Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Ағылшын тілін үйренуде музыканың әсері
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі,
Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданы әкімдігінің білім бөлімі
А.С. Макаренко атындағы жалпы орта мектебі
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Оқушының ғылыми жұмысы
Орындаған: Медеу Айзере
Сыныбы: 4
Тақырыбы: Ағылшын тілін үйренуде музыканың әсері
Бағыты: Қазақстанның тарихи ескерткіштері және болашақ дамуы бар
саяхат маршруттары
Секциясы: Тіл білімі және әдебиет
Ғылыми жетекші: Бесинбаева Гулзат Жуматовна
Қайнар ауылы 2017жыл
Кіріспе
Ұлы Абайдың «Әннің де естісі бар есері бар» деген дана сөзі бар. Әуеннің иіріміне түскен толқын құлақтан кіріп бойыңызға тараған кезде түрлі әсерде боласыз. Адам қандай музыка тыңдаса да ең бастысы әуенге деген махаббатты магнитше ұстап тұрады.
Ағылшын тілін үйрену үшін ағылшын музыкаларының алатын орны ерекше. Әсіресе грамматикалық материалдарды, жаңа лексиканы үйренуде, сонымен қатар тыңдауға арналған жаттығулар мен тапсырмаларды орындауда берер нәтижесі мол. Неге ағылшын тілін музыка арқылы үйрену оңай? Себебі сіз музыка тыңдау және мәтінін үйрену арқылы сөздік қорды молайтасыз, сонымен қатар дұрыс оқылуын үйренесіз. Кез-келген ағылшын әнін бірнеше рет қайталап үйрену арқылы сіз сөздердің айтылу ережесін меңгересіз. Әрине, жаңадан тілді үйреніп жатқан үйренушілерге ән үйрену – жаңа бір елдің жаңалығын ашқанмен тең. Атақты педагог Ян Амос Каменский музыканы түсінбейтін адам сауатсыз деп айтуға болады деген сөзі бар. Ежелгі Греция мектептерінде мәтіндерін әнмен үйретсе, Индияда арифметиканы әнмен оқытады. Шет тілін үйрену барысында музыканың ықпалы мол.
Негізгі бөлім:
-
Музыка-адам жанының кілті
-
Музыка - дәрігер.
-
Музыка –қару.
Музыканың ағылшын тілін үйренуге маңызы зор. Шетелдік ғалымдар музыканы түсінетін адам басқа тілдерді тез үйренеді дейді.Экстер университетінің /Англия/ ғалымдары музыканың кітап оқумен тең екенін, оның адам санасына кітап оқығандай әсер қалдыратынын анықтаған.
Олай болса тіл үйренудегі
музыканың әсеріне тоқтала кетейік.
А) Ән тілдік қарым қатынас құралы ретінде жаңа сөздер мен сөз
тіркестерінен құралып, сөз қордың кеңейіп, бекуіне ықпал етеді, Ән
тыңдау кезінде таныс лексика жаңа контексте кездесіп, оны
қолданудың қарқыны өсіп, есте тез сақталады. Әндерде жер су
атаулары, географиялық атаулар, тілдік реалиялар, поэтикалық сөздер
жиі кездесетін болғандықтан, тілдің стилистикалық ерекшеліктерін
түсініп, сезінуге ықпал жасалады.
В) Әнмен жұмыс барысында грамматикалық құрылымдардың қарқыны арта
түсетіндіктен, грамматикалық құрылымдарды еске сақтау жеңілдей
түседі. Әндер заман талабына сай жазылып, сілтемелер беріліп ,
мазмұнын талқылауға арналған тапсырмалармен толықтырылады.
С) Шет тілінде ән айтып үйрену барысында жаңа лексиканы қайталауға
, дыбыстарды дұрыс атап үйренуге, ырғақ ерекшеліктерін ұғынуға ,
дұрыс артикуляцияны қалыптастыруға үлкен мүмкіндік бар.
Д) Әнмен жұмыс барысында эстетикалық тәрбие қалыптасып,
шығармашылық қабілеттері ашылады. Сонымен қоса бойыңыздағы
психологиялық климат ретке келіп, тілдік әрекет қарқындатылып,
эмоционалдық көңіл күй көтеріліп, тілге деген қызығушылығы арта
түседі.
Е) Әнмен жұмыс монологты, диалогты және ауыз екі сөйлеу тілінің
дамуына ықпал етеді.
Әнмен жұмыс жасау әдетте мынадай жолдармен яғни ереже арқылы жүзеге
асады.
- тыңдауға дейін
- тыңдау кезінде
- тыңдаудан кейін
Әнді тыңдамас бұрын әуелі әннің тарихымен танысып немесе қысқаша
дерек алсаңыз, есте сақтауға зор ықпал етеді. Кездесетін
қиыншылықтардың алдын алу үшін жаңа лексикамен танысып алған жөн.
Мұндай жағдайда үйренушілер әннің мазмұнын жартылай біліп отырады.
Әнді тыңдауға назарын бұрып,әнді тыңдап жатқан кездегі зейінді
назардан тыс қалдырмай бақылау қажет. Әнді тыңдағаннан кейін әннің
шумақтарымен жұмыс жасап, әр сөйлемді жаттап талдау барысында
үйренушінің тілдік қорын молайтады.
«Sing and learn» CD-де ағылшын
және американ халықтарының 28 ән жинағы бар. Бұл мультимедиалық
дискіде тек әндерді орындап қана қоймайды, сондай-ақ суретті
анимациялар мен сөздіктер, ән туралы қызғылықты қысқаша деректер,
әннің нотасы және фразалар берілген. Әннің мәтінін оқып үйреніп
болғаннан кейін, караокеде айтып таспаға жазып өзі де тыңдауға
болатындай қызықты бағдарламасы да енгізілген. Тіпті тұтынушыға
әннің мәтінін, сөздікті, сөйлемдердің аудармасымен, әннің нотасын
принтерден шығарып алуға мүмкіндік жасалған. Әннің мәтінін, ондағы
айтылатын фраза мен жаңа сөздерді үйренушілерге принтерден шығарып
таратып беруге де болады.
«Spring is green» әнін үйрену кезінде суреттегі түлкіні тышқан
арқылы батырманы басып берілген фразаларды тыңдауға болады. Көктем
мезгіліндегі кезді түрткенде:
Spring is a nice season. - Көктем ең әдемі жыл
мезгілі.
The sun is not very hot.
-Күн аса ыстық емес.
Nature wakes up. -Тіршілік оянады.
Leaves are small and green and the first flowers appear.
-Жапырақтар кішкентай әрі жасыл және алғашқы гүлдер шешек жарады. .
I like flowers very much. -Мен гүлдері өте жақсы көремін.
Жаз мезіліндегі кезді түрткенде:
Usually, the weather is hot in summer. -
Әдетте жазда ауа-райы ыстық болады.
Forests and fields are green and full of life.
- Орман,
дала жап-жасыл және тіршілікке толы.
You can gather flowers and berries. -
Гүлдер мен жеміс-жидектер теруге болды.
I like to hunt butterflies. - Мен көбелек аулағанды жақсы көремін.
But it is not so easy. - Бұл оңай емес.
Күз мезіліндегі кезді түрткенде:
I like autumn- Мен күзді жақсы көремін.
The leaves on the trees are all different colours - green, yellow,
orange, red and brown. - ағаштың жапырақтары әртүрлі түсте -
жасыл,
сары,
сарғыш,
қызыл және қоңыр.
And if you are lucky, you can gather a full basket of mushrooms in
the forest. - Егер жолың болса себетіңді саңырауқұлақтан толтыруға болады.
But it often rains in autumn. - Бірақ күзде жаңбыр жиі жауады.
Қыс мезгіліндегі кезді
түрткенде:
Winter is my favourite season. –Қыс - менің сүйікті жыл
мезгілім.
The ground is white with snow.
- Жер бетін ақ қар жапқан.
The weather is freezing. - Ауа-райы суық.
The sun shines brightly and ice sparkles in the rays of the sun.
- Күн жарқырап,
мұздар күн сәулесіне шағылысып жалтырайды.
I like to ski in winter. - Мен қыста шаңғы тепкенді ұнатамын.
Осындай фразаларды тыңдап есте
сақтау арқылы өз бетімен жыл мезгіліне байланысты топиктер жазуға
үйренеді, сөздік қоры молайып әңгімелеуге бейімделеді. Диалог құрып
сөйлесуге, пікірін айтуға дағдыланады.
Әнмен жұмыс түрлеріне көптеген мысалдар келтіре беруге болады.
Әрине бұл
жаңадан тіл үйренуді бастаған үйренушілерге қолдануға болады.
Ағылшын тілін музыка арқылы
үйрену эстетикалық жағынан тәрбиелеуге,
шетел тілін
үйренушілерге қызықтылығы мен әсерлілігін жақсартуға мүмкіндік туғызады.
Көктемгі аналар мейрамы қарсаңында өзімнің шығарған өлеңімді төменгі сынып оқушыларына ұсынамын.
My
dear, dear mummy
I love you very much
I want you to be happy
Today and every day
Be happy, be happy
Today and every day
Be healthy, be healthy
Today and every day
Табиғат пен қоршаған орта, экология мәселелерін қозғаған кезде төмендегі «The world is Beautiful» өлең шумақтарын «Песня крокодила Гены» деген орысша өлеңнің әніне салып, тез әрі оңай жаттап алуға болады.
The world is Beautiful.
1. Our world is very-very beautiful
Don’t pollute the air and the land
Everything will be so very wonderful,
If you help the nature every day
Refrain: Let’s keep the world so clean
(2 times) Keep so clean, keep so clean
Never forget to plant
Many-many trees
2. Our world is very-very beautiful
Don’t destroy the forests and the grass
Try to keep the land so clean and very nice
For the world is our native land.
Refrain (2 times)
Жаңа жыл қарсаңында «The New Year Tree was born in wood» атты өлеңді ұсынуға болады.
1.
The New Year Tree was born in wood
It also grew in wood
The New Year Tree was evergreen (2 times)
In winter, summer too
2.
And now the hare cowardly
Was jumping by the tree
And now and then the angry wolf (2 times)
Had trotly run away
3.
And now it is so beautiful
It comes to visit us
And brings so many-many joys (2 times)
To each of boys and girls
Ұстаздар мерекесі қарсаңында ағылшын тілін
үйренушілер «They are teaching us at
school» (Учат в школе) өлеңін үйренуге болады.
1.They are teaching us to read
They are teaching us to write
They are teaching³
They are teaching us to know (2 times)
More and more from books at school
They are teaching³
2. They are teaching us to write
Letters, words and sentences
They are teaching³
They are teaching us to make (2 times)
Different sentences from words
They are teaching³
3.They teaching us to do
Different sums with numbers too
They are teaching³
They are teaching us to know (2 times)
Different languages at school
They teaching³
4. They are teaching us to learn
Almost all the subjects too
They are teaching³
They are teaching us to be (2 times)
Very kind and more polite
They are teaching³
Жалпы поэзия тіл ұштауды былай
қойғанда сіздің ішкі жан дүниеңізді байытады және адамның,
табиғаттық әдемілігін, сұлулығын кеңінен көруге үйретеді. Сонымен
қатар үлкен сезімдік әсер береді. Ал бұл шет тілін оқуда өте қажет
нәрсе.
Сонымен қатар, Шотландия елінің ұлы ақыны Роберт Бернстің
«My Heart’s in the Highlands» деген өлеңі берілген және орыс
тілінде
)(С. Маршактың аудармасы бар («И горах мое сердце»)
My Heart’s in the Highlands,
my hearts not here,
My Heart’s in the Highlands, a-chasing the deer
A-chasing the wild deer, and following the roe-
My heart’s in the Highlands wherever I go
Farewell to the Highlands, farewell to the North,
The birthplace of color, the country of worth
Wherever I wander, wherever I love
The hills of the Highlands for ever I love
My Heart’s in the Highlands, my heart is not here,
My heart’s in the Highlands, a-chasing the deer
A-chasing the wild deer, and following the roe-
My heart’s in the Highlands wherever I
go
В горах моё сердце (С. Маршак)
В горах моё сердце, доныне я там
По следу оленя лечу по скалам
Гоню я оленя пугаю козу,
В горах моё сердце, а сам я внизу
Прощай моя родина, Север прощай
Отечества славы и доблести край
По белому свету судьбою гоним,
Навеки останусь я сыном твоим
Прощайте, вершины, под кровлей снегов,
Прощайте, долины и скаты лугов.
Прощайте, поникшие в бездну леса,
Прощайте, потоков в лесных голоса.
Яғни менің аудармам былай болып шыққан:
Жүрегім менің таулы өлкеде, жаным менің
осында,
Жүрегім менің таулы өлкеде, еліктерді қууда
Үркітемін мен жабайы, елік пен ешкіні
Жүрегім менің таулы өлкеде, мейлі мен қайда барсамда
Қош болыңдар таулы өлкелер! Қош айтамын Солтүстікке!
Абыройлы туған жер мен мәртебелі еліме
Кең өлкені еркін кезіп қыдырамын
Сүйіп өтем мәңгілік, таулы өлкенің далаларын
Қош болыңдар қар жамылған биік таулар
Қош бол енді жасыл желек дала менен шалғындар
Қош болыңдар орман және ағаш толы асулар
Қорытынды:
1. Пайдаланатын өлең мазмұны
жағынан тілдік материалмен де өмірмен байланысты болуы керек.
Сондай-ақ олардың мазмұны да өмірмен байланысып, тәрбиелік мәнге ие
болуы қажет.
2. Өлеңді текстпен жұмыс істеу үйренушінің оқу процесіне белсенді
араласуын қамтамасыз етуге негізделуі тиіс.
Жалпы өлеңдермен жұмыс жасаудың нәтижесі үлкен. Өйткені ол ағылшын
тілін үйрену барысында сезімдік және шығармашылықтың кеңеюіне,
сөздік қорының дамуына, ең бастысы поэзияға деген қызығушылықтың
пайда болуына ықпал етеді.
Ағылшын тілін музыка арқылы үйрену үйренушілердің интеллектуалды ептіліктерінің қалыптасуына әсерін тигізіп және жоғарыда қарастырылған мәселелер шет тілін үйренушілерге қызықты, тартымды және жоғары шығармашылық деңгейде септігін тигізері анық. Яғни мен ағылшын тілін музыка арқылы үйрену арқылы сөздік қорым молайып, ағылшын грамматикасын үйренуіме мүмкіндік берді деп айта аламын.
Жоспар
-
Кіріспе.
-
Негізгі бөлім.
А) Тілді үйренуде музыканың әсері.
Б) Ағылшын тілін музыка арқылы меңгеру.
-
Қорытынды.
-
Пайдаланылған әдебиеттер.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Молдобаева К. Е. Коммуникативтік дағдыларды қалыптастыру
барысында әнмен жұмыс жүргізудің рөлі.
-
/Мектептегі шет тілі, №4 /2008, 53-55б/
-
Интернет материалдары
Аннотация
Неге ағылшын тілін музыка арқылы үйрену оңай? Себебі сіз музыка тыңдау және мәтінін үйрену арқылы сөздік қорды молайтасыз, сонымен қатар дұрыс оқылуын үйренесіз. Кез-келген ағылшын әнін бірнеше рет қайталап үйрену арқылы сіз сөздердің айтылу ережесін меңгересіз.
Аннотация
Почему английский через песни можно выучить легко? Вам нравится процесс, вы легко запоминаете новые слова благодаря музыке, охотно подпеваете, услышав знакомую песню по радио — а значит, пополняете свой словарный запас не только отдельными словами, но целыми выражениями с правильными или максимально приближенными к правильными звуками и интонациями.
Annotation
Why English through songs can be learned easily? you enjoy the process, you can easily learn new words through music, willing to sing, hear a familiar song on the radio - and thus refreshing your vocabulary not only words, but with the correct integer expressions, or as close as possible to the correct sounds and intonations.
А. С. Макаренко атындағы жалпы орта мектебі, коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 4 сынып оқушысы Медеу Айзеренің
«Ағылшын тілін үйренуде музыканың әсері» атты ғылыми жұмысына
ПІКІР
Мен 4 сынып оқушысы Медеу Айзереге 5 сыныптан бастап сабақ беріп келемін. Сабақ барысында оқушы Медеу Айзеренің бойынан пәнге деген қызығушылығын байқадым. Оның өз сұранысы бойынша ғылыми жұмыс жазуы үшін ОҒҚ-ына мүшелікке қабылдап, жоғарыдағы тақырыпты ұсындым.
Зерттеуші Өтеген Жансаяның «Ағылшын тілін үйренуде музыканың әсері» атты ғылыми жұмысы көп ізденімпаздылықты қажет етті.
Осы аталған жұмысты таңдауы қазіргі Қазақстандағы үштұғырлы тіл саясаты – бұл елімізді, оның әлеуетін одан әрі нығайтуға бағытталған тұтас тұжырымдамаға септігі тиері сөзсіз. «Ағылшын тілін музыка арқылы үйрену» атты ғылыми жұмыстың өзектілігі ағылшын тілін үйренушілерге әуендерді жаттату арқылы ұғындырып отыр.
Жалпы өлеңдермен жұмыс жасаудың нәтижесі үлкен. Өйткені ол ағылшын тілін үйрену барысында сезімдік және шығармашылықтың кеңеюіне, сөздік қорының дамуына, ең бастысы поэзияға деген қызығушылықтың пайда болуына ықпал етеді.Ағылшын тілін музыка арқылы үйрену үйренушілердің интеллектуалды ептіліктерінің қалыптасуына әсерін тигізіп және жоғарыда қарастырылған мәселелер шет тілін үйренушілерге қызықты, тартымды және жоғары шығармашылық деңгейде септігін тигізері анық. Сондықтан осы ғылыми жұмыс өз нәтижесін көрсетеді деген сенімдемін.
Ғылыми жетекші: Г. Бесинбаева