Материалдар / Ағылшын тілі сабағында жаңа технологияларды пайдалану
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ағылшын тілі сабағында жаңа технологияларды пайдалану

Материал туралы қысқаша түсінік
Ағылшын тілі сабағында жаңа технологияларды пайдалану-ол жалпы ағылшын тілі пәнінің ұстаздарыне өте пайдалы дүние. Себебі жаңа технолияларда сабақта пайдалану ол мұғалімдер үшін өте пайдалы, әрі керек үрдіс.Аталмыш баяндамада жаңа технологиялардың түрлерімен танысасыздар.Соныме қатар менің өз сабақтарымда қолданып жүрген технологиялардың пайдасы мен жақсы жақтарымен де танысасыздар. әсіресе 5-6 сыныптарға ағылшын тілінен беретін мұғалімдерге өте қажетті баяндама.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Қаңтар 2019
1583
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ағылшын тілі сабағында

жаңа технологияларды пайдалану

Қарағанды облысы,Сәтбаев қаласы

«С.Сейфуллин атындағы гимназия»КММ

Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі

Е.Н:.Жалмурзинова



Ағылшын тілі сабағында жаңа технологияларды пайдалану .

Елімізде білім беру саласында жаңа ақпараттық технологияларды қолдану басты мақсат болып отыр.Ол тек қана техникалық құрал емес, сонымен бірге жаңа ақпараттық , коммуникациялық технология және білім беру жүйесіндегі сабақ берудің жаңаша әдісі болып отыр.

Елбасымыздың Қазақстан халқына жолдауында ХХІ ғасырда ақпараттық қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегідей міндеттерді шешу керектігін атап көрсетті: Компьютерлік техниканы, интернет , телекоммуникациялық желі, электрондық және телекоммуникациялық құралдарды, мультимедиялық электрондық оқулықтарды оқу үрдісіне тиімді пайдалану арқылы білім сапасын көрсету. Сонымен қатар тәуелсіз еліміздің болашағы -жарқын, білімді, парасатты, өз ана тілімен бірге шетел тілі «ағылшын тілінде» еркін сөйлеп, өз елін, халқын, мәдениетін шетелге таныстыра алатын үш тілде еркін сөйлейтін азамат болып шығуы керек деген еді.

Компьютерлік телекоммуникациялар бүгінгі қоғамда үлкен қолданысқа ие.Мәселен бизнесте, ақпараттық құралдарда, ғылым мен білімде.

Қазіргі заман мұғалімі тек өз пәнінің терең білгірі болу емес, тарихи-танымдық, педагогикалық-психологиялық сауатты, саяси-экономикалық білімді және ақпараттық-коммуникациялық білімді және ақпараттық-коммуникациялық технологияны жан-жақты меңгерген ақпараттық құзырлы маман болу керек.

Ағылшын тілі бүгінгі заманымыздың кілті, компьютер технологиясының кілті екені белгілі.Ағылшын тілі ұлы әдебиет тілі. Бұл тілде әлемге әйгілі Вильям Шекспир, Джонаттан Свифт, Вальтер Скотт сөйлеген.

Біздің мемлекетімізде жаңа телекоммуникациялық құралдың дамып келе жатқаны сөзсіз. Қазіргі заман педагогтарына компьютер және мультимедиялық құралдарды қолданудың сабақ өту барсында өте тиімді тәсіл екені белгілі.Бұл құралдың қуаттылығы соншалықты онымен бірге білім жүйесіне жаңа әдістермен бірге әлемдік ойлаудың жаңа идеологиясы енгізілді.

Компьютерлік және ақпараттық технологиялар заман талабы.

Бұл жұмыстың басты мақсаты компьютер желісін және мультимедиялық — электрондық құралдарды шет тілі сабағында тиімді қолдану, нақтылап айтқанда ағылшын тілі сабағында презентацияларды және мультимедиялық — электрондық құралдарды мектеп қабырғасында және білім беру процесінде терең қолдану.

Ең тиімді программалардың бірі Microsoft Power Point.

Ол мұғалімге қысқа мерзімде өзінің үлкен дидактикалық материалдармен қамтамсыз етіп, компьютерлік білімін даярлауға көмектеседі. Және ол оқушылардың түрлі қабілеттерін ашады. Олар: есте сақтау, көру, есту, ойлау, эмоционалды, автоматты және т.б.

Интерактивті тақтамен презентацияны бірге қолдану оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын ерекше арттырады. Ағылшын тілі сабағында компьютерді, мультимедиялық және электрондық оқулықтарды және интерактивті тақтаны пайдаланғанда:

  • лексиканы оқып үйретеді;

  • сөйлеу ырғағын;

  • диалог, монолог және рөлдік ойындарды;

  • хат жазуға үйретеді;

  • грамматикалық құрылымдарды түсіндіріп, оқушылардың есінде сақтауға көмектеседі.

Қазіргі кезде ағылшын тілімен компьютер, телекоммуникациялық құралдарды меңгеруді уақыттың өзі талап етеді, тіпті кейінгі жылдары олардың рөлі зорая түсуде.

Оқушылардың ағылшын тілі пәніне деген қызығушылығын арттыруда көп ізденіп, жаңа ақпараттық технологияларды меңгеруді, әр — түрлі әдіс-тәсілдерді білуді қажет деп санаймын және мен өз сабақтарымда қолданамын. Және мен өз сабағымда “English grammar for pupils», ’ “Enjoy english” электронды оқулықтарын жиі қолданамын.

English grammar for pupils”ағылшын грамматикасы мен фонетикасын оңай әрі тиімді жолмен түсіндіруге көмектеседі.

Қазіргі қоғам сұранысына сай білімді, шығармашылықпен жұмыс жасайтын, өзін-өзі дамытып жетілдіре алатын жеке тұлға тәрбиелеуге аса назар аударылуда. А. Байтұрсынов өзінің «Мектеп деректері» еңбегінде былай деп жазды: «….Мұғалім қандай болса, мектеп, пән сондай болмақшы. Яғни мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім».Әлемнің бірнеше елінен сынақтан өткізілген жаңаша оқыту төрт бағытты қамтиды. Олар мыналар:

Модельдік технологиясы

Рейтингтік жүйе

Дамыта оқыту технологиясы

Сын тұрғысынан ойлау

Әрбір технология өзіндік жаңа әдіс тәсілдермен ерекшеленеді. Әдіс-тәсілдерді мұғалімдердің ізденісі арқылы оқушы қабілетіне қабылдау деңгейіне қарай іріктеліп қолданады. Технологияларды күнделікті сабақ үрдісіне пайдалану үшін мен өзімнің алдымдағы оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, педагогтік мақсат-мүддеме сай, өзімнің шеберлігіме орай таңдап алдым.

Ұстаз тұлғаның танымдық қабілеттерін дамытып өздеріне деген сенімін арттырып, істеген іс-әрекеттерінен жағымды эмоциялар алатындай дәрежеге жеткізуі керек. К.Роджерстің пікірінше, мұғалім:

Оқушыға сенім көрсету;

Оқушыға мақсаты мен міндетін белгілеуге көмектесу;

Оқушының шет тілін оқуға деген ішкі қызығущылығына мән беру;

Оқушы қиындыққа кездескенде кеңес беретіндей тұлға болу;

Оқушыға ұялмай өз пікірін айта алуға көмектесу;

Әрбір оқушының сезімі мен көңіл толқуларын түсініп, ыңғайлы жағдай жасау сияқты қағидаларды басшылыққа алуы тиіс.

Осы мақсаттарға жету жолында өзімнің сабақ беретін сыныптарымда біршама жұмыстар жасалды. Мысалы, оқушылардың бәрі үздік, екпінді оқушы емес. Ол кезде мен оқушылардың өз деңгейіне қарай тапсырмалар беріп отырдым. Соның арқасында сыныптағы барлық оқушы бағаланып, қатысып отырды. Оқушының дарындылығының дамуы қабілетінің ашылуы көбінесе мұғалімнің кәсіби біліктілігіне және оның тұлғалық қасиетіне байланысты. Оқушымен жұмыстың негізгі мақсаты – оқушының шығармашылық, дарындылық қабілетін дамыту, жеке тұлғаны жетілдіру. Ал мақсатқа жету оқу бағдарламасын тереңдетіп оқыту және оқушының танымдық белсенділігін дамыту арқылы жүзеге асады. Оқушының болашақтағы мамандығына байланысты, яғни кәсіби тағдыры тек қана жақсы мұғалімге байланысты.Жаңашыл педагогтар оқушының жеке тұлғалық қасиетін барынша құрметтеп, оның шығармашылық қабілеттер мен бейімділіктерін, өздігімен ойлау қабілетін дамыта отырып, ағылшын тілін жетік меңгертуде. 2004 жылдан бастап «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау» технолгиясының стратегияларын сабақтарыма қолдана бастадым. Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз – ақпаратты қабылдаудан басталып шешім қабылдаумен аяқталатын ойлаудың күрделі процесі.

Мақсаты: барлық жастағы оқушыға кез келген мазмұнға сәйкес сыни тұрғыдан қарап екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдап сапалы шешім қабылдап отыру. СТО – оқушылардың мәтінмен жұмыс дағдыларын дамытуға ауызша және жазбаша тілдің барлық түрін қарым-қатынас дағдыларын меңгертуге бағытталған технология. Мен 5 «А» сыныбында «Where do tigers come from?» тақырыбында «Сын түрғысынан ойлау» стратегияларын қолдандым.

І. Brainstorming (Ой қозғау) стратегиясы.

Мен а» сыныбында өткен «Where do tigers come from?» сабағымда ой қозғау мақсатында сұрақтар дайындадым.

  1. «Ассоциация кестесі »стратегиясы.Оқушылар кестені толтырып өтілген сабақтар бойынш бұрынғы білетін материалдарын жаңа ақпараттармен толықтырады.

III. «Кубизм» стратегиясы. Оқушылар үш топқа бөлініп,кубикті айналдырып әр түрлі тапсырмалар алды.

  1. « Ішіне- сыртына» стратегиясы. Оқушылар тақырыпқа байланысты сөздерді теріп ішіне, ал тақырыпқа байланысты емес сөздурді сыртына жазды.

Мен өз сабағымда проект технологиясын қолданамын.Оқушылар бұл технологияны қолданғанда өз білімдерін өздігімен ізденіс қабілеттерін дамыту арқылы білім сапасын көтеруде мәні зор. Мысалы 5,6,7 сыныпта оқушылар әртүрлі тақырыптарға «I like sports», «My school» т.б. эссе жаза бастады.

Мақсатқа жету оқушылар арқылы жүзеге асады. Оқушы басты тұлғаға айналады, ал мұғалім білімді беруші ғана емес, танымдық іс-әрекеттерді ұйымдастырушы, баланың қабілетін, көзін ашушы тұлға. Тілді үйретудегі негізгі мақсаты ағылшын тілінің әлемдік тіл екенін ескере отырып оқушыларды осы тілде еркін ойлап-сөйлеуге үйрету; оқушылардың сөйлеу қабілетін жаңа технологияларды пайдалана отырып дамыту; оқушыларды өзге ұлттың мәдениетімен таныстыра отырып сөйлеу мәдениетін қалыптастыру. Оқушыларды сабақтағы белсенді іс-әрекеттерін ұйымдастыру, ойлау,шығармашылық, ізденіс қабілеттерін дамыту арқылы білім сапасын көтеруде жаңа технологияларды пайдаланудың мәні зор. Жаңа технологияны сабақта дұрыс қолдана білу керек.Санына емес сапасына назар аударған жөн. Ағылшын тілі сабағында жаңа технологияны пайдалану арқылы оқушының құзыреттілігі дамиды. Құзыреттілік оқу нәтижесінде өзгермелі жағдайда меңгерген білім, дағдыны тәжірибеде қолдана білу, проблеманы шешу, дайындық сапасының құрылымдық сипатын анықтайтын жаңа сапа. Жаңа білім жүйесіндегі басты назар аударылатын мәселелердің бірі әр оқушының құзыреттіліктер жиынтығы білім нәтижелері ретінде игеруіне бағдарланған. Тиімді қолданылған кез келген технология білім сапасын арттыратыны ақиқат.

Ағылшын тілі сабағында жаңа технологияларды пайдалана отырып, оқушылардың сөздік қорын молайту, сөйлеу тілінің грамматикасын қалыптастыру, дыбыстарды дұрыс айту, диалогтік сөйлеудің қалыптасуы, түсінгенін айта білу, сауатты жазуға дағдыландыру, дүниетанымын, ой-өрісін кеңейту, өмірге деген көзқарасын жан-жақты дамытып, шығармашылық қабілетіне жол ашу.

Интерактивті тақтамен презентацияны бірге қолдану оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын ерекше арттырады. Ағылшын тілі сабағында компьютерді, электрондық оқулықтарды және интерактивті тақтаны пайдаланғанда:

  • лексиканы оқып үйретеді;

  • сөйлеу ырғағын;

  • диалог, монолог және рөлдік ойындарды;

  • хат жазуға үйретеді;

  • грамматикалық құрылымдарды түсіндіріп, оқушылардың есінде сақтауға көмектеседі.

Қазіргі кезде ағылшын тілімен компьютер, телекоммуникациялық құралдарды меңгеруді уақыттың өзі талап етеді, тіпті кейінгі жылдары олардың рөлі зорая түсуде.

Жаңа технологияны ағылшын тілі сабағында қолданғанда күтілетін нәтижелер:

  • үлгерімі төмен оқушыларға көмектеседі;

  • оқушыларың сабаққа деген қызығушылығын арттырады;

  • сабақта пайдаланылатын көрнекіліктердің санын арттырады;

  • оқушылардың шығармашылығын арттырады;

  • оқушыларды жеке жұмыс істеуге үйретеді;

  • грамматикалық құрылымдарды оңай түсінуге көмектеседі;

  • оқушылардың есте сақтау, есту, көру, сөйлеу, ойлау қабілеттерін дамытады;

  • пікірталас, талдау, анализ жасау мүмкіндіктерін арттырады;

Көбіне мен ағылшын пәнінде компьютерді жаңа сабақ түсіндіргенде, грамматикалық құрылымдарды өткенде және қорытынды сабақта қолданамын.

Қорыта келгенде ағылшын тілі сабағында компьютер және т.б. жаңа техналогияны пайдалану заман талабы.Жаңа замандағы — Жаңа Қазақстанымыздың дамып келе жатқан қадамында оқу процессіне жаңа технологияларды енгізілуі де, келешекте компьютер заманы болатынына көз жеткізеді.

Шетел тілін оқытудың басты мақсаты — оқытушыларға шетел тілінде қарым-қатынас жасауды базалық деңгейде игерту. Осыған сәйкес оқыту мазмұнына қарапайым коммуникативтік біліктілікті, қажетті жағдайда ауызша және жазбаша өзара мәдени қарым-қатынас процессінде қолдана алу қабілеттілігі мен дайындығын қалыптастыруды қамтамсыз ететін тілдік, сөздік, әлеуметтік-мәдени білім, білік дағдылар енеді.

Жаңа технологиялармен қатар, өз сабағымда интербелсенді оқытуды пайдалана отырып , ойын әдіс-тәсілін қолданамын.Ойын арқылы ұстаз қойған мақсаттарына жетеді деп ойлаймын.Ойынға қатысушы оқушылар мұғалімдермен өзара қарым-қатынастарын көтереді , әрі өздерінің қабілеттерін тексеруге мүмкіндік тудырады, сонымен қатар ұйымдастыру қабілеттерін арта отырып сабақ кезінде қуаныш сезімін оятады.Оқу үрдісінде тиімді ойындардың бірі төмендегідей:

  1. Рөлдік ойындар.

  2. Іскерлік ойындар.

А) Іскерлік оқу ойындары: саяхат ойындары;блиц ойындары.

Ә)Өндірістік ойындар.

Рөлдік ойындар — интербелсенді әдістердің тиімді бір түрі.Рөлдік ойындар екіге бөлінеді:

  1. Әрбір оқушы рөлде ойнайды.

  2. Оқушылардың шағын топтары рөлде ойнайды.

Іскерлік оқу ойындарға келсек, мысалы, сабақ тақырыбы бойынша жазылған сценарийлерге қысқа жағдаяттар ойнау.Ал саяхат ойындарында оқушылар күнделік жүргізеді немесе достары мен туыстарына хат жазады,фотосуреттерді баяндау(отбасы мүшелерін, достарын, өз үйіңді, бөлмеңді), сұхбат алу (мерекелер тақырыбы бойынша), шындық детекторы (дұрыс, қате), т.б.Өндірісті ойындарда әлеуметтік және экономикалық маңызы бар күрделі мәселелерді шешуге болады. Мысалы, «Қоршаған орта немесе қоқысты қайта жіберуге болады.»деген тақырыптарда.

Мектептегі шетел тілін оқыту әдістемесі бойынша ойындарды екі түрге бөлуге болады.Олар:дайындық ойындары және шығармашылық ойындары.Дайындық ойындарына грамматикалық, лексикалық, фонетикалық және орфографикалық ойындар жатады.Грамматикалық құрылымдарды есте сақтау қиындау және оқушыны жалықтырып жібереді.Сол себептен ойын бұл тапсырманы жеңілдетеді.Мысалы, затты тығып қойып, ағылшын тілінде «Менің көзілдірігім қайда?»немесе «Мынау не?»деп сұрақ қою.Сөз орын да есте сақтау оңай емес болғандықтан, ойын ойнатқан жөн деп есептеймін. Мысалы, «Домино», «Бинго»ойындары, қызықты геометриялық фигураларды сызып, оның әр бұрышына сандарды немесе әріптерді эстетикаға сай, ретсіз жазып қойып, атап беру.Фонетикалық ойындар сөзді дұрыс айтуға арналған.Ал орфографикалық ойындардың мақсаты сөзді қатесіз жазу.

Әдеттегідей ойынға оқушылар2-3 топқа бөлінеді.Бұл ойындарға дайындықтың қажеті жоқ, тек қана оқушыларды ойынның шарттарымен таныстырамын.Бұл ойындарды шығармашылық ойындардың қатарына қосуға болады.Сонымен қатар әртүрі викториналар, жағдаяттар, берейін ринг, рөл ойындарын, мысалы, «Жұлдызды сәт», «Таңғажайып алаңында», «XXI ғасыр көшбасшысы»ойындарын өткіземін.ойындардың бәрі дамыту ойындарына жатады.

Ең бастысы, белгілі бір нәтижеге жету үшін сабаққа үздіксіз дайындаламын, көп ізденемін , тиімді жолдарын тауып, оқушыларға дәріс беруге ынталамын.

Мектептерде ағылшын тілін оқытудың негізгі элементтерінің бірі — сөздік жұмысын жүргізу.Ол оқушылардың сөздік қорын байытуда ерекше орын алады.Оқушының сөздік қорын тексеру әдістері бар.Олар мыналар.

1.Әңгімелесу, әңгіме құрату — өзін қоршаған орта туралы:үй іші, мектебі, сыныбы, ата-анасы, оқу-құралдары, т.б.

2.Оқушының күнделікті жиі пайдаланатын заттарын көрсету арқылы оны атату(киім-кешек, ыдыс-аяқ, үй жиһаздары т.б.).

3.Сөзді түсініп айту дәрежесін тексеру (таныс емес заттарды көрсету, т.б.).

Сөздік жұмысын ұйымдастырудың басты қағидасы — оқушының лексикалық материалды белсенді түрде меңгеріп, сөйлеу тілінде оларды бекітіп, сөйлеуде белсенді түрде қолдана білуге үйрету негізінде қалыптастыруды жүзеге асырамын.

Сөздік жұмысын ұйымдастырудың қағидаларын біліп алу қажет.Олар игерілуге, білуге қажетті сөздер, жиілік, ахуалдың — тақырыптық негізінде сөз ірітіледі. Ағылшын тіліндегі сөздер тек лексикалық түрінде ғана оқушыға меңгеріп қоймай, ол лексика-грамматикалық бірлікте іске асырылу қажет.Мысалы, «оқушы, оқы, кітап»деген сөздерді жеке бермей, оны сөз тіркесімен берген жөн.Бұл сөздік жүргізудің бір қағидасы болып саналады.

Ұстаз жан-жақты ізденісті қажет етеді». Нашар ұстаз шындықты қайталайды, жақсы ұстаз сол шындықты іздеп табуға үйретеді» деп ұлы ойшыл А. Дистерверг айтқандай, ұстаз еңбегінің қыр-сыры мол, қиын да жауапты.Өз білімімді үздіксіз көтеріп, үнемі ізденіс үстінде боламын деген үміттемін.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!