Материалдар / Әйгілі Әзаға
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Әйгілі Әзаға

Материал туралы қысқаша түсінік
/ Әдеби кеш /
Авторы:
07 Маусым 2023
274
0 рет жүктелген
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Әйгілі Әзаға !

/ Әдеби кеш /

Мақсаты: Оқушылардың кітап оқуға құштарлығын арттыру,білім көкжиегін кеңейту, ұлттық құндылықтарды қадірлеуге баулу.Жасөспірімдерді батылдыққа,отаншылдыққа, адалдыққа тәрбиелеу.

Кешке дайындық барысында жазушы шығармаларын оқумен қатар, шығармалардан үзінділер оқитын оқушылар белгіленеді.Кешті жүргізуші белгіленеді. Жазушы жайлы түсірілген фильмдерден үзінді көрсету үшін шара өтетін залда құрылғылар болуы қажет.

Өту барысы: Жүргізуші: Қайырлы күн,оқырмандар ! Шығармашылық бақыты мен оқырманның ыстық ықыласына бөленуде бағы жанған майдангер-жазушының ғасырлық мерейтойы республика көлемінде тойлануда.Ұрпағым жақсы болсын деген ниетпен өзінің өмір тәжірибесінен қорытқан асыл ой,қымбат қазынасын Сіздерге үйретуге,дарытуға тырысады.Сіздер үлкен азамат болып , өз беттеріңізбен кемелденгенше ата ақылы азық,ана тәрбиесі қанат болсын дейтін өз оқырмандарына сырттай сырласушы,алыстан ақыл айтушы Әзілхан Нұршайықов әдебиет құмар қауымға Әзаға атымен әйгілі. Жазушы шығармалары таңдай қағып таңдануға да,тамсана құрметтеуге де әбден лайықты ! Жазушы шығармалары мен шығармашылығы туралы оқырмандар сөз алады.Ақын Мұхтар Шахановтың «Азамат ағасың сүйікті...» өлеңін Айдархан Медин оқып бермек.(Өлең оқылады.Оқушылар сөзі тыңдалады. )

1-оқырман- Гаухар :

Жазушы 1922 жылы 15 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданында дүниеге келген.14 жасында поэзиямен айналысып,өлең жаза бастады. Оның алғашқы өлеңдері1968 жылы Семейдің облыстық «Екпінді» газетінде жарияланған. Жарма ауданында орта мектепте мұғалім болып жұмыс істеген.

2-оқырман-Гаухар:

Алматы қаласындағы Тау-кен институтында,Семейдегі қазақ педагогикалық училищесінде,одан соң педагогикалық институтында оқыған. «Ескі дәптер», «Әсем», «Ботагөз» повестерінде адамгершіліктің әсемдікпен диалектикалық үйлесіміне баса назар аударған,кейіпкерлерінің рухани ізденістерін нанымды суреттеген.

3-оқырман- Едіге:

Ұзақ жылдар журналистика саласында жүрсе де,үнемі әдеби жұмыспен айналысты.Әйгілі романына дейін «Алыстағы ауданда» /1956/, «Тың астығы» /1958/, «Ертіс жағасында» /1959/, «Жомарт өлке» /1960/ т.б. очерк,әңгіме,повестері өз оқырмандарымен қауышты.

4-оқырман-Жансен:

Көркем проза жанрында атақты романынан бөлек «Махаббат жыры», «Тоғыз толғау», «Автопортрет», «Ақиқат пен аңыз», «Екі естелік», «Жамбылға хат», «Менің замандастарым», «Қаламгер және оның достары», «Мәңгілік махаббат жыры» сиқты кітаптары оқырман қауым мен сыншылардан жоғары баға алды.

5-оқырман- Еркетаң:

Әзілхан Нұршайықов есімін ерекше ыстық көрсететін туындысы- «Махаббат, қызық мол жылдар».Қазақтың үлкен-кіші,кәрі-жасына дейін бұл кітапты қойнына салып алып жүріп оқыды.Роман соғыстан кейінгі шынайы студенттік өмірді,жастықты суреттегендіктен болар мәңгі жастық шығармасы болып әлі де өмір сүріп келеді.

6-оқырман -Анель: «Ақиқат пен аңыз » роман-диалогы жазушының өзінің ғана емес, аңыз адам- Бауыржан Момышұлының абыройын одан әрмен асқақтата түсті.Батырдың бүкіл болмысын,майдандағы ерлігін,бейбіт күндегі адалдығын,азаматтығын,оның пайым-парасатының ерекше болғанын,ой –өлшемінің көп жұрттан көш ілгері тұрғанын барша оқырман танып білмек.

7-оқырман-Құндыз : 9 жыл достасып жүріп,54 жыл отбасылық ғұмыр сүрген Халима Өзбасқанова-оқытушы болған.Жазушының әдеби серігі, өзінің Халимасына арнап жазған «Мәңгілік махаббат жыры», «Халима» атты мұңды да сыршыл хикаяттары құнды шығармалары еді.

8-оқырман- Амира: Қаламгер көркем аударма саласында да сүбелі еңбек етті.Ол Иван Буниннің, Михаил Шолоховтың,Петр Павленконың,Анатолий Якобсонның шығармаларын қазақшаға сәтті тәржімалады.Шығармалары орыс,өзбек,тәжік,қырғыз,молдован,татар,якут тілдеріне аударылған. 9-оқырман- Ханшайым: Әзілхан Нұршайықовты өзге жазушылардан ерекшелейтін қасиетінің бірі-жауапкершілік.Мәселен, шығармаларына келген хат иесіне,яғни әр оқырманына мұқиятты түрде жауап жазуды автор жақсы үрдіске айналдырған. Айталық «Махаббат,қызық мол жылдар» кітабы шыққанда оқырман он мыңнан астам, « Ақиқат пен аңыз» роман-диалогы жарық көргенде 5000-ға жуық оқырманынан хат алып, соның ішінде мыңнан астам оқырманына жауап жазыпты. Жалпы жазушылардың ішінде оқырмандарынан ең көп хат алған да Әз-атамыз екен.

10-оқырман-Жанерке :Қаһармандық рухтағы «Ақиқат пен аңыз» романы мен «Тоғыз толғау», «Махаббат жыры», «Ғажап адам», «Невель түбінде», «Великие Луки ұрыстары» т.б. әңгіме-повестері дерек пен дәйектің ,тарихи шындық пен көркемдік шешімінің арақатынасын ашуға бағытталған. Әзілхан Нұршайықов 2-дәрежелі Даңқ, 2-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, бірнеше медальдармен марапатталған .

11-оқырман- Жанерке: 1980 жылы Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, 1987 жылы Александр Фадеев атындағы Бүкілодақтық әдеби сыйлық-күміс медалінің иегері.1957 жылы «Құрмет белгісі», 1984 жылы «Халықтар достығы» ордендерімен, 1995 жылы «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.

12-оқырман- Аяулым:100 жылдығы қарсаңында өткен жылы«Qazaqstan» телеарнасынан роман желісі бойынша түсірілген «Махаббат,қызық мол жылдар» телехикаясы көрерменге жол тартты.Бас кейіпкер Ербол образы арқылы қазақ жауынгерінің ерлігі мен шынайы махаббат сезімі баяндалады.Телехикаяның продюсері Ернар Мәліков. Ербол мен Меңтай рөлін актерлер-Ермек Тұрғанбек пен Нарқыз Айдарова сомдады.Телехикаяның саунтрегі қаламгердің «Қызыл көрпе» өлеңіне жазылды. Оны әнші Әли Оқапов орындады.

Жүргізуші: Ақын Сағынғали Сейітовтің «Тарланбоз» атты Әзілхан Нұршайықовқа арнауын Әбдімұхамбет Назерке оқиды. /Өлең оқылады . / «» «»

Жүргізуші:Қадірлі оқырман! Сенің жан-жүрегіңе бойлар өрісті де өркенді шығармалар жазып,бар саналы өмірін туған елінің тұғырының биік болуына арнаған,өзінің жазушылық кәсібіне арына жүгінгендей жүгініп ғұмыр кешкен,ұлтына,ұрпағына берер тәлімі мен тағылымы мол тағдырлы тұлғаны тануға,көкірегіңде жүрген қайсыбір сауалдарыңа жауап алуға себі тиер естеліктер кітабы мен шығармаларына кітапханашы Толқын Сақиқызы шолу жасамақ. / Шолу жасалады. /

Жүргізуші: Жазушының өмірбаяны мен шығармашылығына арналған «Оқырманға он сауал: жазушы және кейіпкер» бөлімінде 7 « в » сынып оқушылары мен сынып жетекшісі Жайсұлу Итемгенқызына беріледі. / Сұраққа жауап беріледі. Оқушылар дайындаған көрініс көрсетіледі. /

Бастапқыда автор "Жұлдыз" журналының тапсырмасы бойынша Кеңес одағының батыры Бауыржан Момышұлынан сұхбат алмақ болады. Алайда, әңгіме жай сұхбат емес, көркем-әдеби тілде баяндалады. "Ақиқат пен аңыз" роман-диалогі осылай дүниеге келеді. Туындының бас қаһарманы – Бауыржан Момышұлы.



  1. Әзілхан Нұршайықовтың негізгі мамандығы?

  2. Жазушының Қаһармандық рухтағы шығармаларын атап беріңіз

  3. Қай еңбегі үшін Қазақ КСР-інің Абай атындағы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атағы берілді?

  4. Махаббат пен әсемдікті суреттеген шығармаларын атап беріңіз

  5. Әзілхан Нұршайықовтың жарының аты?

  6. «Ақиқат пен аңыз» романының көркемдік ерекшелігін көрсету.

  7. Бауыржан Момышұлының бойындағы адалдық, шыншылдық қасиеттері көрініс тапқан жерін тауып айту.

  8. Батырдың бойындағы қайсарлық,, қаһармандық қасиеті көрініс тапқан жерін тауып айту.

  9. Бауыржан Момышұлының бойындағы адамгершілік қасиеті көрініс тапқан жерін тауып айту.

  10. «Ақиқат пен аңыз» роман – диалогіндегі нақыл сөздерді табу

  11. Бұл романның аты «Ақиқат пен аңыз» деп аталу себебі неде?

Жүргізуші: Елімізде «Оқуға құштар мектеп- оқуға құштар ұлт» жобасы жүзеге асырылып жатқанынан хабардарсыздар. Бүгінгі өтіп отырған әдеби кеш те осы жоба аясында өтіп отырған кезекті шаралардың бірі. Сөз кезегі Әл-Фараби атындағы №21 мамандандырылған гимназия директоры Маржанкүл Кенешбаевнаға беріледі. / Гимназия басшысының сөзі тыңдалады ./

Жүргізуші: Барша оқушылар мен ұстаздар қауымын кітап оқуға шақырамыз ! Барлықтарыңызға көп-көп рахмет! Сау- саламат болыңыздар !

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!