Ойын – бұл мұғалімнің
көмегімен ұйымдастырылған балалардың өзара әрекеті. Ойын арқылы
баланың мінез-құлқына біртіндеп әсер етіп, оны түзетіп, белгілі бір
заңдылықтарды ұғындыруға болады. Ойын балаға өзін еркін сезінуге,
берілген білімді жеңіл қабылдауына, өз ойын еркін жеткізуіне
мүмкіндік береді. Ал бала үшін бұл өте маңызды. Бірақ, мұғалім әр
уақытта ойынды жандандыруды, мазмұнды етуді ұмытпағаны жөн. Мысалы:
педагог ойын алдында балаларға тек жылдам және күшті адам ғана
жеңімпаз болмайды, сонымен қатар ақылмен де жеңіске жетуге
болатынын, алдап, айламен жеңгенше, адал жеңілген жақсы екенін
әңгімелеу арқылы олардың адамгершілік қасиеттеріне әсер ете алады.
Ойын баланы бақылау алаңы сияқты. Ойынды бақылау арқылы педагог
баланы неғұрлым жақын тани түседі. Балаларға ересек адамдардың
олардың ойынына қатысқаны өте ұнайды. Себебі, балалар осындай
жағдайда өздерін ересектермен тең сезінеді де олардың қылықтары,
әрекеттері неғұрлым мазмұнды, пайымды бола бастайды. Ойын барысында
педагогтың өзі адамгершілік қасиеттерді жақсы көрсете білуі керек.
Яғни, ол бала үшін ұстамдылықтың, адалдықтың, жанашырлықтың,
қайырымдылықтың үлгісі болып табылатынын есте ұстағаны
жөн.
Бала ойын арқылы күнделікті қылықтары жайлы
ойланып, оларға қарапайым талдау жасап, болашақта ержеткен кезде
өмірдің маңызды да терең мазмұнды сұрақтарын шеше білуге
үйренеді.
Мен өзімнің әр сабақтарыма, ойын технологиясын
кірістіру арқылы оқушыларды сөйлетіп ,өз ойларын еркін айтуларына
жағдай жасаймын.