Материалдар / Ағаш аттан тіреліп секіру
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ағаш аттан тіреліп секіру

Материал туралы қысқаша түсінік
Ағаш аттан секіру – гимнастикалық көпсайыстың қарапайым түрлерінің бірі. Ол, ең алдымен, күрделі тіреп секіру жаттығуларын меңгеруге көмектеседі. Өйткені, секірудің әрбір жекелеген түрлерінде ортақ жайттар көп кездеседі.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Қараша 2021
758
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы: Ағаш аттан тіреліп секіру

Ағаш аттан секіру – гимнастикалық көпсайыстың қарапайым түрлерінің бірі. Ол, ең алдымен, күрделі тіреп секіру жаттығуларын меңгеруге көмектеседі. Өйткені, секірудің әрбір жекелеген түрлерінде ортақ жайттар көп кездеседі. Ағаш аттан секіру аяқпен көпіршені (мостик) басудан басталады. Көпіршеден серпілуге қолдың алға қарай сілтенуі дем береді. Бұл қимыл-әрекеттер әрқашан ұқсас және барлық секіру түрлеріне ортақ болып келеді. Сонымен бірге бұлар секіру әдісінің жалпы түп негізін құрайды. Көпіршеге аяқты тіреп секіруді орындау техникасы ұлдар үшін де, қыздар үшін де бірдей. Тіреп секіруді дұрыс үйрену және оны өз бетінше жетілдіру үшін бұл жаттығуды орындау кезеңдерін жақсы білу қажет. Тіреп секіру тұтасымен мынадай кезеңдерден тұрады:

1) Екпіндей жүгіру;

2) Көпіршені басу;

3) Аяқпен серпілу;

4) Қолды ағаш атқа тірегенге дейінгі қалықтап ұшу;

5) Қолмен серпілу;

6) Қолмен серпілуден кейінгі қалықтап ұшу;

7) Жерге түсу.

Ағаш аттан секіруге арналған екпіндей жүгіріп келу қашықтығы 12 – 15 м-ден аспайды. Алайда егер көпірше ағаш аттан 60 -70 см-ден алыс тұрса, онда екпіндей жүгіріп келу қашықтығы өсе түсуі мүмкін. Көпіршені ағаш аттың алдына қою кезінде мынадай жайттар: екпіндей жүгіріп келу жылдамдығы, секіру түрі, аяқпен серпілу күші есепке алынады. Мектепте ағаш аттан секірудің екі түрінің бірі – екі аяқты кең ашып немесе екі тізені бүгіп секірудің бірі орындалуға тиіс. Секірудің бұл екі түрін де қолды алдын ала сермемей, яғни аяқпен серпіліп ыршығаннан кейін денені қосымша қимылдатпай-ақ орындауға болады.

Тапсырма:

  1. Конспектілеу

  2. Тақырыпқа сай презентация жасау

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!