« Айналаңа алғыс айт!»
Алғыс-адам баласының сөзбен және іс-әрекетпен білдіретін ризашылық түрі. Өзге адамдармен жақсы қарым-қатынаста болудың формуласы іспеттес десек жөн болар. Яғни , өзіңізді және қоршаған ортаны бағалауға үйрететін керемет амал. Сіз алғыс айту арқылы , айналаңыздағы адамдарды қуанышқа бөлей аласыз. Бұл амалға байланысты арнаулы күн бар екенін білдіңіз бе?
Тұңғыш президентіміз Н.Ә.Назарбаев 2016 жылдың 14 қаңтарында , елімізде «1 наурыз-алғыс айту күні» деп жариялаған болатын. Көктемнің алғашқы күніне тұспа-тұс келген мейрамды барша қазақстандықтар 2016 жылдан бері атап өтуде. Бұл аталмыш күнді ең әуелі өзіңізге «алғыс айтудан» бастаған дұрысырақ. Өйткені сіз осы әрекетті жасай отыра , өзіңізге деген сыйластықты көрсетесіз. Әрі қарай сізді қоршаған ортаға, айналаңыздағы адамдарға деген ілтипатыңызды сөзбен жеткізіңіз. Әдетте елімізде бұл күнде түрлі сала мамандарына алғыс айтады. Мысалы, ақ халатты абзал жандарға , аяулы ұстаздарға , біздің қауіпсіздігімізді қадағалап жүрген полиция қызметкерлеріне қоғам өз ризашылықтарын білдіреді. Әсіресе,мектеп қабырғасындағы оқушылар бұл күнде ұстаздарына деген құрметтерін түрлі концерттер қою арқылы көрсетеді.
Мен қай сала мамандарына ерекше алғыс айтамын?
Барша қазақ жұртын келіп жеткен алғыс айту күнімен құттықтай отыра ,өз алғысымды журналистика саласының мамандарына білдіремін! Бұқара халық пен билік арасында алтын көпірге айналған бұл маман иелері болмаса,әлемде не жаңалық болып жатқанынан хабардар болмас едік. Журналисттер тек ақпарат таратып қана қоймай , адамзаттың сақшысы. Әділетсіз оқиғалардың құрбандарына арашалап барынша көмек көрсететін мамандар. Бізге шынайы әрі объективті жаңалықтармен қамтамасыз ететін сөз шеберлері деп білемін. Журналисттер сонымен қатар телевизия , газет, радио , журнал сынды ақпарат құралдарымен қазақ халқының құндылықтарын кеңінен насихаттайды. Сондықтан да , менің журналистика саласының мамандарына деген алғысым ерекше.
Құрметті, оқырман ал сіз өз алғысыңызды кімге білдіресіз?
Шымкент қаласы
№64 мектеп-гимназиясының
11 сынып оқушысы
Ғабиденқызы Балым
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Айналаңа алғыс айт!
Айналаңа алғыс айт!
« Айналаңа алғыс айт!»
Алғыс-адам баласының сөзбен және іс-әрекетпен білдіретін ризашылық түрі. Өзге адамдармен жақсы қарым-қатынаста болудың формуласы іспеттес десек жөн болар. Яғни , өзіңізді және қоршаған ортаны бағалауға үйрететін керемет амал. Сіз алғыс айту арқылы , айналаңыздағы адамдарды қуанышқа бөлей аласыз. Бұл амалға байланысты арнаулы күн бар екенін білдіңіз бе?
Тұңғыш президентіміз Н.Ә.Назарбаев 2016 жылдың 14 қаңтарында , елімізде «1 наурыз-алғыс айту күні» деп жариялаған болатын. Көктемнің алғашқы күніне тұспа-тұс келген мейрамды барша қазақстандықтар 2016 жылдан бері атап өтуде. Бұл аталмыш күнді ең әуелі өзіңізге «алғыс айтудан» бастаған дұрысырақ. Өйткені сіз осы әрекетті жасай отыра , өзіңізге деген сыйластықты көрсетесіз. Әрі қарай сізді қоршаған ортаға, айналаңыздағы адамдарға деген ілтипатыңызды сөзбен жеткізіңіз. Әдетте елімізде бұл күнде түрлі сала мамандарына алғыс айтады. Мысалы, ақ халатты абзал жандарға , аяулы ұстаздарға , біздің қауіпсіздігімізді қадағалап жүрген полиция қызметкерлеріне қоғам өз ризашылықтарын білдіреді. Әсіресе,мектеп қабырғасындағы оқушылар бұл күнде ұстаздарына деген құрметтерін түрлі концерттер қою арқылы көрсетеді.
Мен қай сала мамандарына ерекше алғыс айтамын?
Барша қазақ жұртын келіп жеткен алғыс айту күнімен құттықтай отыра ,өз алғысымды журналистика саласының мамандарына білдіремін! Бұқара халық пен билік арасында алтын көпірге айналған бұл маман иелері болмаса,әлемде не жаңалық болып жатқанынан хабардар болмас едік. Журналисттер тек ақпарат таратып қана қоймай , адамзаттың сақшысы. Әділетсіз оқиғалардың құрбандарына арашалап барынша көмек көрсететін мамандар. Бізге шынайы әрі объективті жаңалықтармен қамтамасыз ететін сөз шеберлері деп білемін. Журналисттер сонымен қатар телевизия , газет, радио , журнал сынды ақпарат құралдарымен қазақ халқының құндылықтарын кеңінен насихаттайды. Сондықтан да , менің журналистика саласының мамандарына деген алғысым ерекше.
Құрметті, оқырман ал сіз өз алғысыңызды кімге білдіресіз?
Шымкент қаласы
№64 мектеп-гимназиясының
11 сынып оқушысы
Ғабиденқызы Балым
шағым қалдыра аласыз













