Материалдар / Ағаштан ұлттық ою- өрнек ою
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ағаштан ұлттық ою- өрнек ою

Материал туралы қысқаша түсінік
технология пәні мұғалімдеріне ашық сабақтарда қолдануға болады
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Қараша 2018
662
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Ағаштан ұлттық ою-өрнек ою»


Мақсаты: а) Ою - өрнек, олардың түрлері мен мағынасы және өнер туралы мағұлматтарын тереңдете түсу:

ә) жас ұрпақты ою - өрнек, өнер туралы, оның тарихын білуге тәрбиелеу,ұлттық өнерге деген сүйіспеншілігін арттыру;

б) ұлттық өнерді құрметтеуге,ұлтжандылыққа,ұқыптылыққа тәрбиелеу;


Типі: жаңа білім алу сабағы

Түрі: аралас

Әдісі: баяндау, сұрақ – жауап,сто элеметтері.,

Көрнекілігі: ою-өрнек түрлері,бұйымдар суреттері,слайд,оқулық

Пәнаралық байланыс:бейнелеу өнері, тарих, әдебиет, сызу, геометрия, математика.

Барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

Мұғалім: Өздеріңіз білесіздер ою - өрнек - ұлттық мұраға қосылған асыл қазыналардың бірі. Қазақта өрнек нақыштары кездеспейтін бір де бір бұйым жоқ. Заман алға жылжыған сайын жаңаша сипат алып, халықпен бірге жасап келеді. Әр өрнектің өзіне тән бейнелену сыры бар. Бүгін сендерді өрнектің осы сырларымен таныстырамыз.

-Балалар ою-өрнек туралы не білесіңдер,яғни ою-өрнек дегенде ойларыңы алдымен не келді?

Ассосация әдісі: қошқар мүйіз,үй жиһаздары, сандық т.б.

ІІІ. Ою - өрнек туралы жалпы түсінік

Ою дегеніміз - өрнектің бір түрі. Қазақтың ою және өрнек деген қос сөзі біріге келіп, латынша орнамент деген ұғымды білдіреді. Оның мағынасы сәндеу, әсемдеу дегенді білдіреді. Ою күнделікті тұрмыста үй жиһаздарын: сырмақ, кебеже, қабырғаларды, киіз үйдің сыртын және киім – кешектерді безендіруге қолданылады. Ғылымда ою - өрнекті хайуанаттық, өсімдік, геометриялық және ғарыштық деп төрт топқа бөліп қарастырады. DrawObject1

Ою белгілі бір затты ою (тас, темір, ағаш), кесу (ағаш, сүйек), тілу (былғары, тері), қию (қағаз, мата) тәсілдері арқылы жүзеге асады. Ойылған, кесілген, қиылған, тігілген оюды екінші бір затқа кіріктіріп, жымдастырып, жапсырып, желімдеп әшекейлейді.

Ою сонау заманнан ұрпақтан ұрпаққа ауысып бүгінге жеткен. Ғалымдардың зерттеулеріне сүйенсек, бұл өнер бізге ежелгі көшпенділерден жеткен. Біздің заманымыздан бұрынғы VII – IV ғасырларда Орта Азия, Қазақстан, Алтай және Оңтүстік Сібір жерлерінде бір – бірімен тығыз байланыста ортақ мәдениеті бар туыстас тайпалардан бізге жеткен ою өнерінің бір жұрнағы Алтай өңіріндегі Пазырық қорғанынан сырмақ пен кілем, үй жиһаздары.

Оюдың өзіндік мән – мағыналары ерекше болады. Мысалы: сандыққа салынатын ою басқа,үй жиһаздарына да түрлі ою, ыдыстардың жиегін көркемдейтін ою бір бөлек болады.

Оюшы дегеніміз – бұл да шебер, ісмерлермен қатар аталып, құрметтелетін, өнерде өзіндік орны бар адам. Ол - өзіне дейінгі дәстүрлі ою өнерінің бүкіл сырын толық меңгеріп, оны одан әрі дамытушы. Сондай – ақ ол барлық оюды өз бетінше қия алғанда және өз тарапынан халықтық нұсқалар мен өзектес, салалас, сабақтас өю түрлерін ұсынғанда, сөйтіп ою өнерінің дамуына өз үлесін қосқанда ғана оюшы атанады. Әбден машықтанған оюшы төкпе ақын секілді табан астында – ақ мағынасы мен құрылымы сәнді, үйлескен ою үлгісін өз қиялынан шығарып, сол сәтте қиып бере алады. Ол үшін тәжірибенің молдығымен қоса ой - қиялының ұшқырлығы қажет.

IV. Ою - өрнектердің түрлері мен мағыналары

Сөз өнері, би өнері, ою өнері тығыз байланыста болған. Олар халықтың белгілі бір кезеңдеріндегі таным – түсінігінен, өмірінен, сұлулық туралы түйсік – талғамынан хабар береді. Дәл бейнесін бермей - ақ кейбір сипаттары арқылы таным – түйсіктерін баян етіп отырған. Енді ою - өрнектердің түрлері мен олардың мағыналарын түсіндіріп өтейін.

Қандай ою - өрнектердің түрлерін білесіңдер?(балалардың жауаптары тыңдалады және алдын-ала оқушыларға берілген ою туралы мәліметтері мен тақпақтарын айтады)

1.«Қошқар мүйіз» ою - өрнегінің мағынасы ( жер төсін толтырған отар- отар қой деген халықтың арман – тілегін, молшылықты білдіреді)

2.«Сұңқар мүйіз» (қонақжайлылықты білдіреді.)

3.«Қос мүйіз» (өмірде жұбы жазылмасын дегенді ұқтырады)

4.«Аиша бибі»

Аруы қазағымның Айша бибі,

Мекенің Әулиеатада мәңгі үйі.

Уыздай сол арудың жас өмірін,

Қалдырған өрнегіне «Айша бибі»

5Құс қанат» және «Қарға тұяқ» өрнектері

«Құс қанат», «Қарға тұяқ» - бұлар өрнек,

Аққу, сұңқар, қарлығаш – құстар ерек.

Құстардың осы әсем сұлулығын,

Бабамыз өнеріне еткен ермек

6.«Сыңар мүйіз» өрнегі («Қош келдіңіз!» Өз үйіңіздей кіріп, жантая отырып дем алыңыз! деген қонақжайлылық белгісі)

Бұйымдар бар сан алуан өнері асқан,

Аяқ қап, бесік жапқыш, кесе қаппен.

Қолданып «Сыңар мүйіз» нақыштарын,

Арттырған бұйым сәнін ыждағатпен.

7.«Қос алқа» өрнегі

«Қос алқа», сырға, моншақ әсем заттар,

Бойжеткен арулар да көп тағынар.

Бейнесі осы заттың әсемделген,

Кіліммен шымылдықтан орын алар.

8.«Бүршік, бұтақ» өрнегі

Көгеріс түрлері көп дүниеде,

Ойлыға өнер көп қой көре білсе.

Нақыштап «Бүршік бұтақ» өрнегімен

Шымшиды, түскйізді көркемдесе.

9.«Өмір жолы» өрнегі

Адамның жүрер жолы - өмір жолы,

Өнерге арқау еткен оюшы оны.

Бірде өр, бірде төмен осы өрнекпен,

Жүк жапқыш, кіндік бауды кестелеген.

10.«Тұмарша» өрнегі

Аспан, жер, су болады – тіршілік нәрі,

«Тұмарша» болар үлгі осыларға.

«Тіл, көзден сақта!» - деген тілекпенен,

Тағады жақсы ат пен жас балаға

11.«Бота мойын» «Түйетабан» «Пырақ» өрнектері

Тағы көп үлгісі бар, білгін шырақ,

«Бота мойын» «Түйетабан» және «Пырақ».

Қазағым өзі сүйген жануарын,

Ою қылған өнеріне мәңгі тұрақ

12.«Балта, балдақ» өрнегі

Оюды оя алмаған, ойланбаған,

Омірге сол оюды қолданбаған.

Білмеген «Балта, балдақ» оюларын,

Көрем дер қалай ғана бұйымдарын.

V.Шығармашылық жұмыс:

Оқушылар екі топқа бөлінеді

І топ - «Ою» тобы

ІІ топ - «Өрнек» тобы

1) Әр топқа қандай ою-өрнек түрлерінің кейбір элеметтерін қағаздан қиып эскизін көрсету.

2)Топтар өздерін таныстыру

(Бес жолды өлең немесе қара сөзбен)

3) Ою - өрнек туралы мақал-мәтел айту.

  1. Шебер көп жерде, өнер көп

  2. Шебердің саусағы алтын.

  3. Оюсыздан оюшы шықпайды.

  4. Өнерсізден құт қашар.

  5. Үлгісі көптің өрнегі көп,

Өрнегі көптің ермегі көп.

  1. Үйренгенің өзіңе құт,

Істегенің еліңе құт.

  1. Сызу сызғанның сиқыры бар.

  2. Ою ойғанның ойы ұшқыр.

VI. Сабақты бекіту сұрақтары

С

А

Б

А

Қ

Т

Ы

Ң

Талғампаз

1 сұрақ

Білімді

2 сұрақ

Іскер

3 сұрақ

Н

Ә

Т

И

Ж

Е

С

І


Х І ҒАСЫР БІЛІМ ҒАСЫРЫ


Ұқыпты

4 сұрақ

Мамандық

5 сұрақ

Ойшыл

6 сұрақ



  1. Ою дегеніміз не?

  2. Ою күнделікті тұрмыста қандай заттарды безендіруге қолданылады?

  3. Ғылымда оюды неше топқа бөліп қарастырады?

  4. Оюды сендер кімнен үйрендіңдер?

  5. Оюшы деген кім?

  6. Оюлардың мәні деген не?




VII. Қорытынды.

Балалар, сонымен біздің ата – бабаларымыз алуан түрлі ескерткіштер мен кесенелерді ою - өрнекпен безендіріпті. Мысалы, Жамбыл облысындағы «Айша бибі», Түркістандағы «Қожа Ахмет Иассауи» кесенелерінде өрнектің 20 дан астам үлгісі бар екенін ғалымдар дәлелдеген. Сонымен ою өнері - өнердің ең үлкені екеніне көзіміз жетті.

Оқушыларды бағалау.

Үйге тапсырма: Әркім өз ойларынша ою – өрнекті ағаштан ойып дайындап әкелу.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!