Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
«Ағылшын тілі сабағында жаңа әдістерді қолдану»
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
№84 жалпы орта мектебі
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Ағылшын тілі пәні мұғалімі
Турманова Асем Мейрамовна
«Ағылшын тілі сабағында жаңа әдістерді қолдану»
Бүгінгі таңда білім жүйесін инновациялық технологиялармен жабдықтап, білімнің халықаралық талаптарын меңгерудің маңызы үлкен. Өйткені бұл жас ұрпаққа сапалы білім берудің негізі болып табылады. Ғылым мен техниканың жедел дамыған,ақпараттық мәліметтер ағыны күшейген заманда ақыл-ой мүмкіндігін қалыптастырып,адамның қабілетін, талантын дамыту-заманның басты талабы.
Президенттің жолдауында: «Ұлттың бәсекеге қабілеттілігі бірінші кезекте білім деңгейімен айқындалады» - деген байламы жеке адамның құндылығын арттыру, оны дайындайтын ұстаз жауапкершілігінің өсуі, тынымсыз еңбек, сапалы нәтиже деген ұғыммен егіз.Бүгінгі таңда білім беру саласында әртүрлі сипаттағы және бағыттағы инновациялар енгізілуде.
Оқу үрдісіне жаппай жаңа педагогикалық технологияның түрлері енгізілуде. Жаңа педагогикалық технологияны меңгерту мұғалімнің зейін-зерделік, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген ұстаздық қабілетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді,өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін жүйелі ұйымдастыруына көмектеседі. Оқу-тәбие үрдісіне жаңа педагогикалық технологияларды ендірудің алғашқы шарты: мұғалімнің инновациялық іс-әрекетін қалыптастыру болып табылады.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттың және жалпы адамзаттың құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру,халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін көздейді. Шет тілді оқытудағы негізгі мақсат – шет тілді коммуникативті қалыптастыру және дамыту, оны еркін игеру. Шет тілі – қазіргі заманның талабына сай, қоғамның әлеуметтік-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдениет дамуының қайнар көзі. Қазір шет тілін оқыту әдістемесінің деңгейі жоғары. ХХІ ғасыр – озық технологиялар ғасыры. Сондықтан, білім беру жүйесінде жаңа технологияларды тиімді пайдалану заман талабы. Осы мақсатта еліміздің болашағы үшін осы мүмкіндікті қалай пайдалану, қоғамды ақпараттандыруды қолға алуда.Мақсатқа жетуде ғылым мен техниканың қазіргі замандағы озық үлгілерін пайдаланып, әлемдік ақпараттық кеңістікте әр түрлі деңгейдегі ақпараттарды қажетіне жарата білу керек. Білім берудің жүйесінің негізі – мектеп болғандақтан, мектепте жаңа технологияларды кеңінен пайдаланудың маңызы ерекше. Сол себепті еліміздің барлық білім беру ошақтары қазіргі озық технологиялармен жабдықталып, мультимедиялық кабинеттер ашылды.
Оқытудың ақпараттық технологиялары дегенімізді тұтас кешенді компьютерлік және басқа да құралдарды қолданумен болатын дидактикалық үдеріс деп танығанымыз жөн.Поляк педагогы В. Оконь оқыту құралдарын мұғалімнің іс-әрекетін ауыстыру мен білім алушылардың әрекетін автоматтандыру мүмкіндігінің өсуіне байланысты жіктейді. Осыған сәйкес, оқыту құралдары екі топқа бөлінеді: жәй және күрделі. Жәй құралдар: сөздіктер, оқулықтар және басқа да мәтіндер; қарапайым визуалды құралдар: нақтылы заттар, модельдер, суреттер.
Педагогикалық-әдістемелік оқыту барысында оқу міндеттерін шешуге бағытталған оқу бағдарламалық құралдары (электронды оқулықтар, электронды курстар, дәрістер, слайд-дәрістер, мультимедиялық презентациялар және т.б.) кеңінен қолданылады.
Бұл технологияларды әсіресе шетел тілін үйренуде пайдасы өте зор. Себебі, тіл үйрену арқылы адам бүкіл бір ұлттың мәдениеті мен әлеуеметін қатар үйренеді. Ал оны толықтай меңгеру үшін оқулықтың аздық етері анық. Адам көру, есту арқылы тіл қолданушылардың мәдениетін тезірек сезінеді.
Тіл үйрену барысында жаңа технологияларды қолдана отырып, педагогикалық қалыптасқан жазу, тыңдау, түсіну, сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға әбден болады.
Осы жаңа инновациялық технологиялардың ішіндегі ACTIVboard интерактивті тақта революциялық жабдық екендігі даусыз. Тақтаны қолдану үшін бар болғаны компьютерлік білімің болып, инновациялық құрал-жабдықтарды қолдана білу шеберлігіңіз жетіп жатыр. Ең алдымен интерактивті тақтамен танысып алайық. Компьютер және интерактивті құралдар арқылы жасалып жатқан оқыту процесі оқушының жаңаша ойлау қабілетін қалыптастырып, оларды жүйелік байланыстармен заңдылықтарды табуға итеріп, нәтижесінде – өздерінің кәсіби шеберлігінің қалыптасуына жол ашу керек. Бүгінгі таңдағы ақпараттық қоғам аймағында, оқушылардың ойлау қабілетін қалыптастыратын және компьютерлік оқыту ісін дамытатын жалпы заңдылықтардан тарайтын педагогикалық технологияларды ғана тиімді деп санауға болады.
Интерактивті тақтаның керемет мүмкіндіктері оқушыларды таң қалдырады, шабыттандырады. Көптеген мектептерде интерактивті тақтаның мүмкіндіктерін білмегендіктен, тек слайд көрнекіліктер көрсетумен ғана шектеліп жүрген мұғалімдер бар. Алайда интерактивті тақтаның қолдану мүмкіншіліктері өте көп. Мысалы, ActiveBoard электрондық тақтасы: материалды қызу талқылауға ерекше бөліп көрсетуге, нақтылауға, қосымша ақпарат қосуға, электрондық маркер арқылы түсін және сызықтың қалыңдығын өзгертуге; сөздер мен сөйлемдердің бір-бірімен байланысын көрсете отырып, тақырыпты немесе сөйлемді толықтай аударуға; flash–анимациаларды пайдаланып, өлеңдер мәтінін жаттауға, суреттермен слайдтар жасауға; ағылшын тілінде сөйлеушілердің дауысымен жазылған видео-роликтер көруге, сол тілде жазылған мәтінді тыңдауға; тест сұрақтарымен таныстырып, бір топ оқушыны тесттен өткізуге; суреттерді бір фонға қойып, суреттерді қимылдатып сөйлесу ситуациясын ұйымдастыруға; сөз-жұмбақтар шешуге, әртүрлі ойындар ойнатуға мүмкіндік береді; электрондық оқулықтарды экран бетіне шығарып көрсетуге болады.ActiveBoard тақтасының дайын бағдарламасын қолдану маңызды.
Ұстаздардың алдына қойған міндеті оқытудың әдіс тәсілдерін үнемі жетілдіру. Әрбір педагогикалық технология жеке тұлғаның өзін - өзі дамытуға, оның өзіндік шығармашылық қабілеттерін арттыруға қажетті іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыруға қолайлы жағдай жасауға қажетті обьективтік әдістемелік мүмкіндіктерді қамтиды.Жаңa технологияны қолдану мына кезеңдер арқылы іске асады:
I кезең: оқып - үйрену;
II Кезең: меңгеру;
III Кезең: өмірге ендіру:
IV Кезең: дамыту;
Оқыту үйрету арқылы іске асады. Бұл оқытудың маңызы.Оқыту мен тәрбие - егіз үрдіс.Сондықтан да мұғалім инновациялық технологияны пайдалануға ықпал ететін көптеген шартты жағдайлрды танып білуі талап етіледі.
Жаңа жағдайларда оқытушы дәстүрлі оқу құралдарын ғана емес, сонымен қатар ақпараттық – коммуникациялық технологияларды пайдалануға тиіс. Бүкіләлемдік желі, электрондық білім беру ресурстары өз оқушыларының, сондай-ақ өзінің білімін кеңейткісі келетін оқытушы- пән мұғалімі үшін жақсы көмекші бола алады .
Оқытушы компьютер үйренушілердің өз бетімен жұмысын ұйымдастыратын және әсіресе тілдік және сөйлеу материалымен жаттықтыру жұмысы процесінде оны басқаратын құрал болып табылады. Бұл қолданылатын жаттығулар мен әдістемелік тәсілдер сипатын анықтайды. Келесілер көбірек жиі қолданылады:
1. Мэтчмастер (сәйкестіктерді таңдауға бағдарлама)
Бұл әмбебап бағдарлама үнемі сұранысқа ие. Үйренуші оң және сол бағандардың (сөзден жаңа жолған дейін үш жол) лексикалық бірліктерін дұрыс қосуға тиіс. Таңдау тіл- индикаторды пайдаланумен екі бағанды қарау арқылы жүргізіледі. Басушы құрылғы жеке және сынып жұмысы үшін жаттығуларды қағазда көбейтуге мүмкіндік береді.
2. Чойсмастер (нұсқаларды таңдауға бағдарлама)
Бұл көптік таңдауға жаттығулар құруға арналған жұмыста қарапайым бағдарлама. Бағдарламашы әрбір мысал үшін таңдаудың 3-5 нұсқасын және әр түрлі санын анықтап, қажет болғанда әрбір дұрыс емес әрекетті тіркейтін қателер индикаторын кіргізе алады. Сұрақтар қатар- қатар немесе шашыраңқы көрсетілуі мүмкін
3. Гэпмастер (бос орындарды толтыруға бағдарлама)
Бағдарлама оқытушыға үлкен мәтіндер енгізіп, қалдырылып кетуге тиіс элементті – жұрнақ, қосымша, сөздер немесе ұғымдарды анықтауға мүмкіндік береді. Қажет болғанда ол басқа, дұрыс жауапұа рұқсатты бекіте алады. Мәтін арнайы процессор арқылы енгізіледі. Үйренуші бос орындарды кез келген реттілікпен толтырып, тексеруші немесе үйретуші режимдерді таңдай алады. Әрбір жауап дұрыс жауап кезінде пайда болатын кілтпен болуы мүмкін. Бұл бағдарламаны тілдік бірліктерді пайдаланудың қалыптасатын дағдыларын қатаң бақылау үшін оқытушылар жиі таңдайды.
4. Сториборд (мәтінмен жұмысқа бағдарлама)
Оқытушы экранда басады және мәтінді жазады. Жадыны, логиканы және тілдік дағдыларды пайдаланып, үйренушілер экранда бұл мәтінді қалпына келтіруге тиіс (мәтіннің әрбір сөзіндегі әріптер клякстармен ауыстырылған). Бұл жаттығу оқу белсенділігін ынталандырады. Жұмыс кезінде оқытушы шыдамдылық жоғалтып, жекелеген әріптер қарап қоюы мүмкін, бірақ үйренушілер, тәжірибе көрсеткендей, ешқашан бұлай істемейді және бүкіл мәтінді өз бетімен қалпына келтіруге тырысады. Сондай-ақ жұрнақтар мен жалғауларды ойлап табуға қосымша жаттығулар бар.
Ағылшын тілі сабағында компьютерді қолдану мәтіндер мен ақпаратты білуге жол ашады. Тіпті нашар оқитын оқушылардың өзі компьютермен жұмыс істеуге қызығады, өйткені кейбір жағдайларда компьютер білмеген жерін көрсетіп, көмекке келеді.
Қазақстан Республикасының мемлекетаралық тілі – ағылшын тілін жаңа технологиялар арқылы оқыту ісі күннен - күнге өзекті болып келеді. Тілді ақпараттық - коммуникативтік технология арқылы оқыту – тіл үйренушінің өз бетімен тіл үйрену қабілеттерін жетілдіруіне игі ықпал ететін тиімді жүйе болып табылады.
Компьютерлік және ақпараттық технологиялар заман талабы.
Бұл жұмыстың басты мақсаты компьютер желісін және мультимедиялық - электрондық құралдарды шет тілі сабағында тиімді қолдану, нақтылап айтқанда ағылшын тілі сабағында презентацияларды және мультимедиялық - электрондық құралдарды мектеп қабырғасында және білім беру процесінде терең қолдану.Ағылшын тілі - ұлы әдебиет тілі
Ағылшын тілі сабағында компьютерді, мультимедиялық және электрондық оқулықтарды және интерактивті тақтаны пайдаланғанда:
• лексиканы оқып үйретеді;
• сөйлеу ырғағын;
• диалог, монолог және рөлдік ойындарды;
• хат жазуға үйретеді;
• грамматикалық құрылымдарды түсіндіріп, оқушылардың есінде сақтауға көмектеседі.
Қазіргі кезде ағылшын тілімен компьютер, телекоммуникациялық құралдарды меңгеруді уақыттың өзі талап етеді, тіпті кейінгі жылдары олардың рөлі зорая түсуде.
Оқушылардың ағылшын тілі пәніне деген қызығушылығын арттыруда көп ізденіп, жаңа ақпараттық технологияларды меңгеруді, әр - түрлі әдіс-тәсілдерді білуді қажет деп санаймын және мен өз сабақтарымда қолданамын. Және мен өз сабағымда электронды оқулықтарын жиі қолданамын.
Жаңа ақпараттық құралдарды ағылшын тілі сабағында қолданғанда күтілетін нәтижелер:
• үлгерімі төмен оқушыларға көмектеседі;
• оқушыларың сабаққа деген қызығушылығын арттырады;
• сабақта пайдаланылатын көрнекіліктердің санын арттырады;
• оқушылардың шығармашылығын арттырады;
• оқушыларды жеке жұмыс істеуге үйретеді;
• грамматикалық құрылымдарды оңай түсінуге көмектеседі;
• оқушылардың есте сақтау, есту, көру, сөйлеу, ойлау қабілеттерін дамытады;
• пікірталас, талдау, анализ жасау мүмкіндіктерін арттырады;
Шетел тілін оқыту сабақтарында барлық ойын түрлері презентация көмегімен қолдануға болады.Себебі бұл ойындар сабақты сапалы, әрі қызықты етуіне септігін тигізеді.
Лексикалық ойындар сөздерді оқыту барысында қолданады.Компьютер көмегімен ағылшын сабағын ойын арқылы қызықты қылып өткізуге болады. Мысалы: Сөзжұмбақтар, сөзтізбектер, берілген видео бейнені дыбыстау т.б. Шетел тілі сабағында көру, естумен жүргізілетін жұмыс, оқушыны қызықтыра түседі.Жұмыс оқушыны бір жағынан ойлануға жетелесе, екінші жағынан қызығушылығын оятып, шығармашылық қабілеттерін арттыруға, белсенділікке ынталандырады.
Мысалы:
1.Әр оқушы отырған компьютер экранына сөз беріледі.Берілген сөздердің ішінен солдан онға қарай оқығанда жаңа сөз шығатын сөздерді теріп жаз:raw, read, saw, mug, e.c.t.
2. Берілген сөздерге сөз қосып мағынасы өзгерген сөз жаз:tea +pot, bus+stop, e.t.c
3.Төмендегі әріптерден сөз құрап жаз,бір әріп бір сөзде екі рет қайталанбауы тиіс:
Мысалы, be,eat, dear, read, saw, beat, team, e.t.c.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы, Алматы, 2007ж.
2. Г. Исаева, Шет тілі сабағында инновациялық технологияларды қолданудың кейбір ерекшеліктері. «Жаңа тұрпатты мұғалім дайындаудың өзекті мәселелері» атты
3. Сақтағанова М.С., Алиева Н.Қ., Айтбаева Н.Қ. «Ағылшын тілін оқытудың әдістері», Білім, №3, 2006ж. 43-бет.
4 Тубышева Қ., «Модульдік оқыту техналогиясын ағылшын тілі сабақтарында қолдану», Оқыту – тәрбиелеу технологиясы, №4, 2007ж..35-36 беттер.
5. Эналеев, С. Триединство общей цели, Языковая политика, Казахстанская правда. – 2007.-16августа.-стр-6.
6. Зимняя И. А. //Психология обучения иностранному языку в школе//. М., Просвещение, 1991,С 97-102.