Материалдар / Ағылшын тілі сабағында оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ағылшын тілі сабағында оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектеп жасындағы балалардың ағылшын тілі пәнінен функционалдық сауатын қалыптастыру, жетілдіру және арттыру
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Шілде 2021
1317
5 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министрлігі

Түркістан облысы

Отырар ауданы

М. Шаханов атындағы жалпы орта мектебі





Shape1









Тақырыбы: Ағылшын тілі сабағында оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру

Орындаған: Ибрагимова А. С.

Секция: Шет тілі (Ағылшын тілі)



















Жоспар:

І Кіріспе.

ІІ Негізгі бөлім.

А) Функционалдық сауаттылық. Оқушылардың ағылшын тілін білу сауаттылығы

Ә) Оқушылардың ағылшын тілін білу сауаттылығын арттыру мақсатындағы тиімді әдіс-тәсілдер

ІІІ Қорытынды.











































І Кіріспе.

Егеменді еліміздің ең басты мақсаты – өркениетті елдер қатарына көтерілу болса, сол өркениетке жетуде жан-жақты дамыған, рухани бай тұлғаның орны ерекше. Сонымен қоса қазіргі таңда үш тілдің тұғырлылық саясатыда өсіп келе жатқан өркениетті еліміздің әрбір азаматы мен азаматшасы үшін аса қажет дүние. Жеке тұлғаны дамытып қалыптастыру үшін оған берілетін білім де өте жоғары талаппен, өте тиімді әдіс-тәсілдермен ұйымдастырылып жүргізілуі тиіс.

Қазіргі заман күннен-күнге жоғары жауапкершілікті, құзіреттілікті, алға жылжуды талап етуде. Еліміз жылдар бойы аңсаған тәуелсіздікке қол жеткізісімен, ағылшын тілі де мемлекетаралық тіл мәртебесіне ие болды. Ендігі кезекте ағылшын тілінің қолданылу аясын кеңейту кезек күттірмес мәселенің бірі болды. Осы орайда, ағылшын тілі пәніне көңіл де, ықылас та жылдан жылға артып, оны оқытудың тиімді әдіс- тәсілдері, технологиялары бойынша зерттеу жұмыстары, оларды тәжірибеге енгізу шаралары қолға алынды.

 Ағылшын тілін жаңа технологиялар арқылы оқыту ісі күннен-күнге өзекті болып келеді. Тілді ақпараттық-коммуникативтік технология арқылы оқыту – тіл үйренушінің өз бетімен тіл үйрену қабілеттерін жетілдіруіне игі ықпал ететін тиімді жүйе болып табылады.    Ағылшын тілін саналы меңгерту, оны өз деңгейінде қажеттілікке айналдыру, бір жылғы мәселе емес, сондықтан ағылшын тілін оқыту ісімен шұғылданатын мамандар арасында туындайтын бір сұрақ:

А) Ағылшын тілінде өз ойын ауызша және жазбаша еркін жеткізе алуға қалай үйрету керек?

Ә) Оқушыны ынталандыру үшін қандай әдіс-тәсілдерді, технологияларды қолданған жөн ?

Елбасы Н.Ә. Назарбаев 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту–Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына кезекті Жолдауында білім беру ұйымдары жастарға жалаң білім беріп қана қоймай алған білімдерін өмірдің түрлі жағдайларында пайдалана алуды үйретуі керек екендігін баса айтып, үкіметке оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудың бес жылға арналған Ұлттық шаралар жоспарын дайындау жөнінде нақты тапсырма берген еді.

     Осы тапсырманың негізінде маусым айында Үкіметтің 25 маусым 2012 жылы №832 қаулысымен бекітілген «Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары» қабылданды. Ұлттық жоспардың мақсаты – Қазақстан Республикасындағы мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту үшін жағдай жасау болып белгіленген болатын.

Ұлттық жоспар Қазақстан Республикасындағы білім сапасын жетілдірудің негізгі бағдары ретінде мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту іс-қимылдарының мақсаттылығын, біртұтастығы мен жүйелілігін қамтамасыз етуге бағытталып, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту үдерісін мазмұндық, оқу-әдістемелік, материалдық-техникалық түрде қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар кешенін қамтиды.

Функционалдық сауаттылық оқушылардың танымдық қабілеттерінің деңгейін және оқушылардың өнімді жұмысының көрсеткішін білім деңгейі ретінде қарастырады. Бұл деңгей өмірдің әртүрлі саласындағы тапсырмаларды шешуде мектептік білім мазмұнының қолданбалық сипатына және оқушылардың игерген біліміне негізделеді, сондықтан қоғамдағы өмірлік пен практикалық іс-әрекеттердің дағдылары мен әлеуметтік іс-тәжірибені меңгеру үшін оқушылардың білім алу барысында негізгі және пәндік құзыреттіліктері қалыптасуы тиіс.

Құзірет-оқушының жеке және қоғам талаптарын қанағаттандыру  мақсатындағы табысты іс-әрекетіне қажетті білім дайындығына әлеуметтік тапсырыс. Ал,құзыреттілік – оқушының әрекет тәсілдерін жан-жақты игеруінен көрінетін білім нәтижесі.

Шетел тілінде сөйлеуге , қарым-қатынас тіліне үйретуде оқушыларды әсіресе өз бетімен жұмыс істеуге, өзі ізденіп білім алуға дағдыландыруы керек. Бұл қазіргі уақыт талабы. Сонымен оқушының шаршауын сейілтіп, қызығуын арттыратын сабақ арасындағы ойын түрлері үлкен роль атқарады. Ойындар сабақтың тиімділігін, сапасын арттырумен бірге оқушының оқу белсенділігін, шығармашылық ойлау қабілетін дамытады. Сондай-ақ, ойын оқушының сөйлеу қабілеті әрекетін тездетеді, танымын күшейтеді. Осы тұрғыдан ойын оқушының жас ерекшелігімен мүмкіншілігіне сай және тәрбиелік, дамытушылық мәні зор болуы тиіс. Ойнау арқылы оқушының сөйлеуге деген ішкі жан дүниелік ынтасы, іздену дағдысы қалыптасады.





ІІ Негізгі бөлім.

А)             Функционалдық сауаттылық - бұл, адамдардың әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсене араласуы, яғни бүгінгі жаһандану дәуіріндегі заман ағымына, жасына қарамай ілесіп отыруы, адамның мамандығына , жасына қарамай үнемі білімін жетілдіріп отыруы. Функционалдық сауаттылықтың формалары төмендегідей:

1. Жалпы сауаттылық;

2. Компьтерлік сауаттылық;

3. Ақпараттық сауттылық;

4. Коммуникативтік сауаттылық;

5. Шет тілін білу сауаттылығы;

6. Тұрмыстық сауаттылық;

7. Жедел жағдаяттар кезіндегі сауаттылығы;

8. Саяси-қоғамдық сауаттылығы.

Осы орайда Елбасымыздың айтқан тағы бір кемелді сөзі ойыма оралып отыр: «Бар ғылымның бастауы мектеп, сондықтан біздің басты мақсатымыз - мектептегі білім сапасын арттыру». Елбасы қолға алған Ұлттық жоспары мектеп оқушыларының сапалы білім ала отырып жан-жақты дамуын қамтамасыз етеді.

- Оқушыларға ағылшын тілін білу сауаттылығы не үшін қажет?

- Қазір жаһандану заманы. Мұндай заман өз кезегінде бүкіл халықты бірыңғай әлеуметтік желіге тәуелді етті. Оны жақсы түсіну үшін шет тілін меңгеру аса қажет;

- Қайсыбір қызмет орны болмасын құрал-саймандарын шет елден импорттайды. Олардың құрылымы мен қолдану тетігін білу үшін ағылшын тілі қажет;

-Күнделікті өмірде тұтылып жүрген дүниелердің жарнамаларында кем дегенде бір не екі ағылшын тілінде сөздер қолданылады. оны түсіну үшін ағылшын тілін меңгеруді қажет етеді;

- Ағылшын тілі функционалдық сауаттылығын  қалай дамытуға болады ? Бірінші, мұғалім жаңа нәрсені оқытуда адамның нені білетіні мен және түсінетінін білуге тырысады. Оқушының бастапқы білім мен дағдыларын назарға алып, оларды өрістетуді мақсат еткенде ғана мәнді болады.Осы байланыстарды дамытып, нығайту үшін проблемаларды шешу үдерісін  қатыстыру қажет. Оқушыларға гипотеза жасауға, қорғауға, құруға уақыт беру; бірін-бірі оқыту да тиімді әдіс. Мұғалім пәнді оқушылардың өз түсінігі  мен пікірі қалыптасатындай өткізу, логикасы мен тиімді қарқынмен мағынаны ұғындыру әдістемесі арқылы оқушыларды дағдыларды қолдануды үйретеді. Сондай-ақ, сабақтағы диалог пен талқылау интерактивті оқытудың логикалық, ұтымды дәлелі.       

Шетел тілін оқытудың басты мақсаты - оқытушыларға шетел тілінде қарым-қатынас жасауды базалық деңгейде игерту. Осыған сәйкес оқыту мазмұнына қарапайым коммуникативтік біліктілікті, қажетті жағдайда ауызша және жазбаша (сөз, тыңдап түсіну, оқу, жазу) өзара мәдени қарым-қатынас процессінде қолдана алу қабілеттілігі мен дайындығында қалыптасады.  Осы ретте мектепте ағылшын тілін оқытудың түпкі нәтижесі ретінде қатысымдық, ақпараттық және проблемалардың шешімін табу құзіреттіліктерін қалыптастыруға қол жеткізудің басты тетігі – оқушының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру. Өйткені функционалдық сауаттылық оқушының белгілі бір мәдени ортада өмір сүруі үшін қажетті деп саналатын және оның әлеуметтік қарым-қатынас жасауына пайдалы білім, білік, дағдылардың бірігуінен құралады.

 Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру ағылшын тілін оқытудың тұлғалық-әрекеттік бағдарын күшейту нәтижесінде жүзеге асады. Өйткені сауаттылыққа оқушы өз әрекетінің иесі – субъект дәрежесіне көтерілгенде толық қол жеткізеді.
Ал оқушылардың ағылшын тілінен функционалдық сауаттылығын арттыру дегеніміз – оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімін сыныптан тыс кез-келген жерде, кез-келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету болып табылады. Мұндағы басшылыққа алынатын сапалар:

      -белсенділік;

      -шығармашылық тұрғыда ойлау;

      -шешім қабылдай алу;

      -өз кәсібін дұрыс таңдай алу;

      -өмір бойы білім алуға дайын тұруы болып табылады.

Тілге қатысты функционалдық сауаттылық:

  • Тілдік ережелерді түсіну;

  • Тілдік нормаларды сақтау;

  • Іс-әрекет тәсілдерін меңгеру;

  • Грамматикалық, орфогрфиялық сауаттылық.


Ә) Функционалдық сауаттылық қалыптастырудың әдістері:

- мән беріп оқыту технологиясы

- диалогтық оқыту

- сұрақ-жауап әдісі

- ойын түрлері

- Блум жүйесі

- сатылай кешенді талдау технологисы

Ағылшын тілі сабағында оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруда мұғалім оқушының назарын аудару үшін сабақ кезінде әртүрлі тақырыптық, пәнаралық, сыныпаралық байланыс орнатып, қызықты әңгімелерді сахналық көрініс ретінде өтуді ұйымдастыра білуі қажет. Сонымен қатар, түрлі көрнекілік құралдарын қолдану, сұрақ-жауап, талдау, жинақтау, ажырату, тақтаға жазу, айтқан ойды мысалдармен дәлелдеу, сөздікпен жұмыс, проблемалық мәселелерге жауап беру, нақтылы және жалпылама тапсырмалар беріп, шағын шығармашылық жұмыстарды орындату, оқушының бірін-бірі сынауы, өзіндік пікір білдіруі, баяндама жасауы, ғылыми зерттеу жазып қорғауы т.б. алуан түрлі әдіс-тәсілдерді қолдануы керек. Осындай әдіс-тәсілдерді түрлендіріп, жүйелі түрде пайдалана білген мұғалімнің шәкірттері өз бетімен жұмыс істеуге тез үйренеді. Орта буын оқушыларының арнайы ереже дәптері, альбомдар, сөздіктері, конспектілері, хронологиялық кестелері болуы тиіс. Сонымен қоса шығапмашылық дәптері де болғаны жөн. Оған оқушыларды өздеріне ұнаған мақал-мәтелдерді, афоризмдерді, шешендік сқздерді жазып алуға баулу керек. Осы ретте кейбір оқушыларда шығармашылық қабілет ашылып қысқа әңгіме, мақала, күнделік, пікір жазып үйренуіне мүмкіндік туады.

Оқушылардың білімге ынтасының болуы, олардың сабақтағы белсенділігінің артуына білім сапасының жоғарлауына, білім алудың пайдасын түсінудің қалыптасуына мүмкіндік береді. Білім берудің құрылысын,белгілі уақыт ішінде берілетін білім көлемі  шектеулі және анық болуы, оқушылар мұғалім берген мақсаттарды түсінетіндей, қабылдайтындай етіп құру керек және оқушы мұғалім қойған мақсатты белсенді жүзеге асырушысы болуы тиіс. Оқушылардың білімге ықыласын, қызығушылығын арттырудың ең жақсы жолының бірі – сабақта ойындарды қолдану. Ойын – әрқашан кішкене білім, кішкене білім бола отырып, баланы білім алуға, еңбекке дайындайды. Рөлдік ойындар, коммуникативтік шағын әңгімелер, үлгі сөйлемдерге қарап шынайы диалогтар құрау –жұппен, топпен , оқушы- сынып, оқушы –топ т.б. Мен өз сабақтарымда алдымен топқа бөліп,ой қозғап,жаңа тақырыпқа қызықтырып бағыттаймын.Тақырыптың ең құнды мәселелерін анықтауға ұсынамын,салыстыруға,ойларын сыни тұрғыда ойлана отырып жазуды ұсынуға,қорытынды жасай алуға ,сабаққа кері байланыс ұсынуға үйретемін. Ал,мұндай сабақта оқушы топта жұмыс жасауға бейімделеді,мәтінмен өздері танысады,менің пайдаланған жаңа әдіс-тәсілдерім арқылы жаңа сабақты меңгереді,ой қорытып қағаз бетіне түсіреді,ой толғайды,диалогқа түседі,пікір алмасады,сыни ойланып сұрақтарға жауап береді. Яғни,сыни ойлау ақпарат алудан басталып,қаралатын мәселеге байланысты шешім қабылдаудан аяқталады.Сыни тұрғыда ойлауға қалыптасқан оқушының функционалды сауаттылығы да дамып,өзіне анық мақсат пен міндет артады,және өзіне деген сенімділігі пайда болады.Нәтижесінде неғұрлым дамытылған оқушының жеке тұлғасы қалыптасады.

СТО стратегияларын қолдану, «Ыстық орындық», шеңбер, категориялық топтастыру. Ағылшын тілі сабағында мынадай әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы оқушылардың сабаққа ынтасын арттыра отырып, білім сапасын жетілдіріп, сауатты болуға дағдыландырады.

«Шеңбер»  пайдалы әдіс . Бұл шеңберде оқушылар бір нәрсеге өзінің түсінігін айтады, талқылайды , идеяларын бөлісе алады және шеңбер түрінде отырады. Шеңбер бұл нағыз еш сынсыз,  тілмен шағуға, кекетуге лайықсыз жер деген ережені бұзбауы тиіс.

«БББ» кестесінің алғашқы екі кестесін, яғни «не білемін», «не білгім келеді» оқушылар жаңа тақырып басталмас бұрын толтырады. Жаңа білімнің маған берер пайдасы қандай болмақ деген сұрақтарға жауап беруге ұмтылады.

Жұптағы ой қозғау. Оқушылар қандай да болмасын ақпарат туралы бар білгендерін жазбаша келтіреді. Бұл тапсырманы орындауға берілген уақыт 2-4 минут қана, оқушылар өз жұптарымен жазғандарымен бөліседі, сұрақтарға жауап береді, тізімдерін толықтырады.                                                                                                  Кластерлер (жүзімнің шоқтары деген мағынада). Идеялар мен ақпараттардың арасындағы байланыстарды айқындауға арналған жазба кестелер. Негізгі тақырып немесе тірек тақтаның ортасындағы шеңберге жазылады да, одан туындаған тақырыпшалар оның жан-жағына жазылып, шеңберленеді, оқушылар оларды бір-біріне қосады да, өзара байланыстыру туралы әңгімелейді. Мысалы:

Ойлан, жұптас, пікірлес – оқушыларға қандай да болмасын сұрақ, тапсырма ,ереже берілгеннен кейін оларды тыңғылықты орындауға бағытталған тәсіл. Тақтада сұрақ, тапсырма жазылғаннан кейін әрбір оқушы жекеше өз ойлары мен пікірін берілген уақыт ішінде (2-3 минут) қағазға түсіреді. Содан кейін оқушы жұбымен жазғанын 3 – 4 минут талқылайды, пікірлеседі. Мұғалім 2-3 жұпқа өз пікірлерін бүкіл сыныпқа жариялауын сұрануына болады.

Алдын – ала берілген атаулар – мұғалім сабақ барысында жаңа тақырып бойынша тақтаға бірнеше атау ,терминдер) жазып қойып (3-4атау) оқушыларға олардың мағынасы, мазмұны және өзара қатынасы мен байланысы туралы ойлауын сұрайды. Бұл жұмысты оқушылардың жеке жұппен немесе шағын топ ішінде ауызша яки жазбаша орындалуы ықтимал. Содан кейін мұғалімнің бірнеше оқушының ойы мен пікірін тыңдауына болады

Еркін жазу – оқушылардың тақырып бойынша өз ойларын қағазға түсіруді талап ететін тәсіл. Оқушылар берілген уақыт аумағында (5-7 минут) тоқтамай жазуы керек.  Сабақтың негізгі бөлімінде мұғалім оқушыларға білім алудың белсенді тәсілдерін ұсынып, олардың өздігінен жаңа мәліметті жан – жақта қарастырып, зерттеп, игеруіне мүдделі. Оқушылар жекелей, жұппен, топпен жаңа ақпаратпен танысып, ол туралы өзіндік пікір қалыптастырады.

Сұрақ қою қайтадан сұрақ қою – мәтіннің әр бөлігінен кейін оқушыларға бір – біріне немесе өзгеде оқушыларға белгілі бір жүйемен сұрақ қою тәсілі.Мәтіннің бірінші бөлігі оқылып жатқанда А оқушы В-ға бірнеше сұрақ жазбаша дайындайды. Мәтін оқылып біткеннен кейін В оқушы жауап береді. Екінші бөлімнен кейін керісінше В оқушы А оқушыға сұрақ қояды. Үшінші бөлімнен кейін екеуі С және Д оқушыларға сұрақ қояды. Оқушылардың өздеріне  тақырып бойынша  ағылшын тілінде басқа адамдардан  интервью  алу, беру , бейнежазбаларға түсіріп  сыныпта талдау, олар үшін өте қызықты.

Сыныпта топпен жұмыстарды ұйымдастыруда АКТ  технологияларын пайдаланып  тапсырмаларды берудің  нәтижелі екені көз жеткізілді. Бір топ басқа топқа тапсырма дайындауда ұялы телефон мүмкіндіктерін пайдаланып бейне сұрақтар дайындайды. Әсіресе, 8- сынып оқушылары  оқу жоспарындағы елтану тақырыптары бойынша қолданды. Сабақтың нәтижелі болуы басқа пәндердегі тақырыптармен сәйкес келіп бір-бірін толықтыра түссе, сауаттылықтың арта  түсуіне ықпалы зор. Оқушылардың белсенділігін арттырып, өз бетінше тілін дамытуда ,оларды  түрлі тақырыптарда сөйлеу үшін, оқу процесін жеңілдету және жетілдіру үшін сабақта бейнефильмдерді пайдаланудың дидактикалық та, экономикалық та  маңызы зор. Бейнефильмдер оқушының фонетикалық, лексикалық, грамматикалық материалды  жақсы меңгеруіне, оны интенсивті түрде бекітуге көмектеседі. Сабақта бейнефильмдерді қолдану нәтижесінде оқушылар өздері меңгерген оқушының фонетикалық, лексикалық, грамматикалық материалдарды  өз ойларын айту үшін  қолданады. Фильмді көрсету барысында мына жайлар ескеріледі: 1.Негізгі идеяны анықтау; 2. Басты ақпаратты толық түсіну;  Фильм көрсетілген соң оқушылар сұрақтар қою арқылы түсініктерін тексеру, оқушылар қажетті сұрақтар қоймаса бағыттау сұрақтарын қою, сюжетті талқылау, рөлдік ойын ұйымдастыру т.б.

«Идея» – бір ұғымға , затқа т.б. бірнеше ой айту.

«3 нәрсе» - сабақтан алған 3 нәрсені айтады, немесе ұнамағанын айту.

Әр сабақтың соңына оқушы сабақтан не алды, нені түсіну,орындау қиын болды, қай тәсіл ұнады пікірлерін ауызша, жазбаша түрде білдіреді, ұсыныстарын айтады. Оқу жылын аяқтағанда осындай сұрақтардан білгенім оларға басқа елдер туралы тақырыптарды өткен қызықтырады, сабақтардағы презентация, видеофильмдер,үлгі диалогтармен жұмыстану жеңілдеу деп ойлайды,  өздері құрастырған сұрақтар, өздері түсірген  тапсырмалар, бейнежазбалар ұнайды екен.Топпен жұмыс ұйымдастырғанда олар топтық бағалағанды дұрыс деп санайды.



































ІІІ Қорытынды.

«Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» дегендей, әр ұстаз өз пәнінің шебері, шәкіртінің бойына білімін сіңіре алуда ұстаздар қауымының атқаратын жұмысы ұшан-теңіз. Өйткені жас дарынмен жұмыстың ауыртпалығы мен қуанышын бірге бөлісетін жан да, оның шығармашылық қабілеттерін ашатын кілт те, жас ұрпақтың жаңа заманға сай құзіреттілігін дамытатын бірден-бір тұлға – ұстаз. Ал кез-келген ұстаз өз пәнін барынша түрлендіріп, әсерлі етіп өткізуге тырысады.

Ағылшын тілін оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, ағылшын тілінде сөйлеу мәдениетін дамыту мәселесін негізге ала отырып, жаңадан тіл үйреніп жатқан жас буынның ағылшын тілінде оқу, жазу, сөйлеу сауаттылығын арттыру білікті маманның еншісінде. Қортындылай келе, ағылшын тілі сабағында оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға бағытталған білім мазмұнын игерген оқушылардың білімдері мен біліктері өмірлік жағдаяттарда қолдана білуді, әртүрлі ақпарат көздерімен жұмыс істей білуді және алынған ақпараттарды сыни тұрғыдан бағалай білуді, өзінің болжамдарын ұсыну және зерттеулер жүргізу, өзінің ойын негіздей білуді; іскерлігі мен дағдыларын адами іс-әрекеттердің әртүрлі салаларында, сондай-ақ тұлғааралық қарым-қатынас пен әлеуметтік қатынастарда өмірлік міндеттерді шешу үшін пайдалануды қамтамасыз ететіндігін айтқым келеді.


























Пайдаланылған әдебиеттер:

1.«ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдаламасы» 2010ж. 
2. ҚР Жалпыға міндетті білім берудің Мемлекеттік стандарттары// 12 жылдық білім беру 2012 ж. 
3.Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары, 2012.

4.Ағылшын тілін оқытудың қазіргі замандық әдістемесі







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!