Материалдар / Ахмет-ұлт ұстазы.Ашық тәрбие сағатты
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ахмет-ұлт ұстазы.Ашық тәрбие сағатты

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық тәрбие сағаттының жоспары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Қырқүйек 2023
322
0 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Тақырыбы: « Ұлт ұстазы - Ахмет»

Мақсаты: 1. Ахмет Байтұрсыновтың шығармашылығы, кітаптары, ғылыми

еңбектері туралы мағлұмат беру.
2. Ақын өмірін оқушыларға үлгі ете отырып, өз елін сүюге, оның

көркеюіне үлес қосуға тәрбиелеу
3. Оқушылардың танымдық деңгейін дамыту

Тәрбие сағатының өту барысы:

Мұғалім:-Балалар, бүгінгі тәрбие сағатымыз бастамастан бұрын, сөзжұмбақты шешіп алайық,

  1. Түркістан Компартиясы ОК-нің органында қызметте болған газет атауы

  2. А.Байтұрсынұлы кім?

  3. Ахметті Торғайдағы 2 сыныптық орыс-қазақ мектебіне кім берді?

  4. 1923 жылы жарық көрген жинақ қалай аталады?

  5. Ахмет Байтұрсынұлы дүниеге келген жері?

  6. 1912 жылы А.Байтұрсынұлының тұңғыш жазылған қазақша әліппелері қалай аталады?

  7. А.Байтұрсынұлының ерекше шығармаларының бірі?

  8. 1923 жылы А.Байтұрсынұлының 50 жасқа толуы қай қалада салтанатты түрде аталды?

  9. А.Байтұрсынұлының Пушкиннен аударған шығарма атауы

1- Жүргізуші: -Балалар, бүгінгі тәрбие сағатымыз Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылық өмір жолына арналады. Ахмет Байтұрсынұлы. Осы бір есім елге таныс болғалы «Мен-қазақпын» деген азаматтың бір селт етпейтіні жоқ та шығар.

2- Жүргізуші: Биылғы жыл халқымыздың көрнекті қоғам қайраткері, кешегі Абай, Ыбырай, Шоқан салған ағартушылық, демократтық бағытты ілгері жалғастырушы ірі ғалым, көсемсөз шебері, әдебиет зерттеуші, тюрколог, дарынды ақын- аудармашы Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толған мерейлі жыл.


1- Жүргізуші: Ахмет Байтұрсынұлы- қыры мен сыры мейлінше мол адам. Осы орайды ақынның өлеңдеріне кезек берсек: Әбдінұр, Бегімай, Асылбек.

2-Жүргізуші: Ахмет Байтұрсынұлы- ақын және аудармашы. Оның өлеңдері “Қырық мысал” , “Маса”, “Үзік” деген аттармен 1912 жылдан 1922 жылға дейін бірнеше рет жарияланған. “Масаға” енген өлеңдер қараңғылық, надандық, шаруаға енжарлық, қазақты шағуға дайын тұрған жылан. Оның иесі аяқтары ұзын, сары маса болып ызыңдап, ұйықтап жатқан халқын оятпақшы.

1- Жүргізуші: Ызыңдап ұшқан мынау біздің сары маса,

Сап- сары аяқтары ұзын маса,

Өзіне біткен түсі өзгерілмес,

Дегенмен қара яки қызыл маса.

Үстінде ұйықтағанның айнала ұшып,

Қаққы жеп қанаттары бұзылғанша.

Ұйқысын аз да болса бөлмес пе екен,

Қоймастан құлағына ызыңдаса?

2-Жүргізуші: Ахмет тек өзi ғана жазып қоймай, аудармашылықпен де айналысқан. Ол «Қырық мысал» 1909 жылы Петербург қаласында бастырады. Орыстың классик мысалшысы И.А. Крылов мысалдарының бiр тобын аударған. Крыловтан аудармалары өз елiне тән, жақын екенiн сезiп отырып таңдаған. Бұл тұңғыш аударма едi. Ол «Замандастарыма» деген кiрiспесiнде

 «Орыстың тәржiме еттiм мысалдарын,

Әзiрге қолдан келген осы барым.

Қанағат азға деген, жоққа- сабыр,

Қомсынып қоңырайма, құрбыларым»- дейдi. Ендігі кезекті «Қасқыр мен қозы»  мысалынан көрініске береміз. 

1-Жүргізуші: Сонау қылышынан қан тамған қаһарлы жылдары жазықсыз мыңдаған адамдар «Халық жауы» деген жаламен айыпталып, жер аударылып кетті. Кейбір деректерге қарағанда 6 млн. адам қуғын-сүргінге ұшырап, оның 900 мыңдайы атылған. Сондағы 25 мыңға жуық қазақтың ішінде  бес арысымыз Жүсіпбек Аймауытұлы, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев, Шәкәрім Құдайбердіұлы болған еді.

...Адам өмірінде болатын аумалы-төкпелі уақыт қайғысымен де, қуанышымен де ерекше айқындалатын болса керек. Ахмет Байтұрсынұлы тағдыр толқындарынан, қайғы-қасірет сілкіністерден, тар жол тайғақ кешулерден өткен еді...

Репрессия құрбаны болған Ахмет Байтұрсынұлының тағдырынан сахналық көрініске кезек берейік.

  Сот үрдісінен  көрініс

Мұғалім: -Байтұрсынов Ахмет Байтұрсынұлы 1873 жылы Торғай губерниясында бай-болыстың семьясында туған. Ұлты-қазақ. Ол үкіметке қарсы «Алаш» партиясы-ұлтшылдардың жасырын ұйымын басқарды. Бұл партия Совет үкіметіне қарсы қастандықтар ұйымдастырған. Байтұрсынұлы-жат пиғылды, революцияға қарсы, еңбекшілдер үкіметін жек көретін адам. Барып тұрған халық жауы. Байтұрсыновтың айыбы жасырын қазақ ұйымына ұйымдастырған және ұйымдастырушылардың бірі, ол жасырын түрде ұлтшылдық бағыттағы «Алаш» партиясын ұйымдастырған, қазақ әдебиетіне, баспасөзге сол арқылы теріс ықпал жасаған. Қылмыстық істер кодекісінің 58 бабының 7,8,11 тармақтарына сай Ахмет Байтұрсынов атылсын!

Бекнұр:( тергеуші Ахметті жұлқып әкетіп бара жатады)

(Ералинұр)Ахмет: Қинамайды абақтыға жапқаны,

              Қиын емес дарға асқаны, атқаны.

              Маған ауыр осылардың бәрінен

              Өз ауылымның иттері үріп қашқаны...

             Хош сау бол, Қарқаралы, жуылмаған,

             Айдай бер қалса адамның қуылмаған.

( Ахметті жұлқып алып кетеді, сахнаға Ахмет қайта шығады)

Ахмет: Мен өлсем де өлемін жөнімменен,

              Тәннен басқа не алар ем өлім менен?!

              Өлген күні апарып тығары-көр,

              Мен жоқ болман көміліп тәнімменен.

             Тән көмілер,көмілмес еткен ісім,

             Ойлайтындар мен емес бір күнгісін.

             Жұрт ұқпаса-ұқпасын, жабықпаймын,

            Ел-бір күншіл, менікі-ертеңгі үшін.

2-Жүргізуші:

1937 жылы екінші рет ұсталып, сталиндік репрессияның пышағына ілініп, атылады. Қазақ халқы өзінің рухани көсемінен осылайша мәңгіге айрылды.

Асықпаңдар! Артымызда қазы бар,

Тергеп талай, көрлеріміз қазылар…-

деп өзі айтқандай 1988 жылдың 4 қарашасында Қазақ ССР-нің Жоғарғы Соты Ахмет Байтұрсыновты ешбір қылмысы жоқ деп тауып, оны толық ақтау туралы шешім қабылдады. Сөйтіп, ғалымның адал азаматтық есімі қалпына келтірілді.

1-Жүргізуші:

А. Байтұрсынұлы — қазақ музыкасы мен ән-күй өнеріне де терең ой жіберген ғалым. А.В. Затаевичтің айтуынша ол шебер домбырашы, әрі әнші болған. «Қазақ халқының жүз әні» атты еңбегінде А.В.Затаевич былай деп жазды: «А.Байтұрсынұлы өз халқының әндерін жақсы біледі және оларды тамаша орындайды, ол — жақсы домбырашы»-деген. Ендігі кезекті сыныбымыздың өнерлі қыздарының бірі Азихан Аминаның «Бикеш» күйін тыңдайық.

2-Жүргізуші:

Құлақ екеу, ауыз біреу.

Ол не үшін бұлай?

Көп тыңдап, аз сөйлеуге жаратқан оны Құдай.

Ауыз біреу, көз екеу – ол не үшін бұлай?

Көп көріп, аз таңдануға жаратқан оны солай.

Ауыз біреу, қол екеу – ол не үшін бұлай?

Көп жұмысшы, аз жеуші – жаратқаны ол солай –деп жырлағандай ақынның көркем жырланына кезек берейік: Ануар, Еркеназ, Бекнұр.

Мұғалім:

Дегендер «Мен жақсымын» толып жатыр,

Жақсылығы өзiнен артылмаған…

Бәрiнен тыныш ұйқтап жатқандар көп,

Ұмтылып, талап ойлап, талпынбаған –деп Ахммет атамыз айтып жырлап кеткендей. Балалар қазір дәптерге «Мен Ахмет атаны үлгі тұтамын» тақырыбында кішігірім ой-толғау жазайық.

Қорытынды:

Жүргізуші:  Ахмет өмірі мен шығармашылығы келер ұрпаққа мәңгілік өнеге болып қала бермек. Ахмет рухына тағзым ете отырып, бүгінгі тәрбие сағатын осымен  аяқтайық.

Үйге тапсырма: Ахмет Байтұрсынұлының өлеңдерін тауып жаттап келу.

Мұғалім: Ахмет Байтұрсынұлының -еңбегі жанған жанның бірі. Істеген ісінің жемісі-соңынан келе жатқан жастар. Оның арты Ахмет Мектебіне тізіліп, кіріп жатқан жас буын, жаңа өсіп келе жатқан қазақ әдебиеті Ах өзінің басшысы деп санайды. Ахаң ашқан қазақ мектебі, Ахаң түрлеген ана тілі, Ахаң салған әдебиеттегі елшілдік ұраны-«Қырық мысал», «Маса», «Қазақ» газетінің 1916 жылдағы қан жылаған қазақ баласына істеген еңбегі, өнер-білім, саясат жолындағы қажымаған қайратын біз ұмытсақ та тарих ұмытпайды.

-Әрине, Ахмет тағылымын бір сәтте оқып білуге болмайды. Оны жылдар бойы оқып үйренуіміз керек. Ахмет Байтұрсынұлының ақын, публицист, ғалым, қоғам қайраткері санатында жасаған барлық еңбегі, тартқан қорлық, көрген азабы, болашаққа сенген үміт-арманы-баршасы ұлы миссияны орындауға, туған халқы үшін қасықтай қаны қалғанша қалтықсыз қызмет етуге арналған.

Сабақты қорытындылай келе, «Біздің заманымыз – өткен заманның баласы, келер заманның атасы!»-деп Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай. Дара тұлғамызды өскелен ұрпаққа өмірі мен шығармашылығы келер ұрпаққа мәңгілік өнеге болып қала бермек.

























Тақырыбы:

« Ахмет Байтұрсынұлы – ұлы ұстаз»



















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!