Материалдар / Айнала толған алуан сыр.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Айнала толған алуан сыр.

Материал туралы қысқаша түсінік
Өте керемет
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Қараша 2018
428
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

1

Тақырыбы: Айнала толған алуан сыр.


Мақсаты: Оқушылардың физикадан алған негізгі мәліметтерін

тереңдетіп, ол білімдерін іске асырып, қалай пайдалана

білу керек екенін үйрету жіне оқушылардың есіне

тұрмыстың түрлі құбылыстарының барлығымен

байланысқан физикалық білімнің ассоциясын

қалдыру, оқушылардың физикалық приборларды

құрастыру, дайындау және іс- жүзінде пайдалана білу

дағдысын және іскерлігін қалыптастыру.

Жүрісі: 1.Ұйымдастыру.

2. Жетекші сөзі.

1-оқушы: Физика- тілдесер табиғаттың тілі екен ғой,

Көз тартар сұлулықтың сыры екен ғой.

Аттасаң аяғыңды, алдыңды орап.

Алдыңнан қалмайды екен тіріде ол

Салған ән, айтылған сөз, ішілген ас.

Космос кораблі, атылған тас,

Аққан су, соққан дауыл, айтылған жер

Бәрінің бағынары физика ғой

Сондықтан табиғаттың сырын терең

Деушіге оқып, зерттеп, білем көрем,

Демесең болсын егер еңбегім еш

Әуелі физиканы оқы дер ем!

2-оқушы: Негізі бар ғылымның физика

Жалықпай оқып үйрен тек қана

Білімнің есігін ашты көзін тауып

Ньютон, Эйнштейн, Архимедтер.

Бүгінде физика барлық жерде,

Құрылыста, техникада, өндірісте.

Сырларын бұл ғылмның үйреніңдер

Құрбыларым, зерделілікпен, меңгеріңдер!

1. ''Физиканың өмірдегі маңызы''

Бізді қоршаған дүниеде толып жатқан қызықты сырлар жатыр. Мүмкін, сендер, адам баласының қолымен жасалған, мысалы, машиналар және олардың двигательдері туралы көбірек білгілерің келетін шығар. Қандай двигательдер тәуірек? Және оны кім ойлап тапқан? Біздерді қоршап тұрған заттар қалай жасалады? Автоматтар қалай жұмыс жасайды?

Cендерді табиғатта болатын түрлі физикалық құбылыстар да қызықтыратын шығар. Неліктен жаңбыр жауады? Жаңбырды адамның қалауынша жаудыруға болмай ма? Жануарлар қыстың қатты суығына қалай шыдайды?

Физика пәнін оқығанда жүздеген, мыңдаған «қалай?», «кім?», «неліктен?» деген сұрақтар алдарыңнан шығады.

Физика тек ғалымдарға емес, баршаға: жұмысшы мен техникке, инженер мен конструкторға, дәрігер мен агрономға да керек. Физиканы білгенде ғана үйлерді, заводтарды, машиналарды, электр станцияларын жобалап салуға болады. Тракторларды, теледидарларды, космостық аппараттарды жасау үшін, тіпті жай ғана киім пішіп, азық-түлік дайындау үшін де физиканы білу қажет. Оптикалық приборлардың, көзілдіріктер мен телескоптардың, фотоаппараттар мен киноапараттардың жасалуы, физиктердің жарықтың ауада және шыныда қалай тарайтынын зерттеп білгендіктен ғана мүмкін болып отыр.

Кемелердің, самолеттердің, ауа шарларының конструкцияларын құру және жасап шығару, сұйықтар мен газдар және олардың ішінде қозғалатын денелер бағынатын заңдылықтарды білуге негізделген. Біздің үйлеріміз физикалық приборларға толы. Ол приборлар бөлмелерді жарықтандырады, тағамдарды дайындауға және сақтауға, пәтерді жинастыруға көмектеседі. Сағат, телефон, шаңсорғыш, теледидар - бұлар да физикалық приборлар.

Физиканың өмірдегі осындай маңызды ерекшеліктерін ескеріп,оны әрі қарай ұғыну, түсіну

үшін бүгін біз «Айнала толған алуан сыр» атты физикалық кешімізді өткізгелі отырмыз.

Ағатын мөлдір бұлақтар

Білімнен кім бар жырақтар

Тақтаға қарап үңілсең

Сырлы сауал сұрақ бар-дей келе кешіміздің алғашқы бөлімі сырлы сауалдарға кезек берейік.

1.Сарқыраманың қай жерінде судың температурасы жоғары? Сарқыраманың табанында

2. Альпинистер жоғары биіктікте тамақ дайындады, уақыты жеткенмен бірақ тамағы піспеді.

Не үшін?

( Атмосфералық қысым төмен болғандықтан)

3. Марс планетасында жұмыртқаны пісіруге бола ма?

( Болмайды,өйткені атмосфера өте сирек)

4. Автотрактор рулі неге қара түсті?

( Күн не басқа денелер шағылмау үшін.)

5. Жол белгілері неге сарғыш түсті?

( Бұл түстер жарықты жақсы шағылдырады.)

6. Автокөліктердің фарының жарық шашыратқышы қандай метал

(Шағылу коэффициенті жоғары затпен, мысалы

гальваникалық радиймен қапталған?)

7. Неге автокөліктер фарының шынысы тегіс жасалмайды?

( Жарықтың сыну заңына негізделіп, біртұтас бағытталған

жарық ағыынын алу үшін.)

8. Электр энергиясын сымсыз тасымалдауға бола ма?

( Болады, электромагниттік толқындар арқылы.)

9. Ғарыш корабльдерімен Жердің жасанды серіктері электр энергиясының қандай көздерін пайдаланады?

(Кремний фотоэлементтерден тұратын күн батареяларын пайдаланады.)

10. Электрондық триод лампасы қай жылы ойлап табылды?

( 1906 жылы.)

11. Аңызда айтылғандай Сиракузы қаласын қоршауға алған Рим флотын айнаның көмегімен өртеп жіберген кім?

(Архимед.)

12. Дүние жүзіндегі алғашқы атом электр станциясы пайдалануға қашан берілді?

( 24 маусым 1954 жылы; 5000кВт).

13. Алғашқы дыбыс жазатын аппаратты кім ойлап тапты? Ол қалай аталады?

(Томас Алва Эдисон, фонограф.)

14. Резеңкенің көмегімен атылған тас қандай энергияның есебінен ұшады?

( Потенциалдық энергия)

15. Геликоптерді-қазіргі заманғы тікұшақты құрастырудың идеясын ұсынған кім?

( Леонардо да Винчи )

Пайдаланады көп ғылым

Физиканың заңдарын

Сол заңдармен танылды

Табиғаттың сырлары, демекші кешіміздің келесі бөлімі

«Қызықты мәліметтер» (физикалық тәжірибелер)

1 . Аяғыңды орындықтың астына қарай бүкпей, денеңізді тік ұстап отырыңыз. Енді аяқтарыңды қозғалтпай және денеңізді еңкейтпей тұрыңыз?

Қалай тұра аласыз ба? Себебі қандай?

Жауап: Аяғыңызды орындықтың астына қарай бүкпесеңіз не кеудеңізді біраз еңкейтпесеңіз қанша ұмтылсаңызда тұра алмайсыз. Оның себебі тұрған нәрсенің ауырлық центрінен тік жүргізілген сызық дененің табаны арқылы өтсе дене құламйды. Тұрған адам ауырлық центрінен жүргізілген тік сызық,тек табандарын айналдыра қоршаған ауданнан шықпағанша құламайды.


2. Басыңа кітап немесе басқа бір нәрсе қойып және сол нәрселерді құлатпай жүріп көр.

Жауабы: Жүкті басына қойып тасығанда басты және денені тік ұстауға тура келеді, әйтпесе жүк болымсыз ауса да ауырлық центрі табанның айнала шетінен шығып кетеді де, дененің тепе-теңдігі бұзылады. Сондықтан дене сымбатты болу үшін тепе теңдікті сақтауға тырысу қажет.Мысалы: басына жүк қойып таситын адамның денесі тіп-тік болып келе жатқанын немесе басына құмыра қойған әйелдің сәнді денесі сымбатты болып көрінетіні ауырлық центріне сай тепе-теңдік сақталады.


Picture 4 3.Жіңішке трубаның бойымен жүріп көру.

Жүру қиындығының себебі: тіреу ауданы аса кішкентай, ауырлық центрінен жүргізілген тік сызық оның шетіне тез шығып кетеді. Ауырлық центріне сәйкес денені тепе-теңдік қалыпта ұстау керек.


4 Жүру. Адам қалай жүреді?

Адам бір аяғымен, мысалы оң аяғымен тік тұр делік. Адам денесін алға қарай еңкейтіп, өкшесін көтергенде адам ілгері қарай құлайды, адам құлай бастағанда, кейінгі жақтағы көтерулі тұрған сол аяқ жылдам алға қарай қозғалады да, ауыртпалық центрден перпендикулярды аттап барып жерді басады, перпендикуляр екі аяқтың табанын айнала қосатын сызықтардан түзілген ауданға түседі. Сөйтіп дененің тепе-теңдігі қалпына келеді, адам ілгері бір қадам басады.


Жүру дегеніміз кейін қалған аяқты дәл кезінде ілгері жіберіп соған сүйеніп отыратын бірінен соң бірі болып отыратын ілгері құлау.

Музыкалық сергіту сәті.

Сөзге бай қазақпыз ғой жанымыз

Келіспей де мақалменен сәніміз

Сәйкестіріп бағытты сызықтармен,

Физикалық құбылысты табыңыз –дей келе берілген мақал-мәтелдерді сәйкестендіру кезеңіне жол берейік.

Қарыстан сүйем жақын Инерция

Тонның жылуы терісінен емес жүнінен Жылу өткізгіштік

Қимылдаған қыр асар Физикалық шама


Таумен тасты су бұзар

Адамзатты сөз бұзар Заттың агрегаттық күйі

Аяқ сүрінсе басқа салмақ түсер. Булану, конденсация


Шапшаң озар

Жатқан қалар Жылдамдық


Жеті рет өлшеп бір рет кес Физикалық шаманы өлшеу


Көсеу ұзын болса қол күймес Жылу өткізгіштік


Бір құмалақ бір қарын майды шірітеді Механикалық қозғалыс


Отқа салса темірде балқиды Заттың агрегаттық күйі


Аттыға жаяу жолдас болмас Диффузия


Дән себілмей астық өнбейді


Дария буланбай шық түспейді. Жылдамды

Үй тапсырмасы(оқушылардың қолдан жасалған приборлармен

таныстыруы)

  1. Проекциялық аппарат

  2. Перископ

  3. Барометр

  4. Калейдоскоп

Қорытындылау


































2

Дастархан басындағы физика


Мақсаты: Оқушылардың «Жылу құбылыстары» тарауы бойынша алған білімдерін іске асырып, тұрмыстық түрлі құбылыстарының барлығымен байланысқан физикалық білімнің ассоциясын қалдыру.


Мұғалім: Кешті ашу.

Жүргізуші.

Халыққа жар салайық

Физиканы түсініп бір алайық

Қайнау, булану, конденсацияда

Физиканың тілінде

Бүгінгі кеш төрінде

Мақал-жұмбақ айтысып

Шабыттассып, шалқысып

Шәй дәстүрін талқылап


Көңілді отырыс жасайық

Мәреден бір асайық.

Құмартып ішемін шәй

Болады көңліміз жай

Шөліңді қандырар

Таңдай қақтырар

Индиядан әкелінген деген керемет шәй!


демекші, дастарханға жылу құбылыстарын жақсы меңгерген 8-ші сыныптың бір топ оқушыларын ортаға шақырамыз.

Олай болса, екі сыныптан да қиындықтан қорықпайтын, батыл жүректілерінің өз сыныптарының намысын қорғауға ортаға шықсын.

(Команда мүшелері орындарына отырады)

Сонымен ортамызда 8 А сыныбынан келген «Ассам тобы»

Топ басшысы: Қалиева Рысжан

8Б бойынша «Шах тобы»

Топ басшысы: Қосыбаева Айгерім.

Әр топтің өз жанкүйері бар.

1-ші 8 А сынып оқушылары «Шах тобының» жанкүйерлері.

2-ші 8 Б сынып оқушылары «Ассам тобының» жанкүйерлері.

Сондықтан барлығымыз бүгінгі отырысымызда «Жылу құбылыстары» бойынша алған білімімізді ортаға саламыз.

Енді әділқазылар алқасымен таныс болайық.

Физика пәні мұғалімі : Г.Меңдіғазиева

Математика пәні мұғалімі: Б.Маханова.

Қолына қалам алатын

Еңбекті әділ бағалар

Әділқазы апайлар.

Алдарыңызда бұл тұрғандар

Білім жолын қуғандар

Қызықты кеш қойғандар

Келешек физик ғалымдар.

Сыныптастар, біздің бүгінгі тақырыбымыз «Дастархан басындағы физика» болғандықтан алдымен осы отырысымызды:

«Шәйдің шығу тарихы»

«Шәйдің пайдалану технологиясы»

«Шәйдің адам ағзасына пайдасы мен маңызы»

туралы мәліметтерден бастайық.

Мереева Таңсамал - «Шәйдің шығу тарихы»

Тынысбаева Асылзада - «Шәйдің пайдалану технологиясы»

Сәрсенбаева Айгерім - «Шәйдің адам ағзасына пайдасы мен маңызы»

Столда шәй жабдығы жасалған, ортаға әр топтың біреуінен бір оқушы шығып, Электр шәйнекті токқа қосады.

-Бізде бәрі дайын, шәйға келіңдер!

Жүргізуші: Біреуінің жүрегіінң жүгі бар

Біреуінің қатты істейтін миы бар.

Кім жүректі, кім білгір сайысқанда

Командада кімдердің тобы озар.

2-оқушы: Ой! Шәйнектің қақпағын жабу керек, сонда тезірек қайнайды.

1-оқушы: Сен оған сенесің бе?

2-оқушы: Әрине, сенемін.

2-оқушы Не үшін шәйнектің қақпағын жабу керек?

Онда қандай физикалық құбылыс бар?

Мұғалім: Қане, балалар кім айтады?

3-оқушы: Шәйнектің қақпағын жапқанда, берген жылуды сақтап, жылу алмасуды тоқтатады, ал қызу беріп тұрған жылуды сақтау үшін қажет.

Мұғалім: Дұрыс, ал жылу алмасу дегеніміз не?

Жылу алмасу деп температуралары әр түрлі жанасатын денелердің жұмыс істемей, бір-бірімен ішкі энергияларымен алмасу процесін айтады.

  1. - оқушы: Шәйнектің қақпағын ашып қарайды.

демекші, дастарханға жылу құбылыстарын жақсы меңгерген 8-ші сыныптың бір топ оқушыларын ортаға шақырамыз.

Олай болса, екі сыныптан да қиындықтан қорықпайтын, батыл жүректілерінің өз сыныптарының намысын қорғауға ортаға шықсын.

(Команда мүшелері орындарына отырады)

Сонымен ортамызда 8 А сыныбынан келген «Ассам тобы»

Топ басшысы: Қалиева Рысжан

8Б бойынша «Шах тобы»

Топ басшысы: Қосыбаева Айгерім.

Әр топтің өз жанкүйері бар.

1-ші 8 А сынып оқушылары «Шах тобының» жанкүйерлері.

2-ші 8 Б сынып оқушылары «Ассам тобының» жанкүйерлері.

Сондықтан барлығымыз бүгінгі отырысымызда «Жылу құбылыстары» бойынша алған

Енді әділқазылар алқасымен таныс болайық.

Физика пәні мұғалімі : Г.Меңдіғазиева

Математика пәні мұғалімі: Б.Маханова.

Қолына қалам алатын

Еңбекті әділ бағалар

Әділқазы апайлар.

Алдарыңызда бұл тұрғандар

Білім жолын қуғандар

Қызықты кеш қойғандар

Келешек физик ғалымдар.

Сыныптастар, біздің бүгінгі тақырыбымыз «Дастархан басындағы физика» болғандықтан алдымен осы отырысымызды:

«Шәйдің шығу тарихы»

«Шәйдің пайдалану технологиясы»

«Шәйдің адам ағзасына пайдасы мен маңызы»

туралы мәліметтерден бастайық.

Мереева Таңсамал - «Шәйдің шығу тарихы»

Тынысбаева Асылзада - «Шәйдің пайдалану технологиясы»

Сәрсенбаева Айгерім - «Шәйдің адам ағзасына пайдасы мен маңызы»

Столда шәй жабдығы жасалған, ортаға әр топтың біреуінен бір оқушы шығып, Электр шәйнекті токқа қосады.

-Бізде бәрі дайын, шәйға келіңдер!

Жүргізуші: Біреуінің жүрегіінң жүгі бар

Біреуінің қатты істейтін миы бар.

Кім жүректі, кім білгір сайысқанда

Командада кімдердің тобы озар.

2-оқушы: Ой! Шәйнектің қақпағын жабу керек, сонда тезірек қайнайды.

1-оқушы: Сен оған сенесің бе?

2-оқушы: Әрине, сенемін.

2-оқушы Не үшін шәйнектің қақпағын жабу керек?

Онда қандай физикалық құбылыс бар?

Мұғалім: Қане, балалар кім айтады?

3-оқушы: Шәйнектің қақпағын жапқанда, берген жылуды сақтап, жылу алмасуды тоқтатады, ал қызу беріп тұрған жылуды сақтау үшін қажет.

Мұғалім: Дұрыс, ал жылу алмасу дегеніміз не?

Жылу алмасу деп температуралары әр түрлі жанасатын денелердің жұмыс істемей, бір-бірімен ішкі энергияларымен алмасу процесін айтады.

  1. - оқушы: Шәйнектің қақпағын ашып қарайды.

  • Мен ыдыстың түбінен және қабырғаларынан көпіршік көріп тұрмын. Ол қайдан шықты?

5 - оқушы: Мен шәйнектің шуылдағанын естіп тұрмын. Ол неліктен?

Мұғалім: Мына екі қызық сұраққа кім жауап береді:

Топ мүшелерінің жауабы: Судың ішінде еріген ауа көпіршіктері бар. Су салқын болса, оның ішінде еріген ауа соғұрлым көп болады. Қыздырған кезде олар судан бөлініп шығады, өлшемдері үлкейе түседі, саны көбейеді.

6-оқушы: Көпіршектер үлкеюмен қатар, оларды судан ығыстырып шығаратын Архимед күші әрекет етеді. Көпіршіктер ыдыс қабырғасынан ажырайды да, жоғары көтеріледі. Осы кезде әдетте су қайнар алдында шуыл естіледі.

7-оқушы: Көпіршіктер судың бетіне жеткенде жарылады. Бұл кезде шуыл аяқталады да, бұрқылдап қайнай бастайды.

8-оқушы: Шәйнекке қарашы әлі қайнаған жоқ па?

9-оқушы: Жоқ. Әлі қайнаған жоқ.

Мұғалім: Онда осы отырған жанкүйерлерге жұмбақ жасырайық. Шешуін жанкүйерлер сендерден сұраймыз.

1. Аяғы жоқ, қолы жоқ,

Бірақ тыныш тұрмайды.

Сақтамасаң қорын тек,

Барша тірлік қурайды. (Су)

2. Сұйықтықпын да тазамын,

Басамын жер тозаңын.

«С» орнына «Б» қойсаң

Газ күйінде боламын. (су-бу)

3. Шалқимын арнамда бесікте,

Ал бірақ тұрмаймын тесікте.

Алғашқы дыбысын өзгертсе

Көкте ұшып жүремін, көшіп те.(су-бу)

4 .Кездеспейді екеуі

Көк аспанда мекені. (Күн мен ай)

Мұғалім: Будың темпертурасы қайнаған судың температурасынан жоғары ма?

1 - оқушы: Жоқ, будың температурасы мен қайнап жатқан судың температурасы бірдей. Бірақұл температура атмосфералық қысымға тәуелді.

Мұғалім: Дұрыс айтасың. Бұл құбылысты кім түсіндіреді?

Топтар: Су, мысалы: шәй қалыпты Р=101325 Па атмосфералық қысымда 1000 С-та қайнайды.

Ал атмосфералық қысым қалыпты қысымнан төмен, биік таулардың шыңында төменгі темпертурада қайнайлы. Мысалы: биіктігі 5-6 км Эльбурс шыңында су 800С- та қайнайды Егер сұйықтың үстіндегі қысымды жасанды түрде төмендетсек, онда тіпті температурасында да су қайнайды. Мысалы, су бөлме температурасында (250С) су қайнауы үшін сұйықтың үстіндегі қысымды 32000Па-ға дейі төмендетеміз. Сыртқы қысым 600 Па болса, онда 00С-та қайнайды.

Сұрақ: Балалар қайнап жатқан судың температурасы өзгере ме?

Топ мүшесі: Жоқ, себебі қайнау темпертурасы тұрақты 1000С.

Сұрақ:

  • Шәйнектерге шикі су және қайнаған су құйсақ қыздыру бірдей болғанда ол тез қайнар ма еді?

  • Шикі су тез қайнайды, себебі онда еріген ауа көпіршіктері бар, ал қайнаған кезде ол жойылады. Сондықтан бір рет қайнатылған су шикі судан кеш қайнайды.

Жүргізуші: Бәрекелді, енді жанкүйерлерге сұрақ қоямын

1. Алға жайып тұз дәмін

Келтіреді үй дәмін

Ол халқымның ақ жаны

Жаңа дәстүр маржаны

Кеңпейіл де арайлы.

Осы жерден тарайды. (дастархан)

2. Аппақ сұйық

Қалса ұйып,

Шөлің қанады,

Ішсең құйып. (сүт, айран)

3.Бір жансызың қаны бар,

Тіл үйірген дәмі бар,

Шөлдесең іш, қанып ал. (шәй)

11-оқушы: Шәй қайнады, шәй ішейік.

12-оқушы: Ендеше шәйді демдейік.

Қалай ойлайсың? Шәйдің дәмі оның қалай демделгеніне байланысты ма?

13-оқушы: Шәйдің дәмі – судың температурасына байланысты. Неғұрлым судың температурасы демдеген кезде, соғұрлым шәй дәмді болады.

Сұрақ: Шәйді металдан жасаған шәйнекке ме, жоқ шыныдан жасалған шәйнекке демдеген дұрыс па?

Оқушы: Металл шәйнекке ыстық су құйсақ тез ысып, шәй тез шығады.

Келесі оқушы: Жоқ, металл шәйнек жылуды жақсы өткізгенімен де шәйнектегі қайнаған суымызды айналадағы ортаға жылуын тез беріп, суып қалады. Ал, шыны шәйнек, жәй ысығанымен, айналадағы ортаға жылуын көпке дейін шығармай тұрады.

Мұғалім: Балалар, топ мүшелерінің тәжірибесін қызықтайық.


1. Қағаз қораптағы судың қайнауы.

2. Беторамалдың жануы.

Жанкүйерлерге сұрақ.

1. Температурасы 00С бөлмеде мұз еріп, су қата ма?

(Ерімейді, қатпайды)

2.Қайнаған су ауыр ма,шикі су аыр ма? (қайнаған су)

3. Сұйықтың буға айналу құбылысы? (булану)

4. Сұйықтың бетінде жүретін құбылыс? ( кебу)

5. Будың сұйыққа айналу құбылысы? (конденсация)

6. Сұйықтың бетінде жүретін кебу құбылысы? (қайнау)

7. Қайнаған суда натрий ери ме? (ериді, Т=290С)


Әр топ «Ассам», «Шах» шәйларына жарнама жасайды

Сенің стақаның жұқа ғой, ішіне қасық сал.

Оқушы таң қалып: Неге?

Қасық металл жылуды жақсы өткізеді, ыстықтың біразын өзіне тартады, стакан сынбайды, мысалы банкаға су құйғанда абай болу керек.

Келесі оқушы: Шәй ішкен оқушылар біреуі үрлеп ішеді, біреуі шайтабаққа құйып ішеді, мұнда физикалық заңдылық бар ма?

Жүргізуші: Шәйді үрлемесеңдер, сұйықтың ең жылдам қозғалатын молекулалары ұшып шығып қалған молекулаларының орташа кинетикалық энергиясы кеміп, ішкі энергиясы кеміп, шәй суй бастайды. Сұйық бетінің ауданы үлкен болса онда бір мезгілде ауаға ұшып шығатын молекулалар саны көп болады. Шәйдің сууы оның бетінің ауданына байланысты.

Сұрақ: 1.Секер заттың қай түріне жатады?

2.Шәйға салғанда қандай физикалық құбылыс болады?

Диффузия дегеніміз не?

3.Конфет қандай денеге жатады?

(Аморф денелер)

4. Нан қандай температурада кеуіп қалады?

Себебі неде?

Менің қасығым ысып кетті, сенікі неге ысымай тұр?

Жылу өткізгіш дегеніміз не?

Адам неге терлейді?

  • Иә, достар, қонақтар, шәй іше отырып, жылу құбылысын толық қайталадық, физикадан алған білімдеріміз талай жұмбақты шешуге көмектеседі, осылайша әрдайым білімдерімізді өмірді танып білуге жұмсай білейік.

Игеріп әлем күшін игілікке,

Физика санамызда тұр биікте.

Ойлап тапқан бәрін де адам миы,

Сондықтан бас иеміз жүйріктерге.

Айтамыз көп алғысты ұстаздарға,

Тамаша кеш сыйлаған мына бізге

Көрермен әділ айтсын өз шешімін біздерге де!


Сөз әділқазылар алқасына беіледі.

Ұстаздар ұрпақ үшін тер төгуде

Ұстаздарға байланысты ертеңің де!

Көріңдер басқаларға бас имеген

Ұстазға бас иеді тентегің де!

Тегін жан ұстаз қамын ұға ала ма?

Басқаның үрдісінен шыға ала ма?

Балалар, біз әртүрлі заттармен күнделікті өмірде жиі кездесеміз. Бірақ олар туралы олардың қасиеттері туралы толық біле бермейміз. Бірақ айнала толған физика деп атаймыз. Сондықтан бүгінгі отырысымыздың тақырыбын «Шәй құдіреті» деп аталды. Бұл тақырып 8-сыныпта «Жылу құбылыстары» таруы бойынша алған білімдерімізбен байланысты. Мысалы: біздің күнделікті ішетін шәйіміздің өзі физикалық құбылысқа толы екен.


Қорытындылау

3

Озық ойлы оқушы

(интеллектуальды сайыс)


Мақсаты: Оқушылардың «Жарық кванттары» тарауы бойынша алған білімдерін кеңейтіп, ой-өрісін дамыту.

Көрнекілігі: Интерактивті тақта

Мұғалім: Ортаға сайысқа қатысатын 9 оқушыны шақырайық. Әділқазылар алқасы сайланған,

олар әр сайыс бөлімінен кейін қорытынды жасап отырады.

Интеллектуалды сайыс келесі бөлімдерден тұрады:

1 тур – Бәйге

2 тур –Көкпар

3 тур – Ғажайып үштік.

4 тур – Бейне сызбалар

5 тур – Шешендік

Жүргізуші: Білім деген биік шың,

Бақытқа сені жеткізер.

Білім деген ақылшың,

Қиындықтан өткізер, - деп бүгінгі сайысымызды

бастауға рұқсат етіңіздер.

Қарап тұрмай бәйгеге еріңіз

Шәкірттерге әділ шешім беріңіз,

Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығарар

Бәйге, бәйге, бәйгені бір көріңіз

Сайысымыздың 1-ші кезеңі «Бәйге» Әр белгіленген сұраққа тез және дұрыс дұрыс жауап берген оқушылар 10 ұпайдан алады. Олар тез ойлауға және дұрыс жауап беруге ұмтылады.

  1. Жарық кванттары немесе фотондар дегеніміз не?

Жауабы: Жарық бөлшектері

  1. Квант қандай сөзден алынған

Жауабы: Латынша-квантум-шама

  1. Фотон қандай сөзден алынған?

Жауабы: Грекше:фотос-жарық, жарық бөлшегі

  1. Қандай құбылыс фотоэффект деп аталады?

Жауабы: Жарықтың әсерімен заттардың электрондардың ыршып шығуы

  1. Фотоэффект қай елдің, қандай сөзінен алынған?

Жауабы: Фотос (грекше) жарық , эффект латынша-әсер

  1. Фотоэффект құбылысын кім, қай елдің ғалымы және қашан ашты?

Жауабы: Орыс физигі А.Г.Столетов 1888ж. 26 ақпан.

  1. Квант теориясының негізін салушы кім?

Жауабы: Неміс ғалымы Макс Планк

  1. Планк тұрақтылығының мәні неге тең?

Жауабы: Һ=6,63•10 джс

  1. Қандай аспаптар фотоэлементтер деп аталады?

Жауабы:Құрылысы фотоэффект құбылысына негізделген аспаптар

  1. Қандай құбылыстар люминесценция деп аталады?

Жауабы:Суық жарқылдың сан алуан құбылыстары

  1. Люминесценция қай елдің қандай сөзінен алынған?

Жауабы: Латынның люмен-жарық деген сөзі

  1. Фотохимиялық реакциялар деп қандай реакцияларды айтады?

Жауабы:Жарық әсерінен болатын реакциялар

  1. Жарық порциясының энергиясының формуласы неге тең?

Жауабы:Е=һv

  1. Табиғи және жасанды жарық көздерін атаңдар

Жауабы: Табиғи жарық көзі-Күн. Жасанды жарық көзі: от, сіріңке, шам, керосин, эл.шамдары, факелдер, тамыздықтар, шырақтар.


2-тур. «Көкпар»

Төмендегі ғалымдар жайлы ойларын айтады.

И.Стефан –

Вин –

С.И.Вавилов –

Д.Стокс –

А.Г.Столетов –

А.Эйнштейн –

Р.Э.Милликен –

В.Рентген –

П.Н.Лебедев –

В.Боте –

Ф.Ленард –

А.Больцман -

3-тур. «Ғажайып үштік»


Бұл бөлімде оқушылар төмендегі кестеден ұпай бойынша сұрақтар таңдайды.




20


20


20


30

30


30


40

40

40


20-ұпай. Неге қорғасын мен кадмийдің қабаты өткір радиациядан сенімді қорғаныс бола алады? (Қорғасын сәулелерді ұстап қалады, бірақ нейтрондарды жібереді. Ал кадмий сәулелерді жібереді. Бірақ нейтрондарды ұстап қалады.)

20 –ұпай. Неліктен биік тауларда күн сәулесіне тез күйіп қалады? (Ауаны азғантай ғана қабатына өтетін ультракүлгін Күн сәулелерінің қарқындылығы жоғары болады.)

20-ұпай. Теледидарда энергияның негізгі қандай түрленуі өтеді? (Электр энергиясы люминесценция энергиясына айналады)


30-ұпай. Жарық неғұрлым интенсивті болса 1 секундтың ішінде металдың бетінен құйындап шығатын электрондардың саны соғұрлым көп болады. ( Фотоэффект заңы)

30-ұпай. Жарық теориясы бойынша заттардың атомдары мен молекулалары жарықты үздіксіз ағын түрінде емес белгілі бір шамадағы жеке порциялар түрінде шығарып және жұтып тұрады (Жарықтың бұл жеке порциялары жарық кванттары немесе фотондар деп аталады.)

30-ұпай. Сәулеленіп тұрған дене бетінің аудан бірлігінен барлық бағытта шығатын сәулелену қуаты (интегралдық энергетикалық жарқырау деп аталады)


40-ұпай. 4 В кернеумен үдетілген электрон қандай энергияға ие болса, сондай энергиясы бар фотонның толқын ұзындығы қандай болады? Формуласын табу ( )

40-ұпай. Энергиясы 3 эВ –қа тең болатын фотон импульсін табыңдар. ( )

40-ұпай. Фотондардың массасы электронның тыныштық массасына тең болатын сәулелердің толқын ұзындығы мен жиілігін табыңдар. ( , )




4-тур. «Бейне сызбалар» Берілген сызба сурет бойынша физикалық құбылысты сипаттап, құрылысын, жұмыс істеу принципін түсіндіру.












5-тур. Шешендік



Білімдіден шығады алғыр шешен,

Шешендікпен болған ғой барлық көсем.

Сайра, шәкірт бұлбұлдай шарықташы,

Қалмасын бұл жарыста сенің есең.



1-оқушы: Компьютердің пайдасы мен зияны

2-оқушы: Ұялы телефонның пайдасы мен зияны



Қортындылау.





















4

Тақырыбы: Физикалық құбылыстар құпиясы.

Мақсаты:

Білімділік: Оқуышылардың «Дыбыс құбылыстары» тарауы бойынша алған білімдерін кеңейту,айналадағы қоршаған ортадағы дыбыс және дыбыстық құбылыстар туралы жалпы түсінік беру, оны шығармашылықпен түсіндіру;

Дамытушылық: Физика пәнін оқыту барысында пайда болатын бірқатар сұрақтарға жауапты әдебиеттерден табуға болатынын көрсете отырып, әдебиеттерді пайдалана білуге үйрету;

Тәрбиелік: Оқушыларды ізденімпаздыққа, ұқыптылыққа, зейінділікке тәрбиелеу.


Көрнекілігі: Пластмасса стақан, сақина тәрізді формадағы резеңке, қарындаш, қағаз, стақан(200мл), 60см ұзын мықты жіп,тіс тазартқыш, жөке(губка), су.


Түрі: Сыныптын тыс шара

Жүрісі: а) Мұғалімнің кіріспе сөзі:

Адамзат дыбыс дүниесінде өмір сүретіндіктен, дыбыстың адам өміріндегі маңызы ерекше.

Сендер дыбыстау арқылы маңыңда болып жатқан оқиғаларды біліп, айналаңмен өзара қарым-қатынас жасай аласыңдар, тіпті дыбыс көзін көрмей-ақ телефон қоңырауын, автомобильдің шуын, сондай-ақ жаңбыр тырсылын естуге болады. Олай болса, біз физикадан «Дыбыс құбылыстары» бөлімі бойынша алған білімдерімізді толықтыру үшін бүгінгі үйірме жұмысындағы кезекті сабағымызды дыбыстық құбылыстарына қызықты тәжірибелер жасау арқылы және әр түрлі зерттелген ғылыми материалдарды қосымша пайдаланып, оқу арқылы жан-жақты түсінік аламыз.

Жас достарым!

Мұны жақсы ұғаайық.

Физика құрметтеуге лайық.

Дүниедегі құбылыстың мәніне

Табиғаттың, қозғалыстың бәрін де

Мүмкін емес физикасыз түсіну, - дегендей алғашқы кезекті қосымша ғылыми материалдарға береміз:

І. Дыбыс туралы жалпы мағұлматтар.

Дыбыс кең мағынасында-газ, сұйықтық немесе қатты күйдегі серпімді орта бөлшектерінің толқын түрінде таралатын тербелмелі қозғалысы, тар мағынасында-адамдар мен жануарлардың арнаулы сезім органымен субьективті түрде қабылданатын құбылыс.

Адам 16 Гц-тен 20 кГц-ке дейін жиіліктегі дыбысты ести алады. Дыбыс жөніндегі физикалық ұғым адам құлағына естілетін, естілмейтін дыбыстардың барлығын қамтиды. Жиілігі 16 Гц-тен төмен болатын дыбыстар инфрадыбыс деп, 20 кГц-тен жоғары дыбыстар ультрадыбыс деп аталады. Ал 109 Гц-тен 1012-1013 Гц-ке дейінгі ең жоғары жиіліктегі серпімді толқындар гипердыбысқа жатады. Дыбысты қарапайым гармониялық тербелістерге жіктеу нәтижесінде алынатын спектр - дыбыстың маңызды сипаттамасы болып табылады. Егер дыбыс тербелісінің энергиясы жиіліктің кең аймағын таралып жатса, онда ол тұтас спектр деп, ал дискретті жиілік құраушыларының жиынтығы болса, онда ол сызықтық спектр деп аталады. Тұтас спектрі бар дыбыс шу (мысалы, ағаштардың желдің әсерінен болатын сыбдыры, механизмдер сыбдыры) ретінде қабылданады.Музыкалық дыбыс еселі жиіліктері бар сызықтық спектрге жатады; мұнда естілетін дыбыстың негізгі жиілігі-дыбыс биіктігін, ал оның гармониялық құраушылырының жиыны-дыбыс тембрін анықтайды. Сөйлеу кезіндегі дыбыс спектрінде форманттар болады.

Дыбыс көздерінің тербілісін қоздыру, көбінесе соққы (мысалы, қоңырау, шектер) арқылы жүзеге асырылады, Мұнда автотербеліс режимі (мысалы, үрмелі музыкалық аспааптарда ауа ағыны есебінен) ұсталуы мүмкін.

Табиғаттағы дыбыс, ауа ағыны қатты денелерді орай аққанда, құйындардың түзілуі және құйындардың сол денелерден бөлінуі (мысалы, жел соққан кездегі сымдар мен құбырлардағы жарылыс, қопарылыс) кезінде пайда болады. Дыбыс көздерінің тербелісін қоздыру, көбінесе, соққы (мысалы, қоңырау, шектер) арқылы жүзеге асырылады. Мұнда автотербеліс режимі (мысалы, үрлемелі музыкалық аспаптарда ауа ағыны есебінен) ұсталуы мүмкін энергияның басқа түрлеріне түрлендіреді. Мысалы, адамдар мен жануарлардың есіту аппараты дыбыс қабылдағышқа жатады. Техникада дыбысты қабылдау үшін, көбінесе, электр акустикалық түрлендіргіштер (мысалы, ауада микрофон, суда гидрофон, ал жер қыртысында геофон) пайдаланылады. Дыбыс толқындарының таралуы, ең алдымен, дыбыс жылдамдығымен сипатталады. Газдар мен қатты денелерде қума толқындар (бөлшектердің тербеліс бағыты толқынның таралу бағытымен бағыттас) тарай алады. Ортаның біртекті болмауы да дыбыс толқындарын (мысалы, су көпіршігіндегі, теңіздің толқынданған бетіндегі, т.б. дыбыстың шашырауы) шашыратады. Дыбыстың таралуына атмосфера, теңңздегі қысым, температура, желдің күші мен жылдамдығы да әсер етеді.

Ультрадыбыс. Инфрадыбыстар мен ультрадыбыстарды адам құлағы қабылдамайды, бірақ олар белгілі бір дәрежеде адам организміне әсер етеді. Мысалы, 5 Гц-тен 9 Гц-ке дейінгі жиілік аралығында инфрадыбыстар бауырдың, асқазанның, көкбауырдың тербеліс амплитудаларын арттырады, көкірек қуысында ауыртпалық туғызады, ал 12—14 Гц жиіліктерде құлақта шуыл пайда болады. Инфрадыбыстардың адам организміне кері әсері болғандықтан, олар техникада кеңінен қолданыс таппаған.

Алайда инфрадыбыстардың бірнеше жүздеген километрге таралу мүмкіндігі оның әскери мақсатта, балық аулау кәсібінде пайдаланылуына жол ашты. Теңізде туындайтын инфрадыбыстарды медуза, су шаяны тәріздес теңіз жәндіктері жақсы қабылдайды.

Форманттар. Форманттар – белгілі бір фонетикалық элементтерге сәйкес келетін жиілік құраушыларының тұрақты тобы. Ішіндегі қысымы не механикалық кернеуі өзгерген денелер (газ, сұйықтық, қатты) дыбыс көзіне айналады. Практикада қатты денелердің тербелісі түріндегі дыбыс көздері кең тараған. Ортаның шектелген көлемінің тербелісі де (мысалы, орган түтіктерінде, үрлемелі аспаптарда, ысқырғыштарда, т.б.) дыбыс көзі бола алады. Адамдар мен жануарлардың дыбыстық аппараты күрделі тербелмелі жүйеге жатады.

Aкустика. Адам өміріне дыбыс толқындарының, сондай-ақ, оларды зерттейтін ғылым – акустиканың атқаратын рөлі орасан зор. Дыбыстың барлық сипаттамаларын зерттеу ақпарат берудің (жеткізудің) жетілген жүйелерін жасауға, сигналдау жүйесін дамытуға, жетілдірілген музыкалық аспаптарды жасауға мүмкіндік береді. Дыбыс толқындары су асты байланысында, навигацияда, локацияда қолданылады. Төменгі жиілікті дыбыс жер қыртысын зерттеудің негізгі бір әдісі болып есептеледі. Ультрадыбыстың практикада қолданылуы қазіргі техниканың тұтас бір саласы – ультрадыбыс техникасының пайда болуына ықпал етті. Қазіргі кезде жоғары жиілікті дыбыс толқындары, әсіресе гипердыбыс, қатты дене физикасында зерттеулер жүргізудің аса маңызды құралы болып отыр.

Дыбыс қаттылығы. Дыбыс қаттылығы — дыбыс әсерін әр адам организмінің өзінше қабылдауы. Оны фонмен өлшейді. Бірдей белсенділік жағдайда дыбыстың ең күштілігі 700-6000 Гц жиілік аралығында болады.

Дыбыстық қысым. Дыбыстық қысым — толқындар жоқ кездегі қысыммен салыстырғандағы толқындар таралған ортадағы қысымның өлшемі. Децибелмен өлшенеді.

Дыбыс өткізбеу. Дыбыс өткізбеу - ауада таралған әр түрлі бөтен шулардан сақтау. Таралған шу адам өміріне көптеген технологиялық әсер тигізіп, олардың агрессивтілігін көтеріп, әлеуметтік денсаулығын нашарлатады. Сондықтан дыбыс өткізбеу деңгейі мөлшерлі дыбыстан артық болмауы тиіс.

Дыбыс шығару. Дыбыс шығару — серпімді (қатты, сұйық, газды) ортада дыбыс толқындарын қозғау. Естілетін дыбыс 16 Гц — 20 кГц, инфрадыбыс — 16 Гц-дан төмен, ультрадыбыс — 21 кГц — 1 ГГц және гипердыбыс — 1 ГГц-дан жоғары.

Дыбыстық ақпарат. Дыбыстық ақпарат - дыбыс толқындарын қабылдау арқылы организмнің қоршаған орта туралы мәлімет алуы. Адам өзін қоршаған орта туралы барлық ақпаратының 7%-ын есту арқылы алады.

Дыбыстың күштілігі. Дыбыстың күштілігі берілген дыбыстың есту түйсігін сипаттайтын және оның қарқындылығы мен жиілігіне, сонымен бірге тербелу түріне тәуелді болады.

Дыбыс қайдан шығады?

Домбырамен тартқанда

Бұралса дұрыс құлағы

Шырқалмай әуен жатқан ба?-дей отырып, «Адай» күйін жіберу, күй тыңдалып болған соң музыкалық аспаптардан дыбыстың қалай, қайдан шығатыны туралы білімдерін ортаға салды.


ІІ. Қызықты тәжірибелер.

1-тәжірибе: Өз дауысыңды танисың ба?

Мақсаты: Өз дауысыңның тербелісін көру.ал-жабдықтар: Қатты қағаз, қалбыр, ұзынша келген тік төртбұрышты әйнек, май шам.

Оқушылардың дайындап келген құралдарымен тәжірибе жасау. Әйнекке май шам жағып әйнекті күйдіреміз, ол қара түске айналу керек. Кепкеннен кейін оны ағаштың үстіне қойып, қалбырға жапсырылған ине тәріздіні әйнекке тигізіп қойып, қалбырдың түбінен қатты айғайлаймыз (а а а а немесе басқа сөзбен де айғайлауға болады).

Нәтижесі: Сол кезде әйнекте ирек-ирек шығады.

Себебі: Бұл өз дауысыңның тербелісі.

2-тәжірибе: Дыбыс шығаратын стақан.

Мақсаты: Қатты денелерден шыққан дыбыстық ауадағы жылдамдығын анықтау

Құрал-жабдықтар: Қатты денелерден шыққан дыбыстық ауадағы жылдамдығын анықтау стақан (200мл).

Жұмыс барысы: Резеңке сақинаны стақанға кигізіңіз. Стақанның түбіне құлағыңызды тосыңыз. Созылған резеңкені домбыраның шегіндей етіп керіңіз.

Нәтижесі: Қатты дыбыс естіледі.

Неге? Зат тербелгенде дыбыс шығарады. Ол ауаға және қасында тұрған басқа затпен соғылады. Ауада таралған тербелістің энергиясы құлаққа әсер етеді де, біз дыбысты естиміз.Тербелістер қатты денелер мен сұйықтарға қарағанда, ауада,газда баяу таралады.Резеңкінің тербелісі ауаға да, стақанның корпусына да беріледі. Бірақ құлаққа стақанның қабырғаларынан берілгенде қаттырақ естіледі.

3-тәжірибе: Балапанның шиқылы.

Құрал-жабдықтар: 60см ұзын мықты жіп,тіс тазартқыш, жөке(губка), су.

Мақсаты: Ішектің үнін есту.

Жұмыс барысы: Қарындашпен қағаз стақанның түбінен бір-бірінен 1,5 см қашықтықта екі тесік тесіңіз. Тесіктерге жіптерді өткізіп, стақанның түбінің сыртқы жағынан түйін жасаңыз. Дайындалған ілгекке тіс тазартқышты шеттері стақанның түбіне тиіп тұратындай етіп кигізіңіз. Жөкеден 2,5*1,5 см етіп кесіп алыңыз. Жіптің бос тұрған ұшына кесіп алынған жөкенің бөлшегін байланыңыз. Жкені сулаңыз. Жөкені екі бүктеп, содан кейін жіпті қысыңыз. Жіпті тартып алып, жөені жайлап секіртпе жіптің ұшына қарай жылжыта беріңіз.

Нәтижесі: Балапанның шиқылына ұқсас дыбыс естілетін болады.

Неге? Су жөке тіпті, үйкеліс күшін жеңе отырып жылжиды, сондықтан да оның бір қалыпсыз, секірмелі қозғалысы жіптің тербклісін туғызады. Бұл тербелістер стақанға жетіп, жіп пен стақанның тербелісімен бірдей тактіде тербеледі. Ал стақанның формасы дәл мегафон секілді: дыбыс толқындарын жинап, оларды бір бағытта таратады.


ІІІ. «Естудегі қызықтар»


  1. Естудегі қызықтар.

Біз сухарь кеміргенімізде біз өз құлағымызды жаңғырықтыратын шу естиміз, ол уақытта біздің жанымызда отырған адамдар, сондай сухарьды күтірлетпей жеп отырады. Олар бұл күтірден қалай амалын тауып жеп отыр?

Әңгіме былай: бұл қатыр-күтір тек біздің өз құлағымызда ғана болады да, басқа елдің құлағының мазасын көп алмайды. Бастың сүйегі басқа қатты денелер сияқты дыбысты жақсы өткізеді, ал тығыз ортада кейде дыбыс өте күшейіп кетеді. Сухарь күтірлеуі ауа арқылы біздің құлағымызға бәсең, тек ғана шу болып естіледі, ал сол күтір, есту нервіне қатты бас сүйегі арқылы келсе ол тіпті күшейіп құлақты жара жаздайды. Осыған тағы бір тәжірибе жасайық: қалта сағатының ілгегін тісіңізбен тістеп тұрып, саусақтарыңызбен құлақтарыңызды тығындаңыз: сіз сағаттың қатты соққанын естисіз оның тықылдағаны сондай күшейіп кетеді.





2.Музыка және біз


М узыка - миды қоздырушы, ал дыбыс - энергия көзі. Ғалымдар мынадай қорытынды жасады: музыка мидың шығармашылық бөліктерін «қоздырып», оларды энергиямен толтырады.


Музыкалық дыбыстар біздің өмір бойы қасымызда қатар жүретіні белгілі. Музыкалық күш кез-келген адамның жүрегін тебірентіп, көңілін шаттандырып, жан-дүниесін ттолғандырады.Ал араның ағаш кескендегі шиқылы, балғаның қатты ұрған кездегі дыбыстары әрине құлаққа жаға бермейді және мұндай дыбыстар адамды шаршатады. Адамның есту органдарының музыка қабылдауына байланысты дыбыстарды негізінен шу, сөз деп категорияға бөледі. Олардың әрқайсысы дыбыс құбылыстарының адам үшін арнаулы информация беретін әр түрлі обылыстарына жатады, сондықтан олар бөлек-бөлек зерттеледі.

Шу адам денсаулығына кез-келген аурудан келетін зияннан кем әсер етпейді. Шу адамның орталық нерв және эндокринді жүйелерін тоздырып, стрестік жағдайларға жеткізеді. Артық шу жүйкеге әсер етіп, оның тамырларын тоздырып, жүрек артиммиясын, стенокардиясын тудырып, артерия қысымын арттырады.Сонымен бірге шу миды қанмен қамтамасыз ету процесін бұзып, есте сақтау және есту қабілетін төмендетеді. Дыбыс қысымы дәрежесін децибель (Дб) өлшем бірлігімен өлшенсе онда біздің бір-бірімізбен сөйлесу кезіндегі дыбыс деңгейі 30Дб,көше транспорттарыың шығаратын шуы 80-100Дб. 50-60 Дб –ден жоғары дыбыс адам денсаулығына зиянды.

Шудың зиянды екеніне мынандай мысал келтірейік. Егер гүлдің кейбір түрін суы бар ыдысқа салып, дыбыс күшті радиоқабылдағыштың қасына қойса, гүлдің біраз уақыттан кейін сола бастағанын байқауға болады.Бұл тәжірибені өздерің үйден тәжірибе жасап байқауларыңа болады.Сондықтан жұмыс үшін де, жұмысшылар үшін шу зиянды және оыымен бар мүмкіншілікті пайдаланып күресуіміз керек.

Музыкалық дыбыстар біздің өмір бойы қасымызда қатар жүретіні белгілі. Музыкалық күш кез-келген адамның жүрегін тебірентіп, көңілін шаттандырып, жан-дүниесін толғандырады.

Адамдар өте ерте кезден-ақ музыкалық дыбыстардың адамға, оның көңіл-күйіне , организмнің биологиялық активіне әсерін байқаған. Музыканы әр түрлі діни, шіркеулік қызметтерде де пайдаланып келген. Дұрыс таңдап алынған музыка барабандардың, гонгтардың, қоңыраулардың қолданылуы адам психикасына әсер етіп, оларда дінге берілу сезімін туғызған.

Ертедегі Египетте дін иелері музыканың адамға таңғажайып әсерін өз мақсаттарында пайдаланған. Олар музыканы адамның түрлі ойлау, елестету процетерін басқаруға пайдаланып, өз еріктеріне көндіре білген, бірде-бір діни мейрам, рәсім өлең айтпай өтпейтін болған. Кейіннен музыканы түрлі салттарда өткізу барысында христандық шіркеуде пайдалана бастаған.

Қазіргі кезде музыка әуенімен миллионға жуық жұмысшылар (олардың көбісі әйелдер) еңбек етеді. Осындай өндіріс орындарына жүргізілген медициналық зерттеулер дұрыстап қолданылған музыка жұмысшылардың жұмыс қабілетін 8-10 пайызға арттыратынын көрсеткен.


3. Бетховен және физика.

Немістің ұлы композиторы Бетховен өзінің соңғы кездегі симфониялық шығармаларын саңырау кезінде шығарған екен. Оның сол жүректі елжірететін, құлаққа жағымды, толғауы күшті күйлерін тыңдағанда «не жазып отырғаныңды естімей, ән шығару мүмкін емес қой, сонда ол қалай ғана жазды екен» деген ойға келесің.

Бетховен дыбысты тісі мен жақ сүйегі арқылы естудің амалын тауыпты. Мысалы, өздерің тартып отырған домбыраның құлағын тістесеңіз, домбыраның үні құлаққа күшейіп естіледі. Ал Бетховен музыкалық шығарманы жазған кезде оны «тыңдау» үшін рояльда ойнап отырғанда тісімен таяқшаның бір ұшын тістеп, екінші ұшын рояльдың қақпағына тіреп қояды екен. Рояльдың клавиштерін басып ойнағанда ішектердің тербелісі қақпақ арқылы таяқшаға беріліп, таяқшадан тіске, тістен жақ сүйекке жетіп, құлақтың ішкі жүйелеріне әсер етеді.


  1. Сахнадағы дыбыстар.

Дыбыстардың таралуы ғимараттың немесе бөлменің пішініне және көлеміне. Сондай-ақ оның ішіндегі заттарға байланысты.

Қатты жалпақ беттіктер дыбыс толқындарын жақсы шағылдырса, ал жұмсақ тегіс емес беттіктер дыбысты жұтып алады. Әр түрлі дыбыс толқындары кездескенде, олардың бір-біріне қабаттасуынан неғұрлым қатты дыбыс, немесе олардың бір-бірін өшіруінен өте ақырын дыбыс шығады.

Концерттік залдарды салу кезінде жаңғырық пен дыбыс интерференциясының, кедергілерін есепке ала отырып, дыбыстың сахнадан тыңдаушыға жақсы жетуін басты мақсат етеді

Дыбыстың залда «саяхаттауын» акустика деп атайды.

  1. Шыбын-шіркей ызылы.

Шыбын-шіркейлер неге ызылдаған дауыс шығарады?

Көбінесе олардың ызылдайтын ерекшк мүшесі болмайды, ұшып жүрегн кезде ызыл естілетін себебі, шыбын-шіркейлер ұшып жүргенде секундіне бірнеше жүз рет қанатын қағады.Қанат тербелген пластинка сияқты, ал қандай болсын жиі (секундіне 16-дан артық) тербелген пластинка тиісті биіктіктегі тон шығаратынын білеміз. Шыбын-шіркейлер ызылын есту арқылы тонының биіктігін айыру керек, өйткені әртонға өзінің тербелу жиілігі сәйкес келеді. Шыбын-шіркейлер өзінің ұшуын басқарғанда тек қанатын сермеу шамасын-тербелу «амплитудасын» және қанаттарының көлбеуін ғана өзгертеді; секунд ішіндегі қанатын қағу саны суықтың әсерімен ғана артады.Міне, шыбын-шіркейлер ұшқанда шығатын тонның өзгермейтін себебі осы... Мысалы, қара шыбын ұшқанда секундына қанатын 352 рет, ара секундіне 220 рет қағады. А тонын шығаратын ара, бос ұшып келе жатқанда секундіне қанатын 440 рет қағады, ал балмен тиеліп ұшып келе жатқанда небәрі 330 рет қағады.(В тоны) Ұшқанда недәуір төмен тон шығаратын қоңыздар қанаттарын жай қозғайды. Самолет пропеллерінің орта есеппен секундіне 25-ке жуық айналады екен.

  1. Дыбыстардың емдік қасиеттері.

Сырқат адам өзін-өзі жазу жолындағы тағы бір тәсіл – әр түрлі шипалы дыбыстарды ұдайы пайдалану болмақ. Әсіресе бұл жаттығуларды жаңадан ай туып келе жатқан кезде 3,6,7-ші күндері жасаса жақсы болады. Қалай айтсада әркім өзі біледі. Кейбір шипалы дыбыстардың мағынасын қарап шығайық.

«И» дыбысы /Күннің теңселуі, 1 саны/. «И» дыбысын соза айтуы гайморит, тұмау, көздің қабынауын емдейді, әрі адамның творчестволық мүмкіншіліктерін ашады. Жоғарғы рухани жоспарларына икемін арттырады. Осы дыбысты ұзақ уақыт бойы айтсаңыз қызуды және қуанышты сезе аласыз.

«А» дыбысын /Күннің теңселуі, 1 саны/ баланы жұбатып жатқандай айту қажет. Егерде «А» дыбысын ұзақ уақыт айтатын болсаңыз денеңіздің қатаюы босап демалып қаласыз. Творчестволық мүмкіншіліктеріңіз нығаяды.

«СИ» дыбысы /Күннің күшті теңселуі, 1 саны/. Бұл дыбыс адамның денесін босатады, шошуды жазады, адамның сана-сезімін арттырады.

«У» дыбысы /Марстың теңселуі, 3 саны/. Бұл дыбысты айтсаңыз дана боласыз. Осы дыбыс күш-қуат және энергияны көбейтіп адам өмірінің динамикасын күшейтеді.

«Э» дыбысы /Меркурийдің теңселуі, 4 саны/. Тапқырлықты және пысықтықты күшейтеді.

«Ю» дыбысы /Юпитердің теңселуі, 5 саны. Бүйректі және қуықты емдейді, науқас спазмаларды жазады, өмірдің жаңа горизонттарын ашады.

«МН» дыбысы /Юпитер және Венераның теңселуі, 5-6 сандары/. Осы дыбыстың теңселуі үйіңізді молшылыққа және аман-есендікке жеткізеді.

«Е» дыбысы /Венераның теңселуі, 6 саны/. Осы дыбысты айтқан кезде көкжасыл түрдің сезімі пайда болады. Жасыл түр тіршілік белгісі боп саналады. Басым үнмен айтқан кезде адам мен әлемді сүйе бастайды. Тұрақтылық және тыныштылықты сезінеді.

«ОЕ» дыбысы /Венера және Сатурнның теңселуі, 6-7 сандар/ - серіктік қарым-қатынасты жақсартатын тұтас дыбыс.

«О» дыбысы /Сатурнның теңселуі, 7 саны/. «О» дыбысын неғұрлым көп айтсаңыз, соғұрлым сіздің өміріңіз жақсарады.

«НГ» дыбысы /Венера және Меркурийдің теңселуі, 6-7 сандары/. Творчестволық күштерді көбейтетін дыбыс.

«ЮЯ» дыбысы /Юпитер және Күннің теңселуі, 5-7 сандары/. Бұл дыбыс бүйрек және қуыққа шипалы әсер етеді, тазартады әрі энергия береді.

«ИЯ» дыбысы /Венера және Күннің теңселуі, 6-1 сандары/. Бұл дыбыс жүрек ауруын емдеп аруақтармен қарым қатынасты орнатады.

«ОН» дыбысы /Сатурнмен айдың теңселуі, 7-2 сандары/. Бұл дыбыс тік ішекке әсер етіп геморройды жазады. Талып қалған кезде есіне келтіретін дыбыс. Егерде жаныңызда жүрген досыңыз талып қалса бар күшіңізді салып «ОН»-ды бақырыңыз.

«НГОН» дыбысы 6-4-7-6-4 теңселудің тізбегі. Бұл дыбыс асқазан, бауыр және мида, күнде қосылуына жақсы әсер етеді. Гайморитты жазады. Ол евстахиев трубаларын ашады да адам аспан сферасының музыкасын ести бастайды.

7. Ауланы, пәтерді және үйді тазарту

Әлдеқашан әртүрлі елдерде қоңыраудың шылдырымен тазарту бұрыннан мәлім болған. Ресей губернияларында тырысқақ және чума аурулары болған кезде күні-түні қоңырау шалған. Ауру жиі қоңырау шалған жердің жанынан жанай өтіп кететін болған. Дыбыс – ол теңселу, кеңістіктің молекуласын тазартатын, территорияға ауруды жұқпайтын ететін күшке ие болған.

Сіздің пәтеріңізді де «тазартуға» болады. Бірнеше амалдар бар. Мысалы: қоңырауды алып бөлме ортасына тұрыңыз да қоңырауды бір рет соғып оның дыбысы қалай шығады екен тыңдап көріңіз. Егерде қатаң дыбыс шықса үйді тазарту керектің белгісі, егерде дыбыс таза, саңғырлап шықса үй ішінің тазалығын белгілейді.

Әрбір үй ішін бірнеше минутқа созылатын ақ көңіл күлкімен тазартады. Егерде үй жануарын мысықты ұстасаңыз үй таза болады. Мысық астралдық және эфирлік пландарды тазартады, ит менталдық пландардың тазаруына әсер етеді.

Кейбір үйдің де иесі болады. Олар да кейде дыбыс шығарып белгі береді, тіпті сайтанға қарсы болады. Үйді адыраспан, қылша сияқты қасиетті өсімдік пен аластап та, дұға оқылып магниттенген суменде және свечалармен де тазалауға болады. Дұғада оқып, дем салу /үшкіру/ әдісі де оң нәтижесін береді


ІV. Викториналық сұрақтар.

1. Қоянның құлағы неге ұзын?

2. Дәрігер стектоскопының жұмысы неге енгізделген? (Ол біздің организмдегі әлсіз дыбыстарды

күшейту үшін қолданады)

3. Ара неге ызылдайды? (Себебі ара қанатының тербелісі 16 Гц-тен жоғары)

4. Дыбыс айналары бола ма? (Болады, орманның шеті, тау, құрылыс жалпы, жаңғырық

шығаратын барлық тосқауылдар дыбыс үшін айна болып табылады.)

5. Алғашқы дыбыс жазатын аппаратты кім ойлап тапты, ол қалай аталады? (Томас Алва Эдисон, фонограф)

6.Секундына 44 тербеліс жасайтын ең төменгі тонға келетін әнші есімін атаңдар Қосымша көмек: Парижде ән салған қазақ әншісі (Әміре Қашаубаев)

7.Секундына 47 тербеліс тонын жасағанда құлаққа анық естілетін музыкалық аспап? (пионина)

8.Жарқылмузыканы (светомузыка) ең алғаш қайда қолданды? (Лондонда)


V. Қорытындылау








Әдебиеттер :


1. Дженис Ваан Клиев «200 экспериментов» Москва,1995.

2. Б.Дүйсембаев, А.Медетбекова «Гуманитарлық сыныптарға арналған білімнің мазмұны жайында» Ізденіс,1997жыл.

3. Я.И. Перельман «Қызықты физика» Алматы, 1981жыл.

4. « Алгорифм» (физика-математикалық журнал), «Физика», «Математика және физика» (республикалық ғылыми-әдістемелік журнал).





























































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!