«Айна патшалығына саяхат» Ашық сабақ

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Айна патшалығына саяхат» Ашық сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Түзете-оқыту: тренингтер, ойындар, босаңсу жаттығулары арқылы баланың сенсорлық дамуын кеңейту. Түзете-дамытушылығы: ойлау қабілетін, зейін тұрақтылығын, ұсақ моторикасын дамыту. Түзете тәрбиелілігі: достыққа, сыйластыққа, бірлікке, қамқорлыққа тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Батыс Қазақстан облысы

Казталов ауданы

Казталов ауданының «Психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетінің» педагог-психологі

Гульзада Нурпейсова

Тақырыбы: «Айна патшалығына саяхат»

(топтық сабақ)

Сабақ мақсаты:

1. Түзете-оқыту: тренингтер, ойындар, босаңсу жаттығулары арқылы баланың сенсорлық дамуын кеңейту.

2. Түзете-дамытушылығы: ойлау қабілетін, зейін тұрақтылығын, ұсақ моторикасын дамыту.

3. Түзете тәрбиелілігі: достыққа, сыйластыққа, бірлікке, қамқорлыққа тәрбиелеу.

Құрал-жабдықтар: құрғақ бассейн, сиқырлы доп, айналар, құм терапиясы, құрғақ душ, қоян, күн, бұлт, терек, түрлі-түсті қолғаптар, сиқырлы қапшықтар.

І. Ұйымдастыру бөлімі

Біздерге бүгін қонаққа аппақ қоян келген екен.

-Балалар қоян қандай әдемі? Қандай нәзік? Қандай көрікті?

-Балалар қоян өзін қатты жақсы көреді екен. Жақсы көргендігі соншалық күн ұзағына айнаға қарап отырады екен.

-Балалар алдымыздағы айнаға қараңыздаршы кімді көресіздер?

-Әрине өзіміздің шағылысымызды көреміз.

-Бір күні аппақ қоянымыз айнаға қарап өз шағылысын көрмей қалған екен. Ол өз шағылысын таба алмай сіздерден көмек сұрағалы келген екен.

-Балалар көмектесемізбе қоянға өз шағылысын табуға?

-Олай болса балалар біздер қоянның шағылысын табуға көмектесуге айна патшалығына баруымыз керек.

-Айна патшалығына жолды кім біледі?

-Айна патшалығын табуға бізге мына сиқырлы доп көмектеседі. Осы доптың соңынан еріп отырайық достар.

ІІ. Негізгі бөлім

1. «Суреттерді жапсыру»

- Біздің сиқырлы добымыз бізді тақтаға әкелді . Мында шағылыс барма? Жоқ. Бірақ мында бізге тапсырмалар бар екен. Тақтада әдемі суреттер бар екен. Осы суреттерді құрастырып жабыстырайық.

-Күн қайда тұрады балалар?

-Күннің пайдасы қандай?

-Терек, гүлдер қайда өседі?

-Мінекей балалар суреттерімізді әдемі жабыстырдық. Теректеріміз, гүлдеріміз күннің шуағына шайқалып өсіп тұр. Бірақ мында қоянымыздың шағылысы жоқ екен.

-Ендеше доптың артыннан тағы да еріп отырайық .

2.«Құрғақ бассейн»

Сиқырлы доп бізді бассейнге алып келді. Бассейінде шағылыс барма балалар? Мында да жоқ екен. Бірақ мыңда әр түрлі түсті әдемі доптар бар. Қәне мен атаған доптарды алып беріңіздерші. Сарыдан 2 доп алайықшы. Енді қызылдан 4 доп алайық. Көк доптан 3 алайық. Енді доптың астыннан тығылған заттарды тауып алайықшы. Мүмкін қоянымыздың шағылысы көрініп қалар. Жарайсындар балалар доптардың астыннан түрлі ойыншықтар таптық. Бірақ шағылысты таба алмадық. Ендеше тағы да жолға шығайық.

3. «Сыңарын тап»

-Балаларалдымызда не шашылып жатыр? Қараңыздаршы!

Жолымызда түрлі-түсті қолғаптар шашылып жатыр екен.Оларды жинақтап, сыңарларын тауып алайық.

ІІІ. Сергіту сәті

Балықтарды тамашалайық.

-Балалар біздер қоянның шағылысын іздейміз деп ұзақ жол жүрдік, тапсырмалар орындадық. Мына өзеннің жағасына отырып, табиғатты, судағы әдемі балықтарды тамашалап демалайық.(әуен қосылады). Кішкене тынығып алсақ жолға шығайық.

4. «Құм терапиясы»

-Қараңыздаршы балалар, біздің сиқырлы добымыз бізді қайда алып келді?

-Мында қоянымыздың шағылысы барма?

-Жоқ.

-Олай болса балалар құмды алақанымызғаалып көрейікші.

-Құм қандай?

-Құмнан суреттер салуға болады екен. Кәнекей көрейікші сурет салып. Дөңгелек салайық, төрт бұрыш, үш бұрыштан үй құрастырайық. Жарайсыңдар балалар. Құмнан да шағылыс таба алмадық. Ендеше жолға шығайық.

5. «Құрғақ душ»

-Балалар сіздер не көріп тұрсыздар?

-Иә, балалар. Біздер айна патшалығына да келіп жетіппіз.

-Айнадан не көріп тұрсыздар балалар?

-Дұрыс балалар,өзіміздің шағылысымызды көріп тұрмыз.

-Тағы да қараңыздаршы қоянымыздың шағылысы барма?

-Балалар сіздер ұзақ жол жүріп, жолдағы тапсырмалаларды орындағасын, сіздерге риза болып, қоянымыздың шағылысын қайтарған екен.

Қоянымызда қуанып сіздерге рахмет айтып, жақсы тілектер тілейді.

-Енді балалар өз орнымызға оралуымыз керек. Сиқырлы добымыз бізге тіке баратын жол тауып қойған екен. Олай болса сол жолмен орнымызға оралайық.


6. Ойын «Не екенін тап»

Ж\б: Сиқырлы дорбаға қолымызды салып, ішіндегі заттарды саусағымызбен ұстап, не екенің табуымыз керек.




ІV. Қорытынды бөлім

-Балалар бүгін сабағымызға кім қонаққа келді?

-Қайда саяхатқа бардық?

Қандай жақсы іс жасадық?

Бүгінгі сабағымыз ұнадыма?

-Бүгінгі сабағымызға, саяхатымызға керемет қатысып, тапсырмаларды жақсы орындап, қонағымыздың шағылысын табуға көмектескендерінізге көп-көп рахмет. Сау болыңыздар.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
27.00.2018
848
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі