400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Агрессия . Оның себептерң мен алдын алу жолдары.

Материал туралы қысқаша түсінік
Агрессия .Оның себептері мен алдын алу жолдары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Агрессия . Оның себептерң мен алдын алу жолдары.

Агрессия – біреуге ,тірі жанға қандай да бір зиян келтіру , күш көрсету, қорлау , балағаттау . Сонымен қатар, өзінің іс-әрекетімен басқаға кедергі , зиян, қиянат келтіру 2 мен 4 жас аралығындағы балалардың мінез – құлқында тістелеу, ұрып- соғу, төбелес секілді өзгерістер осы агрессияның алғашқы бастауы болып табылады. Егер, дер уақытында бұл мінез- құлқындағы өзгерістердің алдын алмаса, соңы қалыптасып кеткен мінезге айналуы мүмкін. Бұл сол жастағы балалардың ішкі күйін білдіретін , сонымен қатар бір-бірімен жасайтын қарым-қатынас формасы. Бұлай жасауының бірден- бір себебі, өзінің өтініші мен не қалайтынын ауызша жеткізе алмағандықтан, көмекке тістері мен қолдарын қолданады. Бұл бала дамуының қалыпты сатысы болып табылады . Алайда , оның дұрыс еместігін дер кезінде түсіндіріп , алдын алмаса әдетке айналып кетуі ғажап емес . Егер, бала ауызша не қалайтынын , өтінішін ауызша айта алмаса , айналасындағылар мен тілдесіп араласа алмаса , өсе келе өз мәселелерін шешу мақсатында жұдырыққа жүгінуі мүмкін. Олардың ойынша артық күш қолдану барлық мәселені шешуге, қажеттілігіне қол жеткізуге болады деп ойлайды .

Егер , бала басқа бір балаға күш қолданса онда оған олай жасау дұрыс еместігін барынша түсіндіріңіз. Себептерін қоса айтып , мұнан былай мүлде жасауға болмайтынын айту керек . Бала осыдан барып мұның дұрыс еместігін ұғынып, бұлай жасамауға тырысады. Осыдан әрекетін байқасаңыз, оны барынша мақтап , қуантуға тырысыңыз . Бала қандай да бір тәртіпсіздік жасаса , бірден күш қолдануға асықпаңыз. Асықпай , ережеге бағыну керектігін , оның есейгенде де үлкен көмегі тиетінін түсіндіру керек. Кез-келген жағдайда сабырлы болуға шақырып , күш қолданбау керектігін де айтыңыз. Басынан бастап ережеге бағынуды ескертіңіз. Бірақ балаға талап қойғанда , оның себептерін егжей- тегжейлі түсіндіріңіз. Осылардың барлығын күш қолданбай барынша түсіндірсеңіз , бала мінезінде қалыптасқан агрессияның алдын алуға болады.

Баланың ата-анасы оған қандай да бір күшпен қатан жазалайтын болса , не болмаса ол қоршаған ортада сондай ашуын , ызамен жасалған әрекетті көрсе , айналасындағы балалардың бойында осындай мінез байқалса, ол келесі балаға міндетті түрде әсер етеді. Осыларды көрген баланың бойында алғашқы агрессивті мінез қалыптасады. Оған коса, жағымсыз эмоцианалды мінез-құлық пайда болады. Бала тәртіпсіз , күш көрсеткіш , кез келген адамға зиян тигізгіш болып өседі. Егер мұның алдын алмаса , соңы үлкен , ауыр қылмыстарға әкеп соқтырады...

Агрессиядан арылу жолдары. жолға

Егер бала бойында агрессивті мінезді байқасаңыз , бас салып баланы кінәләп , ұрсудың қажеті жоқ . Ол бала бойындағы жағымсыз мінезді одан әрмен өршітіп жібереді. Оның орнына , балаңызбен сырласыңыз, неге бұлай жасағанын түсінуге тырысыңыз. Баланы қадағалаңыз, араласатын ортасын қараңыз . Сосын барып балаға бұлай жасауға болмайтынын сыпайы түрде түсіндіріп, мысалдар келтіріңіз.

Екіншіден, баланы спорт секцияларына беріңіз. Балаға болашағын ойлайтыныңызды , соңың келісімімен өзі қызығушылық танытқан үйірмелерге беріңіз.

Балаға сенетіңізді және оның жаман түскенін қаламайтыныңызды жеткізіңіз. Сонымен қатар, баламен көп уақыт өткізіп , айтқысы келгенін дер кезінде тыңдаңыз . Балаға қатысты бір шешім , қабылдайтын болсаңыз , оның ойын біліңіз . Бұл бала бойындағы сенімдікті арттырады .

Әр түрлі ойындар ойнап , қызықты жаттығулар жасатыңыз.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
20.03.2023
546
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі