«Әйгерім қуыршақтың туған күні»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Әйгерім қуыршақтың туған күні»

Материал туралы қысқаша түсінік
Басқа өңір педагогтарымен тәжірибе алмасу
Материалдың қысқаша нұсқасы

3. Ортаңғы топта кіріктірілген оқу қызметінің технологиялық картасы

Блок:«Жануарлар әлемі»

Апта тақырыбы: «Жібек әжеде қонақтамыз»


Ай апта

Қыркүйек. III-апта

Мақсаты


Білім саласы

«Коммуникация»

«Таным»

Үй жануарлары,құстар мен жануарлардың қайда өмір сүретінің,немен қоректенетінін,

қалай қозғалатынын,қандай дыбыс шығаратынын және құстар мен жануарларды күтуде үлкендердің еңбегі туралы білімін бекіту.

Саралап ойлауды дамыту.

Балаларды ойыншықтар жайлы хикая тудырып айтуға баулу.Өз ойын дұрыс қалыптастыру қабілеттерін дамыту.Балаларды ауызекі сөйлеу шығармашылығы

на деген қызығушылықтарының тұрақты болуына тәрбиелеу.

Кіріктірілген оқу қызметі

Сөйлеуді дамыту

Жаратылыстану


Тақырыбы

«Әйгерім қуыршақтың туған күні»


Әдістер

Әңгімелеу ,көрсету, ой-қозғау,сұрақ-жауап, әңгіме құрау, саяхат жасау,сергіту.


Көрнекіліктер

Тақырыптық суреттер,саяхат. Қуыршақ ойыншық,

ыдыстар,дастархан,тағамдар


Қос тілділік

Үй жануарлары-домашние животные,үй құстары-домашняя птица, туған күн-день рождения


Әрекет кезеңдері


Тәрбиешінің іс-әрекеті


Балалардың іс-әрекеті


Мотивациялық

қозғаушылық

Шаттық шеңбері

Менің әжем жыр әжем,
Шуағы мол нұр әжем
Ақ таяққа сүйеніп,
Аман – есен жүр әжем.

-Балалар,сендер шаттық шеңберінде кім туралы әдемі айттыңдар?


Шаттық шеңбер жасайды,

өлең жолдарын қайталайды.



Балалардың жауаптары

Ұйымдастырушылық-ізденістік

-Олай болса,осы әженің ауылына қонаққа барғыларың келе ме?

-Ендеше,барлығымыз әндетіп,әженің ауылына барып қайтайық.

Әже:

-Менің құлыншақтарым,ботақандарым келіп қалыпты ғой,

-Сәлеметсіздер ме,балалар!


Тәрбиеші: -Әже,біздің балалар аптаның алты күнінде балабақшаға келеді.

Әже:- Өте жақсы,ол дұрыс екен,балабақшаға міндетті түрде бару керек.

Тәрбиеші: -Ал,бір күнінде демалады.

Әже:-Тамаша екен балалар.

Тәрбиеші: -Әже бүгінгі демалыста сізге үй жануарларын,үй құстарын қарауға,үй шаруасына көмектесуге және сіздің немереңіз Әйгерімнің туған күніне келдік.

Әже: -Өте жақсы,маған сіздердің көмектеріңіз керек.

Тәрбиеші: -Балалар, бүгінгі оқу қызметіміз ерекше. Өйткені біз сіздермен «Әжеміздің ауылына қонаққа келдік».Әжемізге көмектесеміз. Олай болса тапсырмаларды орындауға кірісейік.

1 тапсырма: Әжемен бірге мал қораға барып, үй жануарларымен танысайық.

Суретте бейнеленген үй жануарларымен таныстыру.Үй жануарлары мен үй құстарының

немен қоректенетінің,оларды күтіп баптауда үлкендердің еңбегін түсіндіреді.

-Мынау қандай жануарлар?

-Олар қайда жайылып жүр екен?

-Олардың төлдері қайда?

2 тапсырма:

Қандай құс? (сурет бойынша әңгімелеу)

-Құстар мен үй жануарларының дыбысын тыңдайық.

-Үй жануарлары қалай дыбыстайды?

-Үй құстары ше?

Қос тілділік: Үй жануарлары-домашние животные,

үй құстары-домашняя птица,туған күн-день рождения

Әже: -Сендер,тіпті барлық құстарды бір-бірінен ажырата біледі екенсіңдер.Ал енді дастархан әзірлеуге көмектесіңдер.

Балалар Әйгерімді туған күнімен құттықтайық,

жақсы тілектер айтайық.Әйгерімге әкелген сыйлықтарымызды берейік.-

Сендердің әкелген ойыншықтарынның хикаясы бар шығар.

-Кім өзінің сыйлығы жайлы әңгімелеп бергісі келеді?

Сергіту сәті: «Көңілді күн»

АКТ қолдану


Әженің ауылына қонаққа барғылары келетіні жайлы өз ойларын айтады.




Балалар әжемен амандасады.






Әжеге көмектесуге қызығушылық пайда болады.









Берілген тапсырмаларды тиянақты,ұқыпты орындауға кіріседі..








Балалардың жауаптары




Үнтаспаны тыңдайды






Үй жануарлары-домашние животные,үй құстары-домашняя птица,туған күн-день рождения




Қыздар әжеге дастархан әзірлесуге көмектеседі



Әуенмен қимыл-қозғалыспен сергіту сәтін орындайды.

Рефлексивтік

жинақтаушы


Қорытынды:

-Балалар біз кімнің туған күніне бардық?

-Көңіл-күйлерін қандай?

-Балалар сендерге әженің ауылына қонаққа келген ұнады ма?

-Әженің ауылында қандай қызықтар көрдік?

-Сендерге Әйгерімге сыйлаған ойыншықтар жайлы айтылған кімнің әңгімесі ұнады?




Балалардың жауаптары

Күтілетін нәтиже

Білу керек

Үй жануарлары мен үй құстарының немен қоректенетінің,қандай дыбыс шығаратынын білу керек;

Түсінеді

Үй жануарлары мен үй құстарын күтіп-баптауда үлкендердің еңбегін түсінеді;

Қолдана біледі

Ауызекі сөйлеуді,ойыншықтар жайлы әңгімелеуді,сөйлемді байланыстыра сөйлеуді.


Тәрбиеші: Насиева Ф.Х.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.02.2019
569
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі