Материалдар / Аханова Әнел Мақсатқызы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Аханова Әнел Мақсатқызы

Материал туралы қысқаша түсінік
Дефектолог маманның ашық ұйымдастырылған оқу қызметі
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Сәуір 2021
273
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мектеп жасына дейінгі ПДТ баланың таным процестерін

түзете – дамытуға «Лего» құрастырғыштарын қолданудың тиімділігі


Күні: 28.02.2020ж

ҰОҚ түрі: Жеке-түзету сабағы

Тақырыбы: «Көлікер»

Мақсаты:

Білімділік мақсаты: Су, ауа, жер көлік түрлерімен таныстыру. Көлік түрлері туралы білімін кеңейту.

Дамытушылық мақсаты: Таным процестерін, ұсақ қол моторикасын дамыту, сөздік қорын молайту.

Тәрбиелік мақсаты: Баланы ұқыптылыққа, өз ойын еркін айтуға тәрбиелеу.

Әдіс - тәсілі: Түсіндіру, сұрақ - жауап, ойын.

Көрнекі құрал – жабдықтар: Көліктердің суреттері, көлік ойыншықтар, смайликтер, лего құрастырғыштары.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

Мотивациялық қозғаушылық

І. Психологиялық дайындық.

  • Сәлемдесу

  • Сабаққа дайындау

  • Қане Мейіржан маған қарашы.

Қолымды көтеріп баланың назарын өзіме аударамын.

  • Қызығушылығын ояту

Мейіржан, бүгінгі оқу қызметіміз ерекше болайын деп тұр. Бірнеше қызықты тапсырмалыр орындаймыз. Олай болса оқу қызметімізді бастамас бұрын тыныс алу жаттығуын жасайық.

Рефлексиялық түзетушілік

ІІ. Тыныс алу жаттығуы.

  • «Үрлеп өткіз» тыныс алу жаттығуы

  • Қажетті құралдар: Лего құрастырғыштарынан жасалған көпір және көліктер.

Мақсаты: Баланың тыныс алу бұлшық еттерін, жоғарғы және мұрын қуыстарындағы тыныс алу жолдарын шынықтыра білуге үйрету. Бірқалыпты ерікті, дем шығаруға үйрету.

Көліктерді үрлеу арқылы көпірдің астынан өткізуді талап ету. Жаттығуды бірнеше рет қайталау.

Ұйымдастырушылық ізденістік

ІІІ. Жаңа сабақ

Мейіржан, бүгін екеуміз көлік және оның түрлері туралы айтамыз.

- Қарашы мынау қандай ойыншықтар?

- Көлік дегеніміз не?

- Ол адамға неге қажет?

Адамдар көліктерді алыс жерлерге жету үшін немесе бір жерден екінші жерге қатынау үшін пайдаланады. Көліктердің үш  түрлері бар. Олар:

1.Әуеде ұшатын көліктер
2.Суда жүзетін көліктер
3.Жерде жүретін көліктер

Әуе көліктеріне ұшақ, тік ұшақ, зымыран жатады. Ал су көліктеріне кеме, қайық, жер көліктеріне автобус, велосипед, мотоцикл, пойыз, паравоз т.б жатады. Жер көліктерінің өзі бірнеше түрге бөлінеді. Олар жүк тасымалдаушы, жолаушы тасымалдаушы, ауыр және жеңіл көліктер. Бұл көліктердің бәрін арнайы маман иелері жүргізеді. Ұшақты – ұшқыш, жеңіл көлікті – жүргізуші, кемелерді – кеме капитаны басқарады. Бұл көліктердің пайдасы – адамның еңбегін жеңілдетеді, алысты жақындатады.

ІV. Дидактикалық ойын:

1.«Көліктер»(прием «Мерседес»)

Ойынның мақсаты: Баланы көлік түрлерімен таныстыру, оларды ажырата білуге үйрету.

Дамытушылық мақсаты: Ойлау қабілетін дамыту, зейінін шоғырландыру, есте сақтау қабілетін дамыту.

Көрнекіліктер: Ойыншық көліктер.

Ойынның мазмұны: Балаға лего құрастырғыштарынан жасалған көлік түрлерін және 3 түспен берілген (қызыл, жасыл, көк) рөлдік доңғалақты береді.

- Мейіржан, мына рөлдік доңғалақтың жасыл түсіне жерде жүретін көліктерді, көк түсіне суда жүзетін көліктерді, ал қызыл түсіне әуеде ұшатын көліктерді қойып шықшы.

V.Сергіту сәті:

Нейропсихологиялық ойын. «Саусақтар»

Мақсаты: Баланың ойлау қабілетін дамыту.

Ойынның мазмұны: Дефектолог балаға боялған тарыны ұсынып, өзінің қолын бастыруды сұрайды. Бастырғаннан соң, қолын сол суреттің үстіне қойып, келесі нұсқаулықтарды орындауды талап етеді:

Мейіржан, саусақтарыңды санашы. Ретімен көтеруді ұсынады.

Бірінші саусағыңды көтер, енді бесінші саусағыңды көтерші. Үшінші саусағыңды көтер, ал енді екінші саусағыңды көтер.

2.«Көлік құрастыру» ойыны

- Мейіржан келесі тапсырмада екеуміз көліктерді лего құрастырғыштарының көмегімен құрастырамыз.

Көрнекіліктер: Лего құрастырғыштары

Ойын мазмұны: Дефектолог балаға лего құрастырғыштарын беріп, көлік құрауын талап етеді.

VII.Қорытынды

  • Ой қозғау

Біз бүгінгі оқу қызметінде қандай көліктер туралы әңгімелестік?

Саған қандай көлік түрі ұнайды?

Саған бүгінгі оқу қызметі ұнады ма?

IX. Бағалау

Балаға смайликтерді таңдау арқылы оқу қызметін бағалауын сұраймын. Баланы мақтаймын.

Біледі: Көлік түрлері және оның аттарын, олардың қандай дыбыс шығаратынын біледі.

Жасай алады: Ойын шартын дұрыс орындайды.

Меңгереді: Көліктерді ажыратуды меңгереді.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!