Аға тәлімгердің жарты жылдық есебі 2024 жыл

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Аға тәлімгердің жарты жылдық есебі 2024 жыл

Материал туралы қысқаша түсінік
Аға тәлімгердің жарты жылдық есебі 2023-2024 жыл
Материалдың қысқаша нұсқасы

"Жас Ұлан" ұйымының жарты жылдық есебі. 2023-2024 оқу жылы


         2023-2024 оқу жылының қыркүйек айында «Жас Ұлан» ұйымының жылдық жоспары құрылды. Жоспар бойынша іс шаралар уақытылы өткізіліп тұрды. Қыркүйек айында Бала өкілі Ұланбасы сайлауы өтті. Сайлаудың бірінші кезеңіне 5 үміткер қатысып мектептің тәрбие жөніндегі орынбасары мен мектеп психологі мен  сұхбат өткізді.  Сұхбаттан оқушылар сүрінбей өтіп, сайлауға түсті. Сайлау қорытындысы бойынша 9 -сынып оқушысы мектеп Ұланбасы болды.

Салауат бағыты бойынша 8 сынып оқушыларымен «Зиянды заттардан сақтан» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.Оқушыларға зиянды заттардың зардабы туралы кеңінен түсінік жұмыстары жүргізілді.

Дөңгелек үстелге 14 оқушы қатысты.

Еңбек бағыты бойынша 5 сынып оқушыларымен «Мамандықтың бәрі жақсы» тақырыбында дқңгелек үстел өткізілді. Постер қорғау арқылы оқушылар мамандықтың түрлерімен танысты.

Мақсаты: Оқушыларға мамандық таңдау бойынша бағдар беру.

Дөңгелек үстелге 15 оқушы қатысты.

Зерде бағыты бойынша «ХХІ ғасыр ғылым мен техниканың заманы» тақырыбында пікірсайыс өткізілді. Пікірсайыс қа оқушылар жақсы дайындықпен келіп шараның тақырыбы кеңіен ашылды.

Пікірсайысқа 8 оқушы қатысты.

Отан бағыты бойынша адалдық жүрген жерде адамдық жүреді» тақырыбында 9 сынып оқушыларымен Адалдық пен шындықтың адами қарым-қатынастағы мәнін түсіндіру; Адалдық,шыншылдық қасиеттерін қалыптастыруға ықпал ету;

  • Адал,шыншыл болуға тәрбиелеу.

Мақсаты: Адалдық пен шындықтың адами қарым-қатынастағы мәнін  түсіндіру. Тәрбие сағаты өткізілді.

Тәрбие сағатына 12оқушы қатысты.

Руханият бағыты бойынша «Рухани елдің бай ұрпағымыз» тақырыбында эссе байқауы өткізілді. Байқауға 5-9 сынып оқушылары қатысты.

Жеті жарғы бағыты бойынша «Бала құқығы-адам құқығы» тақырыбында 5 сынып оқушыларымен коучинг ұйымдастырылды. Балалардың құқықтары жөнінде айтылды.

Шараға 13 оқушы қатысты.

Жеті жарғы бағыты бойынша «Назар аударыңыз бағдаршам» 2 сынып оқушыларымен сынып сағаты өткізілді. Оқушылардың қауіпсіздігі жол ережелері түсіндірілді.

Шараға 10 оқушы қатысты.

Қазан айы бойынша өткізілген шаралар.

Салауат бағыты бойынша «Қызықты эстафеталық сайыс» 2-4 сыныптар арасында спорттық сайыс өткізілді.

Шараға 22 оқушы қатысты.

Еңбек бағыты бойынша «Біздің бүгінгі бастауымыз ертеңгі болашақ» тақырыбында 9 сынып оқушылары бойынша дөңгелек үстел өткізілді. Оқушыларға мамандық жөнінде презентациялар көрсетілді.

Шараға 12 оқушы қатысты.

Зерде бағыты бойынша 3-4 сыныптар бойынша «Тапқыр достар» тақырыбында зияткерлік сайыс өткізілді.

Шараға 8 оқушы қатысты.

Экоәлем бағыты бойынша «Таза болса табиғат аман болар азамат» тақырыбында 6 сынып оқушыларымен тәрбие сағаты өткізілді.

Шараға 18 оқушы қатысты.

Жеті жарғы бағыты бойынша «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында 7 сынып оқушыларымен дөңгелек үстел өткізілді.

Шараға 14 оқушы қатысты.

         1 қазан «Қарттар күніне» орай «Қарттарым асыл қазынам» тақырыбында «Жас Ұлан» ұйымының белсенділері мен мектеп өнерпаздары қарттарды құттықтап қайтты.

         Ұстаздар қауымын «Ұстазым менің, ұстазым» тақырыбында белсенділер мен 10,11-сынып оқушылары мерекелік көңіл-күймен қарсы алды.

 Қараша

Демалыс кезінде біздің балалар бос отырмады, аудандық конференциялар мен конкурстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болды.

20 қарашада Дүниежүзілік бала құқықтары күні, аға тәлімгер 5,6 сыныптарда дөңгелек үстел өткізді.

Каникул кезеңінде біздің балалар аудандық онлайн конкурстар мен конференцияларға қатысып, жүлделі орындарға ие болды.

Сағат 24-27-де ҚР Тұңғыш Президенті күніне жоспарланған іс-шаралар; "Ұлт Көшбасшысы" фильмін қарау; мәнерлеп оқу сайысы, суреттер байқауы өтті. Барлық жеңімпаздар мақтау қағаздарымен марапатталды.

Желтоқсан

30 қараша мен 11 желтоқсан аралығында ҚР Тәуелсіздік күніне орай конкурс жарияланды, номинациялар бойынша; сурет, ПҚИ, бейне құттықтау, шығармашылық нөмір, "біздің ұлан-байтақ Қазақстан" фотосы, барлық материалдар әлеуметтік желілерде жарияланды, барлық балалар грамоталармен марапатталды.

Тәуелсіздік күніне орай "Менің Қазақстаным"мәнерлеп оқу байқауына өтінім мен жұмыс жіберілді.

10-11 желтоқсан аралығында оқуда және тәрбие қызметінде ерекше көзге түскен балаларды Жас қыран және Жас Ұлан қатарына қабылдау өтті. Жас Ұлан жасағы оқушымен толықты. "Жас Ұлан" РБЖҰ қатарында барлығы - 20 оқушы Жас қырандық (2-4 сыныптар), 29 оқушы Жас Ұландық (5-11 сыныптар) бар)



Аға тәлімгер:



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
31.12.2023
3470
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі