Материалдар / АҒЫЛШЫН ТІЛІН ОҚЫТУДАҒЫ САБАҚ АЛДЫ ДАЙЫНДЫҚ ЖӘНЕ АУДИТОРИЯДАҒЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ

АҒЫЛШЫН ТІЛІН ОҚЫТУДАҒЫ САБАҚ АЛДЫ ДАЙЫНДЫҚ ЖӘНЕ АУДИТОРИЯДАҒЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ

Материал туралы қысқаша түсінік
оқытушының сабақ алды мұқият дайындығы, жүйелі жоспары, дұрыс ұйымдастыру шеберлігі - ағылшын тілін оқытудың кілті. Студенттердің ағылшын тілін іс-жүзінде пайдалану қабілеті жоғарылағанда ғана, қоғамға қажет білімді де білікті дарын иелерін тәрбиелеуге қол жеткіземіз.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Мамыр 2021
390
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

АҒЫЛШЫН ТІЛІН ОҚЫТУДАҒЫ САБАҚ АЛДЫ ДАЙЫНДЫҚ

ЖӘНЕ АУДИТОРИЯДАҒЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ


Омарова Маржан Жакыповна


Ағылшын тілі пәні оқытушысы


Еуразия аграрлық колледжі

Замана көші ХХІ ғасырға қадам тастағаннан бастап, ғылым-техника ұшқан құстай дамып, елдердің өзара бәсекелестігі күн сайын күшейе түсуде. Қазақстанның сыртқы саясатының жан-жақты тереңдеп, халықаралық деңгейдегі барыс-келісі мен алыс-берісінің көбеюіне ілесе, ағылшын тілінің атқаратын і барған сайын маңызды бола түсуде. Оның үстіне, еліміздің дүние жүзіндегі дамыған 50 елдің қатарына ену стратегиялық бағытын іске асыру үшін, шетел тілін, әсіресе ағылшын тілін меңгерген білімді де білікті ұрпақ тәрбиелеудің маңызы тіпті де зор болуда.

Жаңа заман талабына сай, жоғары оқу орындарындағы ағылшын тілін оқытудың сапасын көтеріп, ел жүгін арқалайтын дарын иелерін тәрбиелеу, ағылшын тілін оқытуда тың мәселеге айналып отыр.

Ағылшын тілін сапалы оқытудың кілті – оқытушыда. Ғылым мен техника және экономика үздіксіз дамыған бүгінгі таңда, оқытушылардың өз біліктілігін өсіру, сабақ алды дайындық қызметі, аудиториядағы ұйымдастыру қабілеті, оқыту әдістемесі т.б. – барлығы да оқыту сапасына тікелей әсер ететін факторлар болып табылады. Сабақ алды дайындық пен аудиториядағы ұйымдастыру мәселелері осы мақаламыздағы өзекті тақырып болмақ.

I Сабақ алды дайындық

Сабақ алды дайындықтың толық болуы - сабақты сапалы өткізудің кепілі. Сондықтан, оқытушы сабақ өтер алдында ыждағаттылықпен жан-жақты мұқият дайындалып, оқытудың бағыттамалылығын күшейтіп, ағылшын тілін оқытудың тиімділігін арттырулары керек.

Оқыту практикасы сабаққа оқытушы дайындығы жақсы болса, оқыту нәтижесі де жақсы болатындығын, сабақты жақсы өту үшін дайындықтың керек екендігін дәлелдеді. Оқытушы сабаққа дайындалу барысында, өзінің білім өресі мен кәсіптік қабілетін шыңдап қана қоймай, методикалық тәжірибені де жинақтайды. Оқытушының оқулықты талдап зерттеуі, оқулық жөніндегі түсінігін тереңдетіп оқытудың жаңа жолдарын және тың әдістерін табуына қөмектеседі. Сондықтан оқытушының сабақ алды дайындығын өзінің білім өресін өсіру барысы деп қарауға да болады.

1. Оқулықты жан-жақты талдап, студенттердің деңгейіне қарай сабақ өту

1.Оқыту бағдарламасын мұқият зерттеу.

Бағдарлама – күнделікті оқыту жұмысының басты құралы. Ол әр кезеңде оқыту жұмысының түйіні, нысанасы және оқыту моделі жақтарында маңызды атқарады. Бағдарламаны мұқият зерттеу арқылы, әр кезеңде оқыту жұмысына жалпылық таным қалыптасып, ұзақ мерзімді оқыту жоспарын жасап, әрбір тараулардың мазмұны жөнінде нақтылы нысананы белгілеуге болады [5].

2.Оқулықты мұқият зерттеу.

Оқытушылардың оқулықты пайдалану тәсілі әр түрлі болады. Кейбір оқытушылар бүкілдей оқулық бойынша сабақ өтеді, кейбір оқытушылар үлкен жақтан оқулыққа сүйенгенімен оның кейбір мазмұндарына өзіндік өзгеріс енгізеді, ал кейбір оқытушылар студенттерінің деңгейіне қарай өзі материал жинақтап сабақ өтеді. Дегенмен, оқулық өтілетін сабақ мазмұнының тиянағы. Сабақтың ретті, ұласпалы ғылыми өтілуіне кепілдік етіп, сабақ оқытудың тиімділігін арттыру үшін, оқулықты зерттеп, оның құрылымдық жүйесін және оқыту мақсатын, нысанасын анық білу керек.

3. Оқыту әдістемесін (методын) мұқият зерттеу.

Бағдарлама оқыту, әдістеме тұрғысындағы талғамға жалпы бағдар сілтегенімен, нақтылы оқыту әдісін оқытушы өзі белгілейді. Сондықтан ағылшын тілін оқыту барысында тыңдау, сөйлеу, жазу және аудару сияқты оқыту принциптері мен әдіс-тәсілдерін жақсы игеру керек. Сабаққа дайындалғанда әр сабақтың мазмұнын толық жеткізу, мәселені шешу, үйрену тактикасын жаттықтыру, іс-әрекет ұйымдастыру, қабілетін жетілдіру сияқтылардың барлығына нақтылы әдіс-тәсіл ойластыру керек.

4. Студенттердің деңгейін мұқият зерттеу.

Сабақтың жанды да жалынды өтілуі үшін үйренуші тұлға болып отырған студенттердің белсене ат салысуы төтенше маңызды. Студенттердің сабаққа қызыға қатынасуына кепілдік ету үшін, студенттердің оқу деңгейі мен үйрену стилі сияқты жақтарын мұқият зерттеп, өтілетін сабақтың мазмұны мен формасын студенттердің нақтылы жағдайына қарай бейімдеу керек. Осылай істегенде ғана сабақ сіңімділігін жоғарлатуға болады, яғни келесі жағдайларды есте ұстаған жөн:

1)Оқу-танымдық деңгейіне қарау.

Оқу-танымдық деңгейі жастың өсуіне байланысты дамып отырады. Оқу-танымдық қабілетінің әр түрлі болуына байланысты студенттердің үйрену тәсілі де әрқилы болады. Мысалы, жас жеткіншектердің көбі практикалық үйрену тәсілін ұнатса, студенттер талдау жасау тәсілі арқылы үйренуді ұнатады. Бір топтағы студентердің танымдық қабілеті әр түрлі болатындықтан, оларға да түрліше оқыту әдісін қолдану керек.

2)Жас ерекшелігін ескеру .

Жас шамасы әр түрлі адамдардың оқу-танымдық деңгейі және талғамы болады. Орта мектеп оқушылары ойынды, ал студенттер дидактикалық тәсілді ұнатады. Студенттердің көбі қатарластарының мойындауын қажетсінсе, оқушылар мұғалімнің мақтауына мән береді. Оқушылардың зейінін шоғырландыру уақыты қысқарақ болса, студенттердікі ұзағырақ болады. Сондықтан, студенттерге лекция, өз бетімен жұмыс істеу әдісі, индуктивті және дедуктивті әдістер, проблеманы іздеу әдістері т.б. пайдаланылады [1].

3)Тіл үйрену стильдерін ескеру.

Тілдерді үйренгенде студенттердің үйрену стильдері әр түрлі болады. Біреулері тілді іс-қимыл арқылы үйренгенді ұнатса, кей біреулері дидактикалық мақсаттар мен міндеттерге көбірек назар аударады, ал кейбіреулері аналитикалық әдіспен үйренгенді ұнатады. Сондықтан, тіл оқыту барысында студенттердің үйрену стильдеріне мұқият талдау жасап, сол негізде оқыту әдісін талдаған жөн.

2. Сабақ жоспарын ғылыми негізде жасау

Сабақ жоспары - аудиторияда сабақты жақсы өтудің негізгі кепілі. Сабақ жоспарын жасағанда төмендегідей бірнеше жақтарға мән беру керек:

1. Оқыту мақсатын белгілеу.

Әр сабақты өтуде айқын мақсат болу керек, оқыту мақсаты жалпы алғанда тілдік мақсат және байланыс мақсат деп екіге бөлінеді. Тілдік мақсат — студенттер игеруге тиісті сөздік қор, қысқаша сөздер және сөйлемдерді қамтиды. Байланыс мақсаты — есту, сөйлеу, оқу, жазу, аудару сияқты қабілетті жетілдіруге қаратылған. Қандай аудитория болмасын, жаңа сабақ өтілсін немесе пысықтау болсын оқытушы дайындық барысында орындауға тиісті міндетті айқындау керек.

2. Оқулықты үйлесімді пайдалану қажет.

Нақтылы оқыту барысында, оқытушы оқулықты көзсіздікпен негіз етпей студенттердің нақтылы жағдайына қарай үйлесімді пайдалануы керек. Оқулықтағы кейбір материалдарды сабақ барысында қалдыра тұрып, үй жұмысы ретінде студенттердің өзіне беру керек. Кейбір материалдардың ретін лайықты реттеп аудиторияның талабына сәйкестіру керек. Ал кейбір материалдар өте қажет болғанына қарамастан оның мазмұны аудиториядағы өтіліп жатқан сабаққа онша үйлеспесе оқулықтан тыс үйлесімді материал іздеп табу қажет. Оқытушы аудиторияның нақтылы талабына қарай кейбір мазмұндарды көбейтіп кіргізуіне болады. Оқулық жазылу барысында барлық студенттердің нақтылы жағдайына жауап бермейтіндіктен оқытушы жоғарыдағы әдістерді тиімді пайдаланғаны жөн.

3. Аудиториядағы сабақ өту барысына көңіл бөлу.

Аудиториядағы оқыту барысы көрсету, қолдану және тексеру сияқты үш кезеңді қамтиды. Көрсету мақсаты - өтілетін сабақтың мазмұны мен міндетін айту арқылы студенттерге жаңа сабақ мазмұнының басталғандығын білдіру. Қолдану кезеңінде - студенттер сөз сөйлемдерді жаттап жаттығу немесе практикалық тұрғыда пайдалану арқылы тіл білімдерімен түрлі тәсілдерді игереді. Тексеру кезеңінде оқытушы студенттердің сабақты игеру ахуалы мен тілдік тәсілдерді қолдану ахуалына көз жеткізіп, келесі сабақты орналастыруға мүмкіндік алады.

4. Оқыту барысындағы қиыншылықтарды алдын-ала болжап, оны біржақты ету шараларын қарастыру.

Сабақ өту барысында түрлі ойламаған жағдайлар туындауы мүмкін. Сабаққа дайындалу барысында осындай жағдайларға толық болжам жасау керек. Мысалы, жоспар бойынша магнитофон немесе басқа да электр құралдарымен, мультимедия технологиясы және интернет арқылы сабақ өткізу барысында электр қуаты тоқтап қалса немесе электр құралдарынан мәселе шықса не істеу керек? Жоспардағы оқыту міндеті орындалмай қалса ше, оқыту міндеті ерте орындалып уақыт артылып қалса ше, берілген сұрақтар өте қиын болып студенттер жауап бере алмаса ше? Міне, осы жағдайларды ескеріп сабаққа дайындалғанда бірнеше түрлі жоба жасап тығырықтан шығуды алдын-ала ойластырған жөн.

II Аудиториядағы ұйымдастыру

Студенттерге лайықты жақсы оқулық талдағаннан кейінгі шешуші нәрсе - оқытушының осы оқулықты мүмкіндігінше толық пайдаланып, студенттердің тілге деген қызығушылығын арттырып, оларға мол тілдік білім беруінде. Бұл аудиториядағы ұйымдастыруға келіп саятын мәселе.

Аудиториядағы ұйымдастыру - сабақты жақсы өтудің бірден-бір факторы, ол аудиториядағы оқыту іс-әрекетінің сәтті жүргізілуіне тікелей әсер етеді [5].

1. Аудиториядағы сабақты ұйымдастырудың маңызы

Оқытушының аудиториядағы басты міндеті - үйренуге тиімді орта жарату (ұйымдастыру). Аудиториядағы сабақтың сәтті өтілуі ұйымдастыру тактикасының ұтымдылығына байланысты. Сабақты қалай бастап, қалай аяқтау, оқытушының қалай нұсқау беруі, сабақ өту барысында қандай атқаруы, міне, осылардың барлығы аудиториядағы сабақтың сәтті өтілуінің кепілі [2].

2. Аудиториядағы сабақты ұйымдастырудың құрылымы

Аудиториядағы ұйымдастыру жалпы алғанда оқытушының позициясына, мақсатына, ұйымдастыру шеберлігіне байланысты болады. Аудиториядағы ұйымдастыру – шешім жасау және әрекет ету болып екіге бөлінеді. Шешім жасау – қандай шара қолдану, бұл шараны қашан және қалай қолдану сияқты жақтарды қамтиды. Ал, әрекет ету – осы шешімдерді нақтылы орындау барысы болып табылады. Аудиториядағы ұйымдастырудың ең негізгі шеберлігі - түрлі мәселелерді бір жақты ету, мәселелерді шешудің әдісі мен ұтымды әрекетін дұрыс талдау сияқты жақтарынан бейнеленеді. Аудиториядағы ұйымдастыру, оқытушының і, нұсқау беру, іс-қимылды ұйымдастыру тәсілі, зейін қойып тыңдамайтын студенттерді қалай басқару және оқыту жұмысының ретін бақылау әдісі сияқтыларды қамтиды [6]. Осы мәселелерді қалай дұрыс шешу әрбір оқытушының міндетті түрде игеруге тиісті тактикасы.

3. Аудиториядағы ұйымдастыруға ықпал ететін факторлар

Аудиториядағы ұйымдастыруға ықпал ететін факторлардың бастысы: оқытушының і, аудиториядағы оқытушы мен студенттердің өзара байланыс іс-әрекеті, оқытушының нұсқау беруі.

1. Оқытушының і

Аудиториядағы оқыту жұмысын жобалау мен ұйымдастыру оқытушының толық дайындығын қажет етеді. Оқытушының басты міндеті: мәнді мағыналы, қызықты және шынайы материалдарды тауып аудиториядағы коммуникативтік іс-әрекетті ұйымдастыру барысында оқытушы өзінің орнын дұрыс таба білуі. Оқытушының і аудиториядағы ұйымдастыру принциптері мен қолданатын тәсілін белгілеу болып табылады. Осы заманғы оқыту теориясы бойынша оқытушының басты і төмендегідей 6 түрлі болады: а) ұйымдастырушы (organizer), ә) бақылаушы (controller), б) тексеруші (assessor), в) жебеуші (promter), г) қатысушы (participant), д) ақпарат беруші (source of information) [3]. Оқытушы аудиторияда ұйымдастырушы ғана емес, сабаққа белсене араласушы бола білгені жөн. Демек оқытушының оқыту жұмысына лайықты араласуы - студенттердің аудиториядағы тілдік жаттығуына орай туғызып қана қоймастан оқытушы мен студенттердің арасында үйлесімді байланыс орнауына септігін тигізеді [4]. Мысалы, оқытушы топтың бір мүшесі ретінде талқыға қатысып, студентпен қатысты тақырып жөнінде еркін диалогқа түсуі тиіс. Осылай болғанда ғана оқытушы мен студент арасында етене байланыс қалыптасып, оқытушы мен студенттің тең дәрежеде сұхбаттасуына мүмкіндік туылып, студенттердің шет тілін қорғанбай сөйлеуіне тиімді орта қалыптасады және оқытушы белгілі дәрежеде үлгілік атқарып, студенттердің шет тілін сөйлеу барысындағы мәселелерді дер кезінде байқап оны түзетуіне болады [8].

Сабақ барысында оқытушы студенттерді шабыттандырып, дұрыс сөз- сөйлемдерімен оларға ықпал етіп, тілдік және грамматикалық қателіктерін түзетуге ықпал етеді. Аудиториядағы бай мазмұнды тілдік-практикалық қимыл студенттердің үйрену белсенділігін толық жұмылдырып, оларды пейілсіз білім алуышыдан тіл үйренудің белсенді тұлғасына айналдырады.

2. Өзара байланыс іс-әрекеті

Аудиториядағы өзара байланыс іс-әрекеті, аудиториядағы ұйымдастыруға ықпал ететін тағы бір фактор. Өзара байланыстың лайықты болу-болмауы, аудиториядағы ұйымдастырудың нәтижесіне тікелей әсер етеді. Сондықтан оқытушы әртүрлі өзара байланыс іс-әрекетінің артықшылығы мен кемшілігін жете түсініп, оқыту мақсаты мен студенттердің психологиялық қажетіне сай әрі оқу мүмкіншілігіне байланысты лайықты тәсілді талдағаны жөн.

Аудиториядағы өзара байланыс іс-әрекеті, әдетте топ көлемінде (lockstep), шағын топ көлемінде (group work), жұптасу (pair work) және дербес (жеке дара)( individual work) болып төртке бөлінеді. Қандай тәсіл қолданылса да бастысы - студенттердің қатысуына көбірек мүмкіндік жасау керек. Студенттердің қатысуынсыз үйрену толыққанды болмайды. Бұл үшін төмендегі талаптар орындалуы тиіс:

1) топ көлеміндегі әрекетте оқытушы мүмкіндігінше аз сөйлеп студенттердің іс-әрекетке араласу уақытын көбейту керек;

2) шағын топ көлеміндегі іс-әрекетте студенттер отырған орнына қарай топ құрса да, өз бетімен топ құрса да, үздік студентпен нашар студент біріксе де, жеребе суыру арқылы біріксе де болады. Осы тәсілдердің өзіндік артықшылығы мен кемшіліктері болғандықтан, оқытушы іс-әрекеттің мақсатына қарай лайықты тәсілді талдап, топ құрамын қайта-қайта өзгертуі тиіс;

3) жұптасу іс-әрекетте екі үлгерімі нашар студенттің бірігуінен сақтанған жөн, өйткені олардың деңгейі төмен болғандықтан берілген тапсырманы орындауы қиынға соғады;

4) дербес іс-әрекетті ұйымдастырғанда оқытушы іс-әрекеттің мақсаты мен талабын, міндеті мен тексеру тәсілін айқындауы тиіс [1]. Бұл іс-әрекетті ұйымдастырудың қазіргі заманауи өте құнды түрі – компьютерлі оқыту, мультимедиямен оқыту;

5) әр қандай әрекеттің уақыты 10-15 минуттан аспағаны дұрыс.

3. Нұсқау беру

Нұсқау беру – аудиториядағы іс-әрекетке жасаған жетекшілік болып табылады. Және cтудент қатынасатын қимылы жөнінде айқын танымда болып, өзінің і мен міндетін жете түсінуі қимылды сәтті жүргізудің алғышарты. Бұл үшін оқытушы нұсқауды қысқа әрі анық беруі тиіс. Нұсқау анық берілмесе аудиториядағы оқыту жұмысын ұйымдастыруға қолайсыздық туылады [7]. Нұсқау беруден бұрын, студенттердің зейін қуаты оқытушыға шоғырлануы тиіс. Аудиторияда тыныштық орнамаған жағдайда немесе студенттер өз жұмысымен болып жатқан кездерде, бір-бірімен әңгімелесіп отырған кездерде нұсқау беруге болмайды. Аудиторияда нұсқаушылық жасағанда төмендегідей бірнеше жақтарға көңіл бөлу керек:

  1. жаңа-көне білімдердің ұласпалылығына көңіл бөлу;

  2. іс-қимылға нұсқау беру тәсіліне көңіл бөлу;

  3. іс-қимылға нұсқау беру мақсатына көңіл бөлу;

  4. іс-қимылға нұсқау берудің орындалу барысына көңіл бөлу;

  5. іс-қимылға нұсқау берудің тексеру талабына көңіл бөлу;

  6. студенттердің нұсқау жөніндегі түсінігін текскруге көңіл бөлу;

  7. іс-қимылдың уақыт шектемесін анықтауға көңіл бөлу;

  8. студенттерге қимылды қалай бастауды анық ұқтыруға көңіл бөлу;

  9. студенттердің іс-қимылын бақылауға көңіл бөлу;

  10. іс-қимылды тоқтатқанда анық нұсқау беру, және оқытушы студенттердің іс-қимылын лайықты бағалау, берілген баға студенттердің өз-өзіне сенім орнатуына, проблемаларды байқауына әрі өзгерту тәсілінің айқындалуына көңіл бөлу;

  11. ең соңында, студенттердің сұрақтарына уақыт қалдыруға көңіл бөлу [2].

Қорытып айтқанда, оқытушының сабақ алды мұқият дайындығы, жүйелі жоспары, дұрыс ұйымдастыру шеберлігі - ағылшын тілін оқытудың кілті. Студенттердің ағылшын тілін іс-жүзінде пайдалану қабілеті жоғарылағанда ғана, қоғамға қажет білімді де білікті дарын иелерін тәрбиелеуге қол жеткіземіз.


Әдебиеттер тізімі:

1. Қоянбаев Ж. Б. Педагогика. - Алматы: Рауан. 1992. -197 -206 б.

2. Gu Yueguo. English Language Methodology. Beijing: Foreign Language Teaching and Research Press. - 1999. 250-300 б.

3. Harmer, Jeremy. The Practice of English Language Teaching. - Cambridge : CUP. 1991. -33 б.

4. Zhang Guoyang & Zhu yafu. Foreign Languages Educational Linguistics. Guangxi Education Press. - 1999. -126 б.

5.Wang Maqin. English Language Teaching Strategies. Foreign Language Teaching and Research Press. Beijing. - 2004. 14 -174 б.

6. Zhou ying & Jing Ruixin. 1998. Pedagogy. Beijing : Officer Education Press, 202-204 б.

7. Wu Jing. College English Teaching in China. Beijing: Foreign Language Teaching and Research Press. - 1998. -229 б.

8. James, P. R. 150 Ways to Increase Intrinsic Motivation In The Classroom. Ally & Bacon A Simon & Schuster Company. - 1996. -163 б.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ