Материалдар / Айналадағы әлем
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Айналадағы әлем

Материал туралы қысқаша түсінік
Айналадағы Әлем КТЖ .КТП 5 сынып
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Қырқүйек 2024
1703
28 рет жүктелген
700 ₸
Бүгін алсаңыз
+35 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +35 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Shape1

2


Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 20 қыркүйектегі

469 бұйрығына 80-қосымша


Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі

115 бұйрығына 520-қосымша



Жеңіл ақыл-ой кемістігі бар білім алушыларға арналған

  1. сыныбы үшін «Айналадағы әлем» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы



1-тарау. Жалпы ережелер


    1. Жеңіл ақыл-ой кемістігі бар білім алушыларға арналған 5-сыныбы үшін

«Айналадағы әлем» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы (бұдан әрі Бағдарлама) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 6) тармақшасына сәйкес әзірленген.

    1. «Айналадағы әлем» пәнін оқу мақсаты – білім алушыларға табиғат туралы қарапайым түсінікті меңгерту, олардың табиғат пен қоғамның өзара байланысы, табиғаттағы заңдылықтардың біртұтастығы туралы білім, ұғым, түсініктерін жинақтау және жүйелеу, алған білімді күнделікті өмірде қолдана білулерін дамыту.

    2. «Айналадағы әлем» пәні бойынша келесі міндеттерді шешуге бағытталған:

  1. жалпы және сөйлеу тілі дамуындағы кемшіліктерді түзету;

  2. танымдық әрекеттерді дамыту;

  3. қоршаған әлем туралы түсініктерді кеңейту және байыту;

  4. негізгі оқу пәндерін оқу барысында қажетті қарапайым түсініктер мен ұғымдарды қалыптастыру;

  5. көру, салыстыру, жинақтау, нақтылау, қарапайым тұжырымдама жасау, қарапайым себеп-салдарлық байланысты табу қабілетін дамыту;

  6. білім алушылардың сөздік қорын байыту;

  7. әлеуметтік дағдыларды қалыптастыру;

  8. өз халқының, әртүрлі халықтардың мәдениеті мен салт-дәстүріне, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарға деген сыйласымдылық сезімін қалыптастыру;

  9. өмірлік іс-әрекеттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жаратылыстану ғылыми білімді күнделікті өмірде қолдану, заманауи технологияларды сауатты пайдалану, денсаулық және қоршаған ортаны қорғау дағдыларын дамыту;

  10. қоршаған ортаға, қоғамның табиғи және мәдени құндылықтарына жағымды қатынасты қалыптастыру.



  1. тарау. Оқу процесін ұйымдастырудағы педагогикалық тәсілдер


    1. Бағдарлама келесі ойлау және қатынас дағдылары мен икемділіктердің негізін қалыптастыруға бағытталған:

  1. өлі және тірі табиғат құбылыстарын бақылау және зерделеу;

  2. бақылау және тәжірибе жұмысы барысында алынған мәліметтерді ауызша сипаттау;

  3. себеп-салдардық байланысты табу;

  4. өсімдіктер, жануарлар (жәндіктер, құстар) және адам өміріндегі өзгерістерді бақылау процесінде алынған білімді жинақтау;

  5. бақылау және зерделеу нәтижелерін әңгіме түрінде ұсыну.

    1. «Айналадағы әлем» пәні бойынша оқу процесін ұйымдастырудың педагогикалық тәсілдерінің жүзеге асырылуы жеңіл ақыл-ой кемістігі бар білім алушылардың ерекше білім беру қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған арнайы педагогикалық принциптерге негізделген.

    2. Білім алушыларды оқытудағы түзете дамыту принципі білім алушының даму кемшілігі табиғатының ерекшелігіне сәйкес ағзаның сақталған атқарымдары мен жүйесін тірек ете отырып құруды білдіреді.

    3. Берілген курстың маңызды түзету мақсаты қоршаған болмыстың заттары мен құбылыстарымен танысу негізінде ауызша сөйлеу тілін, танымдық әрекетін дамыту. Коммуникативті құрал ретінде сөйлеу тілін дамыту - ересектермен, құрдастармен сөйлесе алуды қалыптастыру болып табылады. Сөйлеу тілінің лексикалық, синтаксистік жақтары, ауызша байланыстырып сөйлеу тілін дамытылады.

    4. Түзете дамыту бағыттылығы оқу әрекетін арнайы әдіс-тәсілдермен қамтамасыз етеді:

  1. оқыту процесін баяулату;

  2. оқылатын материалды көп рет қайталау және оны әр түрлі жағдайларда жаңғырту үшін жағдай тудыру;

  3. білім алушылардың жеке мүмкіндіктері мен жас ерекшеліктерін есепке ала отырып сараланған тапсырмаларды әзірлеу;

  4. өзінің пікірін айтуға және дәлелдеуді дамытуға арналған уәждік жағдайларды тудыру;

  5. білім алушылармен қолжетімді зерттеу жұмыстарды өткізуге негізделген белсенді оқыту түрін ұйымдастыру.

    1. Педагогикалық міндеттер сабақтағы білім алушылардың әрекет түрлері дұрыс таңдалған жағдайда табысты шешіледі. Оқылатын құбылыстар мен заттарды тікелей бақылау (экскурсияда), білім алушының заттық-тәжірибелік, ақыл-ой және сөйлеу тілдік әрекеттері, сондай-ақ ойын әрекеттері (дидактикалық, жағдаяттық-рөлдік, үстел үстілік ойындар, ереже бойынша ойындар) жетекші әрекеттер болады.

    2. Саралау және жекелеу тәсілдеме қағидасы. Ұжымдық оқу процесі жағдайындағы білім алуда ерекше қажеттіліктері бар білім алушыларға қатыстысараланған тәсілдеме бұзылыстары бір санаттағы оқушылардың вариативтік типологиялық ерекшеліктерінің барлығына шартты болады. Білім алушыларды топтарға бөлу шартты және қозғалмалы түрде болады.Жекешелеу тәсілі саралау тәсілінің нақтыламасы болып табылады.

    3. Арнайы педагогикалық басшылықтың қажеттілік принципі. Педагог жеңіл ақыл-ой кемістігі бар білім алушы дамуының жалпы заңдылығын, сыныптағы әрбір білім алушының танымдық мүмкіндігін, арнайы педагогикалық көмек тәсілдерін біле отырып, білім алушылардың оқу- танымдық әрекетін ұйымдастырып қана қоймай, сонымен бірге, бұл процессті басқара алады.

    4. Білім алушылардың бақылау және тәжірибе әрекеттері процесіндежинаған білім, түсініктері сөйлеу тілінде (айтылымда, әңгімеде, сипаттамада) жалпыланады. Байланыстырылған сөйлеу тілін қалыптастыруға және мәдениетті қарым-қатынас дағдыларын тәрбиелеуге үлкен көңіл бөлінеді.

    5. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (бұдан әрі -АКТ) дамыту және түзету міндеттерін шешу үшін қажетті оқыту жағдайларын

«құрастыруға» көмектесе отырып, арнайы білім беру педагогы үшін қажетті құралдардың арсеналын кеңейтеді.

    1. Сабақтарда АКТ-ны қолдануда ұсынылатын мақсаттар:

  1. оқу процесің даралау;

  2. тікелей бақылаудан жасырын және кез келген қажетті күрделі белгілік пішіндегі танымдық нысандарды үлгілеу;

  3. білім алушының өзінің әрекетін шынайы және кешеуілдетілген уақыт тәртібінде талдау үшін көзбен көруге болатын қосымша динамикалық тірек құру; топтық оқыту жағдайындағы жекеленген өнімдік әрекеттену мүмкіндігімен қамтамасыз ету; жекеленген сапалы оқыту мүмкіндігін кеңейту.

    1. «Айналадағы әлем» пәнін сапалы және тиімді оқыту процесін ұйымдастыру үшін кабинеттер санитарлық-гигиеналық нормаларды есепке ала отырып, қажетті құрал-жабдықтармен жарақтандырылады:

  1. сынып бөлмесіндегі жиһаз жұмысты әр түрлі түрде (жеке, жұп немесе топ ішінде) және әр түрлі түрін ұйымдастыру үшін қозғалмалы болады;

  2. білім алушылардың жұмыстарын және көрнекілік құралдарды қоюға арналған стенділерді, кітап сөрелерін орналастыратын орындарды қарастырылады;

  3. зертханалық және тәжірибе жұмыстарын жүргізу үшін қажетті жаратылыстану және география кабинеттерінің жабдықтары;

  4. Microsoft Office (майкрософт офис) пакеті орнатылған және интернетке қосылған компьютерлер; әр түрлі тақырыптардағы аудио және бейне материалдар жиынтығы;

  5. тақырыптарға сәйкес анықтамалар, энциклопедиялар, плакаттар, үлгілер.

    1. Жеңіл ақыл-ой кемістігі бар білім алушылардың жетістіктерін бағалау ішкі бағалау құралдарымен жүзеге асады. Оқыту бағдарламасын меңгерудің нәтижелері сыныпта тікелей мұғалімнің қатысуымен оқыту процесі барысында бағаланады. Педагог бақылап бағалау әрекетін жүйелі түрде жүзеге асырады.

    2. Жеңіл ақыл-ой кемістігі бар білім алушыларды оқытудың нәтижелілігін бағалау ағымдық (әр сабақта), мерзімдік (тақырыптық) және қорытынды бақылау түрінде жүргізіледі.

    3. Ағымдық бақылау білім алушыларды сабақ үстінде бақылау, өзіндік және тәжірибелік жұмыстарды талдау, қызметтің ұжымдық түрлерінің көмегімен орындалады. Әр сабақтағы бақылау оқыту үдерісінің сапасын қамтамасыз ету үшін педагогтардың қолданған оқыту әдістерінің мазмұнын түзету мақсатында жүргізіледі. Мұндай бақылау білім алушылардың қарым- қатынасында тәрбиелік және ынталандырушы сипатқа ие.

    4. Мерзімдік бақылау бөлімнің бағдарламалық тақырыбы және тарауды меңгерген соң жүргізіледі. Белгілі тақырып шеңберіндегі оқу материлдарын меңгерудің нәтижесі білім алушылардың әр типологиялық тобында әртүрлі болады (В.В. Воронкова бойынша). 1-типологиялық топтағы білім алушылар білімін қолдану деңгейінде оқыту материалын меңгеруді көрсетеді. 2-типологиялық топтағы білім алушылар тақырыптың негізгі мазмұнын түсінгенін көрсетеді. 3-типологиялық топтағы білім алушылар тану деңгейінде материалды меңгереді және өз білімін өзекті етуде мұғалімнің көмегін қажет етеді. 4-типологиялық топтың білім алушылары олардың жетістігін бағалау жүргізілетін жеке бағдарлама шеңберінде жүзеге асырылады.

    5. Қорытынды бақылау тоқсан мен жылдың соңында жүргізіледі. Педагог сыныптағы әр білім алушының жетістіктері еркін картаға тіркелген, оқу жылында бақыланған жетістігін және даму динамикасын талдайды.

    6. Бағалау шаралары көмегімен алынған мәлімет білік пен дағдыны меңгеру барысында туындаған қиындықтарға уақытылы жауап беруге мүмкіндік береді. Педагог білім алушыларға жеке көмек беру тәсілдері және мазмұнын анықтайды.

    7. Бағдарлама «Жаратылыстану», «География», «Тарих»пәндерін ары қарай оқуға бағытталған кіріктірілген курс болып табылады.



  1. тарау. «Айналадағы әлем» оқу пәнінің мазмұнын ұйымдастыру

    1. «Айналадағы әлем» оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:

1) 5-сыныпта– аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағатты құрайды.

    1. Бағдарламаның мазмұны оқыту бөлімдері бойынша ұйымдастырылған. Бөлімдер сыныптар бойынша күтілетін нәтиже түрінде берілген оқу мақсаттарынан құралған бөлімшелерден тұрады.

    2. Оқу пәнінің мазмұны келесі бөлімдерді қамтиды:

  1. 1-бөлім «Табиғаттағы мезгілдік өзгерістер. Жыл мезгілдері»;

  2. 2-бөлім «Табиғат»;

  3. 3-бөлім «Менің Отаным Қазақстан»;«Сөйлеу тілдік дағдыларды қалыптастыру».

    1. «Табиғаттағы мезгілдік өзгерістер. Жыл мезгілдері» бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды:

  1. күзгі жемістер денсаулық көзі. Күзгі өзгерістер туралы мәліметтерді қорытындылау;

  2. қысқы табиғаттағы өзгерістердің адамдар еңбегіне тигізетін әсері;

  3. көктемнің әр түрлі кезеңдеріндегі табиғаттағы өзгерістер;

  4. табиғаттағы жаздық байқалымдар туралы мәліметтерді қорытындылау.

    1. «Табиғат» бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды:

  1. тірі табиғаттағы процесстер;

  2. өлі табиғаттағы процесстер.

    1. «Менің Отаным Қазақстан» бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды:

  1. Қазақстанның өнеркәсібі;

  2. Қазақстандағы ауыл шаруашылық.

    1. «Сөйлеу тілдік дағдыларды қалыптастыру» бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды:

  1. сөздік қорды кеңейту;

  2. байланыстырылған сөйлеу тілін дамыту.

    1. 5-сыныпқа арналған «Айналадағы әлем» оқу пәнінің базалық мазмұны:

  1. табиғаттағы мезгілдік өзгерістер. Күннің табиғаттағы өзгерістерге (ауа, су температурасы, жылулық көлемі) тигізетін әсері туралы алған білімін жалпылау. Жыл мезгілінің ауысуына байланысты табиғаттағы өзгерістер. Жыл айларының атауларын бекіту. Жылдың әр түрлі мезгілдеріндегі өсімдіктер. Жылдың әр түрлі мезгілдеріндегі бақ, бақша, егістік, орман, дала, тау. Жылдың әр түрлі мезгілдеріндегі жабайы және үй жануарлары. Жылдың әр түрлі мезгілдеріндегі қаладағы және ауылдағы адамдардың еңбегі;

  2. менің Отаным – Қазақстан. Қазақстан Республикасының өнеркәсібі. Республикадағыөнеркәсіптік ірі қалалар. Қазақстандағы пайдалы қазбалар көмір, мұнай, газ, сондай-ақ осы жергілікті жердегі пайдалы қазбалар. Олардың адам өміріндегі маңызы. Қазақстандағы аса бір ірі кен орындары. Қазақстанның ауылшаруашылығы: мал шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы. Бидай өсіру аймақтары. Нанның адам өміріндегі рөлі. Нанға ұқыптылықпен қарау. Суретшілер мен жазушылар шығармаларындағы Қазақстанның табиғаты;

  3. табиғат. Су – барлық тіршіліктің өмір сүру шарты. Судың табиғаттағы рөлі. Суды өнімдерді өндіруде пайдалану. Судың ластану себептері. Су қоймаларының жанындағы тәртіп ережелері. Суды үнемдеу. Ауа – тыныс алу негізі. Ауаның өсімдіктер, жануарлар, адамдар өміріндегі рөлі. Ауаның ластану көздері фабрикалар, зауыттар, көліктер. Лас және таза ауаның адамның денсаулығына, жануарлар мен өсімдіктердің жағдайына тигізетін әсері. Топырақ. Топырақтың өсімдіктер, жануарлар, адам үшін маңызы. Адамның топырақтың құнарлылығын сақтаудағы рөлі. Табиғатқа ұқыпты қарау, адамның оның алдындағы жауапкершілігі. Тірі табиғат. Өсімдіктер. Ағаштардың, бұталардың, шөптесін өсімдіктердің ортақ және айырмашылық белгілері. Өсімдіктің өмір сүру шарты топырақ, су, ауа, жарық. Өсімдіктің сыртқы түрінен жеке талаптардың жетіспеушілігін анықтау. Мәдени өсімдіктер (бақ, бақша, егістік өсімдіктері). Сыртқы түрі, өсу шарты, өсу орны, адам күтіміне тәуелділігі. Жабайы өсетін өсімдіктер сыртқы түрі, өсу орны мен ерекшеліктері. Өсімдіктердің тұқыммен және шыбықпен көбеюі. Топырақты тұқым себуге дайындау. Өсімдік дамуының шарты және кезеңдері (тұқым, өскін, жапырақтары бар сабақ, гүл, жеміс), өсімдіктерді күтудің негізгі және қосымша ережелері. Тірі табиғат. Жануарлар. Жануарлар әлемі өкілдерінің сан алуан түрлері – аңдар, құстар, балықтар, жәндіктер. Жануарлардың өсімдіктен айырмашылықтары. Жануарлардың өсімдіктерді пайдалануы. Жануарлардың, құстардың қозғалу, жауларынан қорғану үшін бейімделуі. Үй және жабайы жануарлар сыртқы түрі, мекендеу орны бойынша ұқсастықтары және айырмашылықтары. Шөпқоректі жануарлар – қоян, тиін, сиыр, ешкі. Олардың қоректену тәсілдері. Ересек жануарлар мен олардың төлдерінің атаулары. Жыртқыш жануарлар – қасқыр, түлкі. Қылықтары, қоректену ерекшеліктері, төлдері. Қорек талғамайтын жануарлар аю, кірпі, шошқа. Жыртқыш жануарлармен шөп қоректі жануарлардың қоректену тәсілі бойынша айырмашылықтары. Пайдалы және зиянды жануарлар (адам, жануарлар үшін зияны және пайдасы);

  4. байланыстырып сөйлеуді дамыту: сөздік қорын кеңейту; бақылау және заттық-тәжірибелік іс-әрекеттің нәтижесінде сөйлем құрастыру; диалогпен сөйлеуді дамыту; сурет, сюжеттік суреттер бойынша қысқаша әнгімелерді құрастыру; білім алушылардың сөйлеу тілі грамматикалық құрылысын, сөйлеу мәнерлігін жетілдіру.

    1. Бағдарламадағы оқу материалын тоқсандар бойынша бөлу үлгілік болып табылады, білім алушылардың оқу материалын меңгеруін есепке ала отырып мұғалімнің тоқсандар арасында ауыстыруға құқығы бар. Мұғалім тақырыптарды оқу бірізділігін жергілікті табиғи жағдайларға байланысты анықтайды. Әр сыныптағы оқу өткен материалдарды қайталаудан басталады. төртінші тоқсанның негізгі уақыты жыл бойы өткенді қайталауға және жеке білім алушылардың біліміндегі кемістіктерін түзетуге арналады.

Айналадағы әлем

Жеңіл ақыл ой кемістігі

5 сынып үйде оқыту(34 сағат)

Күнтізбелік тақырыптық жоспар

Бөлім

Тақырып

Оқу мақсаты

Саға

ты

Мерзімі

Ескер

ту

І - тоқсан

1

Табиғаттағы мезгілдік өзгерістер

Күз мезгіліндегі ауа райы

5.1.1.1табиғаттағы күзгі өзгерістер себебін түсіндіре білу


1



2


Ауа райына сәйкес киін

        1. ауа райына қарай киіне білу


1



3


Адамның күзгі еңбегі

        1. 5.1.1.10күзгі көкөністерді дайындауға – қырыққабатты және қиярды тұздауға көмектесу


1



4

Табиғат

Өсімдік әлемі

        1. 5.1.1.3өсімдіктердің, жануарлардың (жәндіктер, құстар), адамның күздегі өміріндегі өзгерістер туралы бақылау барысында алған білімді қорытындылау


1



5


Жануарлар әлемі

1



6


Су.Су қоймалары

5.2.2.1судың ластану себептерін және оның адам, жауарлар мен өсімдіктер өміріндегі салдарын білу


5.2.2.11судың жағасында және суда қауіпсіздік ережелерін сақтау


1



7


Суды сақтаңдар.Судағы қауіпсіздік

1



8

Менің отаным-Қазақстан

Республикадағы өнеркәсіптік қалалар

5.3.1.1Қазақстан Республикасының өнеркәсібі туралы түсінігі болу


1



9


Мал шаруашылығы

5.3.2.3малшаруашылығыныңнегізгіаймақтарын білу,картадан көрсету

1



ІІ - тоқсан

10


Өсімдік шаруашылығы

5.2.1.9өсімдіктің даму талабы мен кезеңдерін (тұқым, өскін, жапырағы бар сабақ, гүл, жеміс) білу


1



11


Нанды неден жасайды?

5.3.2.4нанның неден жасалатынын және нанның адам өміріндегі рөлін білу

1



12

Табиғаттағы мезгілдік өзгерістер

Көктем мезгіліндегі ауа райы

5.4.2.2 табиғат туралы, жылдың әр түрлі мезгілдеріндегі адам, өсімдіктер, жануарлар өміріндегі өзгерістер туралы әңгімеқұрастыруға талпыну

1



13


Сұлу көктем

5.4.2.1 сөз тіркестері мен сөйлемдерді өздігінен құрастыра білу

1



14

Табиғат

Біздің ғаламшарымыздағы өсімдіктер


5.4.2.1 сөз тіркестері мен сөйлемдерді өздігінен құрастыра білу

1



15


Өсімдік мүшелерінің дамуы

1



16


Қорек талғамайтын жануарлар

1



17

Өлі табиғаттағы үдерістер

Топырақтың өсімдіктер,жануарлар мен адам үшін маңызы

5.2.2.7 топырақ және топырақтың адам, жауарлар мен өсімдіктер үшін маңызы туралы түсінікті нақтылау және кеңейту

1



ІІІ - тоқсан

18


Топырақтың құнарлылығын сақтаудағы адамның ролі

        1. 5.2.2.8 топырақтың құнарлылығын сақтаудағы адамның рөлі туралы білу

1



19

Қазақстанның өнеркәсібі

Бензинді неден алады?

5.3.1.6 бензинның қайдан алынатыны және оның қайда пайдаланылатыны туралы білу

1



20


Үйге газ қалай келеді?

5.3.1.7үйгегаздың қалай келетіні туралы түсінігі болу


1



21

Қазақстанның ауыл шаруашылығы

ҚР мал шаруашылығының негізгі аймақтары

5.3.2.3малшаруашылығыныңнегізгіаймақтарын білу,картадан кқрсету

1



22


ҚР өсімдік шаруашылығы

5.3.2.6жергілікті жерде қандай ауылшаруашылық дақылдардың өсірілетінін білу

1



23

Табиғаттағы мезгілдік өзгерістер

Жаз мезгіліндегі ауа райы

5.4.2.2. табиғат туралы, жылдың әр түрлі мезгілдеріндегі адам, өсімдіктер, жануарларөміріндегі өзгерістер туралы әңгіме құрастыруға талпыну

1



24


Өсімдіктер тіршілігіне қажетті жағдайлар

5.1.3.7 ағаштарды,

бұталарды, бақша

өсімдіктерін

отырғызуға,

гүлзарға гүл

тұқымын себуге

қатысу


1



25


Мәдени және жабайы өсетін өсімдіктер

5.2.1.5«Мәдени өсімдіктер» (бақ, бақша, егін дақылдары) түсінігі туралы ұғынымы бар

1



26


Бақтағы және бақшадағы мәдени мәдени өсімдіктерді өсіру ережелері

5.1.3.6 бақтағы ағаштарды әктеуге қатысу

1



27


Қоян шөпқоректі жануар

5.2.1.38 шөпқоректі жануарлар (қоян, тиін, сиыр, ешкі), олардың қоректену тәсілдері, ересек жануарлар мен олардың төлдерінің атауларытуралы түсінігінің болуы

1



ІV - тоқсан

28


Тиін

5.2.1.38 шөпқоректі жануарлар (қоян, тиін, сиыр, ешкі), олардың қоректену тәсілдері, ересек жануарлар мен олардың төлдерінің атауларытуралы түсінігінің болуы

1



29


Сиыр мен ешкі шөпқоректі жануарлар

5.2.1.42 үй жануарларын өздігінен күтуге талпыну

1



30


Түлкі мен қасқыр жыртқыш аңдар

5.2.1.39 жыртқыш жануарлар (қасқыр, түлкі) және олардың сыртқы түрі, қоректену ерекшеліктері, олардың қылықтары, төлдері туралы түсінігінің болуы

1



31

Өлі табиғаттағы үдерістер

Суды өнім өндіруде пайдалану

5.4.2.1сөз тіркестері мен сөйлемдерді өздігінен құрастыра

1



32


Судың ластануы,оның адам, жануарлар ен өсімдіктердің тіршілігіндегі зардабы

5.2.2.1судың ластану себептерін және оның адам, жауарлар мен өсімдіктер өміріндегі салдарын білу

1



33


Қазақстандағы мұнай мен газ және көмір кендерін өндіру

5.3.1.3Қазақстандағы пайдалы қазбалар (көмір, мұнай, газ), сондай-ақ жергілікті жердегі пайдалы қазбалар, олардың адам өміріндегі маңызы туралы түсінігі болу


1



34


Энергия қуатын сақта

5.3.1.1 Қазақстан Республикасының өнеркәсібі туралы түсінігі болу

1



Барлығы:


36сағ





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!