Материалдар / «Ағылшын тілін сабағында ынталандырып оқыту үшін сандық технологияларды қолдану»
«Ustaz tilegi» - Республикалық кәсіби педагогтар қауымдастығына қосылып, сайттағы 381 569 материалды тегін жүктеп алу мүмкіндігіне ие болыңыз
Толығырақ

«Ағылшын тілін сабағында ынталандырып оқыту үшін сандық технологияларды қолдану»

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға қол жетімді ақпаратты, жылдам оқуды және үйренгендерін тәжірибеде қолдануға мүмкіндік береді. Сабақта және сабақтан тыс технологияны пайдалану арқылы оқушылар болашақ мамандықтарына қажетті 21 ғасырдағы техникалық дағдыларын қолдану.
Авторы:
09 Желтоқсан 2024
128
0 рет жүктелген
Материал тегін
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ОҚУ АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ

М.ТЫНЫШПАЕВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ КӨЛІК ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯЛАР АКАДЕМИЯСЫ

ШЫМКЕНТ КӨЛІК КОЛЛЕДЖІ








«МАҚАЛА»



Тақырыбы «Ағылшын тілін сабағында ынталандырып оқыту үшін сандық технологияларды қолдану»











Дайындаған: Сапарбекова Ф.Е









Шымкент -2024

Жобаның мақсаты барлық жастағы оқушыға ағылшын тілі сабағында ақпараттық технологияларды қолдану үдерісін көрсету.


Зерттеу мақсаттары:

1) Ағылшын тілі сабағында оқушылардың деңгей ерекшелігіне сай тиімді ресурсты пайдалану

2) Ағылшын тілі сабақ барысында компьютерлік және ақпараттық технологияларды қолданудың тиімділігі.

3) Жаңа технологияны ағылшын тілі сабағында қолданғанда күтілетін нәтижелер


Практикалық маңызы: Жоба ағылшын тілін үйренуге мотивацияны арттыру мақсатында ұсынылған. Бұл материалды тікелей ағылшын тілі сабақтарында да қолдануға болады.


Зерттеу гипотезасы:Болашақта әлемде барлығы дерлік ағылшын тілінде сөйлейтін болады.


Ағылшын тілі сабағында ақпараттық технологияны пайдалану


Еліміз жылдар бойы аңсаған тәуелсіздікке қол жеткізісімен, ағылшын тілі де мемлекетаралық тіл мәртебесіне ие болды. Ендігі кезекте шет тілінің қолданылу аясын кеңейту мәселенің бірі болып отыр. Осы орайда ағылшын тілі пәніне көңіл де, ықылас та жылдан жылға артып, оны оқытудың тиімді әдіс - тәсілдері, технологиялары бойынша зерттеу жұмыстары, оларды тәжірибеге енгізу шаралары қолға алынды.Ағылшын тілін оқыту ісімен шұғылданатын мамандар арасында туындайтын бір сұрақ: ағылшын тілінде өз ойын ауызша және жазбаша еркін жеткізе алуға қалай үйрету керек? Оқушыны ынталандыру үшін қандай әдіс - тәсілдерді, технологияларды қолданған жөн?

Оқыту тілі өзге тілде жүргізілетін мектептерде тіл үйрету туралы ақпараттық технологияларды пайдалану туралы мәселеге тоқталуды жөн деп санап, осы тақырыпта жинақтаған мәліметтерімді ортаға салмақпын. .Білім беру саласында түрлі технологиялар енгізілуде, бірақ олардың ішінен қажеттісін таңдап, сабақтың әр кезеңінде тиімді қолдану басты талап. Мәселе технологияларды кеңінен пайдалану емес, мәселе - тұлғаны нәтижеге бағыттай білім беруде. Оқыту білім беру жүйесінің негізгі мақсаты – оқушыда білім, дағды, іскерлікті қалыптастыру. Ондай мүмкіндік тек сабақ арқылы беріледі. Қазіргі таңда айтар болсақ, көрнекілік әдісі мен техникалық құралдарды қолдану әдісін ақпараттық -сандық технологияның бір өзі атқара алады. Қазіргі кезде сабақта сандық технологияларды бәріміз кеңінен қолданамыз. Ағылшын тілді оқытуда жаңа технологияларды, техникалық құралдарды сабақта жан - жақты қолдану, мұғалімнің көптеген қиындаған қызметтерін жеңілдетіп, осы іскерліктің ұстанымды жаңа тәсілдерінің пайда болуына мүмкіндік туғызады.Ағылшын тілі сабақтарында өзім қолданып жүрген сандық технологиялармен жұмыс істеу түрлерін атап өтер болсам:

Сабақты дұрыс ұйымдастыру оқушының ішкі жан дүниесіне терең үңілу, ойына ой қосу, қиялына қанат бітіру, білім алуға деген құлшынысын, қызығушылығын ояту. Ол үшін мұғалім барлық мүмкіншілігін пайдаланады. Өйткені жай сабақ құнарсыз тамақ секілді, адам бойына жұқпайды. Қызықты сабақтар мұғалімнің ашқан жаңалығы, өзіндік қолтаңбасы, әдістемелік ізденісі, қолданған әдіс-тәсілдері арқылы ерекшеленіп шәкірт жүрегінен орын алады.Оқушылардың жас ерекшелігіне сай тиімді ресурсты пайдалануға болады. Мысалы, менің оқушыларымның сүйікті ойыны Kahoot олардың лексикалық және грамматикалық білімін оңтайлы әрі қызықты түрде тексеруге мүмкіндік береді.  Әсіресе, әр тарау соңында жаңа сөздерді(target vocabulary) еске түсіріп, қайталауға таптырмас интернет қосымша болып табылады. Төменгі буын оқушыларына ағылшын тілінде грамматикаға сай дұрыс сөйлем құруға, ең көп таралған сөз тәртібін Subject-Verb-Object (SVO) сақтауға аса көңіл бөлінеді.

Бәрімізге мәлім оқушылар диаграмма немесе сурет түрінде берілетін ақпаратты мәтінге қарағанда жақсы қабылдайды. Соның бірі Popplet болып табылады. Миға шабуыл кезінде қолданылатын бұл әдіс әр оқушы ұсынған мәліметтер, жаңа деректер немесе идеяларды қалыптастыруға, топтастыруға, нақтылауға, еске сақтауға көмектеседі. Ол – идеялар арқылы сыни тұрғыдан ойлауға және жүйелі түрде жазуға көмектесетін ақыл-ой картасының құралы деседе болады.

Кейінгі кезде сабақ барысында кеңінен қолданылып, оқушыларымның арасында танымал қосымша атанған Plickers-тің орны ерекше. Ол қалыптастырушы бағалауға, мобильді дауыс беруге және өткен немесе жаңа материалдарға негізделген сабақ кезінде бетпе-бет сауалнама жүргізуге өте қолайлы. Лезде жауап статистикасы және оның талдауына негізделген диаграмма құрылғаннан кейін, оқушылардан не себепті ол гаджетті таңдағанын, қаншалықты жиі қолданатыны туралы пікірін білуге болады. Оқушылар ағылшын тілінде еркін түрде өз пікірін ортаға салды. Жалпы, оқушылар үшін QR кодпен жұмыс істеу пәнге деген қызығушылығын, ынтасын оятып, танымдық белсенділіктерін арттырды. Сабақта ұжымдық миға шабуыл ұйымдастыруға, үйренгенді қайталауға, қандай да бір процестің немесе құбылыстың алгоритмін зерттеуге, оқиғалардың хронологиясын есте сақтауға және проблемалық мәселелерді талқылауға тиімді және ыңғайлы платформа Padlet виртуалды тақтасы. 

Ең маңыздысы оқушылардың өзі сандық технологияларды пайдаланып, білімдерін көрсетіп, тапсырманы орындау барысында мәтінмен, графикамен, бейне және дыбыспен жұмыс істеуге мүмкіндік алады. Оқушының өз бетімен жұмыс жасауынан шығармашылық және сыни ойлауы дамиды.

Оқушыларға қол жетімді ақпаратты, жылдам оқуды және үйренгендерін тәжірибеде қолдануға мүмкіндік береді. Сабақта және сабақтан тыс технологияны пайдалану арқылы оқушылар болашақ мамандықтарына қажетті 21 ғасырдағы техникалық дағдылары қалыптасады. Сандық технологияларды қолдану мұғалім үшін де, оқушы үшін де жаңа мүмкіндіктер ашатыны сөзсіз.


Қорыта келе қазіргі таңда еліміздің басшысы Н. Ә. Назарбаев алдымызға үш тұғырлы тіл; қазақ тілі - мемлекеттік тіл, орыс тілі - қарым - қатынас тіл, ағылшын тілі - халықаралық тілді меңгеру жөнінде мақсат қойып отыр. Осыған байланысты қай тілді меңгерсек те оны әдемі, таза, шебер сөйлей білуміз керек. Ал мақал - мәтел дегеніміз қандай тіл болмасын, сол тілдің көркемдігін, нақышын беретін шұрайы. Сол себепті шет тілінде сөйлеуді меңгеріп қана қоймай сол тілде әдемі, шебер, көркем сөйлеу білуіміз керек. Мысалы белгілі бір грамматикалық тақырыпты өткен кезде жаттығулармен қатар үй тапсырмасы ретінде мақал - мәтелдерді беріп, одан бүгінгі өткен грамматикалық тақырыпты тауып қолдануын түсіндіріп орысша, қазақша аударып келуге берілсе, бұл әрі түсіндірілген грамматикалық тақырыпты пысықтайды, әрі іздендіреді және тәрбиелік құндылығы болады. Шет тілін оқыту үрдісін жандандыру, тіл дамыту жаттығуларын қолдану, жаңа әдіс - тәсілдерді енгізу бүгінгі күннің басты талабы. Біздің мақсатымыз рухани дүниесі бай, озық ойлы, айналадағы өмірге ғылыми көзқарасы қалыптасқан адамдар тәрбиелеу. .


Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі