Материалдар / Ағылшын тілі пәні бойынша оқу мақсатына барлық оқушының қол жеткізулері үшін педагогикалық тиімді тәсілді таңдап қолдану
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ағылшын тілі пәні бойынша оқу мақсатына барлық оқушының қол жеткізулері үшін педагогикалық тиімді тәсілді таңдап қолдану

Материал туралы қысқаша түсінік
Ағылшын тілі пәні бойынша оқу мақсатына барлық оқушының қол жеткізулері үшін педагогикалық тиімді тәсілді таңдап қолдану, оқушылардың белсенді және тұлғааралық дамуын қалыптастыратын оқу әрекетін құрастыру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2021
492
2 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ағылшын тілі пәні бойынша оқу мақсатына барлық оқушының қол жеткізулері үшін педагогикалық тиімді тәсілді таңдап қолдану, оқушылардың белсенді және тұлғааралық дамуын қалыптастыратын оқу әрекетін құрастыру.

XXI ғасыр табалдырығын білім мен ғылымды инновациялық технология бағытымен дамыту мақсатымен аттауымыз үлкен үміттің басты нышаны болып табылады.Ұрпағы білімді халықтың болашағы жарқын дегендей,жас ұрпаққа саналы,мән - мағыналы,өнегелі тәрбие мен білім беру бүгінгі күннің басты талабы.

Еліміздің басқа мемлекеттермен қарым-қатынасы артып отырған шақта ағылшын тілін еркін меңгерген, келешекте білімін түрлі саладағы қарым – қатынас жағдайында пайдалана алатын адамды мектеп қабырғасынан оқытып шығару – біздің қазіргі кездегі міндетіміз.Ағылшын тілін тереңдетіп,жан-жақты оқытуды қоғам қажет етіп отыр.Қазақстан Республикасының тәуелсіз елге айналып,әлемдік өркениеттің жаму жолына түсүі, ағылшын тілін жетік меңгеруді талап етеді.

Ағылшын тілін ерте жастан оқытудың мақсаты – оқушылардың ағылшын тілінде қарым – қатынас жасай алу негіздерін меңгеруі болып табылады. Ерте жастан ағылшын тілін оқыту оқушылардың коммуникативті даму біліктілігін арттырады,оқушылардың қызығушылығын оятуға мүмкіндік береді, бірден көп тілдерде сөйлесуге мүмкіндік алады.Ал,әлемдік тіл ретінде бейресми түрде орныққан ағылшын тілін меңгеру ұлттың бәсекеге қабілеттілігін шыңдай түседі. Қазіргі ағылшын тілін білу – уақыт талабы.

Ағылшын тілі біздің мемлекетіміздің халықаралық байланыстарын дамытуға мүмкіндік беретін тұлғааралық және мәденитаралық қарым- қатынастардың аса  маңызды құралы болып табылады.Мемлекеттің халықаралық байланыстарының сапалық өзгерістері адамның практикалық және зияткерлік іс-әрекетінде  ағылшын тілі сұранысқа ие болу қажеттілігін туғызып отыр.

Ағылшын тілін оқытуда оқушылардың қызығушылығын ояту-басты мәселе.Шетел тілін меңгеруде көп қиыншылықтар кездеседі.Бұл қиыншылықтарды жеңу үшін пәнге деген ынтасын әуестігін арттыру керек.

Оқушылардың шығармашылық қабілетін арттырып,ынталандыру үшін сабақтарды мынадай жолдармен өткізуге болады:

  1. Сабақта кең көлемде көрнекі құралдарды пайдалану;

  2. Сабақты түрлендіріп өткізу;

  3. Сабақта оқушылар өздері жасаған постер,суреттер,схемаларды пайдалану;

  4. Техникалық құралдарды тиімді пайдалану;

  5. Сабаққа қатысты бейнетаспаларды,фильмдерді көрсету;

Ағылшын тілі сабақтарында оқушылардың білім-біліктілік танымдық,коммуникативтік құзіреттілігін қалыптастыруда ойын элементтерін қолдданудың маңызы зор ( 1, 19 б)

Ойындар маңызды әдістемелік тапсырмалардың орындалуына мүмкіндік туғызады:

Балалардың сөйлеу арқылы араласуына психологиялық дайындығын жасауға;

Олардың тіл материалын көп қайталауына табиғи қажеттілікті қамтамасыз етуге;

Сөйлеудің жалпы алғанда күтпеген жағдайға дайындығы болып табылатын оқушылардың қажетті сөйлеу үлгісін таңдап алуға жаттықтыруға;

Мақсаты:

  • білім беру жүйесіндегі жаңа технологияның соның ішінде  ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың алатын орны көрсетілді;

  • мультимедиялық технологиялардың  әдістемелік, ұйымдастырушылық, педагогикалық ерекшеліктері талданды;

  • мектепте интерактивті тақтаны қолдану тиімділігі айқындалды;

  • интерактивті тақтамен оқушылардың тілге қызығушылығын арттыру тәсілдері анықталды

  • оқушыларды сындарлы оқытуға үйрету,

  • әлемдік білім кеңістігіне қол жеткізу,

  • оқушылардың сөйлеу тілін қалыптастырып, сөздік қорын молайту.

  • инновациялық білім негіздерін терең меңгерту.


Міндеттері:

  • Шығармашылық тақырыптағы тапсырмаларды орындату.

  • Логикалық ойлауды және сөздік қорын толықтыру.

  • Алдына қойылған сұраққа немесе тапсырманы орындауға (жылдам, сенімді және дұрыс) жауап беруге дағдыландыру

Қазіргі таңда ағылшын тілі мұғалімдерінің басты мәселесі оқушылардың шетел тілін оқуға деген қызығушылығын арттыру және ағылшын тілін оқыту барысында оқушының сөздік қорын байыту арқылы тілін дамыту. ХХI ғасыр жаңа технологиялар ғасыры. Сондықтан қазіргі күні шетел тілін жылдам әрі тиімді үйреніп алуға болады. Тіл дамытуда атқарылатын жұмыстың ең негізгі түрі–сөздік жұмысын жүргізу арқылы оқушының сөздік қорын байыту көзделеді.Сөздік қоры бай адамның ойын анық жеткізу мүмкіндігі бар. Екінші бір тілді меңгеру сөз үйренуден басталады.Тіл үйрету дегеніміз- кез алу емес, жаңа сөздің мағанасын түсініп, саналы түрде есте сақтау,жаттау, ауызша, жазбаша сөздерді дұрыс қолдана білу. Мектептерде ағылшын тілін оқытудың негізгі элементтерінің бірі – сөздік жұмысын жүргізу. Ол оқушылардың сөздік қорын байытуда ерекше орын алады. Сөздік жұмысын ұйымдастырудың басты қағидасы– оқушының лексикалық материалды белсенді түрде меңгеріп, сөйлеу тілінде оларды бекітіп, сөйлеуде белсенді түрде қолдана білуге үйрету негізінде қалыптасады. Сөздік жұмысын ұйымдастырудың қағидаларын білу аса қажет. Олар игерілуге, білуге қажетті сөздер, жиілік, ахуалдық– тақырыптық негізінде сөз іріктеледі. Сөздік жұмысын ұйымдастырудың басты мақсаты–оқушының лексикалық материалды белсенді түрде меңгеріп, оны сөйлеу тілінде түрлі тұлғада қолдана білуі, яғни оқушы ол сөзді кез келген грамматикалық формада қолдана алуы қажет. Мысалы: оқы, оқып отыр, оқыған, оқиды т. б. мысалда олар әртүрлі грамматикалық формада беріліп тұр. Өз тәжірибемнен айтатын болсам мен, сабақ барысында оқушының тілін дамытатындай,коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыратындай ойындарды қолданамын. Олар: «Мексика юбкасы»-оқушылар юбка бөліктерынен тақырыпқа байланысты сөздермен танысады. «Доппен ойыны»-балалар допты бір-біріне лақтырып тез заттың атын немесе түсін, яғни жалғастыру керек. «Сұрақ қой» ойынында үстелдің үстінде бірнеше заттар жатады, оқушылар әр затқа сұрақ қою керек. «Сөз құра» - суретке қарап атын атау және осы сөздің бірінші әрпіне сөз құрау керек. «Түсті ата» ойынында мұғалім қызыл түсті карташаны көрсетіп « What colour is it ?” балалар It's red деп жауап береді . Оқушының сөздік қорын дамытуда төмендегі әдіс-тәсілдерді қолданамын Мұнда:1. Әр сабақта белгілі мөлшерде оқушыға жаңа сөз үйретіп отыру, яғни оқушының сөздік қорын дамыту. 2. Оқушыны сөзді тыңдауға 33 жаттықтыру. 3. Оқушы меңгерген сөздерімен сөз тіркесін, екі – үш сөзден тұратын сөйлем құрай алатын болуы тиісті. Бұл сөйлеуге, сөйлесуге үйрету үшін қажет. 4.Ағылшынша сөздерді дұрыс айта білуге дағдыландыру керек. 5. Оқушыларға қысқа өлең, тақпақ, мақал - мәтелдер, жұмбақтар мен жаңылтпаштар жаттап үйрету. Оқушылардың сөздік қорын дамытуда түрлі тәсілдерді қолданамын. Мұнда: ойын арқылы сөздік қорын дамыту, тіл үйренуге қызығушылығын арттыру суреттер түрлі, көрнекіліктер арқылы схема, кесте түрінде оқушыға жаңа сөздер үйретумен қатар, лексикалық және грамматикалық дағдысын қалыптастыру. Сондай-ақ Тілдің дамуы негізінен 3 жолмен дамиды:сөздермен жұмыс,сөз тіркестерімен, сөйлемдермен жұмыс, сөздердің байланыстылығымен жұмыс. Қорытынды Оқушыларға тілді тез және қысқа мерзімде үйрену де әртүрлі кенестер беріп отырамын. Ағылшын тілінде I есімдігі мен деген мағынаны білдіреді. I сөзі 500- ге жуық сөйлемнің қызметін атқарады. Мысалы: I am eating. I wash face. I want to play. I have toys. I am sleeping. Ағылшын тілі орыс тіліне жақын. Мысалы: орыс тілінде –сия, ция жұрнағымен аяқталған сөздер ағылшынша –tion.информация– information, модернизация–modernization,т.б.жолдармен тілдік білімді жетілдіру болады.

Дидактикалық ойын дегеніміз–жас ерекшеліктеріне қарамайтын, адамның көңіл-күйін көтеретін, ойландыратын үрдіс. Ойын- төзімділікті, алғырттықты, тапқырлықты, ұқыптылықты, ізденімпаздықты, іскерлікіті, дүниетаным өрісінің көлемділігінің, көп білуді, сондай-ақ басқа да толып жатқан сапалық қасиеттердің қалыптастыруға үлкен мүмкіндігі бар педагогикалық тиімді әдістердің бірі. Ағылшын тілі-қазақ елін әлемге танытатын, әлемдік деңгейге шығаратын тіл.Сол себепті,ағылшын тілін үйренудің маңызы зор. 65 Ағылшын тілін оқытуда ойын түрлерін қолдану оқушының тілді үйренуге деген ынтасын арттырады.Ағылшын тілін үйрету кезінде ойын элементерін пайдалану оқушының шет тіліне деген қызығушылығын арттырып, жаңа тақырыпты жақсы түсінуге ісер етеді. Ойын арқылы балалар ағылшын тілінде жеңіл қарым-қатынас жасай алады және ойын кезінде оқушылар шаршағыдығын сезбейәсерлене,қызыға отырып ағылшын тілін тез үйренеді.

Жұмыс барысында оқушылармен, оқулықтағы мәтіндерді ғана қолданбай, өзімнің бейнесабақтарды қолдануға мүмкіндігім бар. Өзге тілдегі қарым-қатынасқа байланысты коммуникативтік тапсырмалар білім алушыларда үлкен қызығушылық тудырады. Егерде сөйлеу барысында сөздерді көп қолдансақ, балалар жақсы жаттайды.Ағылшын тілі сабағындағы диалогтар жаңа сөздерді игеруге көмегін тигізуде, нәтиже көрсеткеніндей коммуникативтік әдістер–оқушылардың сабақ барысындағы сүйікті ең көп қолданылатын әдістерінің бірі. Бастауыш оқушыларына ағылшын тілін үйретуде түрлі әдіс-тәсілдерінің көптігіне қарамастан кейбір қиындықтар кездеседі. Ағылшын тілін оқытуда бастауыш сыныптағы (1-2 сынып) жас ерекшеліктеріне негізделеді: атап айтсақ, тез шаршайды, көңіл аудармау қалу жиі кездеседі. Сондықтан да оқушыларым тез шаршап қалмау үшін сергіту сәттерін және әр түрлі қозғалыс түрлері қолданылады.Бұларды қолдану барысында әрбір оқушыға тілдік материалды сақтау мақсаты қойылады.Өлеңдердің шумақтарын,тармақтарын қолдану күнделікті тәжірибеде негізгі грамматикалық үлгілерін сақтауға септігін тигізеді.Сонымен бірге оқыту үрдісінде пәнге деген қызығушылығын арттырып,тартымды ойындарға ұласады. Таңдамалы сабақ (дәстүрлі емес сабақ) әр түрлі болады, яғни, оқытудың дәстүрден тыс әдіс-тәсілдері қолданылады және мұнда балалардың оқыту деңгейін ғана көтеріп қоймайды, сонымен бірге басқа да қабілеттерін ашуға септігін тигізеді. Бұл оқулықтың тағы бір өзгешелігі, әр бөлімнің соңында Craftwork шығармашылық жұмыс өтеді. Оқушыларымның бұл сабақта шығармашылығы шыңдалады, яғни, сабақ барысында, негізгі түрлері–шет тілінде айтылым, оқылым, жазылым болып қана қоймай мұғаліммен жеке бір-бірімен жанды, белсенді қарым-қатынас болуы керек. Оқушыларым өз қолдарымен өтілген тақырыпқа сай 67 сайқымазақ, аюдың бетперделерін жасаса, оқулыққа қажетті бетбелгісін жасап, қолөнер сабағымен тығыз байланыста болады. Craftwork сабағына оқушылар өте қызығып қатысады.Бұл сабақта оқушыларым 1 сыныптан бастап сандарды салуға, сайқымазақтың, аюдың бетперделерін жасай отырып, бір- бірлерімен сөйлеу арқылы диалог құрастырады. Сонымен бірге оқушыларым қөлөнерлерін салып қоймай, бір- бірлерімен ағылшын тілінде сөйлеуге машықтанады. Бұл сабағымда жай оқушыларымның өзі де өте қызығушылықпен, ынтамен белсене араласады.

Сонымен бірге сөздік қорын молайту барысында тек кітаптағы Craftwork–та берілген тапсырмалармен шектелмей, оқушылар өз шығармашылығымен де таныстырады. Атап айтсақ, «My School», «My House», «All About Me»тақырыптарында оқушылар өздерінің шығармашылықтарын жақсы қорғады.Сонымен бірге бұл Smiles оқулығының тағы бір ерекшелігі Story time бар. Әр елдің ертегілерін балалар тыңдап, дискіден көріп, жағымды - жағымсыз кейіпкерлерді сомдайды. Сол ертегіге арналған тапсырмаларды орындай отырып, өздері де ролге бөлініп ойнайды. Оқушы оқушыға сұрақ бере отырып, өздері жауап ала алады. Бұл да оқушының ағылшын тіліне деген қызығушылығын дамытады. Өз тәжірибемде 2 сынып оқушыларымның ағылшын тіліне деген белсенділігі жоғарлап келеді. Әрбір өткізген сабағымда оқушыларымды шығармашылықпен жұмыстандырып қоймай, ролдік ойындар арқылы, ойын дамытамыз. Сонымен қатар әртүрі викториналар, жағдаяттар, берейін ринг, рөл ойындарын, мысалы, «Star hour», «In the magic field», «We learn Englsih» дидактикалық ойындарын өткіземін. “Where do you live?” ойын тізбекпен ойналады. Оқушылар бір- біріне допты лақтырып былай дейді: P.1: You are a crocodile. Where do you live? P.2: I live in the river. You are a frog. Where do you live? P.3: I live in the pond. You are a horse. Where do you live? P.4: I live in the farm. You are a bear. Where do you live? P.5: I live in the forest. You are a dog. Where do you live? P.6: I live in the house. You are a tiger. Where do you live? P.7: I live in the zoo. «Guess what is it» ойынында өзім жасырғым келген затты жасырып, оқушыларға жетелеуші сұрақтарды қою арқылы оқушылар ол не зат екенін шешу керек.

Оқушыларының ерте жастан ағылшын тілін меңгеруі өте тиімді:

- Ауызекі сөйлеу дағдысын қалыптастырады.

- Тыңдалым дағдысы бойынша мәтінмен жұмыс жасай алады.

- Әндерді, өлеңдерді сабақта тыңдай отырып, айтуға дағдыланады.

-Топпен жұмыс жасай отырып,бір-біріне ағылшын тіліне көмектесуге дағдыланады.

- Мәтінді оқуға, жазуға машықтанады.

- Шығармашылықпен жұмыс жасауға дағдыланады






















Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Мектептегі шет тілі. Республикалық әдістемелік – педагогикалық журнал. №3(45), 2013.

2. Мектептегі шет тілі. №3(27), 2013.

3. Интернет ресурстары

4. Ағылшын тілі журналы №4 2014ж 5. September 1 журналы 2015ж

5.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы.

6. Педагогика және оқушы психологиясы. № 7 2012 ж

7.Қазақстан Республикасында 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы//Астана. 2004. 3-4б.

8.Б.А.Тұрғынбаева.Мұғалімнің шығармашылық әлеуметін біліктілікті арттыру жағдайында дамыту.: теория және тәжірибе Aлматы. 2005, 174-бет

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!