Материалдар / АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҒЫНДА ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҒЫНДА ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл мақалада Қазақстандағы ең өзекті де, маңызды білім беру саласының бірі- инклюзивті білім беру, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі балаларға шетел тілдерін, оның ішінде ағылшын тілін үйрету туралы айтылады. Сонымен қатар мақалада инклюзивті білім берудің ағылшын тілін қолдану ерекшеліктері де көрсетіледі
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Наурыз 2023
676
5 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҒЫНДА ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Үсен Таңшолпан Талғатқызы

Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты

Аннотация

Бұл мақалада Қазақстандағы ең өзекті де, маңызды білім беру саласының бірі- инклюзивті білім беру, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі балаларға шетел тілдерін, оның ішінде ағылшын тілін үйрету туралы айтылады. Сонымен қатар мақалада инклюзивті білім берудің ағылшын тілін қолдану ерекшеліктері де көрсетіледі

Кілт сөздер: ерекше білімді қажет етуші, инклюзивті білім, жаңаша бағыттағы шетел тілі, білім бердің жаңа мүмкіндіктері, біріктірілген оқыту, шетелдік жаңа әдістер.

Аннотация

В данной статье речь пойдет об одной из самых актуальных и важных образовательных областей в Казахстане – инклюзивном образовании, в том числе обучении детей с ограниченными возможностями иностранным языкам, в том числе английскому. Также в статье будут освещены особенности использования английского языка в инклюзивном образовании.

Ключевые слова: инклюзивное образование, иностранный язык новой направленности, новые возможности образования, интегрированное обучение, новые зарубежные методы.

Annotation

This article will focus on one of the most relevant and important educational areas in Kazakhstan – inclusive education, including teaching foreign languages to children with disabilities, including English. The article will also highlight the features of the use of English in inclusive education.

Keywords: inclusive education, a new foreign language, new educational opportunities, integrated learning, new foreign methods.



Қазіргі таңда барлық әлем жұртшылығының назарын аударып отырған мәселе балалардың жеке сұраныстары мен ерекшеліктеріне ортаның, отбасының қатысуымен білім беру үрдісіне толық қосуды қарастыратын инклюзивті білім беру. «Бала адаммен араласпайынша өмір сүре алмайды, өзінің бар жүрек жылуын басқа адамға беруді ұжданы талап етеді. Балаға ой еңбегінің шаттығын, табыс қуанышын беріңіздер» (В. А. Сухомлинский). Осы жаһандық мәселеге әлем ғалымдары мынадай анықтама береді: инклюзивтік білім беру дегеніміз – дамуында сәл ерекшеліктері бар балалардың дені сау балалармен бірге олардың әлеуметтендіру және интеграция процестерін жеңілдету мақсатындағы бірлескен оқыту.

Қазіргі уақытта даму мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс жасаудағы өзекті мәселе – инклюзивтік білім беру. Инклюзивтік білім беру мүгедек балаға өзінің құқықтарын іске асыруға мүмкіндік береді. Көшеде өзінің жасындағы балалармен ойнап жүрген мектепке дейінгі жастағы балаға жақын жердегі мектепке емес, ерекше жағдайдағы мектепке баратыны жөнінде қалай түсіндіруге болады. Инклюзивті білім беру системасының өзі инклюзивтік қоғамның дамуының тиімді механизмі болып табылады. Инклюзивті білім беру системасын дамыта отырып,біз инклюзивтік қоғам,яғни әрбір адам үшін қоғамды дамытуға жол ашамыз. Инклюзивті білім мүмкіндігі шектеулі балаларға балабақша, мектеп, институт, мектепке дейінгі және мектеп өміріне толық көлемде қатысуына мүмкіндік береді. Инклюзивті білім беру мүмкіндігі шектеулі балаларды теңдікке, тең құқылыққа ынтыландыру қорына ие. Қазіргі жас ұрпақ біздің болашағымыз. Бұл жас ұрпақтың ішінде қарапайым балалар да, даму мүмкіндігі шектеулі балалар да бар. Ендеше бұл балаларды бөлмей, бәріне бір көзқараспен қарап,олардың болашағына жол ашуға көмектесейік. Әрине бұны жеңіл деп айта алмаймын.

Бірақ бір сәт даму мүмкіндігі шектеулі балалардың орнында болып көрейікші,бізге қандай ауыр болса,оларға бізден аса ауыр. Сондықтан, даму мүмкіндігі шектеулі балалардың, мүгедек балардың толық көлемде өмір сүруі үшін біздің еңбектенуіміз керек. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаев: «Мүмкіндігі шектеулі азаматтарымызға көбірек көңіл бөлу керек. Олар үшін Қазақстан кедергісіз аймаққа айналуға тиіс. Бізде аз емес ондай адамдарға қамқорлық көрсетілуге қажет. Бұл өзіміздің және қоғам алдындағы парызымыз. Білім беру мекемесінің ортасы денсаулығының мүмкіндігі шектеулі балалардың қажеттілігіне бейімделуі тиіс, «кедергісіз» болуы керек, өйткені мүгедек балалардың толыққанды кірігуін қамтамасыз етуі қажет», - деп атап өткен.

Мүмкіндігі шектеулі сыныптарда білім алушы ерекше балалардың саналары тез жалыққыш келеді, ал зейіні дұрыс қойылмаған балалардың сабақ барысында өз деңгейінде білім алуы қиындайды. Сабақ басталып, тақырып нақтыланып, мақсаттар аталып өтіліп, тапсырмаларға көшкен кезде сыныптағы барлық балаларға дидактикалық көрнекілік материалдар толық жетіп, әрбірінің қолында жеке-жеке каторчкалары болуы керек. Сынып ішінде оқушы үшін де, білікті педагог үшін де, тютор үшін де комфортты жағдай жасалған болуы тиіс. Кез келген уақытта, кез келген тақырыпқа «speaking» сұралған кезде видеоматериалдардың қосылып тұруы тиіс, түрлі түсті дидактикалық карточкалардың болуы, аударма кітаптардың болуы, ойыншық сынды қызықты заттардың болуы, тюторлардың қолдау көрсетулері, бір сөзбен комфортты зонаның болуы шартты міндетті болып саналады. Екінші маңызды мәселе, инклюзивті сыныпта өткен алушы мүмкіндігі шектеулі оқушылардың, мүгедектік деңгейін жеке-жеке тексеріп алуымыз керек. Сабақ барысында әр оқушымен жеке қарым-қатынас жасау үшін, оларға тапсырмалар бере алу үшін, өзге оқушының алдында ол оқушының жеке кеңістігін таптамас үшін тюторлар, логопедтер, сурдо-тифлопедагогтар ең алдымен олардың деңгейін бағалауары қажет. Егер де педагог әр инклюзивті білім алушы студенттің жағдайы жайлы біле алса, мүмкіндіктері туралы білсе, оларға жарыс түріндегі тапсырмаларды дайындау арқылы сынып ішінде бәсекеге қабілеттілікті орната алады.

Ағылшын тілі сабағындағы ең басты стратегия – бұл балаларды изоляцияда қысып ұстау емес, олары еркіндікте, креативті, комфортты ортада білім жағынан шыңдау. Қоғамда ағылшын тілінің рөлі ерекше.

Ағылшын тілі сабағына инклюзивті білім беруді кіріктіруде мынадай әдістер кеңес беріледі:

  • Жаңа сөздердің есте сақталуы мен күнделікті тілде қолданылуы үшін лексикалық жаттығулар ұйымдастыру;

  • Балалардың ағылшын тілімен құлшыныспен айналысуына көмектесетін ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдалану;

  • Жағымды психологиялық ахуал орнату;

  • Мұндай балаларға арналған CD-ға жазылған қарапайым тапсырмалар мен аудиматериалдарды қолдану;

  • Әр сабақта мүмкіндігі шектеулі балалардың кішкене нәрседен де қуануына дағдай жасау;

Ағылшын тілі сабағында инклюзивті білім беру әдісін қолданудың жарқын мысалдарының бірі – көзі нашар көретін балаларды оқыту.Нашар көретін немесе мүлдем көрмейтін адамдар басқалар секілді өз мүмкіндіктерімен, қабілеттерімен өмірлік тәжірибе жинайды, дамиды. Көптеген тәжірибелер көзі қалыпты көретіндердің миы мен көзі нашар көретіндердің миы ерекшеленеді деген пікірді теріске шығарды. Бірақ көзі нашар көретін және мүлдем көрмейтін балалар мен көзі жақсы көретін балалардың арасында айырмашылық бар. Осы сипаттамаларын және олардың себептерін біле отырып,шетел тілі мұғалімі ықтимал ауытқушылықтардың алдын алу үшін, оларды дұрыс дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау қажет. Әртүрлі тапсырмалар мен ойындар баланың өтілген ақпаратты оңай және тез есте сақтауына көмектеседі. Оларды шет тіліне үйрету үшін арнайы іс-шаралар және қажетті, нақты оқу-әдістемелік материалдар қажет. Бірақ, осындай балалармен жұмыс істейтін мұғалімдер көзі мүлдем көрмейтін балаларға ағылшын тілін үйрету үшін мектептерде қажетті материалдардың қол жетімді еместігін айтады. Сондықтан, көптеген тифлопедагогтар көзі мүлдем көрмейтін балалармен жұмыс жасағанда тыңдау әдісін қолданады. Өйткені тыңдау бұл олардың білім алуға және шетел тілін дамытуына жалғыз мүмкіндік. Әрине, ағылшын тілін тыңдау арқылы үйрену – айтарлықтай қиын тапсырма. Ағылшын тілін білетін мүгедек-мамандардыз аз екендігі – өзекті мәселелердің бірі болып саналады. Дарынды, талантты балалар мен жастарға қолдау көрсету маңызды тапсырмалардың бірі болып табылады. Бұл инклюзивті оқытумен тығыз байланысты. Педагогтардың ойынша, дарынды балалармен жұмыс жасағанда дарынды балалардың мына қасиеттерін есте сақтау маңызды: жақсы есте сақтау, ақылдылықтың жоғарғы деңгейі, сөздік қордың молдығы.

Интеграцияланған сыныптағы ағылшын тілі сабағында жеке үлгерімді бағалау қиын. Бір сыныпта оқитын құлағы нашар еститін және жақсы еститін балалармен жұмыс жасауда мәселелер көп кездеседі.Бір жағынан алып қарағанда, құлағы мен тілінде ақауы бар балалар өзін сыныпта қолайсыз сезінеді.Бұның себебі, ол өз қатарласының алдында сөзді нашар дыбыстағандығынан. Басқа жағынан қарағанда, жақсы еститін балалар нашар еститіндерді өздеріне тең деп есептемейді. Міне, сондықтан олар сабақ барысында бір-біріне немқұрайлы қарайды. Мұғалім құлағында немесе тілінде ақауы бар балаларға бір нәрсені түсіндіріп жатқанда кейбіреулері үй тапсырмасын орындамайды, сабақта зерігеді.

Ағылшын тілін үйретуде дарынды балалармен жұмыс жасаудағы педагогтың негізгі міндеті – балаларды жауапкершілікті жұмысқа баулу. Тәрбие мен оқыту процесінде оқушы мен оқытушы арасында байланыс болуы шарт. Инклюзивті оқыту тек қана мүмкіндігі шектеулі балалармен емес, сонымен қатар қиын және қараусыз балалармен педагогикалық жұмыстарды қамтиды. Мұндай балалармен жұмыс жасайтын мұғалімдерге жауапкершілік көп жүтеледі. Сонымен қатар баяу қабылдаушылар мен девиантты мінез-құлқымен сыныптан- сыныпқа өтпей жүрген балалар жаңа тақырыпты игермей жатып алға жылжу мүмкін емес.

Шет тілі сабақтарында қиын балалар және үлгерімі нашар балалармен жұмыс жасауды ұйымдастыру алгоритмі:

  • Жеке тапсырмаларды өкілеттіктері шегінде таңдау;

  • Оқушылардың қызығушылықтарына сәйкес қосымша материалдар дайындау;

  • Тапсырмаларды бірлесіп орындау;

Ағылшын тілін игеруде мүмкіндігі шектеулі балалар мынадай қиыншылықтарға кезігуі мүмкін:лексикалық материалдарды баяу игеруі, синтаксистік құрылымдарды сөйлеуде пайдалану, грамматикалық категориялар мен оларды іс жүзінде қолдану. Шет тілдерін меңгеру дәрежесі баланың дамуының жалпы деңгейіне байланысты. Жалпы орта мектептерде мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту негізі ауызша түрде өтіледі. Мұндай сыныптарда ағылшын тілін үйренуден негізгі мақсат – «білім емес – дамушылық».

Оқытушы шет тілі сабақтарында мына қабілеттерді арттыруы қажет:

  • Жад

  • Сөйлеу

  • Қабылдау

  • Ойлау

Арнайы осындай балалар үшін жыл сайын пәндік, сонымен қатар ағылшын тілінде жаңа бейімдік жұмыс бағдарламалары жасалынады. Бірақ лексикалық, синтаксистік, грамматикалық материалдар азайтылып отырады. Бос уақыттарында сөйлеуді дамытуға және грамматиканы игеруге көмектесетін әдеби кітаптар оқуына болады. Тапсырмалардың түрлері оқушының мүмкіндігіне сәйкес келуі керек. Міне осының барлығы ағылшын тілі сабағында маңызды болып есептеледі.

Қорытындылай келе айтқым келетіні, мемлекетіміздің әрбір азаматы – ұлттық құндылықтарымыз, әр баласы еліміздің ертеңі екенін ескерсек әрбір мүмкіндігі шектеулі балалардың сапалы білім алып, азамат болып қалыптасуына жағдай жасау біздің міндетіміз.

Мемлекетіміз тәуелсіздік алғаннан бері мүмкіндігі шектеулі балаларға көмектесуден әсте тоқтаған емес те, даму мүмкіндігі шектеулі жандар үшін ел тарапынан бөлінетін көмек пен қамқорлық шектелмесе екен деген ойдамын. Бұл жандар ондай өмірді таңдап алмаса керек. Мүмкіндігі шектеулі балалардан болашақта қолдарынан іс келетін саналы азаматтар мен азаматшалар шықпасына кім кепіл?

Мүмкіндігі шектеулі балалардың қозғалыс мүмкіндігі шектелгенімен, жан – дүние кеңістігі аясының тарылып, күйзеліске ұшырауына жол бермеу – белгілі бір ұйымдардың міндеті ғана емес, қоршаған ортаның, қалың бұқараның басты парызы.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. . Адырбаева М.Ж. Инклюзивті білім беру жүйесіндегі психологиялық – медициналық педагогикалық консультацияның жұмыс барысы. -Алматы, 2011. – Б.30-35.

  2. Буркиев М.Ж. 12 жылдық білім беруге көшу жағдайында педагогикалық кадрларды кәсіби даярлаудың ерекшелігі республикалық-практикалық конф. Материалдары. -Қарағанды, 2009. –Б.8-15.

  3. 1Актуальные задачи педагогики: материалы III Междунар. Науч. Конф. (г. Чита, февраль 2013 г.). — Чита: Издательство Молодой ученый, 2013. — С. 104-106.

  4. Inclusive education in Kazakhstan:legal, social, psychological and pedagogical aspects. http://www.kafu-academic-journal.info/journal/4/79/

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!