, шипасын біздің көз алдымызда айналамыздағы тіршіліктен табуға болатынын біле бермейміз.

Шығыс халықтары өсімдіктердің адамға беретін күшін және емдік қаиеттерін ерте кезден бері біліп, оны пайдаланып келген. Әбу Али Ибн Сина бұдан мың жыл бұрын өсімдіктерді адам денсаулығы үшін қалай пайдалану керек екенін айтып өткен. Ерте кездегі Шығыс халықтарының адам денсаулығы және осы саладағы өсімдіктердің қолданылуы туралы жазулар біздің заманымызға дейін келіп жеткен. Ол жазуларда емдік үшін өсімдіктердің бірнеше қолдану түрлері ерекшеленеді.

Өсімдіктермен емделу түрлері:

Дәрілік өсімдіктердің иісінен пайдалану.

Дәрілік өсімдіктердің суына жуыну.

Дәрілік өсімдік салынған судың буынан пайдалану, яғни булану.

Теріңе сүрту, ысытып күйдіру.

Адам денесін дәрілік өсімдіктермен уқалау.


7



Дәрілік өсімдіктердің қажетті түрлерін, белгілі бір нүктелерге сүрту әдісі.

Өсімдіктерді жеу, және шәй түрінде ішу.Дәрілік өсімдіктерді жаралы жерлеріңе басу, таңып тастау.Дәрілік өсімдіктердің барлығын пайдаланған кезімізде, біз олардың барлық құрылысын, құрамын және қандай мөлшерлерде қолдану керектігін анық білгеніміз жөн.

Дәрілік өсімдіктері қолданғанымызда міндетті турде маман дәрігерлердің нұсқауымен пайдалануымыз керек. Мысал үшін асқазанда жарасы бар адамдарға ащы өсімдіктерді пайдалануға болмайды. Дәрілік өсімдіктерді қолданып бастаудан, алты күн бұрыннан бастап еш қандай дәрі-дәрмек , арақ және басқа спиртті ішімдіктерді ішуге болмайды. Алты күн ішінде адамның қан қысымын котеретін және түсіретін тамырларындағы заттардан адам ағзасы тазарады. Жетінші күн біз өз-өзімізді тексеруіміз қажет:аузымыз қурғай ма,аузымыздан қандай да бір иіс келе ме, тіліміздің үсті қандай (ақ, қызыл ) тістеріміздің түптерін тексеру, көзімізге мән беріп қарауымыз қажет (түсіне,қызарған жоқпа)

Бұлардан , басқа да дәрілік өсімдіктерді пайдаланатын адам өз қанының қандай екенін білу қажет.Тәуіптер , дәрігерлер ежелден өздерінің тәжірибелері арқылы өздерінің емдеген адамдарының қанының қандай қан туріне жататынын білген. Адамда он екі түрлі қан болады деп есептелген оларды үлкен төрт түрге жіктеген :

Күшті, тәтті қан ;

Әлсіз, тәттімдік қан ;

Сұйық, сулы қан ;

Ащы қан ;

Бұл қандардың әр қайсысы және де үш түрге бөлінген. Яғни олар мыналардан тұрған ;

Ыстық ;

Орташа ;

Салқын қан түрлері ;

Ыстық қанды адамдар үшін ыстық өсімдіктердің зияннан басқа пайдасы жоқ. Сондықтан бұларды білгеніміздің маңызы өте зор. Ал, салқын қанды адамдарға салқын жерде өсетін өсімдіктердің пайдасы жоқ.

Орташа (ыстық та емес, салқын да емес ) қанды адамдарға өсімдіктен жасалған дәрілерді күн асыра, яғни арасына күн салып беру қажет. Қаны ащы адамдапрдан жәндіктер қашады (құрт-құмырсқа ,маса т.б.) Кейбір адамдардың айтуынша сондай қанды адамдардың жыландар да қашқан. Кейбір адамдарды жаз күндері шыбын-шіркей,маса сияқты заттар шақпайды. Ал кейбір адамдар бұл жәндіктерден үнемі қашып,қорғанып жүреді. Себебі ол адамдарға шыбын – шіркей, маса т.б. жау болады,шағады.

Ыстық қанды адамға қыстың суығы еш қандай әсер етпейді,яғни ол адамдардай тоңбайды. Керісінше, салқын қанды адамдар қыста қатты тоңғақ болып, жаздың шыжып тұрған ыссысы оған ьеш кандай әсер етпейді, яғни ыстық ауаға төзімді келеді. Ал өсімдіктерге келсек, олардың суыққа төзімді немесе ыстыққа төзімді өсімдіктер екенін байқап, қарап білуге болады.



8




Ыстыққа төзімді өсімдіктер күннің жақсы түсетін жерінде өседі, олар күнді жақсы көретін өсімдіктер. Суыққа төзімді өсімдіктер болса күннің аз түсетін жерінде,көлеңкеде өседі.

Ыстыққа төзімді өсімдіктерге : жаңғақ,пияз, сарымсақ, күнжіт, арпа, бұрыш, сұлы, бидай,түрпі.

Суық өсімдіктерге : күрі

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!