Айналамен таныстыру "Көктем келбеті"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Айналамен таныстыру "Көктем келбеті"

Материал туралы қысқаша түсінік
Айналамен айналысу "Көктем келбеті" ашық сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Атырау облысы Атырау қаласы Еркінқала орта мектебінің мектепалды дайындық

тобының тәрбиешісі Амирова Гүлбаршын Қадірліқызы


Айналамен таныстыру


Сабақтың тақырыбы: Көктем келбеті

Сабақтың мақсаты: Көктем мезгілінің ерекшеліктерімен таныстыру.

Көктем мезгілі туралы балаларға білім беру. Табиғаттағы құбылыстар,

өсімдіктер мен жануарлардағы маусымдық өзгерістер, адамдардың

көктемдегі пайдалы іс–әрекеттері туралы әңгімелеу. Табиғатты сүюге,

одан ләззат алуға еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.

Көрнекілік: Көктем туралы суреттер және үлестірмелі суреттер.

Әдіс–тәсілдер: салыстыра сөйлету, әңгімелесу, түсіндіру, ойын, көрнекілік.

Сабақ барысы:

І. Қызығушылығын ояту. Шаттық шеңбері.

Арайлап таң атты,

Алтын сәуле таратты.

Жарқырайды күніміз,

Жарқырайды даламыз.

Қайырлы таң, апайлар!

Қайырлы күн, балалар!

  • Балалар, жылдың неше мезгілі бар?

  • Мен сендерге мынадай жұмбақ–өлең жолдарын оқимын, сендер мұқият тыңдап

отырыңдар.

Ақ қар еріп, су көбейіп,

Сай–салаға толады.

Ағаш басы бүршік шашып,

Гүл, бәйшешек толады.

Бөбектерім айтыңдаршы.

Бұл қай кезде болады? – деп ойлайсыңдар.

  • Неге көктем деп ойлайсыңдар?

  • Көктемде жерде қар ериді.

  • Көктемде неше ай бар?

  • Көктемде үш ай бар: наурыз, сәуір, мамыр.

  • Көктем қай айдан басталады?

  • Көктем мезгілінің қыс мезгілінен қандай ерекшелігі бар?

  • Ағаштар бүршік жарады, құрт–құмырсқа тіріледі.

ІІ. Тақтаға көктем туралы сурет іліп, сол туралы әңгіме құрату.

ІІІ. Дидактикалық ойын: «Жоғалған сөздер».



Көктем ... .

... жылынды.

Жер ... .

Құстар ... ... .

Сөздерді буынға бөлу: көктем, жылы, құстар, наурыз.

ІУ. Сергіту сәті.

Біз гүлдерше өсеміз,

Жапырағы жайқалған.

Сабақтары салалы,

Жерге ырғалып жайқалған.

У. «Жақсы–жаман» ойыны.

Мақсаты: жаман әдеттен аулақ болуға, көргенін ажыратып, әңгімелей білуге

үйрету.

Ойын барысы:

  1. Ағаштың бұтағын сындыру – жаман.

  2. Ағаштағы құстың ұясын бұзу – жаман.

  3. Құстарға ұя жасау – жақсы.

  4. Гүлдерге су құю – жақсы.

  5. Ағаш бұтағындағы құсты рогаткамен ату – жаман.

  6. Далада өсіп тұрған гүлдерді жұлып, бүлдіру – жаман.

  7. Жайлауда қошақанға емізікпен сүт беру – жақсы.

УІ. Дидактикалық ойын. «Орныңды тап».

«Сөзді есіңде сақта» ойыны.

Көктем – жаңбыр

Жаз – күн шықты

Аспан – бұлт

Жер – шөп

Ағаш – жапырақ.

У. Сабақты қорытындылау.

Сабаққа белсене қатысқан балаларды мадақтау.

«Қуанышты хабарлама жіберу».




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.12.2017
995
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі