Материалдар / Африкадағы Жаңа жыл
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Африкадағы Жаңа жыл

Материал туралы қысқаша түсінік
Алдағы мерекеге қызығушылықты ояту,жаңа жылдық мерекелік көңіл күй қалыптастыружағымды әсер алу; Балаларға саханада музыкалық,би нөмірлерін мәнерлі орындауда,өлеңді мәнерлеп оқуды үйрету;
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Желтоқсан 2018
499
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Африкадағы Жаңа жыл


Мақсаты:алдағы мерекеге қызығушылықты ояту,жаңа жылдық мерекелік көңіл күй қалыптастыружағымды әсер алу;

Балаларға саханада музыкалық,би нөмірлерін мәнерлі орындауда,өлеңді мәнерлеп оқуды үйрету;

Шығармашылық қабілеттерін,қатынас дағдыларын дамыту;

Рөлдерді ойнау машығын,өзін сахнада сенімді ұстау дағдысын жетілдіру.


Музыканы сүйемелдеуімен Аязата кіреді,сыйлық жинап,оларды қапқа салып жатқан кейіп танады.

Аязата:Ойынды салдым,кәмпитті салдым,қонжықты ұмытпадым.Бәрі дұрыс сияқты....

Қанша хат келді,ештеңеге үлгере алмай жатырмын!Почтамды қарап,шыршаларды жеткізіп болғанша....Ух,шаршадым!

Дауыс.Телеграмма! Телеграмма!

«Мейірімді Аязата,өтінеміз,Африкаға келші!Африка тұрғындары ешқашан Жаңа жылды қарсы алған емес.Олар мұңды,қайғылы әрі көңілсіз!Өзіңді асыға күтеміз!»

Дәрігер Айболит

Аязата:(телеграмманы алып,оқиды).

Аязата:Иә,бұл дұрыс емес:бәрі мерекені тойлап жатыр,ал олар зерігуде....Бару керек!Ал ол жаққа қалай барсам болады?(Желкесін қасиды) Иә,есімнен шығып кетіпті ғой?!Менің сиқырлы таяғым бар емес па!

1,2,3, -алыстағы Африкаға алып бар мені!

Жарық жанады,Аязата жасырынады.

Мұңды музыка ойнайды;Африка тұрғындары кіріп,шыршаның маңына орналасады.Олардың арасында Айболит жүріп,тамақтарын тексеріп,іштерін ұстап көреді.

Айболит:Не болды?Енді қайттім?

Ештеңені түсіне алар емеспін?

Баспа да,бронхит те емес,

Белгісі де жоқ соқыршектің.

Африка тұрғындары


Нурали:Аязата келсе екен,

Бізге шырша әкелсе екен.

Ғажайып әрі сиқырлы,

Сыйлықтарын берсе екен.


Ерали: Ыстық Африкада,

Біздің Лимпопода,

Ән айтып,би билесе,

Көңілді Гиппопо да.


Дария:Жаңа жылды көп күттік,

Әзірленбедік текке.

Әсем әуеніміз

Әуелесін көкке!

Жүргізуші:Балалар жаңа жыл деген не?

Ол қандай мереке?


Айша:Сіз білмесеңіз біз сізге айтып берейік.

Ән «Что такое Новый год?»

Жүргізуші:Жасайсыңдар балалар мен енді білдім орындарыңа отырыңдар.

Айболит:Басталарда жаңа әлем,

Құйылады жаңа нұр.

Жүрекке арман бөлеген,

Қош келіпсіз,Жаңа жыл!

Жарық өшеді,Аязата кіреді.

Аязата:Мәссаған!Неткен ғажайып!Менің таяғымның сиқыры кремет қой!...Мен расында Африкадамын ба?

Айболит:Армысыз,қадірлі қонағымыз!Өзіңізді асыға күткен едік!Біз бір бақытсыздыққа тап болдық!Африка тұрғындары сары уайымға салынып кетті!

Аязата:Сәлеметсіз бе,қымбатты дәрігер Айболит!Телеграммаңызды ала салып,мерекеге асығып жеттім.Не болды,оның себебі қандай?Маған қараңдаршы....(Балаларды қарап шығады.)

Айболит:Мен бар энициклопедияны ақтарып шықтым,тіпті интернетті де шарладым.Адамзатқа бейтаныс сырқат...

Аязата:Бұл сырқат емес деп ойлаймын.Сіздерге қуаныш,жақсы көңіл күй мен шаттық жетіспейтін секілді!Мен сендерге көмектесемін :менің қабым қуанышқа толы.Тек сендердің көмектерің қажет.Көмектесесңдер ме?

Балалар:Қуана көмектесеміз.Жаңа жылдың не екенін білеміз?

Аязата:Мен сендерге сөзді бастап айтам,сендер сөйлемді аяқтаңдар.

Ойын «Сөйлемді аяқта»

Аязата:Қыстада,жазда,күзде....

Балалар:Тұрады жасыл түске еніп.

Аязата:Шипасы мол шыршаның...

Балалар:Тыңайтар бізге күш беріп.

Аязата:Безендіріп...

Балалар:Шыршаны

Аязата:Жыл қуантты...

Балалар:Баршаны!

Аязата:Жарайсыңдар!Ал мерекені бастау үшін шыршамызды жағу керек.Менің айтқанымды қайталаңдар:1,2,3,-жасыл шырша ,жарқыра!(Бірнеше рет;ата –аналар көмектеседі.)

Жүргізуші:Аязата,Айболит біздің балалардың жаңа жылға арналған тақпақтары мен әніін қабыл алыңыздар.


Ислам:Жылдың әнін бастайын,

Аязата кеп қалды.

Майысады жас қайың,

Көтере алмай көп қарды.

Тамаша,тамаша,

Шыршамыз тұр жараса

Басында әсем жұлдызы

Көз тоймайды қараса.


Сезім:Бақша іші мереке,

Ойын-күлкі,асқақ ән.

Жақсы әпкелер жаңа кеп,

Мерекені бастаған.


Малика:Дала нұр,қала нұр

Құтты болсын жаңа жыл.

Жасыл шырша жанында

Билеп барлық бала жүр.

Жаңа жылды қарсы алдың,

Мініп алып күймеге.

Мен де бүгін ән салдым,

Араластым биге де.

Би: «Мадагаскар»

Ән Ағылшын


Музыка ойнап:Бармалей кіріп,әндетеді

Бармалей:Мен рақымсыз,мен қатыгез,

Мен зұлым қарақшы Бармалей,

Маған школад та,мармелад та керек емес,

Кішкентай балаларды жақсы көремін!


Аязата:Сен тағы не ойладың,қарақшы?

Мерекенің шырқын бұзбашы?

Бармалей:Сендерден олжалы болып,қайтуға болады дейді ғой...Сен бе Аяз,Қызыл мұрын?

Аязата:Мен Аязатамын –сиқыршы арбаушы.Көмекке келдім,ал сен не үшін келдің?

Бармалей:Бұл мен-сиқыршы,арбаушы әрі жадыгөй.(Тапаншасын шығарады)Пиф-паф,ой-ой-ой –міне ғажап!Қане,көмекшілермен менің,шығыңдар!

Ән «Если снег идет»

Малика,Дария,Адия,Азиза.

Айболит:Иә,әнді жақсы айтады екенсіңдер,ал ойнай аласыңдар ма?

Ойын «Бұл қандай маскарад»

Ойын шарты:Балалар музыка ойнағанда аңдардың жүрісін салады.Музыка тоқтағанда қатып қалады,кім қозғалса сол ойыннан шығады.

Бармалей:Иә,қандай көңілді!

Бармалей:Ой,қандай жақсы....Көңіл күйім де жақсы,тіпті жүрегімде жібіді(жылайды)Мен сондай қатігез емеспін,мен балалар мен аңдарды жақсы көремін.Ұстап алған чунга-чангаларымды жіберем.

Би «Чунга-чанга»

Айша,Мухамедияр,Аружан,Қ Амир,Адия,Ислам,Азиза,Әміре.

Аязата:Ал,менің сендерге тосын сыйым бар.(имек таяғын шығарады)

Бармалей:Бұл не жабайлық?

Аязата:Бұл имек таяқ,онымен хоккей ойнайды.Қазір көрерсің.

Ойын «Көңілді хоккей»

Екі команда,екі имек таяқ,екі қар кесегі.Әр қатысушы музыканың сүйеиелдеуімен кезекпен кезек қар кесегін аққаланың жанында айналдырады.Тапсырманы жылдам орындаған команда жеңеді.

Айболит:Аязата,біздің сізге тосын сыйымыз бар.

Ей ,аңдар,

Жол бойымен қашыңдар,

Көңілді көтеріп,

Би бидлеңдер!

Би «Аңдар»

Аязата:Жаңа жылда, балалар,

Тек қуаныш көріңдер.

Ауырмаңдар ешқашан,

Мықты болу өзіңнен.

Айболит: Рахмет сізге Аязата,тосынсыйыңыз бен жақсы көңіл күй үшін!

Жүргізуші:Біздің балалардың тақпақтарын қабыл алыңыздар.

Асанали: Біздің байтақ далада,

Асқар тауда,қалаада.

Биыл ғажап қыс болды,

Таң ғажайып қыс болды.

Жаңа жылыңмен,Жаңа жылмен,

Құттықтаймыз әрине,

Әкемізді,анамызды,

Қонақтардың бәрін де!


Адия: Бір топ бала сырғанап,

Би билейік,зырлайық.

Қалды артта қар алып,

Іздерінен қар ұшып.

Міне,тағы да келіп тұр,

Жаңа бір жыл,балалар,

Жадыратып жер үстін,

Төрімізде ол шыққан.


Азиза:Аспан жерге төгеді,

Ақ күмісін уыстап,

Жаңа жылда келеді,

Бізге қарай жылыстап.


Ән «Жаңа жыл»


Бармалей:Қоштасатын сәт келді.

Айболит:Шыршамыз мәңгі есімде.

Аязата:Бір-бірімізбен қоштасайық.

Балалар:Қайта қауышқанша,Жаңа жыл!

Аязата: Ең бастысы-сыйлықтар !Мен оларды ұмытқан жоқпын....Сыйлықтарды таратып береді

Жүргізуші:Құрметті ата-аналар,сіздерді жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын.Біздің «Балдәурен»тобының қызыққа толы ерекше«Африкадағы жаңа жыл» осымен өз мәресіне жетті.Сау болыңыздар!

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!