Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ағылшын тілі сабағында жаңа əдіс-тəсілдерді интеграциалаудың тиімділігі

Материал туралы қысқаша түсінік
Жалпы ағылшын тілі мұғалімдеріне көмек құрал. Сабақта жаңа тəсілдерді қолдану арқылы түрлі идеяларды кіріктіру. Баяндама мұғалімдерге көмегі тиер деп ойлаймын. Бəріңе сəттілік тілеймін! Жазарымыз көбейе берсін.
Материалдың қысқаша нұсқасы



БІЛІМ БЕРУДЕ ЖАҢА ТӘСІЛДЕРДІ АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҒЫНДА ИНТЕГРАЦИЯЛАУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ

І. Білім берудің басты мақсаттарының - бірі заман талабына сай ақпараттық жаңа технологияларды пайдалану. [1]

Технологиялық білім дегеніміз оқытудың қосалқы құралдары. Оларды дұрыс басқара білу керек, яғни заманға сай үйрене отырып, оны дұрыс пайдалана білуі керек. Компьютерлік телекоммуникациялар бүгінгі қоғамда үлкен қолданысқа ие. Мәселен бизнесте, ақпараттық құралдарда, ғылым мен білімде.

Қазіргі заман мұғалімі тек өз пәнінің терең білгірі болу емес, тарихи-танымдық, педагогикалық-психологиялық сауатты, саяси-экономикалық білімді және ақпараттық-коммуникациялық білімді және ақпараттық-коммуникациялық технологияны жан-жақты меңгерген ақпараттық құзырлы маман болу керек. [2]

Ағылшын тілі - бүгінгі заманымыздың кілті, компьютер технологиясының кілті екені белгілі.Ағылшын тілі - ұлы әдебиет тілі. Бұл тілде әлемге әйгілі Вильям Шекспир,

Жаңа ақпараттық құралдарды ағылшын тілі сабағында қолданғанда күтілетін нәтижелер:

үлгерімі төмен оқушыларға көмектеседі;

оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттырады;

сабақта пайдаланылатын көрнекіліктердің санын арттырады;

оқушылардың шығармашылығын арттырады;

оқушыларды жеке жұмыс істеуге үйретеді;


грамматикалық құрылымдарды оңай түсінуге көмектеседі;

оқушылардың есте сақтау, есту, көру, сөйлеу, ойлау қабілеттерін дамытады;

пікірталас, талдау, анализ жасау мүмкіндіктерін арттырады;

Көбіне мен ағылшын пәнінде компьютерді жаңа сабақ түсіндіргенде, грамматикалық құрылымдарды өткенде және қорытынды сабақта қолданамын.

Біздің мемлекетімізде жаңа телекоммуникациялық құралдың дамып келе жатқаны сөзсіз. Қазіргі заман педагогтарына компьютер және мультимедиялық құралдарды қолданудың сабақ өту барсында өте тиімді тәсіл екені белгілі.Бұл құралдың қуаттылығы соншалықты онымен бірге білім жүйесіне жаңа әдістермен бірге әлемдік ойлаудың жаңа идеологиясы (шығармашылығы) енгізілді.


Компьютерлік және ақпараттық технологиялар заман талабы.

Бұл жұмыстың басты мақсаты компьютер желісін және мультимедиялық - электрондық құралдарды шет тілі сабағында тиімді қолдану, нақтылап айтқанда ағылшын тілі сабағында презентацияларды және мультимедиялық - электрондық құралдарды мектеп қабырғасында және білім беру процесінде терең қолдану.

Ең тиімді программалардың бірі Microsoft Power Point.

Ол мұғалімге қысқа мерзімде өзінің үлкен дидактикалық материалдармен қамтамсыз етіп, компьютерлік білімін даярлауға көмектеседі. Және ол оқушылардың түрлі қабілеттерін ашады. Олар: есте сақтау, көру, есту, ойлау, эмоционалды, автоматты және т.б.

Интерактивті тақтамен презентацияны бірге қолдану оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын ерекше арттырады. Ағылшын тілі сабағында компьютерді, мультимедиялық және электрондық оқулықтарды және интерактивті тақтаны пайдаланғанда:

лексиканы оқып үйретеді;

сөйлеу ырғағын;

диалог, монолог және рөлдік ойындарды;

хат жазуға үйретеді;

грамматикалық құрылымдарды түсіндіріп, оқушылардың есінде сақтауға көмектеседі.

Қазіргі кезде ағылшын тілімен компьютер, телекоммуникациялық құралдарды меңгеруді уақыттың өзі талап етеді, тіпті кейінгі жылдары олардың рөлі күшті болып келеді.

Оқушылардың ағылшын тілі пәніне деген қызығушылығын арттыруда көп ізденіп, жаңа ақпараттық технологияларды меңгеруді, әр - түрлі әдіс-тәсілдерді білуді қажет деп санаймын және мен өз сабақтарымда қолданамын. Және мен өз сабағымда “English grammar for pupils», ’ English 95”, “Enjoy english” электронды оқулықтарын жиі қолданамын.

English grammar for pupils”ағылшын грамматикасы мен фонетикасын оңай әрі тиімді жолмен түсіндіруге көмектеседі.

Enjoy English” электронды оқулығында оқушылардың ойлау, сөйлеу және олардың коммуникативті дамуына көп ықпал етеді.Бұл диск екі бөліктен тұрады.1-ойындар, жаттығулар және диалогтардан және караокелерден тұрады. 2-Мультфильмдерден тұрады. Мультфильмдерді текстпен, диалогпен, аудирование және дауыс ырғағына берілген жаттығуларда қолдануға болады. [3]


Сыныптағы баланың дарындылығын, қабілеттілігін бастауыш сыныпта-ақ анықтап «талантты немесе қабілетті үнемі айқындай отырып, мұғалімдер ең алдымен өздерін дарынды бақылаушылар ретінде көрсетуге тиісті».

Олармен белгілі бір тақырыпқа байланысты жұмыстар жүргізіп отырумыз қажет. Дарындылықтың екі қасиеті бар:

1)Туа біткен талант

2)Жүре келе пайда болатын дарындылық, яғни қоршаған ортаға бейімделіп, өзін жоғары дәрежеде көрсете білетін дарын иесі деп бөлуге болады. Дарынды балаларға жан-жақты тапсырма беріп, оны орындауға, әр түрлі жобалар бойынша, бір-бірімен қарым-қатынас жасауға, күрделі тапсырмаларды шешуге мүмкіндік беруіміз қажет.

Сыныпта оқушылардың шығармашылық дербестігін дамытып,өз бетінше еркін ойлап, жұмыс істеу мүмкіндігі туған жағдайда дарынды, қабілетті оқушылар ерекшелене бастайды.

Дарындылық - бұл табиғатпен берілген ерекше қабілет”

Дарынды оқушыларды іздеу, оларды оқыту және тәрбиелеу қоғам үшін қажет. Осы тұрғыдан мен де өзім сабақ беретін сыныптардан шығармашылықпен жұмыс істете отырып қабілетті оқушыларды топтастыруды ұйғардым.

Осындай оқушылардың бірі – Икрам Азамат. Ол өз бетімен ізденгіш, өте қабілетті, еңбекқор оқушы. Азамат қазақ тілі мен әдебиетін тереңдететін сыныпта оқитындықтан оның тіл байлығы да мол, сондықтан оның аудармашылық жұмыстары жақсы нәтиже берді. Төменде Азаматтың шығармашылық жұмыстарының бірі:


The rain is raining all around Ақ жаңбыр себеледі айналада

It falls on field and tree Селдетті егістікке де, ағашқа да,

It rains on the umbrellas here Қолдағы шатырға да себеледі

And on the ships at see. Селдетті теңіздегі кемеге де.


Бұл өлең оқылған кезде, сыныптастарының таңдана қараған көздерінен қызығушылық байқауға болды.

Білім беру үшін бағалау дегеніміз - оқушылардың алған теориялық білімін, жинақтап қорытынды бағасын шығару. Оқытуды бағалаудың екі түрі бар екенін білеміз. 1) формативті бағалау

2) жиынтықты бағалау.

Формативті бағалау дегеніміз - белгілі бір мақсатқа жетіп, «өте жақсы» баға алу үшін, оқушыларды ауызша мақтап - мадақтау арқылы бағалау.

Жиынтық бағалау дегеніміз - оқытудың қорытынды бағасын шығару болып табылады. Бағалаудың бірнеше мақсаттары да бар.

Жиынтық бағалаудың негізгі мақсаты - белгілі бір тақырып бойынша оқушылардың алған теориялық білімін бағалау. Яғни оқу материалдарын қаншалықты меңгергенін айқындайды. [6]

Жиынтық бағалау туралы ақпарат ата-аналарға да көрсетіледі.

Білім берудегі мақсаттардың тағы бірі саласы - басқару және көшбасшылық. Сыныпта оқушыларды дұрыс басқару үшін ең алдымен тәртіп сақталуы қажет. Сосын сабақта әр - түрлі ойындарды пайдаланып, сабаққа қызығушылығын арттыруға болады. Білікті мұғалім үшін теориялық білімдер өзара тығыз байланыста болады. Әр пән мұғалімдері сыныптағы оқушылардың назарын өзіне аударып, өз пәнін жетік білсе ғана сыныпты басқару деңгейі жоғары болмақ.

Сонымен қатар әр мұғалім білім беру мақсаты мен міндеттерін білуге негізделетін оқу мен оқыту үрдістері, тәжірибесі мен әдістері туралы, яғни педагогикалық білімі болуы керек.

«Болашақтың баласында, данасында, ғалымында ұстаз өсіреді» деген Б.Момышұлының қанатты сөзімен айтқандай оқушылардың даналығын мына төмендегі шығармашылық жұмыстардан байқауға болады.


Оқушылардың шығармашылығынан:


5 сынып оқушысы Икрам Азаматтың шығармашылығы


«Alphabet in rhymes and pictures» кітапшасы


5 сынып оқушысы Орынбасар Ерболаттың

шығармашылығы


Тақырыптық сөз жұмбақтар



6 сынып оқушысы Садыхан Дананың шығармашылығы


«Some rhymes and songs» жинағы


5 сынып оқушысы Асан Аружанның шығармашылығы


Тақырыптық суреттер



Жаңа әдіс-тәсілдерді қолдануда мынадай нәтижелерге қол жеткізуге болады:


1. Әр оқушының шығармашылығы артады;


2. Жылдам жұмыс істеуге дағдыланады;


3. Оқушының жеке қабілеті анықталады;


4. Оқушы топ жаруға ұмтылады;


5. Оқушының ойлау қабілеті дамиды;


6. Әр оқушы өз деңгейімен бағаланады. қисынды ой - қабілеті дамиды;


7. Өздігінен жұмыс істеуге үйренеді;


8. Сөздік қоры дамиды;


9. Зейіні қалыптасады;


10. Байқампаздығы артады;


11. Өзара сыйластыққа үйренеді;


12. Ойынның ережесін бұзбау, яғни, тәртіптілікке баулиды;


13. Бір-біріне деген оқушы сенімі артады;


14. Сабаққа қызығушылығы артады.




ІІІ. Қорыта келгенде, ағылшын тілі сабағында компьютер және т.б. жаңа ақпараттық құралдарды пайдалану заман талабы. Жаңа замандағы - Жаңа Қазақстанымыздың дамып келе жатқан қадамында оқу процессіне жаңа ақпараттық технологияларды енгізілуі де, келешекте компьютер заманы болатынына көз жеткізеді. Шығармашылық тұлға басқалардан өз ісіне деген сенімділігін, әдемілікті сезіне білуімен, өзгеше шабытымен ерекшеленеді. Шығармашылық қабілеттерін дамыту ісін неғұрлым ерте қолға алып, әр оқушының қол жеткен нәтижелері мен даму дәрежесіне үнемі қарайлап отырсақ, шығармашылыққа өз үлестерін қосары сөзсіз. Оқушылардың шығармашылығын, ізденушілігін дамытып, әрқайсысына жеке тұлға ретінде қарап, олардың өздеріне деген сенімін, білімге деген ынтасын арттырамын. Эксперимент - зерттеудің алғашқы кезеңінде жоғары деңгейде болса, зерттеуден кейін бақылау топтарында айтарлықтай өзгерістер, оқушылардың логикалық ойлауға машықтануы, шығармашылық жұмыстармен айналысуы, пәнге деген қызығушылығы, берілген тапсырманың мақсаты мен мәнін анықтай білуі, өз бетімен жұмыс жасауға ынтасы осындай жұмыстардың нәтижесінде көтеріліп отырады.











Әдебиеттер:


1. Бекешова Мөлдір Мекемтасқызы [электронник ресурс] адрес www.baiandama

«Жаңа ақпараттық технологияларды ағылшын тілі сабағында тиімді пайдалану

2. Кусайнова Шынар Сактасыновна [электронник ресурс] адрес www.baiandama

Ағылшын тілі сабағында қолданылатын рефлексия түрлері.

3. Ахмедиева А.Т «Шет тілі сабағында оқушыларды шығармашылыққа тәрбиелеу» Ағылшын тілі мектепте 2011ж.








Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
11.08.2018
178
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі