Материалдар / Ағылшын тілінің әліпбиі мен әріптері
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ағылшын тілінің әліпбиі мен әріптері

Материал туралы қысқаша түсінік
Ағылшын тілі әліпбиінің шығу тарихы мен кезеңдерін зерттеу арқылы ағылшын әріптері және олардың қолданылуы, ағылшын дыбыстары мен фонетикалық құбылыстарын ашу және нәтижесінде ағылшын және қазақ тілі фонетикасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды табу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Шілде 2021
1378
5 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

































































































Жоспар:

I Кіріспе

1.1 Әліпбиі сөзінің ағылшын тілінде пайда болуы

1.2 Ағылшын тілі әліпбиінің шығу тарихы, кезеңдері

II Зерттеу бөлім

2.1 Ағылшын әріптері және олардың қолданылуы

2.2 Ағылшын дыбыстары мен фонетикалық құбылыстары

III Қортынды

3.2 Ағылшын және қазақ тілі фонетикасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтар































I Кіріспе

    1. Әліпбиі сөзінің ағылшын тілінде пайда болуы

Қай кезде де болмасын тіл ұлттың қазынасы. Әрбір ел өз ана тілі арқылы өзге елден ерекшеленеді. Тілі арқылы сол ұлтты таниды. Яғни, тіл – ұлттың өзгелерден ерекшелену белгісі. Менің ана тілім - қазақ тілі. Солай бола тұра, Елбасымыз бекіткен «үштілділік » саясаты негізінде, мектепте ана тіліммен қоса орыс және ағылшын тілдерін бірінші сыныптан бері үйреніп келемін. Бұл аталған екі тілді де барымды салып үйренуге тырысып жүрмін. Әсіресе ағылшын тілі мені көп қызықтырады. Шет тілі пәні ұстаздарымның арқасында ең алдымен ағылшын тілінде қалай сәлемдесу керектігін, санауды, отбасы мүшелерін атауды және тағысын тағы үйрендім. Осыдан кейін барып ағылшын әріптері мен емлелерін жазуды және оларды дұрыс атай білуді, сонымен қатар ағылшын сөздерін оқуды меңгере отырып, қазіргі таңда тұтас бір мәтінді оқып қана қоймай ол мәтінге түсініктеме беруді, түрлі тақырыпқа қысқаша эссе жазуды өз деңгейіме сай меңгердім деп ойлаймын. Ағылшын тіліне қызыққаным сонша, бұл тілдің қайдан шыққанын, ағылшын тіліне 26 әріп қайдан келгенін, неге ол әріптердің жазылу емлесі мен дыбысталуының екі түрлі екендігін, ағылшын тіліндегі монофтонг, дифтонг, трифтонг және транскрипция деген терминдердің мағынасын білгім келді. Біліп қана қоймай тереңірек үңіліп, оларды шынайы түрде зерттеуге кірістім. Бұл ойыма шет тілі пәні ұстазым түрткі болды және көп көмегін берді.

Сонымен, зерттеу барысында байқағанымдай, жалпы «әліпби» дегеніміз - әріптер жинағы, біздің түсінігімізде ол орыс тіліндегі «алфавит» сөзінен аударылған. Ал негізіне келсек, ол орыс тіліне де, ағылшын тіліне де грек алфавитінің α- «альфа» және β-«бета» алғашқы екі әріптерінен латын тілі арқылы бізге жеткен екен. Бұл герк әріптері, өз кезегінде, символдар үшін түпнұсқалық семистикалық атаудан шыққан: алф- ока және бит –үй. Ең алғашында, б.э.д 1600 жылдардың басында ежелгі Финикиада 30 түпнұсқа белгісі бар Семит әліпбиі деп аталатын белгілер жинағы қолданылған. Ғалымдардың айтуынша, ол белгілер алғашында тек үнсіздік белгілері болғанымен, іс жүзінде сол белгілер кейінгі барлық тіл әліпбилерінің түп тамыры бола білген.

1.2 Ағылшын тілі әліпбиінің шығу тарихы, кезеңдері. Қарап отырсақ, кез –келген дүниенің бастауы, шығу тарихы ежелден орын тепкен. Сол сияқты ағылшын тілінің де пайда болуы көне ағылшын тілінің ерте кезеңінен бастау алады.

Ағылшын тілі - 5-6 ғ Британ аралына қоныс тепкен англ, сакс, ют және кельт тайпаларының тілі болып саналады. Ағылшын тілінде жазбалар шамамен б.з. 5 ғасырынан басталған. Ол уақытта ағылшындар руна жазуын пайдаланып, тасқа, ағашқа, сүйекке ойып жазған. 6-7 ғ ағылшындар арасында христиан дінінің таралуына байланысты руна жазуы қолданыстан шығып, латын әліпбиі қолданыла бастады. Ал латын әліпбиі Анлияға ирландықтар арқылы жеткен. [1]

Латын әліпбиі б.з.б. 1 мыңжылдықтың ортасында байырғы латын тілді римдіктерден бастау алған. Ал римдіктерге бұл әліпбидің алғашқы нұсқасы ежелгі этрус және грек өркениеттерінен ауысқан. Ең бірінші, латын графикасының таралуына Рим империясының тез нығайып қанат жаюы түрткі болды. Себебі, латын тілі Римді мекендеген Латиум және Италикалық Латиндер сөйлеген антикалық тіл болды.

Екіншіден, латын тілін әлемнің бестен бір бөлігіне иелік етуші Британия империясы да өз ана тіліне айналдырып алды. Осылайша латын тілі жаһан елдерінің әліпбиінің атасы болды. [2]

Ағылшын тілінің даму тарихы ежелгі ағылшын тілі кезеңі /7-11ғ/, орта ағылшын /12-15ғ/ және жаңа кезең /15 ғ-дан бері/ болып үш кезеңге бөлінген. Ағылшындар жоғарыда атап өткендей, латын әліпбиің ілгері дамытып, оған W, J және U әріптерін қосты. Бұл ретте ағылшын тілі тарихы Бенедит аббатының монахы Бертфертті еске алады. Ол ең алғашында, 1011 жылы латын әліпбиінің 23 әріпін және 6 англосаксондық руна белгілерін қосылған ағылшын әліпбиін ұсынды. Ал, 16 ғасырда W, J, V әріптеріне U әріпі қосылып ағылшын әліпбиі ретінде ұсынылды. Осылайша ағылшынның жаңа дәуірдегі әліпбиі қалыптасты. 1066 ж Англияны нормандықтар басып алды да, мемлекеттік тіл – француз тілі болып ауысты. Ал ағылшын тілі қарапайым халықтың ауызекі сөйлеу тілі болып қала берді. 1476-77 жж Англияда ағылшын тілінде кітап басып шығару басталды. Бұл жағдай Лондон диалектісі ретінде ағылшынның жазба әдеби тілін қалыптастырды. Осы ретте айта кететіні, ағылшын тілінде ең алғаш Уестминистрде ашылған баспаханада басылып шыққан Кэкстонның «Философтардың нақыл сөздері» (The Dictes or sayings of the philosopfers) атты кітабы болды.

Осылайша, У. Кэкстонның арқасында ағылшын тілі қайтадан өз теңдігін алуға мүмкіндік тапты. Қазіргі таңда, ағылшын тілі - халық саны бойынша ана тілі ретінде қолданылатын қытай мен испан тілінен кейінгі үшінші орында тұрған жаһандық тіл статусына ие. Ағылшын тілі Ұлыбританиядан бөлек АҚШ-тың, Жаңа Зеландияның және Аустралияның мемлекеттік тілі. Сонымен қатар, Канада мен Ирландияның да мемлекеттік қос тілінің бірі. БҰҰ да ағылшын тілін еларалық ресми 6 тілдің бірі ретінде қабылдаған. [1]

1-сурет Буффало жазған кітаптың көрінісі

II Зерттеу бөлім

2.1 Ағылшын әріптері және олардың қолданылуы

Қазіргі бізге жеткен ағылшын әліпбиі латын әліпбиіне негізделген 26 әріптен тұрады. Олар: Aa, Bb, Cc, Dd, Ee, Ff, Gg, Hh, Ii, Jj, Kk, Ll, Mm, Nn, Oo, Pp, Qq, Rr, Ss, Tt, Uu, Vv, Ww, Xx, Yy және Zz. Алғашқы әріптер ертедегі Финикияда тек белгі ретінде ғана қолданылды. Оларды дыбыстауды финикандықтар аса біле бермеді. Шамамен б.з 750ж гректер Финикия салған әріптерге дауысты дыбыстарды қосып қалыпты әліпби құрады.

Ағылшын әріптерінің баспа және жазба емле түрлері бар. Олардың екі түрі де әріпті белгілеуде қиындық туғызбайды. Бұл ағылшын тілі әріптерінің атауын білу, оларды дұрыс дыбыстау мен дыбысталған әріпті дұрыс жазу тіл үйреншілерге ғана емес сол тілдің тумалары үшін де ауырлық туғызуы мүмкін. Себебі, ағылшын тілін үйрену үшін біріншіден ағылшын әріптерін дұрыс жазуды, екіншіден, ол әріптерді дұрыс атауды (spelling) және үшіншіден, дыбыстардың емлесін хатқа дұрыс түсіруді жақсылап меңгеру қажет. Ағылшын тілі оқылуы күрделі тілдер қатарына жатады. Ағылшынның 26 әріпін білу ол тілдегі хатты толық тануға, оқи білуге болады дегенді білдірмейді. Хатты толық тану үшін әріп пен бірге транскрипцияны қоса меңгеру қажет. Мұндағы спеллиң дегеніміз – кез-келген сөздегі әріпті әліпбидегі атауымен атау; транскрипция дегеніміз – кез-келген сөздегі дыбыстың хатта белгіленуі.[3]

2-сурет Ағылшын әріптерінің жазба емле үлгісі

Мен үшін әріптер - адам ойын жазбаға түсіру үшін үндесіп тізбектелген емлелердің, белгілердің қатары. Осы кезге дейін ағылшын тілін, оның әріптері мен дыбыстарын зерттемеген ғалым жоқ шығар. Алайда, зерттеулерде олардың әрқайсысының пайымдауы әр түрлі болып кездеседі. Сол пайымдаулар мен зерттеулерге үңіле отырып байқағаным, ағылшын әріптерінің алфавиттік жіктелуінің қысқа да нақты көрсеткіші мынадай:

а) ағылшын тілі стандартты a мен басталып, z мен аяқталатын 26 латын һарпінен тұрады;

ә) 5 әріп таза дауысты дыбыс береді – “Aa”, “Ee”, “Ii”, “Oo”, “Uu”;

б) 19 әріп таза дауыссыз дыбыс береді – “Bb”, “Cc”, “Dd”, “Ff”, “Gg”, “Hh”, “Jj”, “Kk”, “Ll”, “Mm”, “Nn”, “Pp”, “Qq”, “Rr”, “Ss”, “Tt”, “Vv”, “Xx”, “Zz”;

в) 2 әріп жартылай дауысты, жартылай дауыссыз дыбыс береді – “Yy” және трифтонг ішінде кездессе “Ww” дауысты дыбыс береді;

г) 5 стандартты диграфты қолданады – sh=ш , zh=ж , ch=ч , kh=х , th=с,з;

ғ) ағылшын тілінде ең жиі кездесетін әріп –Ее, ең сирек кездесетін әріп - Zz болып келеді.

Ең алғашқы ағылшын әріптерімен жазылған сөздердің мысалын ағылшынның ғұламасы, ағылшын әдебиетінің атасы, ағылшын әдебиеті әлеміне ғана емес, бүкіл әлем әдебиетінде өшпес мұра қалдырған Уйллиям Шекспирдің жазбаларынан көруге болады. [5]

3-сурет У. Шекспир жинағынан үзінді

Алайда, ағылшын тілі көптеген өзгеріске ұшыраған. Әр кезеңдегі басқыншылықтар әсерінен түрлі мұқамға түсіп кеткен. Ағылшын тілі екі бағытқа бөлінеді: Британдық және Американдық ағылшын тілі. Ал, Британдық ағылшын тілінің өзі, өз кезегінде түрліше диалектілерге бөлініп кеткен. Бұған себеп, ағылшын тілінде кірме сөздер өте көптігінен.

2.2 Ағылшын дыбыстары мен фонетикалық құбылыстары.

Фонетика дегеніміз – тілдің дыбыстық құрылымын зерттейтін ғылым. Әрбір тілдің дыбыстық жүйесі әртүрлі. Ол әр тілдің өзіндік ерекшеліктері мен тілдегі әріптерге, сол тілді сөйлеушілердің дыбыстау мүшелерінің әртұрлілігіне байланысты болады. Ал белгілі бір халықтың дыбыстау мүшелерінің қызметі арқылы қалыптасқан дыбыс шығару дағдысын, ғылымда сол тілдің артикуляциялық базасы деп атайды. Ағылшын тілі дыбыстарының көпшілігі біресе созылыңқы, біресе қысқа айтылады. Ал ағылшын тілді хаттарда барлық дыбыстар фонетикалық транскрипция - дыбыстарды берудің жазбаша тәсілі арқылы көрсетіледі. Кез келген тілдегі дыбыстар дауысты және дауыссыз болып бөлінеді. Ағылшын тілінің де әріптері дауысты және дауыссыз дыбыстар шығарады. Олар жоғарыда аталды. Алайда олардың әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері бар.

Дауысты дыбыстар дауыстық қысымдардың белсенді тербелісінен туындайды. Ағылшын тілінде олар: a, e, i, o, u және y. Ағылшын тілінің дауысты дыбыстарының өзіне тін бірнеше ерекшеліктері бар:

А) Ағылшын дауысты дыбыстары монофтонгтар, дифтонгтар және трифтонгтар болып бөлінеді. Бір буында бір дауысты дыбыс болса – монофтонг деп аталады. Ол дыбысты айтқанда сөйлеу мүшелері дыбысты айтып болғанша адамның сөйлеу мүшесі өзгеріссіз тұрады. Ағылшын тілінде барлығы 12 монофтонг бар. Олар: [ae], [a:], [^], [i:], [i], [u], [u:], [e], [ә], [з:], [o], [o:].

Бір буында екі дауысты дыбыс болса – дифтонг деп аталады. Олар әдетте [і] немесе [е] дыбыстарына жақын аяқталады. Мысалы [ai] , ee -[i:], oo- [u:]

Бір буында үш іргелес дауысты дыбыстардың тіркестері - трифтонгтар деп аталады. Мысалы [aiә], [auә].

Ә) Ағылшын дауысты дыбыстары белгілі типтік буындар арқылы беріледі. Олар төрт типтен тұрады: ашық І- буын – алфафиттегі әріптердің аталуы бойынша дыбысталады; тұйық ІІ-буын – дауысты дыбыстардың дауыссыздырдың қысымын түсуіне ұшырайды; ІІІ-буын - кез-келген дауысты дыбысқа [r] дауыссыз дыбысының қосылуы әсерінен туындайтын дыбыстық өзгеріс. ІV-буын – дыбыстық үндеске [r] және ағылшындардың тілімен айтқанда, мылқау [e] дыбысының қосылуы салдарынан пайда болатын өзгеріс.

Б) Ағылшын дыбыстарында күш (стресс) болады. Осы стресс арқылы қай сөзді қандай ырғақпен оқу немесе айту қажеттігі туындайды. Бұл ырғақ ағылшын жазбаларында транскрипциясынан анық байқауға болады.

В) Айтылу жылдамдығының болуында. Жылдам диалект арқылы сөздегі стресс мүлде танылмай қалады.

Г) Дыбыстардың күшті және әлсіз формаларының болуы. Қысқы дауысты дыбыстар әлсіз, ұзақтық беретін дауысты дыбыстар күшті болып келеді.

Дауыссыз дыбыс дегеніміз дыбыс шығару кезінде түрлі кедергілерге ұшырайтын, тіл, тіс, ерін мен альвеолалардың қатысымен жүзеге асатын дыбыс. Ағылшын тілінде дауыссыз дыбыстар үн мен салдырдың қатысына байланысты ұяң және қатаң дауыссыздар болып бөлінеді. Ұяң дауыссыздар үннен тұрады; қатаң дауыссыздар салдыр мен шудан тұрады. Енді дәл осы дауыссыздар дыбыстау мүшелерінің жұмысы мен кедергінің салдарынан еріндік, тілдік және альвеолдық болып бөлінеді. Еріндік дауыссыздар: [b], [p], [m], [v], [f], [w]; тілдік дауыссыздыр: [l], [n], [z],[r], [j], [k], [g], [h]; альвеолдық дауыссыздыр: [t], [d], [n]. Ағылшын тілінің дауыссыз дыбыстары төмендегіше жіктеледі:

  1. Бастапқы тіркестер- l, r, және s жиынтығына жіктеледі;

  2. Соңғы тіркестер – s, l, және n әріптері бар жиынға топталады: -st, -sk, -ld, -nd, -nk.

Сонымен қатар, ағылшын тіліндегі әріптердің дыбысталуға жеткіліксіздіген орай диграфтар қалыптасқан. Дауыссыз диграфтар дегеніміз бір дыбыс шығару үшін құрылған дауыссыздар жиыны. Олар: sh, ch, kn, ph, th, wh, wr, ng. Бұл дыбыстардың барлығы да шет тілді тұтынушылар үшін ауырлық тудыруы мүмкін. Алайда жаттығу кез-келген адамды пысқтай алады.

III Қортынды

3.2 Ағылшын және қазақ тілі фонетикасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтар

Ағылшын сөздерінің айтылуы, әсіресе тіл үйренуді жаңадан бастаушылар үшін қызықты болғанымен өте күрделі болып келеді. Оны тереңірек меңгеру үшін ағылшын тілі әріптері мен дыбыстарына сай келетін өз ана тілінің фонетикасын қарастыруға тура келеді. Себебі, салыстыру, зерттеу және пайымдау адам баласын жетістікке жетелейді. Салыстырып қана қоймай, оны, яғни шет тілін ана тілінен ажырата да білу қажет. Қазақ тілінде 42 әріп, 39 дыбыс бар, ал ағылшын тілі әріпі одан екі есе аз десек те болады. Алайда, зерттеу барысында байқағанымдай, ол 42 әріп пен дыбыстың орнын ағылшын тілінде монофтонгтар, дифтонгтар, трифтонгтар мен диграфтар толықтырады. Алайда дыбыстау кезіндегі екпін мен ырғақ екі тілден де көрініс табады. Мұндей ерекшелікті ағылшын тіліндегі артикуляциядан анық байқайсың. Сонымен қатар, ең басты ерекшелік, қазақ тілінде хатта қанша әріп түссе сонша дыбыс шығады. Ал ағылшын тіліндегі сөздің дыбысталуы жазылуынан ен кем, не артық болып келеді. Бұл екі елдің жергілікті қалыптасуы мен дыбыс шығару мүшелеріндегі басты ерекшелік.

Сөз ағынында әр дыбыс өзінің қасындағы дыбыстардың әсерінен көптеген өзгеріске ұшырап отырады. Мұндай өзгеріске ұшырауды ассимиляция деп атайды. Ол қазақ тілінде дыбыстық ырғақ деген балама береді. Ал дауыссыз дыбыстардың келесі бір дауыссыз дыбыстардың әсерінен жұмсарып айтылуын фонетикада - полотолизация деп атайды. Бұл құбылыс тілдің ортаңғы бөлігін таңдайға көтеру арқылы жасалады. Ағылшын дауыссыз дыбыстарының көпшілігі қатты айтылады. Осы аталған көрсеткіштер ағылшын мен қазақ тілдері фонетикасын бір-біріне өте ұқсас етіп көрсетеді. Себебі, мұндай, дыбыстық жұтылулар, дыбыстық жұмсарулар, ырғақ пен қаттылық қазақ тілінде де көрініс табады.

Ағылшын тілі – дүние жүзіне кең таралған тіл. Елбасымыз өз жолдауында айтып кеткен. Ағылшын тілі қазіргі заманда жаһандық тіл. Бұл тілде әлемнің көптеген елінде сөйлейді. Елбасымыз «Тілдердің үштұғырлылығы» мәдени жобасын кезеңдеп іске асыруды қолға алуды ұсынды. Бұл саясат біз сияқты жас ұрпаққа ағылшын тілін жетік меңгеруге үлкен мүмкіндік береді. Жаһандану заманында өмір сүріп жатқан біздер үшін ағылшын тілі әлемдік аренадан көрінуге бірден бір жол. Ағылшын тілін білу бізге экономика, ақпараттандыу, әлемдік қатынас саласын толық меңгеруді береді.






















Пайдаланылған әдебиеттер:


  1. Қазақ Ұлттық Энциклопедиясы 1 том

  2. Егемен Қазақстан, 2017. 26.09

  3. Массагет кз порталы

  4. Древнеанглийский язык Смирицкий А, 1998

  5. История английского языка Энциклопедия « Вокруг света» И

  6. Английский язык, Левицкий А. Э; Словова Л. Л

  7. Ағылшын тілі фонетикасы практикумы Билдебаева Д











































Мазмұны:

Жоспар......................................................................................................................3

1.1 Әліпбиі сөзінің ағылшын тілінде пайда болуы.........................................4-6

1.2 Ағылшын тілі әліпбиінің шығу тарихы, кезеңдері.............................. 6-7

2.1 Ағылшын әріптері және олардың қолданылуы.......................................7-8

2.2 Ағылшын дыбыстары мен фонетикалық құбылыстары........................8-10

3.1 Ағылшын және қазақ тілі фонетикасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтар.............................................................................................10-11

Пайдаланылғын әдебиеттер тізімі.......................................................................12





10


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!