Ағылшын тілін оқытудың заманауи әдістері

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ағылшын тілін оқытудың заманауи әдістері

Материал туралы қысқаша түсінік
Бүгінгі таңда оқу орындарында шет тілін оқыту басты орында тұр. Рухани интеграция дәуірлеген бүгінгі таңда шет тілін оқыту - ғаламдық феноменге айналды. Мемлекетаралық байланыстарды нығайту елдердің экономикалық қарқынына ғана емес, ол руханиятқа, соның ішінде, тілге де тәуелді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ағылшын тілін оқытудың заманауи әдістері

Бүгінгідей жаһандану заманында көп тіл білетін адамның қоғамдағы алар орны да ерекше. Өзге тілді үйрену, оны жетік меңгеру - бұл ең алдымен халықаралық қатынастар кезінде айрықша рөл атқаратыны баршамызға аян.

Жаһандану үрдісі халықтар мен этникалық топтардың арасындағы мәдени, саяси, тіл байланыстарын дамытуға өз әсерін тигізуде. Бүгінгі өмір талабы әр түрлі халықтар мен мәдениеттің араласу және өзара түсінісу мәселесін барынша жоғары деңгейде қарауды талап етіп отыр. Адамдар бір-бірімен өзара қатынаста болу үшін, бір-бірінің мәдениетін, тұрмыс-тіршілігін, тілін, дінін жете білуге тырысады, осы тұрғыдан келгенде мәдениетаралық байланыс орнатуға құлшыныс жасайды. Мәдениетаралық қатынастың басты саласының бірі – шет тілі арқылы ұлттық әдебиет және мәдениетпен танысып, халықтар арасындағы қарым-қатынасты кеңінен жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Тіл үйренудің ешқандай зияны жоқ, керісінше пайдасы ұшан-теңіз. Туған тіліңді білуге тиісті емессің, міндеттісің дер едік. Ал басқа мемлекеттің алдында өз еліңнің дәрежесінің биік екенін мойындату үшін, жеті тілді жетік меңгеру артық етпейді. Елбасымыздың міндет етіп қойған бәсекеге қабілетті мемлекет құруда жас ұрпақтың тигізер үлесі өте зор. Бүгінгі таңда оқу орындарында шет тілін деңгейде оқыту басты орында тұр. Рухани интеграция дәуірлеген бүгінгі таңда шет тілін оқыту - ғаламдық феноменге айналды. Мемлекетаралық байланыстарды нығайту елдердің экономикалық қарқынына ғана емес, ол руханиятқа, соның ішінде, тілге де тәуелді.

Ағылшын тілін меңгеруде сөздік қордың бай болуы да аса маңызды болып келеді. Ағылшын тілі сабағында сөздік қорды дамыту жолдары мынадай әдіс-тәсілдерден тұрады. Олар: сөйлеу, әңгімелесу, сұрақ-жауап, аударма, түсінік, кітап-мәтінімен жұмыс әдіс-тәсілдері. Оқушылардың сөздік қоры баю үшін оқытушы сабақ барысында кестелер, видеокассеталар, түрлі суреттер, көрнекі құралдарды қолдануы керек. Енді ағылшын тілін сөздік қорын дамытатын әдіс-тәсілдерге жеке-жеке тоқталайық.

Көрнекілік әдісі – ағылшын тілін үйретуде ең жиі және ең нәтижелі әдіс-тәсілі болып саналады. Себебі бұл әдіс барлық сабақ түрінде қолданылады. Көрнекілік әдісте әрине көрнекілік құралдар мен схемалар қолданылады. Олар бірнеше түстен кем болмауы керек. Бұл оқушылардың сабақ барысында қызығушылығын және сөздік қорларын дамытуда ең тиімді жолы болып табылады.

Түсіндіру әдісі – оқытушы сабақ барысында, оқыту үрдісінің бастамасы ретінде іске асырылатын әдіс. Бұл әдісте оқытушы жаңа сөзді, жаңа тақырыпты немесе сөйлемдерді түсіндіру үшін қолданылады.

Сұрақ – жауап әдісі – балалардың тілін дамыту үшін маңызды әдістің бірі. Бұл әдісте оқушылар коммуникативтік әдісте болады. Бір-бірілеріне сұрақ қойып, кейін сұрағына жауап алады. Кең көлемде қолданылатын әдіс түрі болып табылады.

Практикалық әдіс – оқушылар сабақ үйрену барысында түрлі ойын элементтері бойынша тіл үйрену іс–әрекеті болып табылады. Оқушының сөздік қорын молайтуда ойындардың ролі зор, себебі ойындар олардың сөйлеу машығын қалыптастыру үшін қажет.

Интерактивтік әдіс – сұхбат құруда оқушылардың белсенділігін арттырады. Бұл әдістің мақсаты – оқу процесінің барлық сатысында біріккен әрекетке жағдай жасау. Оқушылар және тапсырмалармен жұмыс істей отырып, топ мүдделерін де ойлауға үйренеді. Бұл әдісте әр оқушы өз міндетіне жауапкершілікпен қарай отырып, ортақ нәтижеге қол жеткізуге талпынады. Оқушылар бірігіп жұмыс істеуге үйренеді. Бұл әдісте оқушы сабақ барысында оқушыларға кеңесші, серіктес рөлін атқарады.

Ағылшын тілі сабақ барысында компьютер оқытушыға оқушының өз бетінше жұмысын ұйымдастыруға жәрдем береді. Ол үшін ғалымдардың ұсынысы бойынша мынадай жаттығулар мен әдістемелік тәсілдер қолдану дұрыс:

1. Сұрақ-жауап диалогы.

2. Таңдамалы жауаптармен жүргізілетін тапсырма.

3. Еркін құралған сөйлемдерді стильдік түзету.

4. Толықтыруды керек ететін жаттығулар.

5. Сөздікті меңгеруден өзін-өзі бағалауға арналған жаттығулар.

Компьютерлік бағдарламалар уақыт өте келе жетіліп, қарқынды даму үстінде. Сөйтіп біз бүгінде әлемдік интернет жүйесі арқылы ақпарат алып қана қоймай, білім алудың жаңа түрі аралықтан оқыту әдісі пайда болды. Бұл оқыту әдісінде мультимедиялық технологияның көмегімен бейне, мәтін, графика арқылы оқу курсының материалдары жасалады. Оқу материалы ретінде оқушыға дәстүрлі оқулықтар мен оқу құралдары және интерактивті қасиеті шектеулі бейне және мультимедиялық материалдар ұсынылады.

Ағылшын тілін үйрету барысында ескертетін жайттар:

1 - Ағылшын тілін оқытуды жүйелі түрде жүргізу.

2 - Үйрету күнделікті өмірде жиі қолданылатын контекстерден басталады.

3 - Тапсырманы оқушының қабілетіне қарай беру.

4 - Оқу материалдарын шындыққа сай етіп алу.

5 - Үйрену – қарапайымнан күрделіге қарай ұстанымы арқылы жүзеге асады.

Қазіргі ағылшын тілді елдердің экономикасының дүниежүзіне ықпалы артуда. Екіншіден, ағылшын тілі- әдебиет пен саясаттың, өнердің, сауда-саттық пен әр түрлі ресми қарым-қатынас тілі. Бірақ та ағылшын тілі мамандарының алдында проблемалар да бар. Олар: біріншіден, ағылшын тілін оқытуда жаңа технологияларды енгізуге байланысты  материалдық-техникалық базаның талапқа сай келмеуі. Екіншіден, теориялық білімді тәжірибемен ұштастыруда  базалық ортаның аз қамтылуы. Осы проблемаларды шешудің бірден-бір жолы оқу бағдарламасын өзгерту, әдістерді жетілдіру. Ағылшын тілін оқыту әдістемесі әрдайым толықтыруды, дамытылуы тиіс. Ендеше оқушылардың дүниетанымын кеңейтуде танымдық белсенділігін арттырып, білім, біліктерін жетілдірудің қоғамдық мәні зор болып келеді.

Осы әдістер мен әдістемелердің қолдануына байланысты оқушылардың ағылшын тіліне деген қызығушылығының артқанын көреміз.

Қорыта келгенде, кез-келген тілді үйрету кезінде оқытушы тіл үйренушіге теориялық жағынан емес керісінше практикалық көп үйретеді, яғни көп естігенше бір рет көр деген сияқты логикалық ойындар немесе топтық жұмыстар арқылы тіл үйренушінің сөйлеу дағдысын қалыптастыруда көп көмегін тигізеді. Тіл үйренуші өз бетінше жұмыс жасауға дағдыланады. Тіл үйренушінің еркін сөйлеуіне үйретуде, коммуникативтік тәсіл арқылы алған білімін өз ортасында қолдануына дағдыландыруда соңғы әдістемелер қолданылды. Оқыту тәсілдері әртүрлі, студент негізінен күнделікті тіршіліктегі жағдайларда қолданылатын практикалық қытай тілін үйренуде. Практикалық әдістеме арқасында тіл үйренушінің ойлау қабілетін сондай-ақ тапқырлығын, сөздік қорын байытады, логикалық ойлау қабілетін арттырады, терең білім беру мүмкіндігін береді. Осы әдістеме арқасында тіл үйренушінің тілді тез әрі оңай үйренуіне септігін тигізеді. Оқытушы тіл үйренушіге сол тілді үйрену барысында тыңдау, сөйлеу, оқу мен жазуға дағдыландыру қажет. Тіл үйренушінің тілді үйренуге деген қабілетін сан түрлі ойын әдіс тәсілдерімен қызықтырып үйрету керек. Әрбір әдістен кейін нәтижесі мол болуы қажет.

Елбасымыздың білім беру жүйесінің алдына бірнеше тіл меңгерген,бәсекеге қабілетті мамандаярлау міндетін қойып отыр.Көп тілділік-бүгінгі күннің талабы. Жоғары оқу жүйесіндегі басты мақсат - Қазақстан Республикасының білім сапасының деңгейі мен болашақ бағытын анықтауды,әлемдік өркениетке жетудің жолын қамтамасыз етер білімді де мәдениетті, білікті де саналы дара тұлға тәрбиелеу.







































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
16.05.2021
2376
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі