Материалдар / Ахметтің аманаты
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ахметтің аманаты

Материал туралы қысқаша түсінік
Ахмет Байтұрсынов туралы Аскерхан Ахатайдың "Ахметтің аманаты" шығармасы желісі бойынша
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Қаңтар 2023
242
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

И. Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледжі



КЕЛІСІЛГЕН БЕКІТЕМІН

Колледж әдіскері Директордың оқу жұмысы

_____________ Э.С.Аймбетова жөніндегі орынбасары

____________ Б.Б.Ермұхан

« ______» ____________ 2022 жыл






«Энергетика және құрылыс мамандықтары » бөлімшесінің

2022 жылдың 14-25 қараша аралығында өтетін

« Жаңа Қазақстан:кәсіби маман-жарқын болашақ »

тақырыбындағы онкүндік аясындағы

Қазақтың рухани көсемі атанған Алаш ардақтысы, Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналған

«Ахметтің аманаты»

тақырыбындағы әдеби қойылымның жоспары


Өтетін күні:14.11.2022жыл

Уақыты:11:40

Өтетін орны: Колледж фойесі


Жоспар «Мемлекеттік және шет тілдері » циклдік әдістемелік комиссиясы отырысында қаралып,мақұлданды.

Хаттама № 3 « 15 » қазан 2022 жыл

«Мемлекеттік және шет тілдері» ЦӘК төрайымы: ____________ А.А.Қалманова



Ұйымдастырушы:

«Мемлекеттік және шет тілдері» оқытушылары: А.А.Қалманова

А.А.Бектасова

М.Б.Қарақұл

А.Ө.Ерғалиева

Ж.Ж.Рахметова



Қызылорда -2022


Мақсаты: Ұлт ұстазы,Алаш ардақтысы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойын ЮНЕСКО аясында тойлануына үлес қосу және қазақ халқының әлеуметтік,саяси,мәдени,тарихи өмірінде орыны айырықша зор тұлғаның шығармашылығын насихаттау, халықтың рухани мәдениетін арттыру. Ұлыларымызды, ұлттық құндылықтарымызды құрметтеу, даналардың даралығын  бағалау, қастерлей білуге үйрету. Ахмет мұраларын жаңғырту.

Көрнекілігі: слайд,музыкалық көркемдеуші құралдар, «Ұлт ұстазы - Ахмет» кітап көрмесі , сурет галереясы




АВТОРЫ: Аскерхан АҚТАЙ

АХМЕТТІҢ АМАНАТЫ

Екі бөлімді драма желісінен ықшамдалған


Кейіпкерлер:

Ахмет Байтұрсынов                  ұлт қайраткері

Бәдрисафа                                Ахмет Байтұрсыновтың жары

Тергеуші

Жендеттер

Ақсақал

Жас ұландар

Бірінші бөлім

ПРОЛОГ

Сахнада «Аққұм» әні баяу есіп тұрады. Ахмет пен Бадрисафа ханым екеуі бірі шаңырақ көтеріп, бірі уықтарды шаншып жатады. Аздан соң уық шаншылған соң Ахмет Бадрисафа ханымды құшақтап тұрады. Бұл Ахмет Бадрисафамен отбасын құрды, шаңырақ көтерді және Алаш үкіметінің шаңырағын көтерді деген мағынада. Сол кезде жалма-жан әскерилер кіріп келеді. Екеуін екі айырды,

Әскери: Ахмет Байтұрсынов сенсің бе?

Ахмет: Иә менмін. (куәлігін көрсетіп).  Тыныштық па?!

Әскери : Тұтқындаласың, тез киініп бізбен жүресің...

Бадрисафа: Аха, не жаздың, неге бұлай? Не болып қалды?

Әскери: Сен қатын бақырып шақырма, кінәлі ма жоқ па оны түрмеге барған соң өзі айтатын болады. Ал, Байтұрсынов, тез бол!

Олар Ахметті  қолына тез кісен салып, иықтарымен ұрғылап, жұлқылап кете барады.

Ахмет: Бадрисафа ханым, сабырлы бол, ақырын күтейік, көз жасыңды жендетке көрсетпе, жаным.

Әскерилер Ахметті алып кетеді. Бадрисафа жылап артынан жүгіріп қалып қояды.

Бадрисафа: Бақытты шағымыз қайда қалды? Аха, кінәсізсің ғой, Аха...

Үрген иттер даусы естіліп тұрады.

БАРЛЫҒЫ САХНАДАН ВИДЕОДА КӨРСЕТІЛЕДІ.


Екінші сурет

Ахмет үнсіз түрме ішінде хат жазып отырады. Алдыңғы жағынан автор келіп өлеңді оқиды.

«Анама хат » өлеңі оқылады.

Қарағым, дұғагөйім, қамқор анам!
Арнап хат жазайын деп, алдым қалам.
Сені онда, мені мұнда аман сақтап,
Көруге жазғай еді Хақ тағалам!
Бара алмай, өтірікші болып әбден,
Семейдің түрмесінде отыр балаң.
Мал ұрлап, кісі өлтірген айыбы жоқ,
Өкімет, өр зорлыққа не бар шараң!
«Үмітсіз шайтан болсын» деген сөз бар,
Жолдар көп жәннатқа да тарам-тарам.
Оқ тиіп он үшімде, ой түсіріп,
Бітпеген жүрегімде бар бір жарам.
Алданып тамағыма, оны ұмытсам,
Болғандай жегенімнің бәрі харам.
Адамнан туып, адам ісін етпей,
Ұялмай, не бетіммен көрге барам?!

«Анама хат» әнімен жалғасады.

(«Аққұм» әні)

Автор: (Сахна сыртында оқиды)Тамаша күндер еді. Бірде үйге қазақтың қаймақтары жиналдық. Келген қонақтар аса мәртебелі жандар ғой, Әлихан мырза, Мағжан ақын. Өмірімізді ұлтымызға арнаған адамдармыз,болашақ ұлы істің жобасын көптің талқысын салмай тұрып, келісіп алсақ деген жиын еді бұл.Алдағы құрылтайдың жай жапсарын тағы бір өзара ақылдастық.Ең бастысы болашақ құрылатын мемлекетімізді не деп атайтынымызды ойластық.Ұлттық рухы биік жас ақын Мағжан Түркістан деп атауды ұсынды.Мен Алаш деген сөзді ойластырдым. Алты Алаштың бір бұтағы бізбіз ғой, қазақтар. Осы атау күллі түркі жұртына ортақ есім деп алдым. Әрине бұл құрылтай өкілдерімен ақылдаса отырып, ортаға салып шешетін іс, менікі пікір еді.

Ең бастысы - жер мәселесі еді , жер қазақтың меншігі. Жердің асты мен үстінің байлығы мемлекеттікі болуы керек деп ұйғардық.  Тіл туралы да мынандай тұжырымда болдық. Мемлекеттік тіліміз ол қазақ тілі болуы тиіс. Бұл жерде қазақ тілі басқа ұлттардың тілінен үстем болуы тиіс деген сөз ғой.

Қайран қайсар Мағжаным, Шекара мәселесін белгілегенде сонау Алтай уездеріне дейінгі алқаптағы қазақ отырған жерлер түгел осы мемлекеттің құрамына кірсе екен деп армандап еді. Бұйырса құрылтайға қатысасыз деген едіммммм Мағжаныма.Ееее,дүнием-аййй,қандай күндер,қандай арман еді –ау.

.Міржақыптың ойымен біз бірнеше қаланы мемлекет орталығы етуге таңдап отырыстық.. Батыс десек Орал, орталық десек Ақмола, шығыс десек Семей.

Ұлттық мемлекет құрылған соң біз өнер мен мәдениетке назар аударамыз депппп едіммм –аууу. Әттең,әттеңңң,сұмдар-ай!!! Қандай мақсат-армандар бар еді-ау..... Қайтейіннннн.... Не шарам бар....

Барлығы бейне бір елес секілді.

Өткен күндер ғой. Әлихан, Мағжан, арыстар ай! (ойланып отырып қалады)


Үшінші сурет

Ахмет жалғыз. Қолында кісен. Түрме іші.

Ахмет: Бүгін атыламын.. Соңғы сөзім бұл. Әттең......., ешкім ести алмайды-ау. Сірә, мына шағын терезеден құстар естіп, сары адалға жаятын шығар. Бәлкім кезбе жел естіп, Түркі даласынадағы, бар қазаққа жеткізетін шығар. Уа, ұшқан құс, аманатымды жеткіз, қазаққа, уа самал жел өсиетімді жеткіз, ұрпаққа. Қолымда кісен, алдымда қазған ор, желкемде мылты кезенген жендет.

Уа, Алашым! Сен Түркі текті бабалар армандаған мәңгілік ел болуың керек! Мына ұланғайыр дала асқар бел, асау өзен сендерге аманат!

Қазағым! Басыңды име, тізеңді бүкпе, еңсеңді түсірме, сенің басың иілсе, жауың кеудесін керіп шалқаяды, сен жыласаң дұшпаның күледі, сен мұңайсаң көреалмастар қуанады. Сондықтан еңсең тік, жүзің айбынды, туың биік болсын!

Алаш деп менде өттім, Әлиханда, Мағжан да, Жүсіпбек ше, Міржақып та өтер. Ғұлама Шәкәрім қажы да өтті.....

Халел қайда, Мұхтар қайда, Әуезов? (ойланып) ең болмаса ақиқатты жеткізер біреу қалса екен.

Уа, жұртым, түн күрсінсе, ол Алаштың өкініші деп білерсің. Нөсер жауса ерлерді жоқтаған сары даланың, сары арқаның көз жасы деп біл! Мен жамылған топыраққа шынар өсер, ол Алаштың биік айбыны деп біліңдер! Мен жатқан жерге гүл өсер, ол Алаш рухты ерлердің еліне тағзымы деп біліңдер! Нөсер жаңбыр мен жамылған топырақты суарсын, Ол аспан ананың ақ сүті деп білейін, ескен жел қабірімді сипасын, ол қазақтың алақаны деп білейін! Қош Алашым,!!!!! Қош! Қош!

Сахна сыртында 3 рет оқ даусы естіледі.

Екі жендет Ахметті қолтықтап жайлап басып, әкетіп бара жатады. Артында мылтық ұстаған жендет. Айнала тұман бір көрініп, бір көрінбейді, «Аққұм» әні жайлап есіп тұрады.

Төртінші сурет

Түн ортасы. Жарық жанғанда шашын жайған Бадрисафа отырады. Көйлекшең, ұйқыдан тұрған кезі. Баяу «Аққұм» әні есіп тұрады.

Бадрисафа: Түс көрдім. Арысым, Алаштың көсемі Ахаң бақиға аттанған екен. Мынау жаулар қайран Ахаңымды құртқан екен. Осы зауал өздеріңе келсін.

Қара түн, сен неге қабағыңды түйдің, бәлкім Ахаңның өлімін көргің келмеген болар.

Жұлдыздар, сендер неге бұлтқа жасырындыңдар екен, Арыс Ахаңның ғазиз басының жерге тигеніні көргің келмеді ме?

Алтындай ай, сен неге көрінбедің, Алаш көсемі, дарабоз Ахаңның кеудесіне оқ тигенін көргің келмегені болар.

Уа, аспан неге жыладың, сен бәлкім асыл Ахаңды жоқтағаның боларсың. Жауын тамшысы сенің көз жасың ба екен?

Уа, қара жер, асыл Ахаңды құшағыңа алдың ба?

Жел, сен неге сыбырладың,

Бәлкім арманда кеткен асыл Ахаңның жаназасын сен оқыған шығарсың, қайғылы қазаны жалпақ елге жария еттіңдер ме ,ағаш сыбдыры!?

. Естісін, Алаш жұрты, естісін қазақ елі, асыл ардағы Ахаңның ұлты үшін жазықсыз жала жабылып, мәңгілік сапарға аттанғанын.

Сахна экранда найзағай ойнап, дауылды жаңбыр құйып кетеді, Бадрисафа тұрып алыстай береді.

ЭПИЛОГ

Дала көктем, ән есіп тұр. Экранда Ахметтің ескерткіші. Саханада ақсақал қария отырады. Сахнада төрінде  кішкентай балалар, тізіліп тұрып, «Елім менің» әнін айтып тұрады. Қолдарында  көк тудың кішкентай жалаушаларын  ұстаған.

Балалар ескеткіш алдында ән айтып, Қолдарындағы гүлдерін сахна төріндегі Ахметтің ескерткішінің алдындағы стол үстіне қалдырып барлығы тізіліп тұрады.

Ақсақал: Ұландар, сендер  елдің болашағысыңдар, қазақтың ертеңі сендер.  Мен 1937 жылы мына Ахаңмен бірге түрмеде он сегіз жасымда отырдым. Халық жауысың деп, жала жауып, қамады, он жылға Сібірге жер аударды. Ақыры кінәсіздігім дәлелденіп,ақталдым. Көрмеген азабым жоқ. Ахаң жарықтық атылып кетті, міне ақталды.

Мынау сол Алаш үшін тер төккен асыл Ахаңның ескерткіші. Ахаң кезінде бізге,  сол кездегі жастарға Ел мен жерді аманат еткен болатын. Міне, аманат орындалды. Азат ел болдық. Енді сендер Ахаңның аманатына адал болып, тәуелсіздікті қорғаңдар! Ел үшін, мәңгілік ел болу үшін отаншыл, қайсар болыңдар.

Жас ұлан: аманатты орындаймыз ата, аманатқа адал боламыз!




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!