Ағылшын тілін оқыту технологиялары

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ағылшын тілін оқыту технологиялары

Материал туралы қысқаша түсінік
мәтіндер арқылы жұмыс жасаудың түрлері
Материалдың қысқаша нұсқасы

*

*

*

*

*

*

4

3

2

1

кіріспе

соңы

Бейнелер қатары

Оқиғалардың шеңбері

Көркем кеңістік

Көркем әлем

Көркем антропология

Көркем

Алматы Еңбекшіқазақ ауданы Казатком ауылы

Казатком негізгі орта мектебі КММ

Ағылшын тілі пәні мұғалімі

Тлеумбет Мөлдір Даулетқызы


Әдістемелік құрал

Ағылшын тілін оқыту технологиялары














Алматы 2025


Жоспар

Кіріспе_______________________________________________3

І. Мәтіндер арқылы тіл үйрету____________________________4

1.1 Мәтінмен жұмыс жасаудың түрлері___________________4

1.2. Сыныптан тыс оқуға арналған мәтіндермен жұмыс_____6

1.3. Көркем мәтін арқылы көркем әлемге_________________7

ІІ. Мәтінді тыңдап түсінуге үйрету________________________9

2.1 Мәтінді тыңдап түсінудегі қиындықтар_______________11

    1. Тыңдап түсінуге үйрететін жаттығулар_______________13

ІІІ. Ағылшын тілінде берілген мәтінді оқуға үйрету__________16

    1. Оқу түрлеріне қойылатын негізгі талаптар___________20

    1. Ағылшын тілін оқыту әдістемесінде оқуға байланысты іскерліктер_______________________________________ 21

    2. Таныса және зерттей оқу түрлерін дамыту_____________23

Қорытынды____________________________________________26

Қолданылған әдебиеттер_________________________________27


















Кіріспе


Тіл – адам қоғамының ең негізгі қатынас құралы тіл үйрету дидактикалық ұстанымдардың ішінен алғашқысы – оқытудың ғылымилығын қолдануға болады. Мұндағы басты мақсат – білім беру, яғни тілді ғылыми тұрғыда үйретті. Ағылшын тілінің қолданылу аясының кеңеюіне байланысты қазір барлық мектепдерде, жоғары оқу орындарында ағылшын тілін үйрету ең негізгі мәселелердің бірі болып отыр.

Тіл үйретуде мәтіндермен жұмыс істеудің атқаратын рөлі өте зор. Мәтін – дербес тұтастық. Оны түсіну дегеніміз – сол мәтіндегі фактілі-ақпараттарды ала білу және оның мазмұнын түсіну сонымен қатар оларды біртұтас бірлікке жинақтай білу.

Соңғы 10-жылдықта мәтін көптеген лингвистикалық зерттеулерге арқау болуда. Мәтін туралы лингвистикалық ғылымның алғашқы қалыптасуында мәтін анықтамасы жөнінде әртүрлі кереғар пікірлер болды. Лингвистикалық энциклопедиялық сөздікте берілген, жиі айтылып жүрген анықтаманы келтіруге болады. Мәтін – латын сөзі textus - өрілім, қосылым, арқау, тілдік бірліктердің мағыналық байланысы арқылы біріккен тиімділігі дегенді білдіреді. Басты қасиеттері – байланыстылық (орамдылық) пен тұтастық. Сонымен, мәтіннің басты сипаты – оның тұтастығы.

Мәтін – ол әр тараудың тақырыбына негізделген, ішінде жаттығып жұмыс істеуге арналған үлгі құрылымдары бар, оқуға арналған сөйлемдер жиынтығы.

Кейбір мәтіндерді суреттеме, кейбіреулерін әңгіме немесе мақала, не болмаса диалог, әлде хат ретінде таңдап дайындауға болады. Оларды мұғалім өзі дауыстап оқып білуіне немесе оқушылардың өздеріне іштен оқытуына болады.


















І. Мәтіндер арқылы тіл үйрету.


Мәтіндермен жұмыс – тіл үйретуде негізгі элемент. Мәтін – дербес тұтастық. Мәтінді түсіну дегеніміз – сол мәтіндегі фактілі ақпараттарды ала білу және оның мазмұнын түсіну сонымен қатар оларды біртұтас бірлікке жинақтай білу.

Тілші ғалымдар мәтіндердің өзіндік ерекшеліктеріне, көбіне мына мәселелерге жиі тоқталады:

  1. Ақпараттардың жазба түрінде берілуі;

  1. Мәтіннің мазмұндық және құрылымдық тұтастығының сақталуы;

  2. Мәтіннің бөліктері өзара байланысты және сабақтас болуы;

Мамандыққа байланысты оқытқанда мына мәселелерге негізі көңіл бөлінуі тиіс:

А) мәтіннің құрамына талдау жасай білу;

Ә) мәтіндерді мағыналық бөліктерге бөле білу;

Б) әр мағыналық бөліктердегі негізгі және қосымша ойларды ажырата білу;

В) мәтіннің қиын жерлерін оңайлатып, қайта құра білу;

Г) мәтіннің негізгі ақпараттарын жоспар, конспект, аннотация түрінде жазып алып, кейіннен оларды басшылыққа ала отырып жұмыс істей білу;

Студенттерге мәтіндерді оқымастан бұрын, осы талаптарды орындату арқылы, оларды кез келген тақырыптағы мәтіндерді өз бетімен түсіне алу қабілеттерін арттыруға болады.

Мәтіндермен жұмыс істеуде мұғалімдер көбіне аударма, мазмұн айту сияқты жұмыстармен шектеледі. Ал қандай тілді болсын үйретуде істеуге болатын әдістемелік жұмыстар өте көп. Бұл ретте шетел тілін үйрету әдістемелерінен көп нәрсе үйренуге болады. Қазіргі заманғы алдыңғы қатарлы ғалым-әдіскерлеріміздің еңбектерімен таныса отырып, тіл үйретуде мәтіндермен жұмыс істеудің көптеген жаңа әдістерін пайдалануға болады. Мысалы: пәрменді лексиканы пайдаланып сұхбаттасу, мәжіліс, конференция, келіссөздер жүргізу, түрлі әскер тілдің әдістерін іске асыруға болады.


1.1. Мәтінмен жұмыс.


Мәтін – тіл білімінің объектісі ретінде XX ғасырдың соңғы 20 – 30 жылдарында қарастырыла бастады. Мәтін – тіл бірліктерінің барлық басқа түрлерінен өзгеше келетін өзіндік ерекшелігі мол бірлік ретінде танылады.

Мәтін туралы түсінік беруде мәтіннің дыбыстан, фонемадан, сөзден, лексикадан, морфемадан, сөйлемнен (жай сөйлем, құрмалас сөйлем), абзайтан тұратындығын түсіндіріп, сол жеке белгілердің барлығы бірігіп, біртұтас мағынаны, яғниғ мәтінді түсіндіріп береді.

Егер осыған дейін жаттығуларды көп ретте жекелеген дыбыстар мен жекелеген сөздер, сөйлемдердің қызметін, формасын тану үшін ғана мәтін етіп құратын болсақ, ендігі кезекте әрбір тіл бірлігінің қызметі - өзінен жоғары тұрған тіл бірлігін жасау үшін бағытталғанын, нәтижесінде нақты айтылатын ой – мәтін түрінде келетінін түсіндіруімізге болады.

Мәтінді қолданудың екі жақты тиімділігі бар:

  1. Дыбыс, сөз, сөйлемдердің қызметін мәтін ішінде тану мүмкіндігі.

  1. Солардың тұтасқан қызметінің нәтижесінде ерекше тіл бірлігі – мәтіннің композициясы құрылатынын таныту мүмкіндігі.

I. Мәтін дегеніміз – мынадай белгілерге ие болып келетін тілдің күрделі бірлігі.

1. Мәтінде бірден көп сөйлемдер тобы болады.

2. Ол сөйлемдер бір-бірімен мағыналық байланыста.

3. Ол сөйлемдердің тақырыбы бір болады.

4. Сөйлемдердің орын тәртібі де мағынаның тұтастығын, бірлігін сақтайды.

5. Мәтіннің құрамындағы сөйлемдердің бірімен екіншісі ортақ ойды дамыта түсіп байланысып отырады.

6. Мәтіннің құрылымы өзара тығыз байланыста келеді. Мәтін құрамындағы бірліктер (сөйлемдер) тізбектеле немесе параллель түрде байланысады. Бірақ мәтін деп әр жерден терілген сөздер жиынтығы мен іріктелген сөйлемдерді атауға мүлде болмайды. Барлық уақытта оқушының ойында белгілі бір мазмұн туралы тұтас ой қалыптастыратын сөйлемдердің жиынтығын айтады.

II. Оқушылардың құрастырған жекелеген мәтіндерінің құрылымын мына сызба арқылы көрсетуге болады.

Shape1


Бұл сызба бойынша оқушылар құрылуы тиіс мәтіннің кіріспеден, негізгі бөлімнен, ол бөлімнің төрт бөліктен тұратындығын, соңғы қорытындымен аяқталатынын анықтайды.

Алдында көрсетілген жұлдызша қызыл жолды білдіреді. Сол жұлдызшалар арқылы мәтіннің ішкі ірі бөлігі абзацты тани алады.

1. 2. Сыныптан тыс оқуға арналған мәтіндермен жұмыс


Шет мемлекеттер мен қарым-қатынасымыздың күшеюіне және біріккен өкілеттердің пайда болуына байланысты түрлі салада жұмыс істеп жүрген мамандардың шетел тіліне деген қызығуы күннен күнге арта түсіп отыр.

Оқушыға мұндай білімді игеру үшін сыныптан тыс оқуға арналған мәтіндердің қызметі зор.

Мұғалім бұл мәтіндерді оқыту үшін 2 мақсатты көздейді:

  1. Оқуға деген қызығуды қалыптастыру. Оқушылардың оқитын мәтіндері ерекшеліктеріне, қызығу қабілеттеріне қарай іріктелініп алынуға тиіс.

  1. Мәтінді оқыған кездегі қиындықтарды жеңе білуге автордың айтайын деп отырған ойын, мағлұматын мәтіннен ала білуге дағдыландыруы керек.

Оқу барысында кездесетін таныс емес сөздерді меңгеруде кездесетін қиындықтарды жеңу үшін оқушылар мынадай жұмыстар жүргізуі тиіс:

  1. Оқушы сөздіксіз оқи білгені жөн, себебі ол сөздің мағынасын басқа контексте түсінуі ықтимал.

  1. Әрбір жаңа сөз кездескен сайын сөздікке қарауға болады. Себебі, шәкірт жаңа сөз үйренеді. Дегенмен, мұнда оқуға деген құлшыныс төмендейді.

  2. Сөздік кей жағдайда ғана пайдаланылады.

Мұғалім жоғарыда айтылған оқу жолдарын түсіндіріп, оның неғұрлым тиімдісін қалап алуға көмектесуге тиіс.

Сыныптан тыс оқуға арналған мәтіндердің міндеті – оқушыларға пайдалы, жаңа мәлімет беру, оларды өз бетімен жұмыс істеуге дағдыландыру, оқудың әр түрі бойынша оқу әдістері мен дағдыларын қалыптастыру.

Белгілі ғалым С. Фоломкина орта мектепте оқушылар оқудың мынадай түрлеріне дағдылануы тиіс деген пікір айтады: қарап шығу, таныса оқу, зерттей оқу.

Оқушылар көбіне ауызша жұмыстан гөрі жазба жұмысын бірінші орындайды. Себебі жазба жұмысының қорытындысы, нәтижесі көрініп тұрады. Оқушы мақсатына жеткендігін тапсырманы орындап болған соң түсінеді.

Ал ауызша тапсырмада олай емес, мақсатына жеткеніне толық сенімді болмауы ықтимал немесе сабақ кезінде ой мағынасын жеткізіп бере алмауы да мүмкін. Мәтіннің алдында жаттығулар жасатқанда оқу нәтижесі арта түседі. Мәселен:

А) мәтінді оқығанда төмендегі сөздерге көңіл бөліңіздер;

Ә) мәтінді өзіңіз құрған жоспар бойынша айтып беріңіз;

Б) мәтінді оқып болып, соңындағы жаттығуларды орындаңыздар;


Мәтіннен кейін берілетін жаттығу түрлері:

А) мағынасына байланысты мәтіннің қиып, теріп ана тіліне аудару, сұраққа жауап алу;

Ә) жаңа сөзге байланысты мәтіннен негізгі жаңа сөзді табу, бір сөздің құрамын (түбірін, қосымшасын) білу, шетел сөзінің ана тіліне ұқсастығын табу;

Б) пәнаралық байланысқа сәйкес кейіпкерге мінездеме беру, әңгімені қысқарту, кейіпкердің орнында болсаңыз не істер едіңіз, мәтіннен қандай мағлұмат біле алдыңыз?..

Жоғарыда айтылған жаттығулар сыныптан тыс оқуға арналған мәтіндерге ғана байланысты кішкене бір қосымша ғана жаттығулар мен жұмыс жүргізгенде мұғалім де, оқушы да көп жетістікке жетеді. Мұғалім жаттығуды оқушының қабылдау дағдысына, білім деңгейіне байланысты жалпы да, жекелей де бере алады. Барлық оқушыда сыныптан тыс мәтіндерге арналған дәптер болуы шарт. Мұғалім сыныптан тыс оқуға арналған мәтіндерді төменгі буында айына бір рет, ортаңғы, жоғарғы буында аптасына бір рет өткізуі қажет.

Мұғалім оқудың жолдарын, түрлерін және жаттығуларды дұрыс әдістемелік жағынан қарастыра білсе, сонда ғана оқушы мәтіндерді жан-жақты түсініп, тілдік лексикасын байытып, өтілген лексиканы және грамматиканы қорытындылап, бекітуге көп көмегін тигізеді. Шетел тілін оқып отырған оқушылар сол ел жайында көп мәліметтер алып, сол елдің әдебиетімен, салт-дәстүрімен, мәдениетімен, тарихымен танысуға мүмкіндік туады.

Мысалы:

  1. Төмендегі сөздерге көңіл аударыңдар.

  1. Мәтінді өзің құрған жоспар бойынша айтып бер.

  2. Мәтінді оқып болып, соңындағы жаттығуларды орында.

  3. Ағылшын тіліндегі алынған мәтіннің мазмұнын айтып бер.

  4. Мәтінді бөлімдерге бөліп, әр сөйлемге тақырып қой.

  5. Досыңа мәтінге байланысты барлық мүмкін сұрақтарды қой.

  6. Мәтіннен қандай мәлімет алдың?

Міне, осылайша осы тәртіппен жұмыс істегенде біршама игі жетістіктерге жетуге болады.


1.3. Көркем мәтін арқылы көркем әлемге.


Бүгінгі мектеп өміріндегі ең өзекті мәселелердің бірі – оқушылардың көркем шығармаларды оқуы. Психологтардың зерттеулеріне сүйенсек, бүгінгі оқушылар көбіне үлкен кітаптың алдында қорқыныш сезімдерін білдіреді. Балалар көркем мәтінді оқи алмайды, өкінішке қарай, дұрыс оқуға үйретілмеген. Қазіргі мектептегі талдау балалардың көркем шығарманы оқуға деген не дағдысын, не ынтасын арттырмайды.

Көркем шығарманың бүкіл компоненттерінен мазмұн шығара алатын оқушыны тәрбиелеу мәселесіне келейік. Егер сабақта оқытудың заты көркем мәтін мен көркем әлем болатын болса, онда айтарлықтай нәтижеге жету мүмкіндігі туады. «Көздеген нәтижеге жете алмасаң, іс-әрекетіңді өзгерт» деген бар. Көркем мәтін арқылы көркем әлемге. Бұл әдістеменің құндылығы таусылмайтын түсінік пен көптеген мағынаны жеткізіп тұруында. Бұл жол қызықты да жемісті.

Бұл – оқушыларға шығармашылық жұмысқа жағдай жасайды, яғни оның мәтінмен және авторымен қарым-қатынасын «белгісіздікке жол шегу» дегенмен теңеуге болады. Оқырман болу үшін, адам көп еңбектенуі тиіс, бұл еңбектен ешқандай таңғажайып босата алмайды.

Оқырман еңбегі, ұғынықты болуы тиіс. Ол үшін теориялық білім қажет, бұл жерде – көркем мәтіннің, көркем әлемнің және олардың құрамдас бөліктерінің: көркем кеңістіктің, көркем шақ, оқиғалардың шеңбері, көркем әлем бейнелері қатарының, көркем антропологиясының теориясы.

осыShape2

Осы білім оқушылардың кітаппен қарым-қатынасындағы көргендік қабелітен кеңейтеді.

Практикалық қызметте көркем мәтін мен көркем әлем теориясын пайдалану мұғалімнің өз білімін, әдістемесін ең бастысы дүниетанымын көтеруді: оқушылармен бірге «өнер туындысымен сұхбаттасу» дәрежесінде бола білуді, «белгісіздікке апарар жол» жағдайында оқушыны ғана емес, мұғалімді де байытатын бірлесе ойласу жағдайында бола білуді талап етеді.

Көркем мәтінмен жұмыс барысындағы автордың көркем әлемін ұғыну кезінде біз көркем кеңістік, көркем шақ, көркем антропология, бейнелер қатары, оқиғалардың шеңберін модельдей аламыз.


ІІ. МӘТІНДІ ТЫҢДАП-ТҮСІНУГЕ ҮЙРЕТУ

Ауызша сөз негізгі екі сыңардан тұрады: оның бірі ауызша айтылған сөзді тыңдап-түсіну (орысша аудирование,) екіншісі — сөйлеу. Ауызша сөздің бұл екі компоненті бір-бірімен тығыз байланыстылығы сондай, кейбір методистер бұларды бір-бірінен ажыратпайды. Олардың көзқарасы бойынша, ауызша сөзді игеру үшін сөйлей білсе жеткілікті. Ал ауызша айтылған сөзді тыңдап-түсіну — сөйлеудің серігі. Сөйлей білген адамға тыңдап-түсінуге арнайы дағдыланудың қажеті жок, Ол дағдылар_ өз-өзінен қалыптасады. Басты дағды — сөйлеу дағдысы. Олай болса, бір тілде сөйлей білген адам сол тілде айтылған ауызша сөзді тыңдап-түсіне алады. Міне, көпшілік әдіскерлердің пікірі бойынша, тыңдап-түсіну дағдыларының күні бүгінге дейін тиісті мөлшерде дамытылмай келуінің бір себебі осында.

Мұндай көзқарастың қате екенін психологиялық зерттеудер де, шетел тілдерін оқыту теориясы мен практикасы да дәлелдеп беріп отыр.

Психологиялық зерттеулер бұл екі әрекет (тыңдап-түсіну және сөйлеу) бір-бірімен тығыз байланысты болғанымен, олардың әрқайсысы мүлде басқа іскерліктер негізінде қалыптасатынын көрсетіп берді. Сөйлеуші де, тыңдаушы да тілді қолдана отырып, қатынас жасайды. Бірақ олардың әрқайсысы тілді әр түрлі жолмен қолданады. Сөйлеу үстінде адам белгілі бір ойдан шығады, яғни әуелі сөйлеушінің санасында белгілі бір ой туады да, ол сол ойды басқаларға жеткізу үшін тілдік форманы пайдаланады. Демек сөйлеу процесінде сөздің мазмұны алдын ала берілген, сол мазмұнды сөйлеуші тілдік форма арқылы өзгелерге жеткізеді. Сөйлеуші белгілі мазмұннан шығьп, оны тілдің әр түрлі элементтерін қолдану арқылы басқаларға жеткізеді. Іс-әрекет бағыты: мазмұннан тілдік формаға қарай. Тыңдау процесінде іс-әрекет бағыты; мүлде басқа. Мұнда тыңдаушыға әуелі берілгені — тілдік форма. Соны қабылдау арқылы тыңдаушы тілдік формада кодталған мазмұнды ашады. Мұндағы іс-әрекет бағыты: тілдік формадан мазмұнға қарай. Ауызша сөздің бұл екі компонентін бір-бірінен ажыратудың маңызы өте зор. Бұлар сөз әрекетінің әр түрлі формаларына жатады: сөйлеу экспрессивтік формаға жатса, тыңдау импрессиитік формаға жатады. Бұ-лардың әрқайсысын әр түрлі жолмен оқытып, үйрету керек.

Ауызша айтылған сөзді қабылдау мен түсіну өте күрделі психикалық әрекет екені белгілі. Қабылдау мәселелерімен шұғылданып жүрген еліміздің психологтары екі процесті ажырату қажегтігін атап көрсетеді. а)бейнені қалыптастыру процесі, яғни объектінің маңызды даралау белгілерін (дифференциальные признаки) және олардың өзара байланысын анықтау және сол белгілерді игеру процесі, ә) қалыптасқан бейнені эталонмен салыстыру нәтижесінде объектіні тану процесі. Бұл екі процесс бір-бірімен тығыз байланысты. Бейнені қалыптастыру барысында оны тану процесі саналы түрде өтуі мүмкін. Ал материалмен танысқаннан кейін тану процесі өте тез (симултанды түрде), қас пен көздің арасында өтуге тиіс. Тіл арқылы қарым-қатынас жасау процесінде даму бір мезгілде (симултанды түрде) өтеді. Мұнда логикалық операцияның қатысу-қатыспауы түсінудің түріне бай ланысты: дискурсивтік жолмен түсіну және тікелей түсіну. Тікелей түсіну кезінде ішкі сөзде болып жататын ойлау процесі барынша қысқартылған түрде өтеді. Қабылдаудың осы аталған екі процесіне байланысты сөзді есту қабілетнің екі механизмы бар екенін Е. И. Исечина атап көрсетеді: ажырату және тану механизмдері. Ажырату барысында мынадай процестер болады:

1. Есте бейнесі қалыптаспаған объектіні қабылдағанда, адам оның бейнелері қалыптасқан объектілерден өзгеше екенін ұғынады. Мысалы, таныс емес сөзді естігенде, оның өзіміз, білетін сөздерден өзгеше екеңін аңғарамыз.

2. Бұл объектінің даралау ерекшеліктері бейнелері есте қалыптасқан басқа объектілермен салыстыру арқылы немесе сол белгілерді тану арқылы анықталады. Мысалы, (d) дыбысы таныс болмаса, оны өзімізге таныс (t), дыбысымен салыстыру арқылы (d) дыбысының даралау белгісін (ұяңдығын) анықтаймыз.

3. Даралау белгілерінің өзара қарым-қатынасы анықталады. Мысалы, бір сөздің бейнесін қалыптастыру үшін оның барлық даралау белгілерін анықтаумен қатар, сол белгілерінің тіркесу ретін де анықтау керек.

Тану процесі, объектінің есте қалыптасқан бейнесіне сүйенеді. Жалпы алғанда-ауызша сөзді қабылдау барысында тану акустикалық белгілерді талдау-жинақтау тәсілімен өңдеуге, анықталған белгілерді есте сақтаулы тұрған бейнемен салыстыруға және оларға мән беруге саяды.

Қабылдау бірлігі жеке, сөздермен тікелей байланысты. Ал жеке сөздерді қабылдау үшін оқушылардың санасында фонематикалық есту қабілетін қалыптастыру керек. Фонематикалық есту қабілеті, дегеніміз — сөздегі дыбыстарды ажырату және оларды тиісті фонемалармен
ұштастыру. Ал қабылдау бірлігіндегі фразаны оған
кіретін сөздерді талдап, сосын оларды жинақтау арқылы емес, информативтік белгілерді1 тану арқылы түсінеміз. Фразаны тусіну ушін ең басты информативтік белгі интонация. Сондықтан оқушылардың санасында фонематикалық есту қабілетімен қатар интонациялық есту қабілетін де қалыпастыру керек. Интонациялық есту қабілеті сөйлемдердің коммуникативтік типтерін (хабарлы, сұраулы, лепті, бұйрықты сөйлем) ажыратуға, фраза бөлшектерінің байланысын анықтауға, сөйтіп оның мазмұнын түсінуге көмектеседі.

Естігенін түсінуді жеңілдетуле көру анализаторының, көмегі мынада: егер тыңдаушы тыңдап отырған мәтінінің (текстің) жазбаша нұсқасын керіп отырса, онда ол естігенін әлдеқайда жеңіл түсінеді. Бұдан тыңдап-түсінудің оқумен тығыз байланысы көрінеді. Оның үстіне тыңдап-түсіну мен оқу сөз әрекетінің импресивтік түріне жатады. Яғни екеуі де сөзді қабылдап, оны түсіну болып табылады. Тек тыңдап-түсінуде ауызша айгылған сөзді қабылдап, түсіну керек болса, оқуда жазбаша сөзді кабылдап, түсіну керек. Сонымен тыңдап түсіну сөйлеумен де, оқумен де, жазумен де байланысты.


2.1 Мәтінді тындап-түсінудегі киындықтар


Тыңдап-түсінуге үйрету барысында оқушылар көптеген қиындықтарға кездеседі. Тыңдап-түсінуге үйретуді дұрыс ұйымдастыру үшін мұғалім бұл қиындықтарды және оларды жеңу жолдарын жақсы білуге тиіс.

Тыңдап-түсіну дағдыларын қалыптастыруда кездесетін қиындықтар негізінен екі топқа бөлінеді: а) қай тілде болмасын тыңдап-тусінуге үйретуде кездесетін жалпыға бірдей, ортақ.қиындықтар; ә) тек белгілі бір тілде тыңдап үйренуде кездесетін, арнайы қиындықтар.

Енді тыңдап-түсінуге үйрету барысында кездесетін қиындықтардың аталған түрлерін жеке-жеке қарастырып өтелік.

Төменде аталатын қиындықтар кез келген тілде
тыңдап-түсінуге үйрену барысында кездеседі. Демек, олар
қазақ оқушылары ағылшын тілінде айтылған ауызша сөзді
тыңдап-түсінуге үйренгенде де кездеседі. Бұл қиындықтар тобына мыналар жатады:

1. Белгілі бір ойды, мазмұнды айтып жеткізу үшін сөйлеушінің қолданған тіл материалы мен оқушылар меңгерген тіл материалының арасындағы алшақтық. Тіл материалын таңдауда, оны қолдануда сөйлеуші оқушының тіл материалын ескермейді. Ол өзі айтып жеткізгісі келген мазмұнды неғұрлым жан-жақты ашатын тіл материалын қолданады. Сондықтан сөйлеуші қолданған кейбір лексикалық және грамматикалық материал оқушыға таныс емес болуы мүмкін. Тыңдап отырган мәтінде кез-дескен таныс емес сөздер, оқылмаған грамматикалық кұбылыстар оқушыға тыңдаған мәтінінің мазмұнын түсінуді қиындатады. Бұл қиындықты жеңудің жолы — оқушылардың пассивтік және потенциалдық сөздік қорын байыту. Бұл жолда мынаны естен шығармаған жөн. Мәтінде таныс емес сөздер шамадан тыс көп деген жалған әсер жиі кездесіп отырады. Оған себеп — жеке айтылғанда аудитор (тыңдаушы) сөздерді оп-оңай танығанмен, дәл сол сөздерді тұтас сөз кұрамында кездестіргенде, сол аудитор тани алмай қалды. Сондықтан таныс сөздердің өзі таныс емес сөз болып көрінеді де, оқушыға тыңдаған мәтіннің мазмұнын түсінуді қиындатады. Қиындықты жеңу үшін оқушылардың пассивтік және потенциалдық сөздік қорын байытумен қатар мәтінде кездесетін таныс емес сөздердің мағынасын болжауға ұсақ текстерде өткен лексиканы тануға дағдыландыратын жаттығуларды орындау кажет, сондықтан оқушыларды кейбір таныс емес сөздері бар мәтінінің мазмұнын түснуге де дағдыландыру керек.

  1. Әр адамның дыбыстарды айту ерекшеліктері мен интонациялық ерекшеліктері болуы заңды құбылыс. Олай болса, ағылшын тілі мұғалімінің де өз ерекшеліктері мен интонациясы бар. Оқушылар мұғалімнің сөйлеу ерекшеліктеріне әбден дағдыланып алады да, басқа адам айтқан сөзді түсінбеуі мүмкін. Осыған байланысты шетел тілі мұғалімдері мен методистері мынадай сұрак қояды: неге алты жыл бойы шетел тілін оқыған окушы мұғалімнің қойған сұрақтарын түсінеді де, дәл сол сұрақтарды шетелдік адам қойса, түсінбейді? Бұл жерде сөйлеушінің дауыс ерекшеліктері де түсінуге ыкпал етеді. Мысалы, ер адамның жұмсақ коңыр даусын түсіну жеңілірек те, әйел адамның дауысы, әсіресе жіңішке, ащы дауысты түсіну қиындық келтіреді. Бұл қиындықты жеңудің жолы — сабақта техникалық құралдарды, әсіресе магнитофонды жиі қолдану. Магнитофонға ер адамның да, әйел адамның да, баланың да сөзін жазып алып, оны оқушыларға тыңдату керек. Сонда әр түрлі тембрлі дауыстарды тыңдап, дағдыланған оқушы өз мұғалімінен басқа сөйлеушілердің де сөзін тыңдап-түсіне алады.

  1. Әдетте мұғалім сабақта ағылшынша сөйлегенде, өте баяу ырғақпен сөйлейді. Мұндағы мақсат — мұғалімнің айтқанын барлық окушылар түсінсін дегендік, баяу сөйлесе, оқушының түсінуіне жеңіл болады деп ой-лағандық. Оқушылар осындай баяу сөзге дағдыланады да, одан тезірек сөйлегенде, тусінбей калады. Оқушылар үшін мұндай жағдайда қалыпты ырғақпен айтылған сөз тым тез көрінеді де, ілесе алмай қалады. Соның салдарынан олар қалыпты ырғақпен айтылған сөзді түсіне алмайды.

4. Мұғалім сабақта ағылшынша сөйлегенде, тағы мынадай бір қателік жасайды. Айтқанымы оқушылар түгел түсінсін деген мақсатпен ол ағылшынша айтқанын бірнеше рет қайталап айтады (әдетте 3-4 рет). Осыған әбден дағдыланып алған оқушылар мұғалім сөйлей бастағанда, әуелде оның сөзіне мүлдем құлақ аспайды. Айтқанын екінші, үшінші рет қайталауын күтіп отырады. Шынайы "коммуникацияда сөйлеуші айтқанын қайталамайды, тек бір-ақ рет айтады. Қайталап тыңдауға дағдыланған окушылар алғашқыда айтылған сөзді тыңдамай, оны естімей қалады да, түсінбейді. Мұндай жағдай оқушылардыц тыңдап-түсінуіне үлкен қиындық келтіреді.

Осы қиындыққа байланысты шетел тілі мұғалімдері мен әдіскерлері оқушыларға мазмұнын дұрыс түсіну үшін мәтінді неше рет тыңдату керек деген мәселені қойып, соны шешуге күш жұмсап жүр. Бұл салада әдіскерлер мынандай қорытындыға келді. Тыңдаған мәтінінің мазмұнын түсіну үшін оны оқушыларға бір-ақ рет тыңдату керек. Ал сол түсінген мазмұнды қайталап айтып беру керек болған жағдайда оны екінші рет тыңдатуға болады. Олай болса, ағылшын тілін оқыта бастағаннан-ақ мұғалім өз сөзін кайталамауға тырысуы тиіс, сөйтіп оқушыларды бір айтканнан түсінуге дағдыландыру керек.

5. Жалпыға ортақ келесі қиындық мынада: егер тығдаушы сөйлеушінің бет-әлпетін көріп, оның сөйлеу органдарының қимыл-қозғалысьн байқап отырса, онда ол өзі тыңдап отырған сөзді жеңіл түсінеді. Мысалы, үлкен аудиторияда соңғы қатарда отырған адам лекцияны (баяндамасы) нашар түсінуінің себебі оның нашар естуіне байланысты емес, оның лекторды (баяндамашыны) нашар көруіне байланысты.

Нағыз коммуникация барысында аудитор сөйлеушіні көре алмайтын жағдайлар кездесуі ғажап емес. Мысалы, сөйлеуші көрші бөлмеде болуы мүмкін. Сондай-ақ телефонмен сөйлескенде де тыңдаушы сөйлеушіні көре алмайды. Радиохабарларды тыңдағанда да дикторды көріп, оның бет-әлпетін, сөйлеу органдарының қимыл-қозғалысын бақылау мүмкін емес. Бұл жағдайлар тыңдап отырған сөзді түсінуді ауырлатып, көп қиындықтар кел-тіреді.

Аталған киындықты жеңу үшін мұгалім сабақта магнитофонды жиі қолдануға тиіс. Магнитофонға жазылган мәтіндерді тыңдауға дағдылану нәтижесінде оқушылар сөйлеушіні көрмей, оның сөзін түсінуге үйренеді. Сондықтан аудитивтік іскерліктер мен дағдыларды дамытуда магнитофонның қызметі ерекше.

6. Жалпыға ортақ қиындықтардың келесі түрі аудитивтік мәтіннің ұзақтығына байланысты. Ұзақ уақыт тек басқа адамның сөзін тыңдағанда, тыңдаушы шаршап, жалығады, сондықтан тыңдағанын түсіне алмайды. Сөйтіп, методикада аудитивтік мәтінің ұзақтығы, оның көлемі қандай болу керектігін анықтап алу қажетігі туады. Бұл мәселеге байланысты Н. В. Елухина шетел тілін оқытудың алғашқы сатысында тыңдайтын мәтіннің ұзақтығы 1,5—2 минуттен аспауы керек, ол бірте-бірте артып, шетел тілін оқытудың ақырында 3-5 минутке дейін жетуі керек деген пікір айтса, Н. Н. Пруссаков аудиомәтіннің ұзақтығы оқытудың алғашқы сатысының өзінде-ақ 3 минуттен кем болмау керек деген пікірді қолдайды. Бұл екі пікірдің қайсысы дұрыс екенін айту қиын, өйткені ешқайсысы тәжірибе арқылы тексерілмеген. Дегенмен оқушылардың алғашқы сатыда тез шаршайтынын ескере отырып, 1,5—2 минут ұзақтық дұрыс деуге болады. Одан артық болса, оқушылар шаршайды да, тыңдай алмайды, түсінбейді.


2.2. Тыңдап-түсінуге үйрететін жаттығулар


А. И. Домашнев және басқа авторлар тыңдап-түсінуге үйретуде екі кезеңді ажыратуды ұсынады: дайындық кезеңі және негізгі кезең. Осыған байланысты тыңдап-түсінуге үйрететін жаттығулар жүйесі екі топтан турады: тіл (дайындық) жаттығулары және сөз жаттығулары (творчестволық жаттығулар). Мұндай жаттығуларда ауызша сөздің екі түрі — тыңдап-түсіну мен сөйлеудің тығыз байланыстылығы ескерілуге тиіс.

Тіл (дайындық) жаттығуларының мақсаты — мәтінді тыңдаудың алдында лингвистикалық және психологиялық-қиындықтарды алдын ала жою. Сонда ғана оқушылар тыңдау барысында назарын мәтінің мазмұнына аударады. Тіл жаттығуларын орындау нәтижесінде мына төмендегі іскерліктер қалыптастырылады:

а) тыңдап отырған хабардағы таныс емес құбылыстарды анықтау, оларды бір-бірінен ажырату және түсіну іскерлігі;

ә) дыбыстық бейнелерді мағынамен ұштастыру іскерлігі;

б) сөз жасау тәсілдеріне сүйене отырып, таныс емес сөздің мағынасын анықтау іскерлігі;

в) түрлі лексикалық единицалар мен грамматикалық құрылымдардың контекстегі мағыналарын анықтау іскерлігі;

г) синоним, антоним құбылыстарын танып, олардың мағыналарын ашу іскерлігі.

Аталған іскерліктерді дамытумен қатар тіл жаттығуларын орындау нәтижесінде оқушылардың есту қабілеті мен қысқа мерзімдік есі дамытылады.

Осы аталған іскерліктер мен қабілеттерді дамыту, оларды жетілдіру үшін мынадай тіл жаттығуларын орындаған жөн:

1. Есту қабілетін жетілдіруге арналған тіл жаттығулары:

а) бірнеше жұп сөздерді тыңдап, оларды қайталаңдар;

ә) берілген интонацияны сақтай отырып, синтагмалар мен фразаларды қайталаңдар;

б) берілген қос сөйлемдерді тыңдаңдар. Егер ол сөйлемдер бірдей болса, графикалық кілтте (+) таңбасын қойыңдар, ал егер сөйлемдер әр түрлі болса, онда (-) таңбасын қойыңдар.

2. Алдын-ала болжалдау қабілетін жетілдіру үшін мынадай тіл жаттығуларын орындаған жөн.

а) бірқатар сын есімдерді (етістіктерді) тыңдаңдар да, олармен жиі тіркесетін зат есімдерді атаңдар;

ә) өздеріңе таныс элементтерден құралған сөздерді тыңдап, оларды қазақ тіліне аударыңдар.

б) бірқатар сөз штамптарын тыңдап, олардың қандай жағдайда қолданылатынын ағылшын тілінде немесе қазақ тілінде атаңдар:

в) мұғалім айтып тұрған мәтінді (пластинкадан) тыңдаңдар, сол мәтіннің жазбаша нұсқасындағы қалып қойған сөздерді толықтырыңдар.

3. Оқушылардың қысқа мерзімдік есін жетілдіруге арналған тіл жаттығулары:

а) бір топ жекелеген сөздерді тыңдап, солардың ішінде белгілі бір тақырыпқа байланысты сөздерді қайталап айтыңдар;

ә) екі-үш қысқа фразаларды тыңдап, оларды бір сөйлем етіп біріктіріңдер;

б) он немесе одан да көп сөздерден тұратын (яғни ұзақтығы қысқа мерзімдік ес көлемінен артық) фразаларды тыңдап, оларды диктордан (мұғалімнен) кейін қайталап айтыңдар;

в) фразаны тыңдаңдар да, оған мағына жағынан байланысты тағы бір фраза қосыңдар т. б.

4. Сөз жасау және контекстік болжауды жетілдіруге арналған тіл жаттығулары:

а) төмендегі етістіктерді тыңдаңдар да, олардан -еr жұрнағын жалғау арқылы зат есімдер жасаңдар;

ә) өздеріңе таныс элементтерден жасалған туынды және біріккен сөздерді тыңдаңдар, оларды қазақ тіліне аударыңдар немесе сөйлемде қалай қолданылатынын түсіндіріңдер;

б) контекст және дыбыстық формасына сүйеніп, интернационалдық сөздердің мағынасын анықтаңдар;

в) графикалық кілттен таяныш сөздерді қарап шығып, тыңдауға арналған мәтін қандай тақырыпқа арналғанын анықтаңдар, сосын мәтіннің үзіндісін тындап, өздеріңді тексеріңдер.

5. Сөздердің мағынасын анықтауға арналған жаттығулар:

а) сөйлемдерді тыңдап, олардың ішінде іс-әрекет иесін (қимыл атауын) анықтаңдар;

ә) сөйлемде ана тілінде аталған сөзге мағынасы сәйкес келетін сөзді табыңдар т. б.

Осындай тіл жаттығуларын орындау арқылы лингвистикалық және психологиялық қиындықтарды жойған соң, сөз жаттығуларын орындауға көшуге болады. Сөз жаттығулары дегеніміз тіл арқылы қарым-қатынас жасаудың шынайы шарттарына жақын жағдайда қабыданатын ауызша мәтіндер. Мұндай мәтіндер белгілі талаптарға сай болуы керек:

  1. тыңдауға арналғам мәтіннің мазмұнының тәрбиелік мәні болуға тиіс және оның мазмұны оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес келуі керек;

  1. мәтіннің мазмұнында тындаушылар үшін қызықты мәселе болуы керек;

  2. мәтіннің берік логикасы болуы шарт және ол жатық тілмен баяндалуға тиіс;

  3. мәтінде ауызша сөздің әр түрі болғаны жөн: диалог, монолог, сондай-ақ диалог-монолог аралас келтені жөн;

  1. мәтін бірінші жақта баяндалмағаны жөн;

  1. тыңдап-түсінуге арналған мәтіндердің көлемі төменгі кластарда 1 —1,5 минут, ортаңғы кластарда 2—2,5 минут, жоғарғы кластарда 3—4 минуттен аспауы керек.

Сөз жаттығулары ауызша сөзді қабылдап, оны түсіну қабілетін дамытады, оларды жеңілдіреді. Бұл жаттығуларды орындау нәтижісінде оқушылар мынадай іскерліктерді меңгереді:

а) хабардың ақпаратқа ең қанық жерлерін анықтау; ә) мәтін деңгейінде болжалдау арқылы кейбір түсініксіз жерлерді толық түсіну қабілеті;

б) мәтінді коммуиикация жағдайымен ұштастыра білу;

в) тыңдауға арналған мәтіннің мағыналық бөлшектерін анықтау, олардың әрқайысының негізгі ойын анықтау іскерлігі.

4) сын көзбен қарау деңгейінде түсіну.

Үстіртін түсіну деңгейі — тыңдап-түсіну қабілетінің қалыптаспағандығының куәсі. Оқушылардың мәтінді қалай, қаншалықты толық түсінген тексеру үшін түсіңудің соңғы үш деңгейін тексеру керек.

Оқушылардың мәтінді жалпы, түрде түсінгенін тексеру үшін мынадай жаттығулар жасаған жөн:

а) мұғалім мәтіннің мазмұнына сұрақтар қояды да, әр сұраққа өзі екі жауап ұсынады. Олардың бірі дұрыс жауап, екіншісі қате жауап. Оқушы дұрыс жауапты табуы керек;

ә) мәтінді тыңдағаннан кейін мұғалім үш-төрт сөйлем айтады. Соның біреуі ғана тыңдаған мәтінің мазмұнына сәйкес келеді. Оқушылар осы сөйлемді табуға тиіс,

Аудиомәтінді толық түсінгенін тексеру үшін мынадай жаттығулар жасалады:

а) мәтінді тыңдап болған соң, оқушыларна оның мазмұнын жазбаша түрде қайталайтын мәтін береміз. Мұнда бірнеше сөздер калып қойған (2—3 сөзден 8—10 сөзге дейін). Оқушылар осы жазбаша мәтінді оқып отырып, қалып қойған создерді қосып, толықтырады;

ә) мұғалім мәтіннің мазмұнына сұрақтар қойып, оқушылар сол сұрақтарға жауап береді;

б) оқушылар мәтінің мазмұны ағылшын тілінде немесе қазақ тілінде айтып береді;

в) тыңдаған мәтінді мағыналық үзінділерге бөліп, оларға тақырып табады;

г) мәтінге толық жоспар жасайды.

Аудиомәтінді сын көзімен түсіну денгейін тексеру үшін мынадай жаттығулар жасау керек:

а) тыңдаған мәтіндегі оқиғаға баға беру;

ә) мәтіннің негізгі ойларын табу;

б) мәтіннің мазмұның реферат түрінде қайта айтып беру;

в) мәтінге түсініктеме жасау т. б.


III. Ағылшын тілінде берілген мәтінді оқуға үйрету


Қазіргі замандағы адамның өмірінде оқу үлкен орын алады, өте зор рөл атқарады, өйткені оқу бүгінгі күндегі ақпараттың негізгі әрі жетекші көзі болып табылатын кітап пен басқа да баспа өнімдеріне жол ашады. Әрбір әрекеттің екі жағы болатыны сияқты оқудың да екі жағы бар: а) оның мазмұндық жағы және ә) оның процессуальдық жағы. Осы екеуінің ішінде оқудың мазмұндық жағы жетекші рөл атқарады. Оқудың мазмұндық және процессуальдық жақтарының қосыңдысы «оқу» деген әрекеттің психологиялық құрылымын сипаттайды. Әрекеттің мазмұнына ең әуелі сол әрекеттің нәтижесі, нәтижеге жету құралдары мен міндеттері жатады. Оқудьн мақсаты — жазбаша түрде берілген мәтіннің мазмұнын түсіну, яғни жазбаша мәтіндегі ақпаратты қабылдау. Оқу дайын сөз хабарын қабылдауға бағытталғандықтан, ол сөз әрекетінің рецептивтік түріне жатады. Оку процесі бірқалыпты, тұрақты процесс емес, ол оқу мақсатына байланысты өзгеріп отырады. Қандай әрекетте болмасын, адам тек белгілі бір нәтижеге жетуді әрі оған тез және жеңіл жолмен жетуді көздейді. Оқырман неғұрлым тәжірибелі болса, ол соғұрлым бұл мақсатқа тезірек және жеңіл жолмен жетеді.

Оқу процесін іске асыруға қажетті іскерліктер мен дағдыларды әдетте екі топқа бөледі: а) оқу техникасымен байланысты іскерліктер мен дағдылар, яғни графикалық таңбаларды (әріптерді) қабылдап, оларды белгілі бір мағынамен ұштастыру іскерліктері мен дағдылары; ә) қабылдаған мәтіннің мазмұнын түсінумен, яғни әр деңгейдегі тіл бірліктерінің арасындағы мазмұнды анықтаумен байланысты іскерліктер мен дағдылар. Шынайы, нағыз оқу актісінде қабылдау процестері мен оның мәнін түсіну процестері бір-бірінен ажырамастай тығыз байланысты, бұлар бір мезгілде өтеді және бір-біріне ықпалын тигізіп отырады. Олай болса, оқу процесін жүзеге асыру үшін қажетті іскерліктер мен дағдыларды екі топқа бөлу негізі-нен шартты нәрсе. Бірақ бұл бөлудегі мақсат — оқуға үйрету барысындағы жұмыс объектілерін анықтау.

Тәжірибелі оқырманның оқу техникасы әбден жетілген. Соның нәтижесінде оның назары оқу процесінде бірден мәтіннің мазмұнына, оның мағыналық жағына бағыттала-ды. Тәжірибелі оқырманның техникалық дағдыларының жетілгендігі жеңіл мәтінді тез оқу барысында айқын байқалады. Мәтінді ішінен тез оқудағы мақсат — оның негізгі мазмұнын түсіну. Мұндай оқу процесін мынадай схема түрінде көрсетуге болады. Оқудың бастапқы кезеңі мәтінді көру арқылы қабылдау. Оқырманның көзі жолды бойлай бірқалыпты емес, секіртпелі түрде жылжып отырады. Тәжірибелі оқырман бір жолда 4—8 рет кез тоқтатады. Мұндай тоқтау кезінде (0,2 секунд) жолдың белгілі бір кесіндісін қабылдайды. Бұл кесінді, әдетте, графикалық сөзден гөрі үлкенірек көрінеді. Шартты турде сөз оқу процесіндегі қабылдау единицасы ретінде саналады, өйткені ол магынаны білдіретін ең кішкентай единица болыптабылады.

Сөзді көру арқылы қабылдау әрқашан оны айтумен қатар жүреді. Ішінен тез оқыған кезде сөздерді ішкі сөзде айту ықшамдалған түрде өтеді. Бұл аталған процестер бір мезгілде, көздің тоқтаған кезінде өте шығады, ал қабылданған материал бірден мағыналық өңдеуден етеді, яғни қабылданған единицаның мағынасы басқа единицалардың мағынасымен ұштастырылып, олармен байланысы және контекстік мағынасы анықталады, сөздер синтагма-ларға ендіріледі, ал синтагмалар өзара ұштасып, сөйлемдерге ендіріледі, сөйлемдер мазмұндық үзінділерге, соңғылар — тұтас сөз туындыларына айналады.

Мағыналық өңдеу барысында оқырман мәтінде келтірілген фактілерді анықтап қана қоймайды, ол осы фактілердің ішіндегі ең бастыларын анықтайды, жинақтап қорытады, бір-бірімен ұштастырады, оларға баға беріп, түсіндіреді (интерпретация жасайды), осы фактілерге байланысты белгілі бір қорытынды жасайды. Мұның бәрі салыстыру, жинақтау, талдау, индукция және дедукция, абстракциялау және нақтылау сияқты әр түрлі ойлау операцияларын талап етеді.

Түсінудің негізгі сипаттары — толықтық, дәлдік және тереңдік, яғни оқырман қабылдаған мәтінді толық, дәл және терең түсінуге тиіс. Түсінудің толықтығын оқушының түсінген фактілерінің санымен өлшейді (мәтіндегі барлық ақпарат 100% деп қаралады); түсінудің дәлдігін оқущының қабылдауы мен автор ойының бір-біріне сәйкестігі арқьлы өлшейді; ал қаншалықты терең ұғынғанын оқырманның қабылдаған ақпаратты өзінше түсіндіруі арқылы анықтайды.

Бір оқырман әр түрлі жағдайда оқып отырған мәтінді әр түрлі толықтықпен, дәлдікпен, әр түрлі деңгейде түсінеді, өйткені түсіну толықтығы, дәлдігі және тереңлігі мәтінді қандай мақсатпен оқуына байланысты. Сөз әрекетінің түрі ретінде оқуды мнемикалық, перцептистік ойлау әрекеті деп атайды. Бұл әрекеттің процессуалдық жағының талдау-жинақтау сипаты бар және оның қалай өтуі оқырманның мақсатына байланысты. Сонымен оқу процесі әрқашан біркелкі болмайды, ол мақсатқа байланысты өзгеріп отырады.

Оқушылар ағылшын тіліндегі мәтіндерді оқып, оның мазмұнын түсінуге тиіс. Оқытудың мақсатын жүзеге асыру үшін, яғни оқушылар мәтінді ақпарат көзі ретінде пайдалана алу үшін олар оқудың кемелденген деңгейіне жетуге тиіс. Оқудың кемелдену дәрежесі әр түрлі болуы мүмкін, ал орта мектепті бітірушілерден оның ең төменгі деңгейі талап етіледі. Бұл деңгейі оқудың сөз әрекетінің түрі ретінде қызмет атқаруы үшін жеткілікті. Сөйтіп оқу-шылар өздігінен шетел тілінде оқуына алғы шарттар жасалады. Орта мектепте үйретілуге тиіс оқу турлерін анықтауда ең алдымен практикалық мұқтаждық ескеріледі, яғни әрбір сауатты адам кітапты оқығанда белгілі бір коммуникативтік міндетті шешеді. Басты коммуникативтік міндетке байланысты барлық оқу ситуациялары екі топқа белінеді: а) оқу барысында оқырман тек қана мәтінде берілген ақпаратты қабылдауға байланысты жағдайлар және ә) сол оқу барысында ақпаратты қабылдаумен қатар бір мезгілде ақпаратты сол күйінде өзгелерге жеткізуге қатысты жағдайлар. Бірінші жағдайда оқырман мәтінді ішінен оқиды, ал екінші жағдайда — дауыстап оқиды. Мектепте шетел тіліне үйретудің мақсаты — ішінен оқуға үйрету. Дауыстап оқу тек оқытудың құралы ретінде ғана қолданылады.

Шетел тілінде үйренген іскерлігін оқушы өзінің еңбек қызметінде қолдана алуға тиіс. Әрбір маман қажетті әдебиетті таңдап алып, өз мамандығы саласындағы жетістіктермен таныстыра білгені, маңызды әдебиетті жақсы түсініп, оны өз жұмысында пайдалана алуы қажет. Кітап оқудағы аталған мақсатын жүзеге асыру ушін маман оқудың мына турлерін меңгеруі керек: қарап шығу, таныса оқу және зерттей оқу. Қарап шығудың мақсаты — кітаптың (мақаланың) мазмұны, оның тақырыбы, қарастырылған мәселелер тобы туралы мағлұмат алу. Бұл ақпаратқа сүйеніп, оқырман өзіне бұл кітап (мақала) керек пе, жоқ па деген мәселені шешеді, Мұңдай ақпаратты алу ушін кітаптың (мақаланың) атын, ірілі-ұсақты тақырыптарын, жекелеген абзацтар мен сөйлемдерді оқу жеткілікті, яғни бұл жерде іріктеп оқу, қарап шығу қажет. Таныса оқудың мақсаты — кітаптың (мақаланың) мазмұнымен танысу (тек қарастырылған мәселелерді ғана емес, сол мәселелердің қалай шешілуін анықтау). Мұнда басты назар мазмұнның басты желісіне, негізп ақпаратқа аударылады. Сондық-тан оқудың бұл түрін кейде мазмұнды жалпы қамти оқу деп те атайды. Сипатына қарай мұнда мәтін тұтастай әрі тез оқылады. Зерттей оқу барысында оқырман мәтіндегі ақпаратты толық және барынша дәл түсініп, оны сын елегінен өткізеді; қабылдаған ақпаратты ұзақ мерзімге есте сақтау қажеттігін ескереді. Соның салдарынан оқу өте баяу қарқында етеді, мәтіннің кейбір жерлерін қайталап оқуға тура келеді. Оқудың осы үш түрін меңгеру арқылы мектеп бітіруші ғылыми-көпшілік, публицистикалық және көркем әдебиетті оқи алады. Шетел тілінде оқуға үйрету барысында жалпы білім берумен тәрбиелік мақсат: ақыл-ой, рухани, саяси-идеялық, еңбекке баулу, эстетикалық т. б. тәрбие жүзеге асырылады.

Оқу ой әрекеті ретіпде оқушылардың бейнелі және логикалық түрде ойлау қабілетін дамытуға ықпалын тигізеді. Шетел тілінде оқу барысында адам бірқатар ой операцияларын орындайды: бақылау, салыстыру, талдау (анализ), жүйелеу (синтсз), қорытынды жасау т. б. Білім беру және тәрбиелік тұрғыдан алып қарағанда оқушылардың мәтінмен (кітаппен) өз бетімен жұмыс істеу дағдыларының маңызы өте зор. Оқу барысында алынған ақпарат оқушыға белгілі мөлшерде тәрбиелік ықпал етеді, оны рухани, саяси-идеялық тұрғыдан тәрбиелеуге көмегін тигізеді. Сондықтан оқуға арналған мәтіндердің мазмұнына көп көңіл бөлу қажет. Мұндай мәтіндердің мазмұны окушыларға шынайы демократия, халықтар достығы, ынтымақтастық, патриотизм туралы нақты мәлімет беріп, өз халқының тілін, оқьп отырған халықтың әдебиетімен, мәдениетімен, тарихымен, салт-дәстүрлерімен таныстыруға тиіс.

Оқу барысында оқырман жаңадан үйреніп жатқан сондай-ақ мүлде жаңа тіл материалдарын есте сақталады. Сондықтан оқытудың жоғарғы сағысында оқу тіл материалын бекітудің ғана құралы емес сонымен қатар оқушылардың сөздік қорын байытудың кұралы ретінде пайдаланылады. Тіл материалын есте сақтаудың тиімділігі оқу мәтіндерін арнайы ұйымдастыру арқылы күшейтіле түседі: оқу мәтіндерін құрастырғанда, оларда тіл материалын кластан класқа жиі қайталанатындай етіп кұрастырылады.

Оқу үстінде тіл материалы еріксіз түрде және арнайы назар аудару арқылы есте сақталады. Тіл материалының еріктен тыс есте қалуы тез оқыған кезде болады. Мұндай тез оқу кезінде оқырманның барлық ықыласы сол оқып отырған мәтіннің мазмұнына бағытталады да, тіл материалы тез есте қалады. Еріктен тыс есте сақтау әсіресе көп оқу нәтижесінде жүзеге асырылады, сондықтан оқушыларға оқытудың барлық сатысында жеңіл мәтіндерді көп-теп оқу ұсынылады. Арнайы назар аудару арқылы ес-те сақтау оқушыньщ өз бетімен, өз қалауымен немесе мұғалімнің арнайы тапсырмалары негізінде жүзеге асырылады, сөйтіп тіл .материалы оқырманның арнайы күш жұмсауы арқылы есте сақталады. Оқу барысында тіл материалының есте сақталуы оқушылардың санасында тиімді тілдік тәжірибенің жинақталуына көмектеседі. Ал мұндай тілдік тәжірибенің болуы ауызша сөздің, атап айтқанда, сөйлеу дұрыстығының алғы шарттарының бірі болып табылады. Оқудың ауызша сөзді дамытуға тигізетін әсері мынаған байланысты: оқу процесінде, (ішінен оқығанда да, дауыстап оқығанда да) барлық анализаторлар, соның ішінде сөйлеу үшін қажетті анализаторлар да қатынасады. Осының нәтижесінде оқушылар оқуға да, сойлеуге де дағдыланады. Сонымен қатар оқыған мәтіндердің мазмұны сөйлеу дағдыларын жетілдіруге арналған толып жатқан жаттығуларға негіз бола алады: сұрақ-жауап жаттығулары, мәтіннің мазмұнын қайталап айтып беру, әңгіме (беседа), оқыған материал бойынша дискуссия т. б.


3.1 Мәтінмен жұмыс кезінде оқу түрлеріне қойылатын негізі талаптар


Оқудың түрлері әр түрлі критерийлер негізінде анықталады. Жоғарыда біз оқудың үш түрін атағанбыз: қарап шығу, таныса оқу және зерттей оқу. Оқудың бұл түрлерін анықтау үшін негізінен екі көрсеткішке сүйенеміз: а) түсінудің толықтык, деңгейіне және ә) оқу жылдамдығына. Түсінудің толықтық деңгейі әрекеттің нәтижесін сипаттайды, ал оқу жылдамдығы техникалық дағдылардың автоматтандырылу деңгейінің, керсеткіші болып табылады. Жылдамдықты бір минутта оқылған сөз санымен өлшейміз.

Сөйтіп аталған оқу түрлеріне қойылатын талаптар мыналар:

Таныса оқу: мәтіндегі барлық фактілердің кем дегенде 70%-ін түсіну, бірақ мәтіндегі барлық негізі, басты фактілерді міндеті түрде түсіну қажет Басты ақпаратты дәл түсініп, қосалқы ақпаратты дұрыс түсіну керек. Кемелденген оқудың ең төменгі сатысына жеткенде, оқу жылдамдығы минутіне 140—150 сөз, кемелденудің «студенттік» деп аталатын деңгейінде 250- 300 сөз оқу керек.

Зерттей оқу: түсінудің толықтық деңгейі—100%, барлық ақпаратты (басты ақпаратты да, қосалқы ақпаратты да) дәл (адекватты түрде) түсіну қажет. Оқудың бұл түрі үшін оқу жылдамдығы минутіне 50—60 сөзден кем болмауы керек, ал «студенттік» деңгейде минутіне 130-т 150 сөз.

Қарап шығу: окудың бұл түрі окырманнан өте жоғары дәрежеде дамыған оқу іскерлігін талап етумен қатар, оның өте бай тіл материалын меңгеруін талап етеді. Сондықтан орта мектепте қарап шығудың кейбір элементтерін ғана үйретеміз: мәтіннің (әңгіменің) тақырыбын, не туралы екенін анықтауға үйрету керек. Оку жылдамдығы минутіне 1 —1,5 бет.


3.2. Ағылшын тілін оқыту әдістемесінде оқуға байлынысты іскерліктер


Ағылшын тілін оқыту методикасында оқуға байланысты іскерліктердің екі түрін ажыратады: а) тіл материалын түсінуге қажетті іскерліктер және ә) мәтіннің мазмүнын түсінуге қажетті іскерліктер.


І. Тіл материалын түсінуге қажетті іскерліктер және оларды дамытуға арналған жаттығулар. Іскерліктердің бұл тобының өзін екіге бөлеміз: а) оқушыларға таныс тіл материалын түсінуге қажетті іскерліктр және ә) оқушыларға таныс емес тіл материалын түсінуге қажетті іскерліктер. Бұл іскерліктерді дамытуға арналған жаттығулар жазба мәтіндерге тән лексикалық және грамматикалық материалды меңгеруді қамтамасыз етеді.

а) Оқу барысында таныс тіл материалын түсіну іскерлігін дамытатын жаттығулар жеке тілтануға, олардың арасындағы байланысты анықтауға, оларды мағыналық жағынан ірі (синтагмаларға, сөйлемдерге) біріктіруге дағдыландырады.

Оқу барысында тіл материалын оқушылар дәлме-дәл қабылдаумен қатар, оны тез қабылдауға тиіс. Сондықтан оқуға үйретудің алғашқы кезеңінен кейін материалды тануды автоматтандыруға, қабылдау бірліктерін ірілендіруге бағытталған жұмыстар істеледі. Тіл материалын тануды тездетуге, оны автоматтандыруға бағытталған жаттығуларды орындауда уақытты шекеу талап етіледі. Тіл материалын тануды автоматтандыру және қабылдау оларды ірілендіру үшін текст-жаттығулар қолданылады. Мұндай жаттығуларда бірқатар сөздердің ішінен (синтагмалардың, сөйлемдердің ішінен) белгіленген белгісіне қарап біреуін таңдап алу керек, мысалы:

  • мына қатардан бірінші сөзден ұйқасатын сөзді (созылыңқы дауыстысы бар, ұяң дауыссызбен аяқталатын сөзді) табыңдар;

  • берілген қатардан өткен шақ түрінде тұрған етістікті (салыстырмалы шырайдағы сын есімді табыңдар:

әр қатардан мағына жағынан басқа сөздермен үйлеспейтін (бірінші сөзінен мағынасы жақын) сөзді (сөйлемді, сөз тіркесін) табындар т.б.

Қабылдау процесін тездету үшін тұтас немесе оның бір бөлігінің материалына құрылған жаттығулар пайдаланылады. Мәтінді іштен оқуда мынадай тапсырмалар беруге болады: алдында бір рет оқыған мәтіннен мына бір жерді (сөйлемді) табыңдар, мәтіннен мына фактіні дәлелдейтін жоққа шығаратын жерді табыңдар т. б. Алдын ала оқылмаған мәтіннен мұғалімнің мәтінді мұғалімнің бұрын берген сұрақтарына жауап іздеу, оқудан бұрын берген жоспарға сәйкес мәтінің бөліктерін анықтау сияқты жаттығулар да қабылдауды тездетуге дағдыландырады.

ә) Оқушыларға таныс емес тіл материалымен жұмыс істеуге дағдыландыратын жаттығулар.

Оқушылар өз бетімен ағылшын тілінде оқығанда, оларға оқып отырған мәтінде таныс емес сөздер кездесуі сөзсіз. Олай болса, оқушылардың сондай сөздердің мағынасьн тез анықтауға үйрету керекті түсінікті. Таныс емес лексикалық материалы бар мәтіндер VIII кластан бастап енгізіледі. Сондықтан оқушылар VIII класқа дейін каңа сөздердін мағынасын анықтау тәсілдерін меңгеріп алуға тиіс. Ол тәсілдерді үйрету екі бағытта жүргізіледі: а) оқушыларды таныс емес сөздің мағынасын өзінің сөз тәжірибесіне сүйеніп анықтауға ә) екі тілді сөздіктің көмегімен анықтауға үйрету керек. Сөздікті пайдалануға арналған жаттығулар мәтінді оқу барысында кездесетін барлық жағдайларды қамтуға тиіс: сөйлемдегі сөздің мағынасы сөздікте берілген аудармалардың бірімен сәйкес келеді; әр түрлі сөйлемде берілген бір сөздің мағынасы сөздікте берілген бірнеше аудармамен сәйкес келеді; сөздікте берілген аудармалардың бір де бірі сөйлемдегі сөзді аударуға жарамайды. Осындай жаттығуларды орындау арқылы оқушыларды контекстке сүйене отырып, сөздіктен ең дұрыс аударманы таңдап алуға дағдыландырамыз. Оқушылар бір тілдегі сөздің орнына екінші тілдегі сөзді ойланбай қоя салмауы керек.

II. Мәтіннің мазмұнын түсінуге қажетті іскерліктер және оларды дамытуға арналған жаттығулар.

Мәтінді тусіну дегеніміз — сол мәтіндегі фактілі ақпаратты ала білу және оның мәнін түсіну. Мәтінді тусіну жекелеген фактілерді түсінуден, олардың арасындағы байланысты анықтаудан, сөйтіп оларды біртұтас мәндік бірліктерге бірлестіруден құралады, Ол үшін оқушы мәтіннің жеке элементтеріне таяныш сөздерді, маңызды фактілерді ажырата білуге үйренуі керек және алынған фактілерді жинақтап, синтездеуге, оларды мәндік үзінділеріне біріктіруге үйренуі қажет. Оқушылар мәтіннің жекелеген бөліктерін бір-бірімен ұштастыра, фактілер мен окиғаларды логикалық, хронологиялық тәртіппен ұйымдастыра, фактілерді топтастыра, оқиғалар арасындағы байланысты анықтай білулері керек.

Алынған ақпаратты одан әрі өндеу, яғни мәтінді мән денгейінде түсіну үшін оқушылар алынған ақпараттан корытынды шығарып, мәтіннің идеясын, түпкі ойын анықтауға, келтірілген фактілерді бағалай білуге, оларды өзінің білімімен, тәжірибесімен ұштастыра білуге тиіс.

Бұл аталған іскерліктерді оқушылар ана тілінде меңгереді. Қиындық бұларды жаңа тілде қолдануда кездеседі. Сондықтан жаттығулар осы қиындықты жоюға арналады. Бұл жаттығулар мыналар: абзацтың негізгі ойын анық-тандар; абзацтан мына ойды дәлелдейгін жерді табыңдар; абзацтың жалғасын табыңдар (жалғасы қандай болатынын алдын ала айтыңдар); абзацқа тақырып табыңдар; айтылған ойға баға беріңдер т. б. Көмекші жаттығулар ретінде мына жаттығуларды қолдануға болатын таяныш сөзді (сөйлемді) анықтаңдар, олардың астын сызындар, оларды көшіріп жазып алыңдар, дауыстап оқыңдар; абзацты қысқартыңдар (толықтырындар); абзацқа келтірілген фактілердің санын анықтаңдар т. б.

Жоғарыда аталған жаттығулар оқудың сөз әрекеті қызметін атқаруына қажетті алғышарттарды жасауға бағытталған. Алайда оқушылар оқуды өздерінің интелектуалдық даму сатысына сәйкес сөз әрекеті деп қарау үшін белгілі шартта орындалуға тиіс:


1. Мәтіндердің мазмұны белгілі жастағы оқушылар үшін құнды болуға тиіс.


2. Ағылшын тіліндегі материал басқа пәндермен кластан тыс шұғылдануына жарайтыңдай болуы керек.

3. Ағылшын тіліндегі мәтінді оқыр алдында оқушыларға ана тілінде оқығандағыға ұқсас тапсырмалар беру керек - мәтіннің жалпы идеясын анықтау, белгілі ақпаратты табу, мәтінге, автордың идеясына, жеке фактілерге баға беру т. б.

  1. Оқушыдан оқыған мәтіннің мазмұнын түсінуді ғана талап ету керек (мысалы, мәтінің тіл материалын есте сақтауды, оны кейін қайта қалыптастыруды талап етуге болмайды). Ол үшін мұғалім мәтінді оқу барысында тіл материалын бекіту жұмысын тоқтатқаны жөн, оқушылардың назары толығымен мәтіннің мазмұнына аударылуы керек.

  1. Мәтін біртұтас мазмұндық бірлік болуы керек, оны біржола тұтас оқу керек; тапсырманы өзгертпей, мәтінді қайталап оқымаған жөн.


3.3 Таныса және зерттей оқу.


Таныса оқу. Оқудың бұл түрін дамыту үшін едәуір ұзақ мәтіндер пайдаланылады. VVI кластарда мәтіндерді класта оқимыз, өйткені оқушыларға қалай оқу керектігі үйретіледі. Бұдан соң мәтінді оқушылар өз бетімен үйде оқиды. Дегенмен айына бір рет класта да оқуға көңіл бөлінеді.

Таныса оқуды өткізуге дайындау барысында мұғалім әуелі нені тексеретінін анықтап алады, яғни мәтіндегі оның мазмұнын түсінуге қажетті фактілерді іріктеп алады (басты фактілер мен қосалқы фактілердің негізгілерін). Сосын ол тексеру түрін анықтайды да, тапсырманы дайын-дайды. Оқудың бұл түрінде тек негізгі фактілерді түсінгені тексеріледі. Таныса оқудағы тапсырмалар мен тексеру түрлерінің үлгілері:

  • Мәтінді оқып, оның негізгі мазмұнына қойылғансұрақтарға жауап беріңдер. Мәтіннің мазмұнына қойылғансұраққа оқушылар бір сөйлеммен ғана жауап бермей, бір-неше сөйлемді біріктіріп жауап бергені дұрыс. Мұндай тексеру тәсілінің әр түрлі ұйымдастыру турі болуы мүмкін: а) мұғалім ауызша сұрақ қояды — оқушы ауызша жауап береді; ә) сұрақ ауызша — жауап жазбаша; б) әр сұраққа 3—4 дайын жауап бар, оқушы соның ішіндегі дұрысын тауып, таңдап алуға тиіс.

  • Мәтінді оқып, соңында берілген сөйлемдердің ішінен мазмұнына сәйкес келетіндерін белгілендер.

- Мәтінді оқыңдар. Мұғалімнін айтқанының қайсысы дұрыс екенін анықтандар, дұрыс емесін түзетіңдер. Мұғалім мәтіндегі біраз фактілерді атайды, олардың кейбіреулерін әдейі қате атайды. Оқушылар мұғалімнің айтқандарымен келісе отырып, қате жерлерін тузетуге тиіс.

Мәтінді оқып, мына сұрақтарға жауап болатын сөйлемдерді белгілеңдер: 1. ..., 2. ...

.— Мына қағиданы дәлелдейтін мәтіндегі барлық фактілерді атаңдар.

Мәтіндегі оқиғаның дамуына сәйкес мына сөйлемдерді реттеңдер т. б.

Таныса оқуды тексеру тәсілі ретінде ана тіліне аударуды қолдануға болмайды, өйткені оқушылар аударманы қолданатынын білсе, мәтінді түгел аударады, онда ол таныса оқу болмай, оқудың басқа түріне, зерттей оқуға, айналып кетеді.

Зерттей оқу. Оқудың бұл түрін дамыту үшін жұмыс істеу VIII кластан басталады. Ол үшін шағын мәтіндерді немесе ұзақ мәтіннің бір бөлігін (2-3 абзац) пайдаланады. Оқудың бұл түрінің мақсаты - мәтіндегі барлық ақпаратты дәл түсіну. Әуелде зерттей оқу класта жүргізіледі, кейін ондай тапсырманы үйге беруге болады. Мәтінмен істелетін жұмыс оны түгелдей жедел қарап шығудан басталады, оның тақырыбын, бірінші және соңғы сөйлемін оқу арқылы оқушылар бұл мәтінде не туралы әңгіме болып отырғанын анықтайды. Содаи кейін мәтінді қайталап іштен зейін қоя оқиды. Оқудың бұл түрінде мазмұнын түсінгенін тексеру тәсілі ретінде ана тіліне аудару қолданылады. Сөйлемнің қиын жерлері талданады. Ана тіліне аударудан басқа сұрақ-жауап арқылы, мұғалімнің дұрыс және қате сөйлемдерді атауы арқылы да мәтіннің мазмұнын дәл түсінгендігін тексеруге болады. Тексеру таныса оқудағы сияқты мәтіннің тақырыбын, оны ашу сипатын анықтаумен және мәтіндегі оқиғаларға баға берумен аяқталады.

Газетпен жұмысты бастамас бұрын мұғалім әуелі оқушыларды сол газеттермен таныстырып алуға тиіс. Мұнда ол бұл газеттердің қашаннан бері шыға бастағаны, аптасына қанша рет шығатыны, кімнің органы екені ту-ралы, газеттің материалы қалай орналасқан, ол қандай тақырыптарды қарастырады қандай материал газеттің қай бетінде болады, осының бәрін мұғалім оқушыларға алдын ала айтып беруге тиіс. Сосын мұғалім оқушылардың назарын газетте интернационалдық сөздер жиі кездесетініне аударады. Мұндай сөздердің мағыналарын түсіну әдетте оқушыларға оншалықты қиындық келтірмегенмен, олардың айтылуы едәуір қиын. Ол қиындықты жоюда магнитофон көмектеседі. Оқушылар магнитофоннан интернационалдық сөздерді тыңдайды да, әр сөзден кейінгі үзілісте дикторға ілесіп қайталап айтады. Содан кейін мұғалім үйге тапсырма ретінде бір мақаланы немесе соның бір үзіндісін оқуды жүктейді, оның үстіне оқушылар өздері оқыған үзіндіде кездескен интернационалдық сөздерді көшіріп жазып алулары керек.

Үйге газеттен бір мақала оқуға тапсырма берерден бұрын мұғалім қандай грамматикалық құбылыстардың оқушыларға қиын тиетінін анықтап, алдын ала түсініктеме беруге тиіс, әйтпесе оқушылар мақаланы түсінгенше көп уақыт жоғалтады. Кейбір қысқарған сөздерді оқушылар білмейді, сондықтан оларды мұғалім алдын ала түсіндіруге тиіс: СDU, СSU SРD, UNО, LDРD т. б.

Тиісті түсініктемелерден кейін оқушыларға біраз аудио-визуалдық жаттығулар жасатқан тиімді. Яғни оқушылардың көз алдында жазбаша түрде сөздер, сөз тіркестері, сөйлемдер тұрады, соған қарап отырып оқушылар осы сөздерді, сөз тіркестерін, сөйлемдерді магнитофоннан тыңдайды да, дикторға ілесіп оқиды. Осындай тәсілмен географиялық атауларды, сандарды, даталарды, интернационалдық сөздерді дұрыс айтуға, дұрыс оқуға үйретеміз.

Жоғары класта мұғалім жұмысын жоспарлағанда, әр оқушы аптасына бір рет газетпен жұмыс істеуін ескергені жөн. Оқушылардың газетпен жұмыс істеуге қызығуын жоғалтпас үшін мұғалім өз тәсілдерін өзгертіп отыруға тиіс.

Мысалы:

  1. Барлық, оқушылар үйде бір мақаланы оқып, оны жазбаша аударады.

  1. Мақаланы аудармай, оның мазмұнын ана тілінде (кейін ағылшын тілінде) айтып береді.

  2. Әр оқушы жеке тапсырма алады, әрқайсысы басқа бір мақаланы оқып, соны аударады немесе мазмұнын айтып береді.

  3. Барлық оқушылар бір мақаланы оқып, оның мазмұнын ағылшын тілінде жазбаша, түрде қайта айтып береді.

  4. Оқушылар үйде әр түрлі деректі хабар дайындап, класта оны дауыстап мәнерлеп оқып береді, оны магнитофонға жазып аламыз.

  5. Оқушылар газеттің бар материалын тақырыптар бойынша топтастырып, шолу жасайды т. б.

Бақылау үшін сұрақтар мен тапсырмалар:

  1. Оқу сөз әрекетінің қандай түріне жатады?

  1. Оқу шетел тілін оқытудың мақсаты екенін дәлелдеңіз.

Неге оқу шетел тілін оқытудың құралы болады?


Қорытынды


Қорыта айтқанда, ХХІ ғасыр табалдырығын білім мен ғылымды инновациялық технология бағытымен дамыту мақсатымен атауымыз үлкен үміттің басты нышаны болып табылады.

Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды дегендей, жас ұрпаққа саналы, мән мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру бүгінгі күннің талабы.

Бүгінгі қоғам мұғалімнің біліктілік деңгейіне де, ішкі жан дүниесіне де жаңаша талап қойып отыр, өйткені қазіргі күні ХХІ ғасыр ұрпағынан үлкен үміт күтуде. Мектептегі басты тұлға мұғалім, осы мұғалімнің алдында тұрған басты мақсат рухани жан дүниесі дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру.

Оқушының оқу дағдысын қалыптастыруда жалпы жазба тілімен ауыз екі сөйлеу тілі тікелес байланысты. Оқушыларды шығармашылықпен ойлауға тәрбиелеу мұғалімнің міндеті. Сондықтан бұл жұмыс түріне ерекше талап қою керек. Мәтінді мазмұндауға үйрету, жазбаша сұрақтарға жауап беруге үйрету, жоспар құруға, мұғалімнің көмегімен өздерінің ойларын қызықты іс-әрекеттерін әңгімелесуге үйрету, т.б. бұл дағдыларды қалыптастыру үшін ұстаз ерінбей еңбек нәтижесінде жете алады.

Бала ұлттың болашағы, қоғамның әлеуметтік байлығы, сондықтан да олардың азаматтық жоғары парасаттылығын, ақылдылық пен білімділігін, адамгершілік негізін қалыптастыра білуіміз керек.

Шетел тілінде үйренген іскерлігін оқушы өзінің еңбек қызметінде қолдана алуға тиіс. Әрбір маман қажетті әдебиетті таңдап алып, өз мамандығы саласындағы жетістіктермен таныстыра білгені, маңызды әдебиетті жақсы түсініп, оны өз жұмысында пайдалана алуы қажет. Кітап оқудағы аталған мақсатын жүзеге асыру ушін маман оқудың мына турлерін меңгеруі керек: қарап шығу, таныса оқу және зерттей оқу.

Шетел тілінде оқуға үйрету барысында жалпы білім берумен тәрбиелік мақсат: ақыл-ой, рухани, саяси-идеялық, еңбекке баулу, эстетикалық т. б. тәрбие жүзеге асырылады.

Білім беру және тәрбиелік тұрғыдан алып қарағанда оқушылардың мәтінмен (кітаппен) өз бетімен жұмыс істеу дағдыларының маңызы өте зор. Оқу барысында алынған ақпарат оқушыға белгілі мөлшерде тәрбиелік ықпал етеді, оны рухани, саяси-идеялық тұрғыдан тәрбиелеуге көмегін тигізеді. Сондықтан оқуға арналған мәтіндердің мазмұнына көп көңіл бөлу қажет. Мұндай мәтіндердің мазмұны окушыларға шынайы демократия, халықтар достығы, ынтымақтастық, патриотизм туралы нақты мәлімет беріп, өз халқының тілін, оқьп отырған халықтың әдебиетімен, мәдениетімен, тарихымен, салт-дәстүрлерімен таныстыруға тиіс.


Әдебиеттер тізімі:


  1. Әбдіғалиев С. «Неміс тілін оқыту әдістемесі» Алматы, 1998 ж.

  1. Бәйнешова Ш. «Неміс тілі лексикасын оқыту» Алматы, Рауан, 1999 ж.

  2. Рогова Г. В., Рабинович Ф. М., Сахарова Т. Е. «Методика обучения иностранным языкам в средней школе» Москва, Просвещение, 1991 г.

  3. Рогова Г. В., Верещагина И. Н., «Методика обучения английскому языку на начальном этапе в средней школе» Москва, просвещение, 1988 г.

  4. Рахманов И.В. «Обучение устной речи на иностранном языке» Москва, Высшая школа, 1980 г.

  5. Қазақстан мектебі №5, 1999 ж.

  6. Қазақстан мектебі №7, 1996 ж.

  7. Иностранные языки в школе «Просвещение» 7, 2005 г.

  8. Шетел тілін оқыту әдістемесі 6(14) 2006ж.

  9. Клычникова З. И. «Психологические особенности обучения чтению на иностранном языке» Москва, Просвещение, 1983 г.

  10. Рыбаков Н. Д. «Контроль в обучении иностранным языкам» Москва, Просвещение, 1986 г.

  11. Мектепте ағылшын тілін оқытудың кейбір мәселелері (методикалық нұсқау) Алматы, 1989 ж, 55 б.

  12. Қазақстан мектептеріндегі шетел тілдері. Ғылыми әдістемелік журнал 4(25) 2006ж.

  13. Бим И. Л. «методика обучения иностранным языкам как наука и проблема школьного учебника» Москва, 1977 г.































Task1

Work in groups. What word excess?

Deep, honey, ripe, clever, sly, large

A lake, a river, a sea, a wood, a pond

An insect, a butterfly, a bee, an ant, a fly

Plums, peaches, grains, grapes, pears, oranges, apples

China, France, English, Russia, Germany, Canada

A stork, a bear, a sparrow, an owl, a quail


Task 2.

The combination of the words with the definition.

Match the words with their meanings:

Meal a) a person who makes food

Dish b) a particular style of cooking

Food c) the separate stages in which a meal is served

Course d) food which is eaten at the same time each day

Cook e) things that people eat, such as vegetables and

meat

Cuisine f) food prepared in a particular way, typical of a

particular area

Portion g) a small amount of food between main meals or instead

of a meal

Snack h) an amount of food for one person, when served in a

restaurant


Task3.

a) Read the text about Omar’s letter to his friend.

Dear  Darkhan!

I have got a new friend. His name is Adil. He is 14. He is tall and handsome. He is not fat, he is thin. He has got a sister. Her name is Asem. She is 13. She is beautiful. Her hair is short. Adil’s father is strict but he is kind. His mother is very nice. They are very friendly.


b) Answer the questions:

1. What’s Omar’s friend’s name? ________________________ .

2. How old is Adil? ___________________________ .

3. Is Adil fat? ____________________ .

4. What is he like? ___________________________ .

 

c) Answer the following questions about you friend (friends).

1) What’s your friend’s name?

2) What does she/he look like?

3) What does she like /dislike?

4) What is her favourite sport?

5) What are her father and mother?

6) What do they look like?

7) What are their personal qualities?

 
Task 4.

What letter is found in each word?

A) 1. d, 2. o Б) 1. g, 2. e В) 1. g, 2. b Г) 1. d, 2. e



Task 5.

Decipher the name of the picture, moving in the directions indicated by the arrows. The beginning of movement for each route – a cage with a snowflake. Choose the number of a suitable picture.

A) 1 Б) 2 В) 3 Г) 4





Task 6.

Look at the picture and choose the right excuse.

A) 1a, 2a, 3a, 4a, 5a Б) 1a, 2b, 3a, 4a, 5b

В) 1b, 2a, 3a, 4a, 5a Г) 1a, 2a, 3a, 4b, 5a

Task 7.

Go through the maze and determine the color of each of the objects/animals in the pictures.

A) 1c2b3d4a5f6e Б) 1c2b3d4a5e6f

В) 1b2c3d4a5e6f Г) 1c2b3a4d5e6f



Task .

What offers correspond to the picture?

1. I can see two dogs in the room.

2. I can see a lamp in the room.

3. I can see a ball on the floor.

4. I can see three pictures on the wall.

5. I can see two cactuses in the room.

6. I can see a big sofa in the room.

7. I can see a cat in the armchair.

8. I can see a TV in the room.

9. I can see two bookcases.

10. I can see two cushions (подушки) on the armchair.

A) 1, 2, 3, 4, 5, 9, Б) 1, 2, 3, 4, 5, 9, 10

В) 1, 3, 4, 5, 6, 10 Г) 1, 3, 4, 5, 9, 10



Task 9. Choose a suitable description of the family.

A) 1 Б) 2 В) 3 Г) 4



Task 10.

Guess the encrypted word, which is formed from the first letters of each of the words in the pictures.

A) bakery Б) bumper В) burger Г) babies



Task 10.

Match the images to the words.

A) 1b2a3d4i5g6c7f8h9e Б) 1i2a3d4b5g6c7f8h9e

В) 1b2a3d4i5f6c7g8h9e Г) 1b2c3d4i5g6a7f8h9e



Task 11.

Look at the pictures and insert the appropriate pronouns: he, she, it, they.

A) 1. He, 2. She, 3. They, 4. It, 5. They, 6. She

Б) 1. She, 2. He, 3. They, 4. He, 5. They, 6. It

В) 1. She, 2. He, 3. They, 4. It, 5. They, 6. It

Г) 1. He, 2. She, 3. We, 4. It, 5. They, 6. It



Task 12.

Read the first message in the frame. How will you answer it? Choose the answer and follow the arrow on. Choose your last answer.

  1. 1. I’m nine. Б) 2. I’m fine. В) 3. I’m form Britain. Г) 4. I’m Li

Task 13.

«Whose house?»



Task 14.

«What? What color?»

 




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
14.01.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі