400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ағаштың сапасы және қасиеттері

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға ағаштың сапасы және қасиеттері туралы түсініктерін кеңейту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Акенджанова Жадыра

Туляубаевна

«Ай-Сана бөбекжай-балабақшасының»

тәрбиешісі


Ұйымдастырылған іс-әрекет

Тақырыбы: «Ағаштың сапасы және қасиеттері»

Мақсаты: Ағаштың сапасы және қасиеттері туралы түсініктерін кеңейту. Монтессори тәсілін пайдалану арқылы ағаштың сапасы туралы білімдерін кеңейту.Ағаштың қасиеттерін тәжірибе арқылы анықтай білу іскерлігін дамыту.Ағаштарды қорғауға тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: әңгімелеу, тәжірибелеу.

Көрнекі құралдар: суреттер, ағаш бұтасының кесіндісі, ағаш ұнтағы, балға, шеге, су.

Шаттық шеңбер:

Армысың мейірімді Аспан ата!

Армысың қайырымды Жер ана!

Армысың шұғылалы Нұрлы күн!

Армысың балабақша достарым!

Тәрбиеші: Аспан,Жер, Күн дегеніміз не?

Балалар: Табиғат.

Тәрбиеші:Дұрыс табиғат. Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырам, сендер шешімін тауып көріңдер.

Жұмбақ: Бір аяғы бар,

Сансыз қолы бар.

Балалар: (ағаш)

Тәрбиеші: Ағаш табиғаттың бір бөлігі. Бүгін біз ағаштың сапасы және қасиеттерімен танысамыз,Ағаш туралы не білесіңдер? Ағаштың адамға қандай пайдасы бар?

Балалар: Ағаш өседі, көлеңке, таза ауа береді.

Ағаштың әр мезгілде өзгерістерін айтып, ағаштың құрылымын көрсету. Ағаштың тамыры, діңі, бұталары, жапырақ,жемістер болады.

Балалар, бұл біз білетін қасиеттер. Бүгін біз ағаштың басқа қасиеттерімен танысамыз.Оған мына мысық пен әтеш көмектеседі. Бұл екеуі серуенге шығып өзеннен өте алмады.Оларда мынандай заттар бар:ағаш, темір, қағаз, мата. Өзеннен өтуге қай зат қолайлы екенін көрейік.

Тәжірибе №1. Заттарды суға салу. Балалар заттарды кезекпен суға салады.

Суға не батпады? Қалай ойлайсыңдар, ол неге батпайды?

Дұрыс, ағаш, ол жеңіл.

Мысық пен әтеш өзеннің арғы жағына өтіп, орманға келді.

Орманда не өседі? Ағаш.

Дұрыс, ағаштан үй салуға болады ол үшін мықты биік ағаштарды пайдаланады.Олар тоңды, не істеуге болады? Қураған ағаштарды пайдаланып от жағуға болады.

Тәжірибе №2. Ағаш қатты екенін көрсету.(шеге қағу).Ағаш қатты, бірақ оны аралауға, шабуға, шеге қағуға болады,

Мысық пен әтеш от жағып ас әзірледі, оны араластыруға қандай қасық пайдаланған дұрыс деп ойлайсыңдар, темір қасықпа жоқ ағаш қасықпа? Ағаш қасық пайдаланған дұрыс, ол қызбайды.

Видео-жазба арқылы қасиеттерін қайталайды.

Сергіту сәті:

Көкке бойын созады,

Көпке қолын созады,

Кең құшағын ашады,

Көлеңкесін тосады.

Көк қарағай, қарағай,

Мейірбанды анандай,

Енді балалар ағаштың сапасымен танысамыз.Ағаштың кесіндісін көрсету, сипап ұстату. Ағаш кедір-бұдыр, өңделмеген.

Орындықтарын сипап көреді, орындық қандай ?

(Көру және сипап сезу арқылы кедір-бұдыр екенін анықтайды).

Дұрыс, орындық тегіс ол өңделген ағаштан жасалған.

Ағашты кескенде қалдық қалады екен, оны ағаш ұнтағы дейміз.(Балалар ұстап көреді. Қандай екенін айтады).

Біз ағаш ұнтағын пайдаланып ойыншық жасайық.

Жасалу ретін көрсету, түсіндіру.

Балалар, бүгін ағаштың қандай қасиеттерімен таныстық?

Ағаштың сапасы қандай болады екен?

Балалар жауап береді.

Халықта мынандай сөз бар: «Бір тал кессең, он тал ек» деген. Сол себептен ағаштарды қалай болса, солай кесуге болмайды, оларға қамқорлық жасау керек. Балалар, сендер бүгін ашық оқу-қызметіне өте жақсы қатыстыңдар, рахмет бәріңе! Мадақтау.

Келген апайларға сау болыңыздар дейміз.

Сау болыңыздар!









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
11.02.2023
416
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі