Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
1 жыл бойы тегін жүктеу мүмкіндігіне ие болыңыз!
жеңілдік
“Айналайын, ақ анам!” ашық тәрбие сағаты
«Ақбота» балабақшасы» КМҚК
Тәрбиешілер: Коксинова
М.Т
Бердхан Б
Глубокое кенті, 2020ж
Айналайын, ақ анам!
Жүргізуші 1: Сәліметсіздерме, құрметті қонақтар, тәрбиешілер! Сіздерді Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймыз!
1 ұл (Нұрхат): Армысың мейірімді аналарым
Мейірбан ашық көңіл даналарым
Гүл көктемнің алғашқы мейрамымен
Құттықтайды сіздерді балаларың
2 (Жантөре): Мен қазақ қыздарына қайран қалам
Жанары жаны жаздай жайраңдаған
Қыз өссе елдің көркі деген сөзді
Қапысыз қалай айтқан қайран бабам демекші, қыздар, бүгінгі мерекелерің құтты болсын!
Мадина : Ұлдар, қыздар демекші, ал біздің қыздарымыз қайда? Оларсыз мейрамымызды қалай бастаймыз? Мүмкін олар сендерге ренжіп, кетіп, қалған шығар? Қане мойындандар, қыздарымызды ренжіткенсіндер ме?
Ұлдар: жоооқ, біз оларды сыйлаймыз ғой.
Мадина: Жарайды, қазір оларды тауып алуға тырысып көреміз. Телефондарың бар ма, кәне жан-жаққа хабарласып іздейік.
Жантөре : -Алло! Бұл дүкен бе? Сіздерге «Болашақ» тобының қыздары келмеді ме? Жоқ, кешіріңіз.
Нұрхат: - Алло! Бұл сұлулық салоны ма? Ал сіздерге «Болашақ» тобының қыздары келмеді ме екен? Келді ме? Олар шаш үлгісін жасады ма? Олардың қайда кеткенін білмейсіз бе? Ательеге?
Жантөре: Алло! Бұл ателье ме? Айтыңызшы, сіздерге «Болашақ» тобының қыздары келмеді ме? Уфф, әйтеуір табылды-ау.
Жүргізуші 1: Ұлдар! Біздің қыздарымыз келе жатқан сияқты. Қане, қыздарымызды ортаға алып шығыңдар.
Флешмоб билейді, барлығы ән айтады
Ән: «Анажан»
Бердігул : -Жарайсыңдар, өнерлерің үстем болсын! Орындарыңа отырыңдар.
Залға барбарики кіреді. (Динара мен Алинур)
Барбарик 1 (Динара): Салем, қыздар!
Барбарик 2 (Алинур) Салем, ұлдар!
Бірге: Кеш жарық, құрметті ата-аналар мен апайлар!
Мадина: Сәліметсіңдерме, барбариктер, қонаққа келмегендеріңе қанша болды! Сендерді көргенімізге өте қуаныштымыз! Солай емес пе, балалар!
Бердігул : Сендер бүгінгі мерекеге дәл келдіңдер.
Барбарик1: -Бүгін қандай мереке?
Бердігул : Бүгін көктемнің алғашқы мерекесі, аналар, әжелер, ару қыздарымыздың мерекесі.
Барбарик 2 : Алақай, сендермен бірге мерекені бірге тойлайтын болдық, біз де аналарымызды құттықтаймыз.
Мадина: Бірак біз де бір мәселе боп тұр, біз мерекені қалай бастарымызды білмей тұрмыз.
Барбарик1: О-о таптым! Менің бір ойым бар! Біз тележүргізуші боламыз!
Барбарик 2: Ал, балаларымыз әртістер болады!
Жүргізуші: Ойың тамаша екен! Балалар, сендер мерекелік бағдарламаға қатысуға дайынсыңдар ма?
Балалар: иә, дайынбыз .
Жүргізуші: Ендеше, барбариктер өздеріңнің тележүргізуші орындарыңа барып жайғасыңдар, бастайық! Ал біздің әртістер өнер көрсетсін.
Барбарик1: Сәліметсіздерме, құрметті теле көрермендер, аналар, әжелер, апайлар мен сіңлілер! "Ақбота" балабақшасы теледидарының бірінші каналы "Аналар күніне" арналған бағдарламаларды ұсынады.
Эфирде «Анама арнаймын» бағдарламасы! Олай болса, достарымыздың аналарына арнаған өлең жолдарына кезек берейік.
Айғаным Ақ сүтін берген анашым, Ақылды менің данашым. Өзіңдей жанды әлемнен, Қайдан табамын анашым?! Мейірім төккен баршаға Онымен өмір қаншама? Анасыз өмір бола ма, Айтыңдаршы, баршаң да? Алысқа кетсемде, Сағынамын мен сені! Әрқашан да жанымнан, Табылатын менің анашым! |
К. Аяулым Аппақ мамам, ақ мамам
«Ақ мамам!» - деп,
шаттанам
«Бөпешім!»- деп
жатпаған. Анаң болса қасыңда Басқа бақыт не керек Аналардың жүрегі Мейірімді ғой керемет |
Амина Анашым менің анашым, Мәпелеп өсірген сен едің . Мейірімің қандай керемет!? Анашым менің анашым. Анашым аяулы адам сен едің, Серігі болған біздердің . Түн ұйқысын төрт бөлген, Қамқоршы менің анашым. Анашым асыл адам сен едің, Біздерді бесігіңмен тербедің. Аялаған біздерді Ардақты анашым сен едің.
|
Аяна Қандай жұмсақ жүрегі жақсылық қана тілерің Сен жанымда жүргенде шын көңілмен күлемін Мәпелеп мені өсірген Ризамын мен өзіңе Ана деген керемет Сыйлап өтем өмірде
|
Динара Жан анама Нұрын шашқан күнімсің ғой жан анам Бар шуағын баласына арнаған Бір өзіңнен қуат алам өмірде Сенің салған сара жолды жалғағам Айымсың ғой жарық қылар түнімді Жұлдызымсың сәнді еткен көгімді Бір алладан саулығыңнды тілеумен Атқызамын әрбір ғажап таңымды |
Құралай Өмір сыйлаған анашым Өзіңе мен ризамын Аяулы менің анашым Қайда жүрсеңде сағынамын Аялы алақаның Маңдайымнан сыйпағаны Мен бақытты баламын Өскенсоң бағаым Алғысыңда аламын! |
У.Аяулым
Шуақ төгіп күлімдейтін
қарасам, Ана дейміз біріміз де
аңқылдап, |
Еркенұр
Мен анамды
сүйемін, Келбетінде ұлылық, Даладай кең пейілі. Ана деген-жылылық, Ана деген-мейірім |
Раяна
Мама дорогая, Солнце улыбается, |
Балалар орындарына отырады.
ҚЫЗДАР ТАҚПАҚ АЙТҚАНДА ҰЛДАРҒА ФОНАРИК ТАРАТЫП БЕРУ
Барбарик 2: Ал қазір, мерекелік бағдарламамызды жалғастырамыз. Сіздерге «Жылдың ең үздік биі» бағдарламамызды ұсынамыз.
Ортаға Айғаным мен Еркенұр шығады.
Айғаным: Еркенур, қарашы маған Алмаз сақина сыйлады.
Еркенур: Қойшы,
Айғаным сақина сыйлағанша одан да неге би сыйламайды
Айғаным: Әрине олардың биі де дайын
Екеуі бірге: Ендеше жігіттердің орындауында би «Фонарик»
ҚЫЗДАР КИІНУГЕ ШЫҒАДЫ.
Мадина: Жарайсыңдар! Өнерлерің үстем болсын! Барбариктер, сендерге жарнамалық үзілісті жариялау қажет деп ойламайсындар ма?
Барбарик 1: Дұрыс айтасыз! Біраз, ойын ойнауды ұсынамын!
Ойын: «Гүл сыйлаймыз » ойыны. Тәрбиеші ойын шартын түсіндіреді.
Барысы: 5 жұп шығады, ортада 4 гүл жатады, балалар вальс билеп, музыка тоқтағанда гүлдерді алып, қыздарға сыйлайды. Қай жұп ала алмады, сол жұп, ойыннан шығады.
Ойын: «Кір жаю» Ұлдар екі топқа бөлінеді. Екі бала жіпті ұстап тұрады. Қалған балалар, кірді жіпке жайып, жарысады.
Мадина: Сонымен, жарнамалық үзілісіміз аяқталды! Бағдарламамызды одан әрі қарай жалғастырамыз.
Барбарик 2: Қазір эфирде «Сазды әуен» бағдарламасы!
Бердігул: Біз ғана емес қадыр тұтқан бабалар
Аналардан туған небір даналар
Ана деген тіршіліктің тірегі
Мерекеңмен қасиетті аналар деп ұлдардың «Аяулы анашым» әнін карсы алыңыздар»
Ән: «Аяулы анашым»
Барбарик 1: Сонымен, құрметті аналар мен әжелер. Сіздерге «Күлкінің айналасында» атты бағдарламамызды ұсынамыз! Бүгін, алғашқы рет, өздерінің мерекелік құттықтауымен, гастрольмен келген, «Ладушки» ансамблін қарсы аламыз.
«Асүйлік оркестр» Ұлдардан құралған
Жүргізуші: -Жарайсыңдар, «Ладушки» ансамблін қошметтеп қоялық. Көңіл- күйімізді одан сайын көтеріп тастадыңдар. Рақмет, сендерге.
Жүргізуші: Ал біз бағдарламамызды одан әрі жалғастырамыз. Келесі «Биле, биле» бағдарламасын тарту етеміз. Ортаға Алижан мен Олжас шығады.
Алижан:
( галстугін дұрыстап)
Олжас, маған қарашы мен әдімімін бе?
Олжас: И....и...Алижан саған не болған?
Алижан: Не болушы еді,
қазір біздің қыздар өнер көрсетпекші
Олжас: Ия өмір зымырап бара жатыр,
ал біздің қыздар күннен күнге құлпырып бара жатыр
Алижан: Ия... (күрсініп)
Олжас: И...Алижан,
күрсінбе, ол қыздармен әлі мектепте де кездесеміз ғой.
Әзірше олардың мың бұрала билеген билерін
тамашалайық.
Бірге: Олай болса сұлу қыздарымыздың орындауында
«Шығыс биі »
Қыздардың орындауында «Шығыс биі»
Жүргізуші:Рахмет қыздар! Өнерлерің үстем болсын!Орындарыңа отыра қойыңдар!
Барбарик 1: Сонымен, мерекелік бағдарламамызды жалғастырамыз. Ары қарай «Сәнді үкім» бағдарламасы басталады. Басқа арнаға ауыспаңыздар.
Ойын:«Қызды әдеміле»
Жүргізуші: Қане, ұлдар олай болса, отырмаймыз! Ойын ойнаймыз. Ортаға 4 ұл, 4 қыз шығады. Мына жерде тұрған заттармен қыздарды сәндеп, киіндіресіңдер.
Жүргізуші: Жарайсыңдар! Рақмет, орындарыңа отыра қойыңдар.
Жүргізуші: Ана дейміз бәріміз де аңқылдап
Ана дейміз бәріміз де жарқылдап
Ана деген- бәйтерегі өмірдің
Ана деген-алтын қазық, алтын бақ- деп бағдарламаның атынан барлық қазақстандық аналарды,әжелерді құттықтап әдемі өлең жолдарын тарту етеміз.
Еламан Бізді өсіріп баптаған Жақсы болсақ шаттанған «Алтыным» деп мақтаған Айналайын, ақ анам! Айналайын анашым Біз үшін күн боп жанасың Құтты болсын мейрамың Құттықтаймын анашым |
Нұрхат Ана деген ақылшың Анаң барда батырсың Қасыңда кім болсада Тек анаңа жақынсың Келді көктем күннің Күлімдейді гүлің Алтын ойлы Анам Мерекеңіз бүгін |
Алижан Ақыл айтып баптаған Анам үшін мақтанам Аялаған ұрпақтарын Көп жасасын жақсы адам Кемеңгерсің данасың Арқа тұтар панасың Еңбегіңді ақтаймын Аман болшы, анашым |
Ел – Сұлтан Сендей болсын бар адам Сендей болса бар адам Шаттық кетпес баладан |
Алинұр I love you, Mommy My dearest |

