Материалдар / Ағылшын тілі грамматикасы. "Сұрау есімдігі (Interrogative Pronoun) "
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ағылшын тілі грамматикасы. "Сұрау есімдігі (Interrogative Pronoun) "

Материал туралы қысқаша түсінік
Ағылшын тілі грамматикасы. "Сұрау есімдігі (Interrogative Pronoun) "
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Желтоқсан 2017
5643
44 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ағылшын тілі грамматикасы. 12-сабақ: Сұрау есімдігі (Interrogative Pronoun)

Декабрь 25, 2010 , adminLeave a comment

Сұрау есімдіктеріне мыналар жатады: who (whom), what, whose, which.

Who (ху) және whom (хум)

Who есімдігі – қазақша «кім» деген сұрау есімдігі. Мысалы:

Who played football yesterday? – Кеше кім футбол ойнады?

Who is that girl? – Анау қыз кім?

Whom есімдігі – қазақ тіліндегі «кімді» «кімге» деген сұрау есімдіктері. Мысалы:

Whom did you meet last night? – Кешегі түні кімді кездестірдің?

To whom did you tell about it? – Ол жайлы кімге айттың(ыз)? (немесе Who did you tell it to? | Who did you tell about it?)

What (уат)

What дегініміз қазақша «не» деген сұрау есімдігі. What есімдігі, негізінен, жансыз заттарға қатысты қолданылады. Мысалы:

What is this? – Бұл не?

What do you want to eat? – Не жегің(із) келеді?

What has happened? – Не болды?

What есімдігі адамдарға да қатысты қолданылатын ерекше жағдайлар бар. Мысалы, бір адамның мамандығы мен қызметін білгіңіз келсе, what сұрау есімдігі арқылы сұрайсыз.

What are you? – Сіз (мамандығыңыз бойынша) кімсіз?

What is your son? (He is an English teacher.) – Сіздің ұлыңыз кім (болып істейді)? (Ол – ағылшын тілінің мұғалімі)

What сұрау есімдігі лепті сөйлемдерде көңіл-күй мен эмоциялық жағдайларды білдіру үшін қолданылады. What есімдігінен соң a (an) белгісіздік артиклі қойлады. Мұндай сөйлемдердегі what есімдігінің қазаша мағынасы «қандай» деген сөзге өзгереді. Мысалы:

What a wonderful day! – Қандай керемет күн!

What a nice car! – Қандай әдемі машина!

What an incredible day! – Қандай ғажайып (адам нанғысыз) күн!

Whose (хуз)

Whose сұрау есімдігі дегеніміз қазақ тіліндегі «кімнің» деген сұрау есімдігі. Whose есімдігі үнемі өзіне қатысты зат есімнің алдында тұрады. Мысалы:

Whose pen is this? – Мынау кімнің қаламы?

Whose father is that man? – Анау кісі кімнің әкесі?

Whose ball did you take? – Кімнің добын алдың(ыз)?

Which (уич)

Which есімдігі дегеніміз қазақ тіліндегі «қайсысы», «қай» деген сұрау есімдіктері. Бұл сұрау есімдігі көптің арасынан бір зат есімді анықтап алу үшін қолданылады. Which сұрау есімдігі жаны бар зат есімдерге де жаны жоқ зат есімдерге де бірдей қолданыла береді. Мысалы:

Which book did you read? – Сіз қай кітапты оқыдыңыз?

Which city is better: Astana or Shymkent? – Астана мен Шымкент қалаларының қайсысы жақсырақ?

Which of you speaks german? – Араларыңызда қайсыңыз немісше сөйлейсіздер? (Бұл жердегі «қайсыңыз» деген сұрау есімдігінің мағынасы «кім» дегенді білдіреді).







To be етістігі

Ағылшын тілінің грамматикасы сабақтарын тым қатты тереңдетіп жазғаннан кейін бе, әйтеуір, ең басты, ең оңай деген тақырыпты ұмытып кетіппін. Ол тақырып «to be етістігі» деп аталады. Осы сабақты, кеш болмай тұрып, сіздерге ұсынып отырмын.

verb — етістік

to be естістігінің түрленуі

Ағылшын тілінде «to be (болу)» деген етістік бар. Етістік болғанда қазақ тіліндегідей «отыру», «тұру» дегендей қимылды, әрекетті білдіретін етістік емес. Қазақ тілінде «to be» етістігі жоқ. Есесіне, жалғаулар арлылы білдіріледі. Мысалы: I am a student  Мен — студентпін.Жоғарыдағы мысалға қарап, ағылшын тіліндегі to be етістігінің am деген түрін қазақша -мын, -мін, -пын, -піндеген сияқты жалғаулармен түсіріндіруге болатын сияқты. Бірақ әрқашан да солай екен деген түсінік қалыптаспасын. Кей кездері ешқандай аудармасы да баламасы да болмайды. Мысалы: Aman is here  Аман осында (жүр). Мұнда алдыңғы мысалдағыдай -мын, -мін, -пын, -пін (жіктік жалғаулар )деген жалғаулар жоқ. Осыған қарап, бұл тақырыпты ағылшын тілінің ерекше табиғаты ретінде қабылдау керек сияқты. Бұл сабақты орыс тілінде түсіндіру де ешқандай дәлдікпен іске аспайды. Қазақшасына ұқсас. Мысалы: am a student — Я — студент. Немесе Я есть студент.

to be түріндегі етістік негізгі (оригинал) етістік болып саналады. Бірінші тұрған to деген қазақ тіліндегі етістіктердің соңындағы  әрпіне ұқсас қызмет атқарады. to be етістігі әр жақта (I жақ, II жақ, III жақ) әр түрлі болып жазылады және көпше түрінде де басқаша жазылады. Тағы бір ескертетіні, кестедегі түрленулер тек осы шақтағы to be етістігі. Ал өткен шақтағы to be етістігі алдағы уақыттарда қарастырылады.

Бұл тақырып — ең оңай тақырып. Бір-екі оқығаннан-ақ игеріп кетуге болады. Егер сұрақтарыңыз бен ескертулеріңіз болса, пікір ретінде осында жазуларыңызға болады.

Кестедегі мысалдар аудармасымен бірге

I am not a teacher.

Мен – мұғалім емеспін.

You are taller than me.

Сіз менен ұзынырақсыз.

She is my sister.

Ол – менің сіңлім (әпкем, қарындасым).

It’s a book.

Ол – кітап.

We are students.

Біз – студентерміз.

You are not lazy.

Сендер (сіздер) жалқау емессіңдер (емессіздер).

They are students.

Олар – студенттер.

«Ол кітап жақсы» деген мен «Ол – жақсы кітап» деген сөйлемдердің жазылуында айырмашылық бар. Сол сияқты грамматикалық тұрғыда да айырмашылықтары бар. Мысалы: Ол кітап сатылмай қалды. Ол кітап.

To be –етістігінің қолданылатын кездері

To be-дегеніміз болу деген мағына береді

Есімдіктер

I (мен) am ай эм

You (сен) аге ю ағ

He(хи)

She (ши)

it (ит)

ол

is


Есімдіктің көпше түрі

We

біз

yu

are

You

сендер

ю

They

олар

зеу

To be –етістігінің қолданылуы

Атыңды айту үшін

I am Nurzat-Мен нұрзатпын

You fre Saha –сен саша боласың

He is Arman-Ол Арман

Жасыңды айту үшін

I am 19 years old –мен 19 да мын

You are 13-сен 13 тесің

He is 15-ол 15-те

She is 3-ол-3 те

Мамандықты айту үшін

I am a student-мен студентпін

You are a teacher –сен мұғалімсің

She is a doctor-ол дәрігер

He is a dentis-Ол тіс дәрігері

Ұлтын айту үшін

I am Kazakh-мен қазақпын

They are Russian-Олар орыс(тар)

Орналасқан орнын айту үшін

I am in Astana-мен Астанаданмын

You are in Karaganda-сен(дер) Қарағандыдансың ба

He is in Moscou-ол Мәскеуде








Was/were — Past Tense of the verb «to be»

Was [уоз], were [уэ, уөр] — to be етістігінің өткен шақтағы түрлеріWas жекеше түрде (I, III жақтар), ал were көпше түрде және жекеше түрдегі II жақта (сен, сіз) қолданылады. Мысалы:

Was

I was a student — Мен студент болдым.

Yuri Gagarin was the first cosmonaut — Юрий Гагарин ең бірінші ғарышкер болды.

It was very cold yesterday — Кеше (күн) қатты суық болды.

Were

We were young doctors — Біз жас дәрігерлер болдық.

Where were you born? — Сіз қайда туылдыңыз?

Сұраулы сөйлемWhere was Jack yesterday?

Болымсыз сөйлемHe was not (wasn’t) a teacher

Grammar Exercise: do/does/don’t/doesn’t

Бұл жаттығу to do көмекші етістігі (auxiliary verb) тақырыбына арналған. To do етістігіне қатысты сабақты мына жерден қарай аласыздар.

A) Тиісті орындарға do немесе does көмекші етістіктерін қойыңыз.

0) _Does_ she like Kazakh food?

1) _____ you like it?

2) Where _____ your parents live?

3) _____ he know about you?

4) How much _____ it cost?

5) Why _____ you hate chinese food?

6) Why _____ Assan hate us?

7) What _____ Sarah do?

8) What _____ her brother say?

9) What _____ it mean?

10) _____ your sister live in Astana? _____ your brothers live in Almaty?

B) Төмендегі сөйлемдерді болымсыз түрде (don’t/doesn’t) жазыңыз.

0) My child plays football. — My child doesn’t play football.

1) I play tennis.

2) We like chocolate.

3) Arman likes chocolate.

4) She lives in Shymkent.

5) Sarah speaks English.

6) My mother and father read New York Times.

7) My parents read Alash ainasy.

8) I drink coffee.

C) Төмендегі сөйлемдердің дұрыс (right) немесе бұрыс (wrong) екендігін ажыратыңыз.

0) My mother doesn’t eat any fish — дұрыс

1) She don’t speak Russian.

2) Ardak doesn’t work today.

3) Does you have a mobile phone?

4) I do not drive a car.

5) His parents does not come to school.

Жауаптары:

A) Тиісті орындарға do немесе does көмекші етістіктерін қойыңыз.

1) do

2) do

3) does

4) does

5) do

6) does

7) does

8) does

9) does

10) does, do

B) Төмендегі сөйлемдерді болымсыз түрде (don’t/doesn’t) жазыңыз.

1) don’t play

2) don’t like

3) doesn’t like

4) doesn’t live

5) doesn’t speak

6) don’t read

7) don’t read

8) don’t drink

C) Төмендегі сөйлемдердің дұрыс (right) немесе бұрыс (wrong) екендігін ажыратыңыз.

1) қате

2) дұрыс

3) қате

4) дұрыс

5) қате

Grammar Exercise: am/is/are

Ағылшын тіліндегі to be етістігінің формаларына арналған жаттығу. Егер сіз to be етістігін меңгермеген болсаңызмына жерден анықтамасын оқи аласыз.

A) To be етістігінің төмендегі формаларын қысқартылған түрде жазыңыз.

0) he is _he’s_

1) she is _____

2) they are _____

3) it is not ________

4) that is ______

5) I am not __________

6) you are not __________

B) Бос орындарға to be етістігінің тиісті формасын қойыңыз.

0) My father _is_ a doctor.

1) The weather _____ nice today.

2) I _____ not tired.

3) This bag _____ heavy.

4) These bags _____ heavy.

5) Look! There _____ Carol.

6) My brother and I _____ good tennis players.

7) Ann _____ at home. Her children _____ at school.

8) I_____ a taxi driver. My sister _____ a nurse.

C) Сөйлемдерді is/isn’t/are/aren’t арқылы толықтырып, сөйлемді дұрыстап (сөздерді орындарына қойып) жазыңыз.

0) (our room not big)  __Our room isn’t very big.___

1) (your shoes very dirty) ______________________________________

2) (my mother a teacher) ______________________________________

3) (this cup not clean) _________________________________________

4) (these houses not very old) ___________________________________

5) (my keys in my bag) _________________________________________

6) (Jenny 18 years old) ________________________________________

7) (you not very tall) __________________________________________

Жаттығу Cambridge University Press басылымының Essential Grammar in Use кітабынан алынды.

____________________________

Жауаптары:

A) To be етістігінің төмендегі формаларын қысқартылған түрде жазыңыз.

1) she’s

2) they’re

3) it isn’t / it’s not

4) that’s

5) I’m not

6) you aren’t / you’re not

B) Бос орындарға to be етістігінің тиісті формасын қойыңыз.

1) is

2) am

3) is

4) are

5) is

6) are

7) is, are

8) am, is

C) Сөйлемдерді is/isn’t/are/aren’t арқылы толықтырып, сөйлемді дұрыстап (сөздерді орындарына қойып) жазыңыз.

1) Your shoes are very dirty.

2) My mother is a teacher.

3) This cup isn’t clean.

4) These houses aren’t very old.

5) My keys are in my bag.

6) Jenny is 18 years old.

7) You aren’t very tall.

Ағылшынша бөлшек сандар (Fractions and decimals)

Бөлшек сандар мен ондық бөлшек сандарды ағылшынша, тиісінше, fractions [фрәкшнз] және decimals [десимлс] деп атайды.

1/2 — a half [э хаф]
1/3 — a / one third [уан сөд]
3/4 — three quarters [сри куотэз]
2/9 — two ninths [ту найнс
0.25 — zero / nought point two five [зиэроу/нот пойнт ту файв]
2.456 — two point four five six [ту пойнт фо файв]
7.089 — seven point o eight nine [севн пойнт оу ейт найн]
.7 — point seven [пойнт севн]

Dialogue: Күтіп алу

Jenny: I’m Jenny Rose. Are you …? Мен Дженни Роузбын. Сіз…?

Fiona: I’m Fiona. I’m so sorry. Мен Фионамын. Маған өте өкінішті (кешірім сұрағандай кейіпте).

Jenny: That’s OK, Fiona. It’s nice to meet you. Бәрі дұрыс, Фиона. Сенімен танысқаныма қуаныштымын

Fiona: It’s nice to meet you, too. Сенімен танысқаныма мен де қуаныштымын.

I’m so sorry. I’m late. I’m so late. Маған өте өкінішті. Мен кешіктім. Көп кешіктім.

Jenny: That’s OK, Fiona. Бәрі дұрыс, Фиона.

You are here now! Қазір осындасың.

Fiona: I’m here and you’re here, too… Мен осындамын, сен де осындасың…

Where is your luggage? Жүгің қайда?

Jenny: It’s here. Ол (жүгім) мұнда.

Fiona: OK.

Dialogue: Lunch in Almaty

Lunch in Almaty — Алматыдағы түскі ас

Arai: Hi, Maral! I’m sorry I’m late. | Сәлем, Марал. Кешірім өтінемін, кешігіп қалдым.

Maral: Oh, that’s all right, Arai. Is everything OK? | Бәрі дұрыс. Не болып қалды?

Arai: Yes, it’s OK now. But everyone in Almaty is a tourist like me. | Ия, жақсы (жақсы). Алматыдағы әрбір адам маған ұқсаған (мен секілді) саяхатшы сияқты.

Maral: Yes, that’s right. What would you like to drink? Ия, дәл солай. Не ішкің келеді?

Arai: Oh I don’t know. What can you recommend? | Оу, білмеймін. Нені алуға кеңес бересің?

Maral: Well, I’ve got airan. Менде айран бар (Мен айран алдым).

Arai: Mmm. I want coffee. | Ммм, кофе қалаймын.

Maral: Would you like a palau? Or something else? | Палауды ұнатасың ба? әлде басқа бірдеңе ме?

Arai: I think I’d like a salad. A chicken salad. And you? | Маған салат ұнайды. Тауық етінен жасалған салат. Сен ше?

Maral: I’ll have chicken and chips. | Мен тауық еті мен майға қуырылған картоп (чипс) аламын.

Dialogue: Танысу (b)

Excuse me. Is your name Fred Thomas? (Кешіріңіз, сіздің есіміңіз Фред Томас па?)

No, I’m sorry, It is Jake Baker. (Жоқ, кешіріңіз. Есімім Джейк Бейкер)

I’m sorry. (Кешіріңіз)

Excuse me. Are you Fred Thomas? (Кешіріңіз, сіз Фред Томассыз ба?)

Yes, I’am. (Ия, (Фред Томаспын))

Oh, hello! My name is Alice Watson. (Оу, сәлем! Менің есімім Алис Уотсон)

Oh, yes. How do you do? (Оу, иә. Сәлем!)

How do you do? (Сәлем!)

Dialogue: Танысу (a)

— Hello! How are you?

♦ Hello! I am fine, and you?

I am fine too.

♦ What is your name?

— My name is Askhat.

♦ My name is Almat. Where are you from?

— I am from Kokshetau. Are you from Aktau?

♦ No, I am from Almaty.

— I am glad to meet you!

♦ I am too.

_______________________________

— Сәлем! Қалың(ыз) қалай?

♦ Сәлем! Жақсымын, сен (сіз) ше?

— Мен де жақсымын.

♦ Есімің(із) кім?

— Менің есімім Асхат.

♦ Менің есімім Алмат. Қайдан боласың (боласыз)?

— Мен Көкшетаудан боламын. Сен (сіз) Ақтаудан боласың (боласыз) ба?

♦ Жоқ, мен Алматыдан боламын.

Танысқаныма қуаныштымын!

Мен де (қуаныштымын).

Ago (эгоу) көмекші сөзі

Ағылшын тіліндегі ago көмекші сөзі уақытқа байланысты сөйлемдерде қолданылады (Дәл қазіргі сәттен бұрын болған іс-әрекеттерге байланысты қолданылады). Қазақ тіліндегі мағынасы – (осыдан) бұрын, алдын. Мысалы:
I saw your brother a few days ago | Мен сенің ағаңды бірнеше күн бұрын көрдім.
Five years ago I could not speak English | Бес жыл алдын мен ағылшынша сөйлей алмайтын едім.
Hassan left ten minutes ago | Хасан (осыдан) он минут бұрын (немесе алдын) кетті.
How long ago did it happen? | (Ол) қанша уақыт бұрын болды?

Ескерту!
Ago
көмекші сөзін қолданған кезде ол сөйлемдегі етістік өткен шақтардың бірінде болуы тиіс. Мысалы: saw, could not, left.

Ағылшын тілі грамматикасы. 12-сабақ: Сұрау есімдігі (Interrogative Pronoun)

Сұрау есімдіктеріне мыналар жатадыwho (whom), what, whose, which.

Who (ху) және whom (хум)

Who есімдігі қазақша «кім» деген сұрау есімдігі. Мысалы:

Who played football yesterday? – Кеше кім футбол ойнады?

Who is that girl? – Анау қыз кім?

Whom есімдігі қазақ тіліндегі «кімді» «кімге» деген сұрау есімдіктері. Мысалы:

Whom did you meet last night? – Кешегі түні кімді кездестірдің?

To whom did you tell about it? – Ол жайлы кімге айттың(ыз)? (немесе Who did you tell it to? | Who did you tell about it?)

What (уат)

What дегініміз қазақша «не» деген сұрау есімдігі. What есімдігі, негізінен, жансыз заттарға қатысты қолданылады. Мысалы:

What is this? – Бұл не?

What do you want to eat? – Не жегің(із) келеді?

What has happened? – Не болды?

What есімдігі адамдарға да қатысты қолданылатын ерекше жағдайлар бар. Мысалы, бір адамның мамандығы мен қызметін білгіңіз келсе, what сұрау есімдігі арқылы сұрайсыз.

What are you? – Сіз (мамандығыңыз бойынша) кімсіз?

What is your son? (He is an English teacher.) – Сіздің ұлыңыз кім (болып істейді)? (Ол ағылшын тілінің мұғалімі)

What сұрау есімдігі лепті сөйлемдерде көңіл-күй мен эмоциялық жағдайларды білдіру үшін қолданылады. What есімдігінен соң a (an) белгісіздік артиклі қойлады. Мұндай сөйлемдердегі what есімдігінің қазаша мағынасы «қандай» деген сөзге өзгереді. Мысалы:

What a wonderful day! – Қандай керемет күн!

What a nice car! – Қандай әдемі машина!

What an incredible day! – Қандай ғажайып (адам нанғысыз) күн!

Whose (хуз)

Whose сұрау есімдігі дегеніміз қазақ тіліндегі «кімнің» деген сұрау есімдігі. Whose есімдігі үнемі өзіне қатысты зат есімнің алдында тұрады. Мысалы:

Whose pen is this? – Мынау кімнің қаламы?

Whose father is that man? – Анау кісі кімнің әкесі?

Whose ball did you take? – Кімнің добын алдың(ыз)?

Which (уич)

Which есімдігі дегеніміз қазақ тіліндегі «қайсысы», «қай» деген сұрау есімдіктері. Бұл сұрау есімдігі көптің арасынан бір зат есімді анықтап алу үшін қолданылады. Which сұрау есімдігі жаны бар зат есімдерге де жаны жоқ зат есімдерге де бірдей қолданыла береді. Мысалы:

Which book did you read? – Сіз қай кітапты оқыдыңыз?

Which city is better: Astana or Shymkent? – Астана мен Шымкент қалаларының қайсысы жақсырақ?

Which of you speaks german? – Араларыңызда қайсыңыз немісше сөйлейсіздер(Бұл жердегі «қайсыңыз» деген сұрау есімдігінің мағынасы «кім» дегенді білдіреді).

Ағылшын тілі грамматикасы. 10-сабақ: Сілтеу есімдігі (Demonstrative Pronoun)

Көзге көрініп тұрған адамды, затты т.б. меңзегенде (нұсқағанда, көрсеткенде) сілтеу есімдіктері қолданылады. Сілтеу есімдіктері қазақ тілінде де ағылшын тілінде де мағыналық және атқаратын қызметтері жағынан ұқсас болып келеді.

Ағылшын тіліндегі сілтеу есімдіктері мынадай: this (мынау), that (анау), these (мыналар), those (аналар). Мұндағы these пен those, тиісінше, this пен that сілтеу есімдіктерінің көпше түрлері.

Егер сілтенетін зат немесе т.б. жақын жерде немесе қолда тұрса, онда this есімдігін (көпше түрде these) қолданамыз. Ал егер сілтенетін зат немесе т.б. алыс жерде, қол жетпейтіндей қашықтықта тұрсаонда that есімдігін (көпше түрде those) қолданамызМысалы:

This is my hat — Мынау менің қалпағым (бас киім).

These books are interesting — Мынау кітаптар қызықты.

That pencil is yours — Анау қалам сеніңкі.

Those flowers smell good — Анау гүлдер хош иіс шығарады.

Қазақ тілінде ағылшын тіліндегідей зат есімді сипаттайтын am, is, are (to be етістігі) көмекші сөздер жоқ. Ағылшын тілінде зат есімді зат есім ретінде сипаттағанда (мыс: The tiger is an animal) әлгі көмекші сөздер қолданылады. Ал қазақ тілінде ондай сөздер болмағандықтан бастауышы да баяндауышы да зат есімнен тұратын сөйлемде «— (дефис таңбасы қойылады. Мысалы: Мен оқушымын.

Ескерту! Ағылшынша сөйлем мен қазақша сөйлемдердің арасына қойылған дефис бол ережеге қатысты емес. Екі тілдегі сөйлемдер бір-бірінен бөлек тұру үшін ғана қойылған.

This және that сілтеу есімдіктері уақытқа қатысты сөйлемдерде қолданылады. Бірақ қазақша баламасы «анау», «мынау» деген сөздер болмайды. Мысалы, «Мынау жылы мен он беске толамын» деген сөйлемдегі «Мынау» сөзі мағынасы жағынан түсінікті болғанымен, грамматикалық тұрғысынан дұрыс емес. Дұрысы — «Осы жылы мен он беске толамын». «Осы жылы» деген сөзді «үстіміздегі жылы», «биыл» деген сөздермен алмастырып қолдануға болады. «Анау жылы» деген болмайды, оның орнына «өткен жылы» деген тіркес қолданылады. Бірақ, ауызекі тілде «ана(у) жылы» деген тіркес бар. «Биыл» деген сөз «бұл жыл» дегеннен шыққан.

Сілтеу есімдіктері абстрактылы (көзге көрінбейтін, қолмен ұсталынбайтын) зат есімдерге сілтеме жасағанда да қолданылады. Мысалы, уақытқа қатысты сілтеу есімдігін айтуға болады. This дәл осы уақыт немесе үстіміздегі жыл жайлы айтылғанда қолданылады, that дәл осы уақыт немесе өткен жыл (өткен кездер) жайлы сөз болғанда қолданылады. «Өткен жылы жазда Алатауға бардым. Ол кезде күн суық болды деген сөйлемді ағылшынша жазсақ, «Last year in summer I went to Alatau. That summer was rainy»

Ағылшын тіліндегі сілтеу есімдіктері сын есімдік-сілтеу есімдігі және зат есімдік-сілтеу есімдігі болып екіге бөлінеді.

Сын есімдік-сілтеу есімдігі сөйлемдегі зат есімнің алдында келіп, оны айқындап, зат есім туралы нақтырақ мәлімет береді, сөйлеушінің белгілі бір затқа сілтеме жасап тұрғанын көрсетеді. Егер зат есімнің алдында сын есім болатын болса, онда сілтеу есімдігі сын есімнің алдында тұрады. Мысалы:

I live in that house — Мен анау үйде тұрамын.

I live in that big house — Мен анау үлкен үйде тұрамын.

I take this one — Мен мынау біреуін аламын.

I want to take this red one — Мынау қызылын алғым келеді.

Зат есімдік-сілтеу есімдігі сөйлемде зат есімнің орнына қолданылады. Мысалы:

What is this? — Бұл не?

This is my pen — Бұл менің қаламсабым (ручка).

These are my apples and those are yours — Мыналар менің алмаларым, ал аналар сенің алмаларың.

How do you write this? — Сен бұны қалай жазасың?

Ағылшын тілі грамматикасы. 9-сабақ: жіктеу және тәуелдеу есімдіктері

Жіктеу есімдігі (Personal Pronoun)
Ағылшын тіліндегі жіктеу есімдіктері екі септікте болады: атау септік және объективтік септік. Объективтік септік қазақ тіліндегі барыс және табыс септіктерін қамтиды. Барыс септігікімге? неге?; табыс септігікімді? нені?
Ағылшын тілінде үшінші жақта қазақ тіліндегідей тек қана бір сөз ол» деген есімдік) қолданылмайды. Ер адамға he, әйел адамға she және жансыз заттарға (абстрактылы түсініктерге және сәбиге (егер жынысы сөйлеушіге белгісіз болса), өсімдіктер мен жануарларға it есімдігі қолданылады) әр түрлі есімдіктерді қолданады. Бірақ барлығының аудармасы «ол» дегенді білдіреді.

Мысалдар:

She is my sister — Ол менің әпкем (қарындасым).

You are my best friend — Сен менің жақын (жақсы) досымсың.

They can not swim — Олар жүзе алмайды.

I lend him my car — Мен оған машинамды (уақытша пайдалануға) бердім.

Let us (let’s) go! — Қанекей, жүрейік!

We have not seen them — Біз оларды көрмедік.

He told us about new cars — Ол бізге жаңа машиналар жайлы айтып берді.

Arman tried to break it — … Арман оны (шөлмекті, ыдысты) сындыруға тырысты.

It is I = It is me (ауызекі тілде) — Бұл мен.

«It is I» = «It is me» екеуінің мағыналары бір, бірақ екеуінің екі түрлі жазылуы ескеретін жағдай. Бұл жайлы алдағы уақытта арнайы тақырыпта жазамын.

. . . . . . . . . . . .

Тәуелдеу есімдігі (Possessive Pronoun)

Әрбір жіктеу есімдігінің тәуелденген түрі (формасы) бар. Олар өз алдына «Тәуелдеу есімдіктерін» құрайды. Ағылшын тіліндегі тәуелдеу қазақ тіліндегі секілді кімнің? кімдікі? ненің? ненікі? деген сұраққа жауап іздейді. Ағылшын тіліндегі сұрағыwhose?

Тәуелдеу есімдігі (Possessive Pronoun) негізгі және абсолюттік болып екі формаға бөлінеді.

Мысалдар:

This is not my bag, mine is blue — Бұл менің сөмкем емес, менікі көк түсті.

Her father works for Sony Company — Оның (қыздың) әкесі Sony Company-да жұмыс істейді.

is yours better than ours? — … сіздердікі біздердікінен жақсырақ па?

I went to him, but that house was not his — Мен оған бардым, бірақ ол үй оныңкі болмады.

Мысалдардан байқаған боларсыздар, негізгі формадағы тәуелдеу есімдігі бар жерде міндетті түрде зат есім қатар жүреді. Мысалы, бірінші сөйлемдегі «my bag (менің сөмкем)». Ал егер абсолюттік формадағы тәуелдеу есімдігі келсе, онда ол жерде зат есім болмайды. Мысалы, «mine is blue (менікі көк түсті)». Мұндағы менікі есімдігі сөйлемнің алғашқы бөлігінде аталған сөмкені атамай-ақ сөйлеуші адамға тәуелдеп тұр. Сол себептен де мұндай сөйлемдерде (зат есімі қатыспаған) «менің» есімдігі емес «менікі» есімдігі қолданылады. Яғни, менікі көк түсті = менің сөмкем көк түсті.

Қазақ тілінде өздік есімдігі бар. «Өз» деген түбірден шығатын есімдіктер солай аталады. Ағылшын тілінде қазақ тіліндегі өздік есімдігінің арасында біраз айырмашылық бар. Қазақша өздік есімдігін ағылшынша тәуелдік есімдіктермен де жасауға болады. Мысалы:

I always use my toothpaste — Мен әрқашан өзімнің тіс пастамды қолданамын.

Бұл мысалды қазақша «Мен менің тіс пастамды қолданамын» деп айту қате болып саналады.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!