Материалдар / Ахмет Байтұрсынұлы-ұлттың ұлы ұстазы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ахмет Байтұрсынұлы-ұлттың ұлы ұстазы

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал тәрбие сағаты бойынша жариялап отырмын.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Қаңтар 2019
11370
14 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



«Қарақол орта мектеп-бақшасы» КММ
















Тақырыбы: Ахмет  Байтұрсынұлы ұлттың ұлы ұстазы




















Сынып жетекшісі:Келдыбекова Н.Е










Сабақтың тақырыбы: Ахмет  Байтұрсынұлы – ұлттың ұлы ұстазы

Сабақтың мақсаты:

  • Білімділік: оқушыларға Ахмет Байтұрсынұлының қазақ әдебиетіндегі орнын, оның ағартушылық және мұғалімдік қызметі туралы баяндау, мақалаларына талдау жасау, деңгейлік тапсырмалар арқылы білімдерін қорытындылауға үйрету;

  • Дамытушылық: сұрақ-тапсырма, ізденістерге негізделген жұмыс түрлерін өз бетімен, жаңа технологиялық үрдістерге сай орындай білуге дағдылану, өз пікірін сенімді әрі дәлелді, тұжырымды жеткізе білуге дағдыландыру;

  • Тәрбиелік: оқушыларды ақын шығармашылығына құрметпен қарауға үйрету, өмірде өз орны бар азамат етіп тәрбиелеу, бойына асыл қасиеттерді сіңіре білу, адамгершілікке, имандылыққа, мейірімділікке баулу.

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндіру, ассоциация, зерттеу

Сабақ түрі:білімді жүйелеу, жинақтау

Сабақтың көрнекілігі: А.Байтұрсынұлы шығармалары, «Ақжол» кітабы, кестелер.

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, Қазақстан тарихы, география.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі

2.Үй тапсырмасын пысықтау

1.Хронологиялық кестені толтыру. Ауызша журнал

Жылдар

Ахмет Байтұрсынұлы

1873 ж.

Қазіргі Қостанай облысы, Торғай алабындағы Сарытүбек деген жерде туылған.

1882-1884 ж.ж.

Өз ауылында хат танып, сауат ашады.

1886-1891 ж.ж

Торғай қаласындағы екі сыныптық орысша-қазақша училищеде оқиды.

1891-1895 ж.ж.

Орынбордағы мұғалімдік мектепті бітіреді, ауыл мектептерінде мұғалім болады.

1909 ж.

Қарқаралыда екі сыныпты училищесінің меңгерушісі болып жүріп, «Өкіметке қарсы» деген жала жабылып, Семей абақтысынаа жабылады.

1910 ж.

Орынборға келіп, қоғамдық-саяси жұмыстарға араласады.

1913-1918 ж.ж.

«Қазақ» газетінің редакторы болады.

1918-1919 ж.ж.

Алашорда партиясы басшыларының бірі ретінде қазақ елінің болашағы, тәуелсіздігі үшін қызмет етеді.

1919 ж.

Ағарту саласында оқытушы, халық ағарту комиссары болады.

1937 ж.

Сталиндік репрессияға ұшырайды.

1938 ж.

Өлім жазасына кесіледі.

 

2.Тірек сызба.   Ахмет Байтұрсынұлы кім?

(Тілші, ғалым, мұғалім, көсем сөз шебері, зерттеуші, аудармашы, публицист, ағартушы, ақын, домбырашы, мысалшы, қоғам қайраткері болғандығын мысалдар арқылы дәлелдейді.)

Әр сұрақ белгісінің астында жасырынған сөзді тауып, оны қорғайды.

Мысал өлеңдері: И.А.Крыловтың мысалдарын қазақ тіліне аударды,1909 жылы «Қырық мысал» деген атпен Петербургте басылып шықты.А.Байтұрсынұлы  аудармалары пішін жағынан ғана емес,түпкі идеясымен, қазақ еліне таныс бейнелерді  суреттермен көрсету арқылы ерекшелінеді.

-«Аққу,шортан,һәм шаян»

-«Қасқыр мен қозы»

-«Қайырымды түлкі»

-«Ала қойлар»

-«Үлес»

-«Қартайған арыстан»

-«Өгіз бен Бақа»

-«Қайыршы мен Қыдыр»

-«Ат пен есек» т.б

А.Байтұрсынұлы аудармаларының ерекшеліктері:

  1. Сюжетті И.А.Крылов өлеңіндегідей болғанымен, қазақ тұрмысына жақын ойлар айтылады.

2.Ой түйінін беруде қазақ мақал-мәтелдерін пайданалынады. («Адамның басы – Алланың добы», «Жазмыштан озмыш болмас» т.б.)

  1. А.Байтұрсынұлы мысалдары И.А.Крыловтың мысалдарынан көлемі жағынан да үлкен.(«Қасқыр мен тырна» – орысшада 19, қазақшада 36 жол, «Шымшық пен көгершін» орысшада 10, қазақшада 32 жол.

«Ақынның өлеңдері» деген тақырып бойынша «Маса» жинағын талқылау.

1913 ж. «Қазақ» атты газет шығару қолға алынады. Газеттің редакторына, бас сарапшылығына Ахмет Байтұрсынов тағайындалады. 1913 жылдың басынан 1917 жылға  дейін осы газеттің  бас редакторы болып А.Байтұрсынұлы зор еңбек атқарады.Ол 8000 тиражбен жарық көріп тұрады. Алғашқы нөмірде оның мақсаты айқындалды:

жұрт пайдасына көз болу,

қазақ арасына ғылым мен өнердің жайылуына басшылық ету,

оқу, оқыту, мектеп т.б әдебиет туралы жол көрсету т.б.

Патша өкіметі «Қазақ» газетінің шығуын әу бастан-ақ қолдаған жоқ. Бірнеше рет әкімшілік айыппұлдар салып,  оның редакторын қазақтың біртуар ұлын А.Байтұрсынұлы түрмеге жапты. Газет бетіндегі әр сөз, әр мақала сол кездегі қазақ үшін ғана емес, қазіргі қазақ үшін де өте керек,өте қажет. «Қазақ» газеті қазақша ойлауға, қазақша сөйлеуге  үйретіп, ұлттық саясаттың басы болды.

Жаңа сабақ

Ахмет Байтұрсынұлы өмірлік кредосы – осы қазақ жұртына не болған? Неге ұйқыда? Неге оянбайды? Халқымды оятсам – деген  тілекпен өмір сүрген.

Жол көрсеттім қазақ деген намысқа,

Жоқ сілтедім жақын емес, алысқа.

Өзге жұрттан өрге қадам басқанда,

Елім, сен де қатарыңнан қалыспа,-дей келе, публицистикалық бір мақаласында надандық, өнерсіздік ата жолдасымыз болған соң олжалы деген жерде үлестен қағылғанымыз, ордалы деген жерде орыннан қағылғанымыз, жоралы жерде жолдан қағылғанымыз бәрі-бәрі надандық  кесапаты» деп ашына жазады. «Қазақ» газетінің 1913 жылғы 21-сәуіріндегі нөмірінде «Оқу жайы» деген мақала жарияланады. Сол мақалада А.Байтұрсынұлы қазақ үшін ең керегі оқу-білім екендігін айтады: «Қазақ жерінде өндіріс жоқ, шикізатты сатады, ал сол шикізаттан жасалған өнімді екі-үш есе қымбатқа сатып алады. Бұл надандықтан келген кемшілік», -дейді. Бұған қоса,  бұл өте аз көрсеткіш екенін қынжыла айтады.

Уезі

Жылы

Қазақ саны

Мектеп саны

Қазақша оқығандар

Орысша оқығандар

ер

әйел

ер

әйел

Торғай

1912

57019

132

3244

118

425

18

Қостанай

1909

112675

108

6065

379

690

 29

 

«Қазақ» газетінің 1914 жылғы 9 мамырдағы нөмірінде  «Бастауыш мектеп» деген көлемді мақала жариялайды. Қазақ даласындағы  мектептерде қазақ елі сауатын тек ана тілінде ашқаны дұрыс дейді. Бастауыш мектепте 5 жыл болып, алғашқы 3 жыл ана тілінде,  кейінгі 2 жыл ғана орысша оқытылсын дегенді айтады. Бастауыш мектептерде оқу, жазу, діл, ұлт тілі, ұлт тарихы, есеп, жағрапия, жаратылыстану пәндері жүргізілу керек дегенді ашып көрсетеді.

«Қазақ» газетінің 1913 жылғы 8 тамызындағы нөмірінде «Земство» деп аталатын бас мақаласында біз үшін құнды бір мәлімет келтіреді: «Ресейдегі халықтың барлығын қосып жіберіп топтап санағанда 100 адамның 20 адамы хат білетін болып шығады. Қазақтарда 100 кісіден 5 кісі ғана хат біледі»,-дейді.

Оқу-ағарту мәселелерін Ахмет Байтұрсынұлы жан-жақты сөз етеді. Қазақтарда балаларды оқытатын (программа), мини кітаптар (оқулықтар) жоқ», – дей келіп, оларды жазу қажеттіліктерін  және соған арнаулы педагогтық білімі бар мамандарды даярлау керектігін айтады. «Білімнің бар құралы – кітап» деп, білім конкурсын жариялау арқылы оқу-ағарту ісіне ат салысуға болатынын айтады.

А.Байтұрсынұлы бар уақытта, бар кезде де оқу керек деп кетті. Демек, біз кеңес дәуіріндегідей  «Оқы,оқы және оқы» деген Ленин емес, қазақ халқы оқу керек, қазақ халқы білімге қол жеткізуі керек дегенді ұстаз Ахмет Байтұрсынұлы екеніне енді көз жеткізіп отырмыз. Ғылым-білімге баратын жол халықты жақсылыққа апаратын жол екенін ол баса айтты. А.Байтұрсынұлы еңбегі қазақ үшін жасалған мәңгілік еңбек.

Сабақты бекіту

«Сиқырлы сандар». (Асықтарға 50, 40, 30 номерлі сандар беріледі) Сандар астында жазылған сұрақтарға бір сөзбен жауап беру.

«30» санды асықтар:

  1. «Қырық мысалға» енген өлеңдерін кімнен аударған?(Крыловтан)

  2. Ахмет Байтұрсынұлы қандай газеттің редакторы болды?(«Қазақ» газеті)

  3. Ақын нешінші жылдар арасында өмір сүрді?(1873-1938 ж.ж.)

«40» санды асықтар:

1.А.Байтұрсынұлы жабылған жала?(Өкіметке қарсы)

2.«Қазақтың бас ақыны» деген мақаласында кім туралы айтылады?(А.Құнанбаев)

3.А.Байтұрсынұлы әйелінің аты кім?(Александра-Бәдрисафа)

«50» санды асықтар:

  1. Сауат ашу, тілді оқыту үшін, тілдің методикасы үшін жазылған дүние?(Тіл жұмсар)

  2. XX ғасыр басында құрылған қазақтың ірі партиясы? (Алашорда)

  3. Ақынның елінің көзін ашу, халықтың көкірегін ояту мақсатында жазылған жинағы? ( «Маса»)

Бес жолды өлең

  1. А.Байтұрсынұлы

  2. Біртуар,сауатты

  3. Зерттеді, жазды , аударды.

  4. А.Байтұрсынұлының еңбегі қазақ үшін жасалған мәңгілік еңбек.

  5. Ұлы тұлға

Сабақты қорыту

Жігіттер, мұнан ғибрат алмай болмас,

Әуелі бірлік керек, болсақ жолдас.

Біріңнің айтқаныңа бірің көнбей

Істеген ынтымақсыз ісің оңбас.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!