Материалдар / Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесу керек!
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесу керек!

Материал туралы қысқаша түсінік
Кіші жастағы балаларға білім берудің жаңа мазмұны мен технологиялар арқылы ұлттық құндылықтар негізінде оқыту мен тәрбиелеудің педагогикалық-психологиялық аспектілері;
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Ақпан 2021
440
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


1. Жұмыс орны (қызметі) «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Батыс Қазақстан облысы бойынша ПҚБАИ

2. Мекен-жайы (жұмыс орнының)  БҚО, Орал қ., Абай даңғылы, 238/2

3. Байланыс телефондары 87771951364; 87023726445

4. Е- mail (міндетті түрде) gabbasova_bagdagul@mail.ru

5. Бағыты Кіші жастағы балаларға білім берудің жаңа мазмұны мен технологиялар арқылы ұлттық құндылықтар негізінде оқыту мен тәрбиелеудің педагогикалық-психологиялық аспектілері;.


«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Батыс Қазақстан облысы бойынша ПҚБАИ

«Жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді оқыту әдістемесі»

кафедрасының аға оқытушылары

Габбасова Багдагул Беккалиевна

Өтеғұл Гүлмаржан Кәрімқызы


Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесу керек!


Адам қоғамнан тыс өмір сүре алмайды. Өйткені оның психикасы тек айналасындағылармен қарым-қатынас жасау процесінде ғана қалыптасыды, қоғамдық тәрбие арқылы адам белгілі мазмұнға ие болады. Адам санасының дамуы қоғамның дамуымен байланысты. Қоғамнан тыс адам өмірінің болуы мүмкін емес.

Кез келген адам дүниеге келсімен екінші бір адаммен қарым-қатынасқа түсуді қажетсінеді. Алғашқы қауым адамдары қалауын ым-ишара арқылы білдіреді, кейінірек ол сөйлеудің дамуына әсер етіп, ұғым пайда болады да, белгілі бір заттардың атауы туды. Қарым-қатынас – қоғамның өзегі болып табылады. Тап сол қарым-қатынастың арқасында адам психикасы мен мінезі қалыптасады, жеке тұлға ретінде дамиды. Тілдесу – адамды жер бетіндегі басқа жаратылыстардан ерекшелейді. Осыдан адамдар бір-бірін ұғысады. Тілдесу – байланыс орнату мен ақпарат алмасуға мүмкіндік туғызады. Осы арқылы, адам өзіне тәжірибе жинақтайды немесе бөліседі.
Мәселен, нәрестенің анасымен «тілдесуі» қажетін қанағаттандырмау – біртіндеп оның қасаң сезімді, мейрімсіз болып өсуіне, кішкентайынан айналасына сезімінің азаюына әкеліп соқтыратыны белгілі жағдай. Сөйтіп, басқалармен қарым-қатынасқа түсу – қай жастағыларға болмасын, оған киім-кешек, баспана, ұйқы, демалу қандай қажет болса, айналадағы жұртпен аралысып, дұрыс қарм-қатынас жасай білу де қажет. Мәселен, адамды қамап, басқалармен араластырмай ұстау – жазаның ең ауыр түрі екендігі белгілі. Қарым-қатынассыз – дамып, мәдени тұрғыда жетілу мүмкін емес. Бұған мысал, Маугли – адамзат қоғамынан тыс өмір сүрген. Оның ағзасында бәрі қалыпты, бірақ ақыл-ой, психикалық дамуы жағынан артта қалып қойған. Бұл – адамдармен қарым-қатынастың
жоқтығы салдарынан. Өзгелермен қарым-қатынас жасау – бұл тіршілікке аса маңызды ақпарат алмасу деген сөз. Адам қарым-қатынас арқылы айналасындағы дүние жайлы мәілмет алады, еңбек пен тұрмыс дағдыларына машықтанады, адамзат жасап шығарған түрлі құндылықтарды меңгереді. әрине қарым-қатынас ақпарат алумен ғана шектелмейді, оның шеңбері аса кең, бұл кең көп қырлы ұғым. Спектакль көрсек те, лекция тыңдасақ та, телефонмен хабарлассақ та, дос-жарандармен сөйлессек те – осының бәрі – қарым-қатынастың сан алуан қырлары. Өмірдегі сан алуан тіршілікте адамдар бір-бірімен тікелей, жүзбе-жүз не жанама не біреу арқылы қарым-қатынасқа түседі.

Бір қарағанда, қарым-қатынас жасаудың ешбір қиындығы жоқ сияқты. Бірақ, бұл кейбір адамдар үшін өте ауыр.
Социофобия адамдармен тез тіл табысып кете алмайтын жандарда байқалады, диалог құрудан қорқады, қатты толқиды, тұтығып, кідіріп қала береді, осының әсерінен күлкілі жағдайға тап болады.
Ондай қорқынышпен қоғамда өмір сүру қиын, мансапқа жету жолында, жеке өмірін құруда жолы болмай жатады. Мұндай келеңсіздік алғаш жасөспірім кезден басталады. Бұл ең қиын кезең, бала үлкен өмірге алғашқы қадам жасап жатқан кезең. Егер қоғам адамды теріс қабылдаса, онда ол оның болашағына әсер етеді яғни адам қарым - қатынастан қорқа бастайды.
Ортадан аластап қалмас үшін сөйлеу өнерін меңгеруге тура келеді. Көпшіл адамды ортасы жақсы қабылдайды, ондай адаммен тіл табысып кету оңай, әңгімелейтін ортақ тақырып үнемі табылады. Көпшіл болу бұл – бірлесіп қызмет атқаратын ортада кейбір жобаларды талдап, талқылау үшін өте маңызды.
Статистикалық зерттеулерге сүйенсек, адамдардың көпшілігі әңгіме - дүкен құру кезінде өзіне емес әңгімелесушіге көп көңіл аударатын адаммен тілдескенді ұнатады екен. Оның әңгімесіне қызығушылық таныта отырып, сеніміне кіреді. Мүмкін, болашақта ол адам сізге қызығушылық танытып, соңы достық байланысқа ұласуы да ғажап емес.
Біршама тұрақты, құрамы жағынан саны онша көп емес, бір-бірімен тікелей қарым қатынас жасап отыратын ортақ мақсатқа ұмытылған адамдардың бірлестігі «шағын топ деп» аталады. Осындай топтың барлық мүшесі күш жігері бір мақсатқа бағытталады.

Отбасы, өндірістік бригада, ұшақ пен ғарыш корабілінің экипажы, поляр станциясында қыстаушылар, мектептегі сынып сияқты бірлестіктер шағын топ деп аталады. Мысалы, кейбір оқушы мектепте жүргізілетін әртүлі іс-шаралардың бәріне де қатысады. Ол футбол командасының, не пән үйрмесінің мүшесі, не жетекшісі т.б. Бірақ осылардың біреуіне ерекше ден қояды. Шағын торптағылардың өзара қарым-қатынасына шек қойылмайды.

Біздің қай қайсымыз болсын, тіршілікте кейбір адамдардың үйірсек келетінін байқап жүрміз. Бұл басқалармен тез тіл табысып кететін жандар. Ал өзара пікірлесіп, адамды жөзіне тартпақ түгіл оның қитығына түсетіндер де кездеседі. Мәселен, табиғатынан тұйық адамдар әңгімені өзіне аударғысы келмейді, артық сөзге бармайды, тек әңгімелесушінің сөзін жай, ықылассыз тыңдап отырады.

Оның себебі ғалымдардың айтуынша, бұндай әртүрлі реакциялардың негізі адамдардың темпераментіне байланысты болады екен. Темперамент (латын тілінен аударғанда - “қоспа, сәйкестілік”) деп, әдетте, адамның психикасының сипатын оның байсалдылық және қозғалтқыштық деңгейін анықтайтын туа біткен ерекшеліктерін атайды. Темпераментті анықтау үшін біз адамның физиологиялық ерекшеліктері мен ми құрылысын білуіміз керек. Себебі біздің күнделікті әрекетіміз, ойлауымыз, сөйлеуіміз, эмоциямыз, зейініміз т.б. миымызбен тығыз байланысты. Біздің миымыз екі түрлі режимда жұмыс жасайды: 1-қозу 2-тежелу. Адамның психикалық процестері (ойлау, сөйлеу, эмоция, қабылдау, зейін, есте сақтау т.б.) мидағы осы 2 түрлі режиммен белсендендіріліп отырады. Ми психикалық процестерді кейбір жағдайда қоздырып отырады, кейде керісінше тежеп отырады. Оның себебі, біздің психикалық процестерді және физиологиялық денемізді мимен байланыстырып тұрған біздің жүйке жүйеміздің ерекшелігінде. Жүйке жүйеміздің осындай типтері біздің темпераментімізді анықтайды. Біз туылған кезде өзіміз миымызды, жүйкемізді таңдамаған сияқты темпераментімізді де таңдамаймыз. темперамент дегеніміз өзгермейтін фундаментальді біздің физиологиялық ерекшелігімізбен миымыздың жұмыс жасау белсенділігіне байланысты мінезімізге негіз болатын психикалық қасиет, ол балаларда қатты көрінеді.

Темперамент жеке тұлғаға тән ең тұрақты маңызды ерекшеліктерден құралады. Ол адамның жүріс-тұрысынан, оның өзіне және қоршаған әлемге деген қатынасынан білінеді. Темперамент - бұл қарым-қатынанс жасау барысындағы сыртқы ортаға, айналадағы жағдайға деген психикалық реакцияның сипаты, яғни адамның мінезіне негіз болатын өзгермейтін психикалық қасиет. Темпераменттің негізгі 4 типін бөліп қараймыз:

Сангвиник - бұл күшті тип, ол өзін-өзі жақсы ұстай алады, байсалды келеді. Оптимист, жұмыстары нәтижелі, жаңа ортаға бейімделуі байсалды. Ми жұмысында қозу мен тежелу арасында белгілі баланс сақталған. Олардың ұстауы, өзін-өзі бағалауы жоғары болады. Оқушыларда бұл тип өкілі - еті тірі, қабілетті, қозғалғыш оқушы. Ондай оқушы ақкөңіл және қызу, жеңіл мінезді, ренжігенде тез қайтып кетеді,сәтсіздігін жеңіл өткізеді. Коллектив арасында жүргенді ұнатады, басқа оқушылармен тез тіл табысады. Қысылып-қымтырылмайды, кісіге қайырымды. Сангвиниктерді оқу үрдісінде бақылаған жақсы, яғни оқу үстінде олар қасиеттерін айқын көрсетеді.

Холерик - ширақ, өте жылдам, реактивті, бұл темпераментті қысқаша "жылдамдық" молния деп атаймыз. көпшіл, қызба, көңіл күйі тез өзгереді. Миында қозу режимі белсенді болады. Барлық психикалық процестер тез жұмыс жасайды. Сыртқы қоздырғышқа жауабы әр түрлі. Шыдамсыз, ашуланшақ болып келеді. Бір нәрсені бастаса оның тоқтату қиын. Олар тік мінезді. Бұл темперамент өкілі тездігімен, шапшаңдығымен, ұстамсыздығымен, тым қозғалғыштығымен ерекшеленеді. Оларда психикалық процестер шапшаң өтеді. Күйгелектік сондай адамдарға тән. Ол жұмыс істеуге жақсы қарқынмен кірісіп, күші таусылғанда оны тастап кете береді. Адамдармен қарым-қатынаста тынымсыз, агрессивті, шамданғыш болып келеді.Сондықтан холерик болған жерде ұрыстар жиі болады. Холерик темпераментінің жағымды жағы - энергия, белсенділік, құштарлық, инициативтік. Жағымсыз жағы - ұстамсыздығы, қаталдық, қатаңдық, шамдану, ыза. Оның ұстамсыздығы оған көп кедергі жасайды және ол үнемі достарымен ойын үстінде ұрсысып, мұғаліммен сабақ үстінде келіспей қалады.

Меланхолик - селқос, біртоға. Бұл әлсіз тип, оған өзіне-өзі сенімсіздік пен жасықтық тән. Меланхолик ренжігіш, күмәншіл болып келеді. Бұл темперамент өкілінде психикалық процесстер өте баяу жүреді. Ми жұмысында тежелу басым болады. Қатты тітіркендіргіштерге жауап бере алмайды, ұзақ және қатты күш түсірсе, олар жұмыс істей алмайды. Олар өте тез шаршайды. Бірақ қалыпты қоршаған ортада, мысалы, үйде ондай балалар өздерін жақсы ұстап, іс-әрекеттерді жақсы орындайды. Эмоциялары баяу туады, бірақ тереңдігімен және күштілігімен ерекшеленеді. Олар өте сезімтал, реніштерініште сақтап, оларды көп ойлай береді, бірақ сондай қиыншылықтар бар екенін ешкімге көрсетпейді. Меланхоликтер тұйық, таныс емес адамдармен сөйлеспейді, жаңа ортада қатты қысылады. Жағымсыз жағдайларда ауруға айналған осалдық, қысылу, көңілсіздік, пессимизм пайда болады. Істегісі келмейтін жұмыспен айналысса, тез шаршап кетеді. Бірақ, достарына көмектесуді ұнатады.

Флегматик - селқос, көп қозғалмайтын, сабырлы, ұстамды. Олар бос сөйлегенді ұнатпайды, тұйық. Ұзақ және бір қалыпты жұмыс жасай алады, күте де алады. Бұл типтің өкілі баяу, байсалды, асықпайды. Істі ойланып, төзімділікпен істейді. Жинақылықты, қалыпты жағдайды ұнатады. Өзгерістерді ұнатпайды. Бастаған ісін аяғына дейін жеткізеді. Жаңа ортаға келгенде өте байқампаз, іштей анализ жасап сөйлейді. Психикалық процесстер флегматикте баяу жүреді. Бұл баяулық оған оқу жолында кедергі келтіреді, ең кедергі келтіретін жері: тез есте сақтау, тез ойланып жауап беру. Кейде флегматиктер жамандықты есте сақтап қалады және ұзақ мерзімге. Адамдармен қарым-қатынаста флегматик бірқалыпты, байыпты, керек жерде тіл табысады, ал орынсыз сөйлемейді. Көңіл-күйі тұрақты. Өзін қолдайтын, мақтап отыратын адамды қалайды. Өзбетінше өзіндік жұмысты жақсы көреді.

Барлық адамдар осы төрт түрде белгілі бір пайыздық көрсеткіште көрінеді де, негізгі біреуі басым болады. Балалар өз іс-әрекетін 5-6 жасқа дейін осы темперамент негізінде көрсетеді. Ал үлкен адамдарда: мінез, құндылықтар, қажеттіліктер ирархиясы, қоғам, норма, ереже бар. Темперамент өзгермейді, ал мінез осы темперамент негізінде қалыптасып өзгереді.

Мінез деп - әдетте, адамның айқын көрінетін бір екі белгісін айтады. Мінез- адамның жеке психикалық қасиеттерінің жиынтығы. Бұл қасиеттер оның жүріс тұрысымен іс-әрәкетінен көрінеді. Мінез адамға қайталанбас ерекшелік береді, жеке тұлғаның маңызды белгілерінің бірі болып табылады. Адамның мінезінен ерік ерекшеліктері, сонымен бірге эмоционалдық, темпераменттік және интеллектуалдық ерекшеліктері айқын көрінеді. Мінез - бұл жеке тұлғаның жүріс-тұрысынан, оның іс-әрекетінен, табиғатқа, достарына, ата-аналарына, қоғамға және өзіне деген қатынасынан көрінетін тұрақты және айқын белгілерінің үлесі. Мінез - әлеуметтік жағдайдың, білім алудың және тәрбиенің әсерінен біртіндеп қалыптасып отырады.

Өскелең ұрпақты дұрыс бағыттағы мінез-құлықта тәрбиелеу жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесіне айналып отыр. Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған.

Егер ересектер балалардың қылықтарын дұрыс қабылдап және бағалап, оларды ұстамдылық, салмақтық, шыдамдылық, сезімталдық сияқты қасиеттерін дамытып отырса, бұл бала мінезін дұрыс бағытта тәрбиелеу әбден мүмкін. Бұл қоғам үшін қажет, ал ата-ана мен тәрбиеші үшін жауапкершілік екенін естен шығармауымыз қажет.

Әдебиеттер:

1.Сәбет Бап-Баба Жалпы психология Алматы., 2003ж

2.Жарықбаев Қ. Жантану негіздері Алматы., 2002ж.

3.Тәжібаев Т. Жалпы психология. Алматы: Қазақ университеті. 1993.


Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!