Материалдар / Айналу денелерінің бүйір және толық бетінің аудандарын есептеу.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Айналу денелерінің бүйір және толық бетінің аудандарын есептеу.

Материал туралы қысқаша түсінік
Алдын-алу әдісімен тілдік мақсатты дамытуға және геометриялық фигураларды тәжірибе жүзінде жасап,құрастырып үйрену мақсатында берілген үй тапсырмасы.Екі топқа да үй тапсырмасына өткен «Көпжақтар» бөлімі бойынша геометриялық фигуралар жасап әкелу берілген,әрбір топ мүшесі өздерінің жасап келген геометриялық денелерін қорғап беруі тиіс
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Маусым 2023
476
0 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың мақсаты: Айналу денелерінің бүйір және толық бетінің аудандарын есептеу.


Бағалау критерийлері: Цилиндр, конус, қиық конус, сфера, шар және оның элементтерін анықтайды.

І.Ұйымдастырукезеңі (2-мин)

а) Сәлемдесу,түгелдеу,аудитория тазалығын қадағалау және студенттердің зейіндерін сабаққа аудару,ашық сабақтың мақсатын хабарлау,студенттердің сабаққа дайындығын бақылау.Бағалау парағы таратылып және топ басшылары сайланады.Бағалау парағындағы максималды балл 20 . Топ студенттері өзін–өзі және бірін-бірі бағалап отырады.

ІІ.Өткен тақырыпқа шолу:


1Жекелеген жұмыс: «Көпжақты қорғау» (5-мин)

Алдын-алу әдісімен тілдік мақсатты дамытуға және геометриялық фигураларды тәжірибе жүзінде жасап,құрастырып үйрену мақсатында берілген үй тапсырмасы.Екі топқа да үй тапсырмасына өткен «Көпжақтар» бөлімі бойынша геометриялық фигуралар жасап әкелу берілген,әрбір топ мүшесі өздерінің жасап келген геометриялық денелерін қорғап беруі тиіс.

Көпжақтар:Тікпризма,көлбеу призма,параллелепипед,куб,пирамида,қиық пирамида.Бүйір беті мен толық бетінің аудандарының формулаларын жатқа айтады.


2.Жұппен жұмыс: «Көпжақтың аудандарын есептеу»(5-мин)


Геометриялық фигуралардың күрделілігіне қарай деңгейлік тапсырма:

Студенттер сызғышты пайдаланып,алдарындағы геометриялық денелердің өлшемдерін алып,фигураның бүйір бетінің ауданы мен толық бетінің ауданын есептеп шығарады.Бөлім бойынша теориялық тұрғыда алған білімдерін тәжірибе жүзінде қолданып үйренеді.Қай жұп бірінші есептеп шығарса, жауабын тақтаға жазады.

Жаңа сабақты түсіндіру(10-мин)

Бүгінгі сабақтың ұстанымы:



Естігенімді ұмытып қаламын,

Көргенімді есімде сақтаймын,

Істегенімді түсінемін”

Конфуций

Жоспар

  1. Айналадағы конус

  2. Конустың анықтамасы,элементтері

  3. Конустың жазбасы

  4. Конустың бүйір беті мен толық бетінің ауданы

  5. Мысал есеппен түсіндіру


1.Айналадағы конус:





Конустың анықтамасы,элементтері:


Анықтама: Тікбұрышты үшбұрышты катетінен айналдырғанда шығатын фигура конус деп аталады. Грек. Ronos- «қарағай бүршігі»

Конустың төбесінен оның табан жазықтығына жүргізілген перпендикуляр- конустың биіктігі болады.

Табан шеңберінің кез келген нүктесін конустың төбесімен қосатын кесінділер- конустың жасаушылары деп аталады.

Конустың бүйір беті де -конустық бет деп аталады.

Конус табанының радиусы - R ,жасаушысының ұзындығы- l, ал биіктігі - H болса, Пифагор теоремасына сәйкес бұл шамалар:

2= R2 +H2


3.Конустың жазбасы:


Конустың бүйір беті мен толық бетінің ауданы:


5.Мысал есеппен түсіндіру:

Топпен жұмыс:

1-ТАПСЫРМА«Көрнекілікпен тәжірибелік жұмыс» (7-мин)

Жаңа сабақтыбекіту үшін студенттер өздері жасап келген конустың өлшемдерін алып,яғни алдын алу әдісімен дайындалған фигураларды қолданып – конустың бүйір беті мен толық бетінің аудандарының формулаларын есептер шығаруда қолданады.Мысалы: Конустың табанының диаметрін және жасаушысының өлшемдерін алу арқылы тәжірибе жүзінде есептеп шығарады

Жұппен жұмыс:

2-ТАПСЫРМА. «Бос ұяшықты толтыр» (5-мин )

Жұптасып келесі тапсырмаларды орындауды ұсынамын.Бұл тапсырмада студенттер айналу денелерінің формулаларын қолдана отырып,үш түрлі айналу денесінің аудандарын есептеп шығарады

Кестеде берілген өлшемдер арқылы қалған белгісіз шамаларды есептеп табады

Дене


R

Sтаб

I

Н

Sб.б

Sт.б

Конус


12



5



Цилиндр


225П


20











Дұрыс жауаптары:

Дене


R

Sтаб

I

Н

Sб.б

Sт.б

Конус


12

144П

5

5

60П

204П

Цилиндр

15

225П

20

20

600П

825П















Қорытынды тапсырма:

«Геометриялық лото»

Цилиндр мен конустың аудандарының формулаларын кеспе қағазға толтыру арқылы,жаңа сабақты қаншалықты меңгергенін байқаймын


S таб=

S таб=

S б.б. =

S б.б. =

S т.б=

S т.б=

l=

l=

S қима=

Осьтік қима

S қима=

Осьтік қима

Sқима=

Табанына параллель қима

Sқима=

Табанына параллель қима

V=

V=



Дұрыс жауаптары:

S таб= ПR2

S таб= ПR2

S б.б. = 2ПRH

S б.б. = ПRl

S т.б= 2ПRH+2ПR2

S т.б= ПRl+ПR2



l= Н


Sқима= 2RH

Осьтік қима

S қима= RH



V=ПR2Н

Sқима= Пr2

Табанына параллель қима


V=ПR2Н



Сабақ соңында рефлексия жүргіземіз. (4-мин)

«Сөйлемді жалғастыр» (дәптерге жазады).

  1. Бүгінгі сабақта... білдім

  2. үйрендім

  3. қиындықтуындады

  4. әлі де жұмыстануымкерек


Үйге тапсырма: 1) Тест қайталау.

2) Айналу денелерін толық қарау

3) Формула жаттау.

4) Есепті шешу Конустың жасаушысы 5 см, табанының радиусы 4 см. Толық бетінің ауданын табыңыз.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!