Ағылшын тілі сабағында жаңа технологияларды
қолдану
Ағылшын тілі сабағында жаңа технологияларды
қолдану оқушылардың білім деңгейін көтеріп олардың таным көзқарасын
қалыптастырады. Жаңа технологияларды қолдану аз уақыт аралығында
бірнеше жаттығуларды барлық оқушылардың орындап, меңгеруін
қамтамасыз етеді. Елдегі білімнің заманауи жүйесі жоғары оқу
мекемелерінің дамуын ғылым, мәдениет қана емес ,сонымен бірге жаңа
ақпараттық технологиялар орталығы ретінде де қарастырады.
Әлеуметтік қызметте , оның ішінде білім беруде “ технология”
ұғымының табиғаты туралы мәселе ашық болып қала береді .Бұл
терминді білімнің дәстүрлі құрамдастары – оқытумен , тәрбиелеумен
және шығармашылық тұрғыдан дамытумен арақатынастылығын қалай
белгілеуге болады ? “ Технология ” ұғымы педагогикаға ақпараттық
технологиялар нағыз серпіліске ие өндіріс саласынан келді.
Ақпараттық технологияларды қызметтің өзге салаларында қолдану оның
сипатын танымастай қайта өзгертеді , көптеген өндірістік
процестерді адамның қатысуынсыз-ақ қалауға мүмкіндік береді , жаңа
мәдениет –ақпараттық қоғамның мәдениетін тудырады.
Қазіргі таңда ғылымның дамуы педагогикалық технологияларды
қолдануды қажет етеді себебі педагогикалық технология оқыту
үрдісінде әрбір оқушының дамуын және белсенділігін арттыруға ықпал
етеді.
Жаңа технологияларды пайдалана отырып біз оқушылардың сабақ
барасында жоғары көрсеткіштерге жетуіне және алған білімдерін
практикада пайдалануға жағдай жасауымыз қажет.
Жаңа технологияларды (интерактивті тақта ,слайд, презентация )
қолдану оқушылардың тілді жақсы меңгеріп шығуына ықпалын
тигізеді.Технология желілерін тиімді пайдалану оқу үрдісінің
мемлекеттік ғылым және білім кеңістігінің кез келген жерінде толық
жұмыс істеуі үшін ғылыми, оқу әдістемелік және ұйымдастырушылық
тұрғыдан қамтамасыз етудің шынайы мүмкіндіктерін ұсынады .Интернет
байланысына енген білім бүгінде барлық білім алуға ниеттенгендер
үшін тиімді құрал болып табылуда , білімнің мәдени және
психологиялық сипаттарын маңызды өзгерістерге алып келуде. Бүгінгі
таңда педагогикалық технология мәселелері теориялық және ғылыми
қолданбалы бағыттарда зерттелуде. Теориялық тұрғыдан педагогикалық
технология статусын педагогика дәрежесі сияқты іздестіру жүзеге
асырылуда; оның маңызы , құрылымдық құраушылары туралы тұтас
түсінік қалыптасуда , технологиялардың ғылыми негіздері
педагогикалық қызметтің түрлі салаларында технологиялардың ғылыми
негіздері педагогикалық қызметтің түрлі салаларында зерттелуде
ағылшын тілін меңгерудің негізгі мақсаты окушыға , игерген білімін
практикада қолдана алуға , екіншіден өзіндік пікірі көзқарасы бар
және тұлға ретінде қалыптасуына , сөйлеу нормаларын сақтауға
дағдыландыру.
Қорыта айтқанда , ағылшын тілінде жаңа технологияларды пайдалану
тілді үйрену процесіне игі әсерін тигізіп оның нәтижелі болуын
арттырып , студенттердің қызығушылығын тудырады.Яғни, студенттер
жаңа технологиялармен жұмыс істеу арқылы қабылдау, тыңдау,
түсіну,аудару,талдау,сөйлеу сияқты әрекеттер арқылы кәсіби тілде
қарым қатынас жасауға дағдылана отырып, ағылшын тілін жете
меңгеруге талпынады.
«Түркістан»
көпсалалы жоғары медицина
колледжінің
«ағылшын тілі» пәнінің
оқытушысы Султанмурадов Б.А.