Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Ағылшын тілі сабағында оқушылардың сөздік қорын дамыту
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Ғылыми жоба:Ағылшын тілі сабақтарында оқушылардың сөздік қорын дамыту
Дайындаған: Мантиева Балжан Берікхановна ағылшын тілі пәнінің мұғалімі
Жобаның
мақсаты : Жобаның міндеттері :
Аннотация
Болашақтың бүгінгіден нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат
қоғамын алға апаратын күш тек білімде ғана. « Ұрпағы білімді
халықтың тілін үйрену. Жасыратыны жоқ, бүгінгі таңда ағылшын тілін
меңгеру болашағы бұлыңғыр болмайды» дегендей, жас ұрпаққа сапалы,
мән - мағыналы білім беру – бүгінгі күннің басты
талабы.
Кіріспе: Мектепте тәрбиелеу-оқыту жұмысында оқушылардың тілін дамыту, сөздік қорларын дамыту, ауызша сөйлеуге үйрете отырып, үйренген сөздерін күнделікті өмірде еркін қолдану, әрі оны күнделікті іс-әрекет кезіндегі тілдік қарым-қатынаста қолдана білуге жаттықтыру ісіне ерекше мән берілген. Мектеп жасындағы балалармен сөздік жұмысын жүргізу ісі- тіл дамытудың негізгі бір міндеттері болып есептелінеді. Ағылшын тілі сабағында сөздік жұмысын жүргізе отырып, оларды айналасындағы заттармен таныстырып, атын атай білуге, қасиеті мен сапасын, түр-түсі және пішінін ажырата білуге, өмірдегі, қоршаған ортадағы түрлі құбылыстар жайындағы ұғым, түсініктерін дамыта отырып, белсенді түрде тілдік қарым-қатынас жасай білуге үйретеміз. Мектепте оқушылардың сөздік қорларын дамыту ісінде: - оқушылардың сөздік қорларын дамыту; - жаңа сөздерді меңгерту; - үйренген сөздерін тиянақтап, анықтап, әрі байытып отыру басты міндет саналады. Осы аталған міндеттерді оқушы үнемі сөздік жұмысын жүргізуде басшылыққа алып отыруы тиіс. Оқушылардың сөздік қорын дамытуда ойын, тапсырма, жаттығулардың орны ерекше. Соның ішінде ойын – баланың шын тіршілігі. Ойын арқылы бала айналасындағы нәрседен өзіне қызықтысына ықыласы ауып, таңдап алады. Баланың бір ерекше қасиеті сөйлеуден еш жалықпайды. Ойын бала тілінің дамуына ықпалын тигізіп, таным белсенділігінің дамуына жол ашады. Қай бала болмасын ойынмен өседі, өйткені бала табиғатының өзі тек ойынмен байланысты. Ойын үстінде бала еш нәрсеге тәуелсіз.Ол өзін еркін ұстайды. Ал еркіндік дегеніміз барлық дамудың баспалдағы, бәрін білуге деген талпынысы мен құлшынысы. Оқушылардың білуге деген құштарлығы, сөйлеуі ойын үстінде қалыптасады.
Негізгі бөлім:
Сөздік қорды дамыту ісін ұйымдастыру жұмысында ойын сабағы ең негізгі орын алады. Оқушылардың бақылау, заттарды қарау, сурет қарау, жұмбақ шешу және құрастыру, саяхат, ойын-сабақтарын ұйымдастыру барысында балалардың сөздік қорларын дамытады. Арнайы ойын-сабақ және сабақ мазмұнына қарай танымдық, дамытушы ойындарды, тапсырмаларды қолдану, балаларды заттарды бір-бірімен салыстыруға, оларды қасиетіне қарай ажыратуға және оны танып білуге үйретеді. Сөйтіп бала топтағы жасына сәйкес бағдарламалық міндетті меңгереді.Ойын ұйымдастыруда тәрбиеші өзі жетекші бола отырып, оқушылардың ойнай білуге, ойын ережесін сақтауға, әрі оларды ойната отырып, ойлануға бағыттайды, заттың атын немесе қасиетін есінде сақтап қалуға жол ашады, ойынға қызықтыра отырып зейінін, қиялын дамытады. Сонымен қатар ойын барысында оқушы үлкендермен, өз құрбыларымен қарым-қатынас жасайды. Әр бала өз жетістігіне қуанып, мәз болады. Сондықтан да ойын-тапсырмаларды таңдауда және іріктеуде балалардың жас және жеке ерекшелігін ескерген жөн. Мұғалім балалармен ойынды (заттармен, үстел үсті және сөздік ойын)үш түрлі етіп өткізуіне болады. Заттармен ойналатын ойын ойыншықтарды, табиғи заттарды қолдану арқылы өті леді. Мысалы: «Дәл осындайды тауып ал», «Find similarity» «Салыстыр да, атын ата», «Compare and call», «Қай ағаштың жапырағы», «By what leaf of the tree», «Бірдей ойыншықты тап», «Find similar toys», «Қайсысы көп, қайсысы аз» «Where more, where less», т.б. Үстел үсті ойынын ұйымдастыруда домино, лото, суреттер қолданылады. Мысалы: «Суретті құрастыр», «Қандай затқа ұқсайды?», «By what subject like?» «Қай сурет тығылды?», «Which figure is hidden?», «Бір сөзбен ата», «Give one word», «Кім байқағыш», «Who observant», «Қиылған суреттер», «Ұқсасын тап», «Spot the difference» , «Есіңде сақта», «Remember» . Ал сөздік ойын арқылы сөзді орынды қолдана білуге, дұрыс жауап айтуға, сөз мағынасын түсінуге, орынды сөйлеуге үйренеді. Мысалы: «Сөз ойла», «Remember the words», «make words», «Жұмбақ ойла», «Make a puzzle», «Жақсы-жаман», «Good or bad», «Жалғастыр», «Continue» . Сонымен қатар балалардың сөздік қорларын дамыту жұмысына ойындарды қолданумен қатар, «Пішіндер көрмесі», «Gallery of figure», «Remember the figure», «Қиын жолдар», «Difficult road» , «Суретті жалғастыр», «Continue picture» «Биші адамдар», «Dancers », «Көңілді таяқшалар» «Funny sticks» тәрізді жаттығу тапсырмаларды да пайдаланып отыру өз нәтижесін берді. Бұл аталған жаттығу, тапсырмалар балалардың сөздік қорын дамыта отырып, таным белсенділіктерін және саусақ бұлшық етін дамытады. Жалпы ойынды ұйымдастыру ойынды өткізуге әзірлік, ойынды өткізу, ойынды талдау сияқты үш бағытты қамтиды. Ойынға қажетті құрал, заттарды даярлау ойынды өткізуге әзірлік болып табылады. Оқушылардың ойынның мазмұнымен таныстыру ойынды өткізу болып табылады. Ойынды талдау, бұл ойынның өз мақсатына жетуі, балалардың белсенділігі және олардың іс-әрекеті болып табылады. Сонымен оқушылардың сөздік қорларын дамытуда ойындарды, тапсырма-жаттығуларды қолдану үлкен нәтиже береді. Ойын арқылы балалардың сөздік қоры дамып, ауызша сөйлеу машығын игереді, таным белсенділіктері қалыптаса түсіп, ақыл-ойы өсіп жетіледі, әрі адамгершілік қасиеттер бойына сіңіреді. Міне, сондықтан да оқу-тәрбие үрдісінде әр түрлі ойындар арқылы баланы жан-жақты дамыту ісіне ерекше көңіл бөлемін және бұл менің ең негізгіалдыма қойған мәселем. Сонымен, баланың сөздік қорын дамытумен қатар, тілін дамыту да ойын арқылы жүзеге асады. Оны төмендегі ойын түрінен көруге болады.
Оқушылардың саусағын ойната отырып, тілін дамыту
Саусақ ойыны- бұл ұрпақтан ұрпаққа жалғасын тауып келе жатқан, әрі үлкен мәні бар мәдени шығармашылық. Саусақ ойыны-саусақтардың көмегімен қандай да болмасын ертегіні немесе өлең-тақпақ шумағын сахналау болып табылады. Саусақ ойыны арқылы оқушылардың сөйлеуге деген талпынысы, қабілеті дамып, ынтасы артады және шығармашылық әрекетіне жол ашады. Саусақ ойынын ойнай отырып, балалар қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды, жан-жануарларды, құстарды және ағаштарды бейнелей алады. Саусақтарының қозғалыс- қимылына қарап бала қуанады, шаттанады, сөзді айтуға тырысады және өлеңдегі үйренген сөз шумақтарын қайталап айта отырып, есінде сақтайтын болады. Сонымен қатар оқушылардың екі қолын қимылдата отырып, оң, сол, жоғары, төмен т.б. түсініктерді бағдарлай алуды үйренеді. Ал ағылшын тілі сабағында тіл кемістігі кездесетін балалардың жалпы қимылдары, соның ішінде саусақ бұлшық етінің қимылдары жеткілікті деңгейде дамымайды. Сөйлеу тілі мүшелері әрекетінің қозғалуларының дамуы қол саусақтарының нәзік қимылдарының дамуымен тығыз байланыста болғандықтан, бала қолының ептілігін толық жетілдіру, түзету- тәрбие жұмысын жүйелі жүргізуді қалайды. Саусақ ойынын балабақшада және үй жағдайында әсерлі, көңілді түрде ұйымдастыруға болады. Алдымен балаларға саусақ ойыны түсіндіріледі, әр қимылы көрсетіледі. Мысалы: «Саусақтар сәлемдеседі» ойынын алайық. Мұнда бас бармақ ұшы әр саусақтың ұшымен кезекпен түйіседі. «Адамдар келеді». Hello. How are you? Балалар осындай саусақ ойынын ойнай отырып, өлең шумағын қызыға айтады. Мысалы, «Моншақ». Қызыл-сары көк моншақ. Мен жасаймын көп моншақ. Red beads, blue beads I did a lot of beads Мұнда қатар екі қолдың бас бармағымен сұқ саусақтарының ұшын түйістіре отырып, моншақ тәрізді бейнелейді, әрі оларды тізбектеп жасау балалар үшін өте қызықты әрекет, әрі қол бұлшық етін дамытуға үлкен көмегін тигізеді. Сонымен саусақ ойындарын жүргізу арқылы балалардың саусақтарының нәзік қимылдары мен бұлшық еттерінің жетілуімен бірге, олардың сөйлеу тілі мен ойлау қабілеттері дамитын болады және кейін жазу шеберлігін ойдағыдай меңгеруіне дайындайды. Оқушыларға әр сабақтың жаңа сөздерімен сөз тіркестерінің сөздігін жасатуды қалыптастырдық. Бұл жұмыстың пайдасы зор. Оқушы әр сабақтағы жаңа сөздер мен сөз тіркестерін өз сөздігіне жазу арқылы ол сөздердің жазылуын, аудармасын қайталайды, оның есінде сақтау мүмкіндігі артады. Оқушы өз сөздігін кез келген уақытта пайдалана алады. Сөйлеуде, кітап оқуда, керек жағдайдың бәрінде өз сөздігінен керек сөзін тауып алып пайдалануына болады. Сондай – ақ , оқушының сөздік қорын тексеру әдістері
бар.Олар мыналар: Жалпы өз тәжірибемнен алып айтатын болсам, мен өзімнің
әрбір сабағымда оқушыларға үй тапсырмасы ретінде сөздік жаттауды
міндетті түрде беріп, ал келесі сабақтарда сол сөздікті сұрауға
арнайы уақыт бөліп отырамын. Яғни оқушылардан сөздікті не жазбаша
түрде, не ауызша түрде қайтадан сұрап отырамын.Себебі бұл шет тілі
болғандықтан біздің әрбір сабағымызда жаңа сөздердің болмауы мүмкін
емес. Ал егер әрбір сабақтағы жаңа сөздерді оқушы жаттап алып
отырса, онда бірінішіден ол оқушының сөздік қоры жаңарады,
екіншіден, бұл әдіс оқушының келесі сабақты да жақсы түсінуіне
түрткі болады деп ойлаймын. Оқушылардан сөздікті жазбаша түрде
сұрауымның себебі, олар тек ауызша ғана жаттап алып қоймай сөздің
орфографиялық жағына да мән беретін болады. Мысалы, бір сабақтың
үстінде бір оқушыдан ауызша сұрасам, бір оқушыдан жазбаша сұраймын.
Яғни, оқушы сонда ауызшаға да, жазбашаға да дайындалып келетін
болады. Оқушылардың сөздік қорын дамытуда , мен айтар едім, ақпараттық -коммуникациялық технологияның, түрлі қарапайым ойындар мен рөлдік ойындардың, диалогтың, яғни, коммуникативтілік әдістің ,сондай – ақ түрлі көрнекіліктерді қолданудың маңызы зор дер едім, Сабақ барысында ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдалану үлкен мүмкіндіктерге жол ашады деп ойлаймын. Тәжірибе көрсеткендей, мультимедияның ағылшын тілін үйретуде мүмкіндіктері зор. Педагогикалық зерттеулерге сүйенер болсақ, ағылшын тілін оқытуда мультимедиалық бағдарламаларды және ресурстарды пайдалану арқылы мынадай құндылықтарға қол жеткізуге болады
|
3This person cleans and fixes your
teeth. _____________________
4.This person works in a school and
helps people learn. _____________________
5.This person helps grow the food we eat. _____________________
6.This person works in a hospital or
a doctor’s office.
3.Job interview
Interviewer Good morning, (1)_____________ . Why do you want to work with us at camp Elisabeth? What experience do you have?
What are the most important (5) ________ you should have working with children? Are there any questions do you want to ask me? Yes, (7) ___________ . I'll be (8) __________ with you next week. You are welcome. |
Interviewee Good morning, (2)_____________ . I’d like to work with children and get some (3) ______________. I (4) ____________ working at a School Club. I’ve helped the youth to organize sport events, parties and trips to various places. The (6) ___________ for this Job – patience and enthusiasm. Also I have to be careful. Will I get the answer to my appointment?
Thank you very much. |
|
|
|
|
||
|
|
|
|||||
|
Expressions for filling in Certainly, enjoy, getting in touch, important thing qualities, take a seat, thank you, work experience.
Көрнекіліктің бұл түрімен жұмыс барысында оқушының тақырыпты қалай меңгергендігін есепке алуға болады. Сөздерді дұрыс айту, сауатты жаза білу – тіл мәдениетінің басты талаптарының бірі. Өйткені шын мәнісінде, сөздердің айтылуы мен жазылуы бірдей бола бермейді. Оқушыларды өз ойын толық баяндай білуге үйрету, байланыстырып сөйлеу дағдысын қалыптастыру – әр мұғалімнің парызы. Сөздік жұмысы да, көрнекіліктермен орындалатын тапсырмалар да оқушыларды байланыстырып сөйлеуге даярлайды. Тиісті затты көзбен көру, қолмен ұстау немесе суретін көрсету арқылы жүргізілетін сабақ есте жақсы сақталады. Сабақ үстінде оқушылардың тілін ұстартуда сабақты құрғақ сөзбен түсіндіргеннен гөрі, көрнекі құралды пайдаланып түсіндірген тиімді. Сөздік жұмысы да, көрнекілікпен жұмыстары да оқушыларды байланыстырып сөйлеуге даярлайды. Дидактикалық материалдарды тақырыптардың жүйесі бойынша тапсырмаларға бөліп беру ұтымды. Ағылшын тілінде сөйлей білмейтін оқушылардың сөздік қорын, сөйлеу тілін дамытуда көрнекілік пен ойын әдісін, сөйлеу үлгілерін қолдануға болады. Оқушылардың сөздік қорын дара суреттер не заттың нақтылы өзін көрсету, ойындар ойнату және өзара сөйлестіру жолдарымен байытып, сөздің дыбысталу жағын дұрыс айтуды, грамматикалық тәсілдерді, логикалық жаттығуларды орындату арқылы өткізу керек. Соңғы жылдардағы тілші, әдіскер ғалымдардың зерттеу
жұмыстарының нәтижесіне жүгінсек, мектеп оқушыларының көпшілігінің
сөздік қоры жұтаң, сөз тіркестерін, сөйлем және мәтін құрауда
дәрменсіздік танытатындығын, ойын жүйелі түрде айтып бере
алмайтындығын, ауызша сөйлеу дағдысының төмендігін байқауға болады.
Мұның басты себебі, оқушының сөйлеу формаларын игерудегі дағдысының
әлі қалыптаспағандығынан, білімінің жеткіліксіздігі деп санаса,
кейбір зерттеушілердің пікірінше, мектептегі тіл дамыту жұмыстары
өз дәрежесінде жүргізілмейтіндігінде деп санайды. Қазіргі кезде
оқушылардың ауызша сөйлеу әрекетін қалыптастыру – бүгінгі күннің
өзекті мәселесі болып табылады.Сондықтан да ағылшын тілі сабағында
мұғалімнің басты мақсаты ең әуелі оқушының сөздік қорын
қалыптастыру болып табылады. Оқушылардың сөздік қорын қалыптастыру
белгілі бір жүйемен үздіксіз жүргізіліп, оларды жүйелі сөйлеуге
дағдыландыру кешенді жұмыстар мен жаттығулар негізінде
ұйымдастырылса, оқытудың жаңа технологияларын қолдану арқылы
күтілетін білім нәтижелері оқушылардың ауызша сөйлеу дағдысын
дамытуға негізделсе, онда оқушылардың тілін дамытудың, сөздік қорын
байытудың нәтижесі мен мүмкіндігі арта түсер еді. Мектеп
оқушыларының ауызша сөйлеу дағдысын қалыптастырса, онда оқушы
келешекте қоғамдық-әлеуметтік ортада ойын еркін жеткізуге, әдеби
нормада жүйелі, шебер сөйлеуге
дағдыланады. Кортынды: Оқушылардың сөздік қорын қалыптастыруда сабақта пайдаланатын көрнекі құралдардың маңызы зор деп айтар едім. Көрнекі құралдың мазмұнын оқушылар мұғалімнің ауызша түсіндіру арқылы біледі де, ал көрнекі құрал сол айтқандарын айқындай немесе нақтылай түседі. Қытай даналығында: «Маған айтсаң, мен ұмытып қаламын; маған көрсетсең, мен есімде сақтаймын; ал өзіме әрекет жасауға мүмкіндік берсен, мен үйренемін» деп айтылғандай, біз балаға бір ақпаратты тек айтып қана қойсақ, ол ұмытып кетуі мүмкін, көрсетсек есінде қалуы мүмкін Көрнекі құралдарды пайдалану арқылы балалар алдымен сөз, содан кейін сөйлем ойланып, ойын жүйелі, тұтас айта білуге төселеді. Әр балаға жеке-жеке үлестіріліп берілетін карточкалар сөздік жұмысын игертуге, сөйлем ойлатуға мақсатталған. Ағылшын тіліндегі тақырыптарды қамтитын жаттығу жұмысына арналған үлестірмелерді балалардың тапсырманы өздіктерінен орындауына пайдалануға болады. Мысалы, 9 сыныпта өтілген мамандық туралы сабағымда мен мынадай үлестірмелі қағаздар пайдаландым.
Пайдаланылған әдебиеттер:
6.”Ағылшын тілі мектепте” журналы
|