2
сынып
Үйірме
ертегі
Күні:
Сабақтың тақырыбы: «Айлакер
қоян»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға
«Айлакер қоян» ертегісінің мазмұнын
түсіндіру, әңгімелеуге үйрету.
Дамытушылық: Сұрақтарға толық жауап беру
арқылы тілдерін дамыту.
Тәрбиелік: Ертегі мазмұны арқылы
еңбексүйгіштікке, адал достыққа
тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Оқушылардың жаңа білімді
меңгеру сабағы.
Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап,
көрнекілік көрсету арқылы
түсіндіру
Көрнекілік: Тақырыпқа байланысты
суреттер.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, оқушыларды
түгендеу.
Психологиялық сәт.
Гүл
өсірсең терлеп,
Мұның
аты-еңбек.
Сабағыңа
жөндеп,
әзірлесең
еңбек
Қиындықтың бәрін
Еңбек
қана жеңбек
Өткен
тақырыпты еске түсіру арқылы білімдерін
тексеру.
Ертегі
кімдер туралы айтылған?
Сен неге
қуанышты боп жүресің?
Тиын
қандай жауап қайтарады?
Жаңа
сабақ.
Оқулықпен жұмыс.
Ертегіні
оқып беру
Мазмұнын
айту.
Бір қоян өте айлакер екен.
Байқаусызда өзін ұстап алған қасқырға да, түлкіге де айламен
құтылып кетіп жүреді.
Бір күні қалың бұталы
сайды аралап келе жатады да апанының аузында алқынып, шаршап
отырған аюды көреді. Қалқиып қарсы алдына тұра қалады да оны
мазақтап, әндете бастайды
– Әй,
Қорбаңбай, Қорбаңбай,
Күнің
қараң болған ба-ай?
Кезіп
қалың ағашты,
Жүруші
едің ордаңдай.
Әлің
бітіп қалыпты,
Енді
өлесің, сормаңдай!..
Оның бұл қылығына ыза
болған аю тап берген кезде, қоян зыта жөнеледі.
Түбір-түбіртіктерден орғып, ұстатпай кетеді. Сол бетімен
бұта-бұтаны аралап, әр жерден жүрген қояндарды жинап
алады.
– Жүріңдер, мен сендерге
бір қызық көрсетейін, – дейді. Оның лепіргеніне қояндар
таңданысады. Сонда да әуестеніп:
– Ол қандай қызық? – деп
сұрасады.
– Еріңдер соңымнан, барған
соң білесіңдер.
– Жүр, ендеше, – деп,
басқа қояндар соңынан ілеседі.
Сытырлаған сыбырды
естіген аю қалың бұтаның арасына тығыла қалады. Әлгі қоян аюды
апанында жатқан шығар деп ойлап, тақап барады да:
– Әй, Қорбаңбай, тыңда, –
дейді де әндете өлең айту үшін тамағын кенейді. Сол кезде тасада
тұрған аю шап беріп, қоянның едірейген құлағынан ұстай
алады.
– Ә, бәлем, түстің бе
қолға? – деп кіжінеді. Мұндай оқиғаны күтпеген қоянның зәресі
ұшады.
Басқа қояндардың күліп
тұрғанын байқаған соң барып, тез есін жинайды да:
– Аю аға, жаңағы ағаттығым үшін мен өзіңнен
кешірім сұрағалы келіп ем, – дейді, жалбарына айлаға басып. – Мына
қояндарды куә болсын деп, әдейі ертіп келіп ем.
Мұны естіген соң:
– А, солай ма?.. – деп, аңқау аю қоянды
босатып қоя береді. Сөйтіп, айлакер қоян тағы да амалын асырған
екен.
Сергіту сәті.
Жарқырап күнде
ашылды,
Айналаға гүл
шашылды
Қайырлы
күн!
Біз нәзік
қыздармыз!
Қайырлы
күн!
Біз ержүрек
ұлдармыз!
Сурет
арқылы сұраққа жауап алу.
Сұрақ-жауап.
Қоян
түлкі мен қасқырдан қалай құтылған?
Ол кіммен
кезікті?
Қоянның
сөзіне кімдер сеніп қалды?
Аюдың
қолына қоян қалай түсіп қалады?
Қоян
Аюдан қалай құтылып кетеді?
Синквейн әдісі
Қоян , түлкі, қасқыр, аю
сөздеріне 5 жолды өлең құрастыру.
Сабақты қорыту:
Біз не
білдік? Талқылау.
Қоян мен
Аюға сипаттама бер.
Ертегі
жағымсыз кейіпкерін атау.
Ертегіден
нені өзің үлгі ала аласың?
Үйге
тапсырма: жануарлар туралы тақпақтар,
басқада мәліметтер жинау.