Ағылшын тілін кіріктіріп оқыту

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ағылшын тілін кіріктіріп оқыту

Материал туралы қысқаша түсінік
Биология пәні мұғалімдеріне 8 сынып бойынша ағылшын тілін оқыту мақсатында керек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ жоспары 8 «Б» сынып

Күні:________ Тақырып: 8.2.Сүйек құрылымы. 8.3.Буындар.


Күтілетін нәтиже:

Берілген тақырыптың мазмұнын түсіне алады;

Терминология бойынша жұмыс жасауға дағдалынады;

Тапсырманы өз беттерінше орындауға үйренеді;

Ой бөлісі мен пікір алмасуға дағдыланады;

Сынып оқуышыларымен қарым-қатынастары өрбиді;

Қойылған мәселені жетік меңгеріп одан әрі өрбітеді;

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі (2 минут).

- Good afternoon students!

- Good afternoon teacher!

-How are you? –Who is absent today?

Оқушыларды түгендеп, назарын сабаққа аудару.

2.Үй тапсырмасы: «Picture with word» you must match the word with picture

Terminology:

Тірек- Опорные- Reference

Сүйек- Кости- Bone

Бұлшықет- Мышцы- Muscles

Омыртқа- Позвоночник- Spine

Қозғалыс- Движение- Movement

Тепе-теңдікті сақтау- Сохранение равновесия- Maintaining balance

Тірек-қимыл аппараты- Опорно-двигательный аппарат- Musculoskeletal system

Қаңқа- Скелет- Skeleton

Бас- Голова- Head

Қол-аяқ- Конечностей- Limbs'


Тірек

Опорные

Reference

category3_family_241_large.jpg

Сүйек

Кости

Bone


human-muscle-anatomy-animation-muscular-system-upper-body-animation-with-alpha-complete-3d.png

Бұлшықет

Мышцы

Muscles

Омыртқа

Позвоночник

Spine

Қозғалыс

Движение

Movement

Тепе-теңдікті сақтау

Сохранение равновесия

Maintaining balance

Тірек-қимыл аппараты

Опорно-двигательный аппарат

Musculoskeletal system

Қаңқа

Скелет

Skeleton


Бас

Голова

Head


Қол-аяқ

Конечностей

Limbs


3.Жаңа сабақ. «STQ»- стратегиясы «4-picture and 1-word» What is our topic today?


Today our topic is «Structure bone and Joints» Қысқаша түсінік беру.


Терминология:

Сүйектің құрылысы- Структура костей- Bone structure

Сүйектің сырты – Снаружи костей- Outside of bones

Тығыз қабаты- Плотный слой- Dense layer

Сүйектің кемігі - Костный мозг- Marrow

Сүйектің кемікті қабаты- слой костного мозга -bone marrow layer

Шеміршекті- хрящевой- cartilaginous

Буын- Сустав- Joints

буын беті- поверхность сустава- the surface of the joint

Буын қуысы-суставной полости- joint cavity

буын сұйықтығы-паровая жидкость- steam liquid

буын сіңірі- сухожилий- tendons

Қозғалмалы- Подвижная- movable

Қозғалмайтын- Неподвижные- immovable

Жартылай қозғалмалы – слегка подвижный - slightly movable


1.Сүйектер тығыз және борпылдақ дәнекер ұлпаларынан түзіледі. Сүйектің сырты – тығыз ұлпа, ішкі бөлімі – борпылдақ ұлпадан құралады. Сүйектің сыртында сүйек затымен тұтасып кеткен сүйекқабы болады. Сүйек қабының астыңғы бетінің жасушалары бөлініп сүйек затын түзеді. Сондықтан сүйек қабы арқылы сүйектер жуандап өседі. Сүйек сынғанда біртіндеп бітіп, қайта қалпына келуі де сүйек қабына тікелей байланысты. Сүйек қабында қантамырлары мен жүйкелер болатындықтан сүйекке ұдайы қоректік заттар жеткізіледі. Сүйектің екі шетіндегі шеміршекті қабаттағы жасушалардың бөлінуінен сүйек ұзарып өседі. Қаңқаның толық сүйектенуі 20–25 жасқа дейін жалғасады. Адам 25 жасқа дейін өседі. Ересек адамның сүйегінің үштен екі бөлігін бейорганикалық, ал қалғанын органикалық заттар құрайды. Органикалық заттар иілгіштік, серпінділік, ал бейорганикалық заттар мықтылық қасиет береді.

1-сурет. Сүйектің құрылысы:

1 – сүйек ұлпасының жасушалары; 2 – жілік майы жасушалары; 3 – сүйектің кемікті бөлігі; 4 – жілік майы; 5, 6 – қантамырлары; 7 – сүйектің тығыз бөлігі; 8 – сүйек қабы

Сүйектің құрамы. Сүйектің құрамында 50% су, 12,5% нәруыз тектес органикалық зат оссеин (жұмсақ, серпінді органикалық зат) 21,8% минералды заттар (кальций фосфаты), 15,7% май болады. Оссеин заты сүйекке серпінді, иілгіштік қасиет береді. Жас балалардың сүйегінде органикалық заттардың мөлшері көбірек. Сүйектері иілгіш болатындықтан спортқа, циркке, балетке жастайынан қабылдайды. Адамның жасы ұлғайған сайын сүйегінде органикалық заттар азайып, минералды заттар көбейеді. Құрамында минералды заты көп сүйектер иілгіштік қасиетінен айырылып морт сынғыш келеді.

Қозғалмалы немесе буындық байланыстарға аяқ-қол сүйектерінің байланысы жатады.

2.Буындар.Адам денесінде 230-дан астам буындар бар. Буын деп сүйектердің қозғалмалы байланысатын жерін айтады. Әрбір буынның сырты тығыз дәнекер ұлпадан түзілген қабықпен қапталған. Оны буын қапшығы дейді. Буын қапшығында қабырғаларынан бөлінетін буын сұйықтығы болады. Сұйықтық үйкелісті кемітіп, сүйектердің буын ойығында еркін қозғалуына мүмкіндік береді. Сонымен буында буын беті, буын қуысы, буын сұйықтығы және буын қапшығы болады.

2-сурет. Сүйектің байланысы:

1 – жамбас сүйегі; 2 – буын қапшығы; 3 – буын қуысы; 4 – ортан жілік; 5 – буын сіңірі; 6 – ортан жіліктің ұршық басы; 7 – буын беті; 8 – буын созылғанда көрсетілетін жәрдем

Сүйектің бір-бірімен байланысатын шеті жылтыр, тегіс шеміршекпен қапталған. Қозғалу кезінде шеміршек үйкелісті азайтып, оқыс соққыны (толчок) әлсіретеді.


Аттарда адамдарға қарағанда 18 артық сүйек бар


4.Жаңа сабақты бекіту. «Jigso» және «Anagramma» стратегиясын қолдану

1. Оқушыларға мәтінді 4-ке бөліп береді топтарға. Берілген тақырыпты топ ішінде талқылап, әр түрлі тәсілдермен топтық жұмыс жасау. Басқа топтарға өкілдерді жіберіп, өз жұмысы туралы топта талқылау, идеялармен бөлісу, ынтымақтастықты дамыту.

1- топ. Егер сүйекті біраз уақыт тұз қышқылына салып қойса, ол жұмсарады.Оның құрамындағы минералды заттар қышқылдың әсерінен еріп, ерітіндіге бөлініп, органикалық заттар ғана қалады.Егер сүйекті жағатын болсақ, органикалық қосылыстар жанып, су буланып кетеді,үгітіледі.

2-топ.Жас балалардың сүйегінде ағзалық заттар мөлшері көбірек.Адамның жасы ұлғайған сайын сүйегінде ағзалық заттар азайып,минералды заттар көбейеді.Құрамында минералды заты көп сүйектер иілгіштік қасиетінен айырылып, морт сынғыш келеді.

3-топ.Сүйектің химиялық құрамына ішкі секреция бездері әсерін тигізеді.Қалқанша безінің қасындағы гормоны сүйектің құрамын реттейді.Қалқанша безінің құмысы күшейгенде сүйектегі минералды заттар(кальций, карбонаты мен фосфаты)нәжіс пен несеп арқылы шығып кетеді.Ал қалқанша безінің құмысы нашарласа, онда сүйектің өсуі мен дамуы тежеледі.

4-топ.Қаңқаға салмақ түссе сүйек қалпын өзгертеді.Балерина аяғының ұшын тірек ететіндіктен, башпайының ұшы жуандап салмағы жеңілдейді.Дене шынықтырумен айналысу жаңа ғана қалыптасып келе жатқан қаңқаның жетіліп, нығаюына мүмкіндік береді.



5.Үйге тапсырма. Жаңа терминдерді жаттау. Сүйектің құрылыс мен буындар жайлы қосымша мәліметтер қарастыру.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.12.2018
803
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі