Сабақтың тақырыбы: Қыз
еркем-кестесімен көркем (Айқас кесте кестесін кестелеу)
Сабақтың
мақсаты:
Білімділік: Халқымыздың
қолөнерінің бірі кестелеу, көркем тігістері, қолөнері туралы ұғымды
қалыптастыру, білімдерін кеңейту.
Дамытушылық: Кесте
тігісінің орындалу әдіс-тәсілдерін меңгерту, қол икемділігін
дамыту.
Тәрбиелік: Қолөнерімізді
үйрету арқылы атадан қалған салт-дәстірімізді құрметтеуге
тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Аралас
Сабақтың түрі: Сарамандық
Сабақтың әдісі: Зерттеу,
түсіндірмелі, сұрақ-жауап
Пәнаралық байланыс: Математика, бейнелеу өнері, қазақ тілі.
Сабақтың көрнекілігі: Дайын бұйымдар, нұсқау картасы, айқас кестенің дайын
фото-суреттерінен слайд.
Қажетті құрал-жабдықтар: Ине, қайшы, кергіш, түрлі түсті жіптер, нұсқау
картасы.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру
кезеңі
Оқушылармен сәлемдесу,
түгендеу, сабаққа назарын аударып, топқа бөліп, сабаққа дайындығын
қадағалау.
ІІ
Жаңа сабақ
І топқа
Кесте дегеніміз не?
ІІ топқа
Кестенің қандай түрлерін
білесіңдер?
ІІІ топқа
Айқас кесте туралы не
білесіңдер?
Кестелеу өнері - өте ертеден келе жатқан халық өнері. «Өнер -
таусылмас қазына, жұтамас байлық»,-дейді дана халқымыз. Қазақ
қолөнері өзінің төлтума бітім қасиетімен, көркемдік
мән-мағынасымен, шын мәнінде, халқымыздың ғасырлар талғамынан өткен
асыл қазынасы, соның бірі – кестелеу өнері.
Ертеде халқымыз тұтынатын бұйымдарының (ұлттық
киімдері, бас киімдері, неше түрлі сувинер заттарды, қол орамалдар,
т.б.) бәрін кестемен әшекейлеп безендірген. Бұл кестелеудің де
бірнеше түрлері болады. Олар өз мақсаттарына қарай орындалу
тәсілдері де болады. Мысалы айтар болсақ, Жіппен бейнелеу «Изонить»
кестесі (сәнді картиналар тоқу үшін), айқас кесте (дастархан,
орамал шеттерін, картиналар тоқу үшін), шым кесте (киімдерді,
көрпе, жастақтар, дастархан тоқу үшін), т.б. жатады.
Айқас кесте –
инемен тігетін кесте. Бұл кестенің ең көп таралған түрі. Өрнек
ізімен біркелкі төртбұрышты етіп бір жіптің үстінен екінші бір
жіпті айқыш түрінде тігіп отыру қажет. Онымен шаршы орамалдырдың
шеттерін әшекейлейді. Сонымен қатар түрлі бейнедегі картиналар да
тоқуға болады. Бұл кестені Жетісудің оңтүстігінде «орыс кесте» деп
те атайды.
Айқас тігудің күрделі түлері қосбасарлап,
бесбасарлап тігу түрлері де бар. Қосбасарлап тігу - ол қосу түрінде
бірінші жіпті көлденең алып, екінші жіпті тік шаншиды. Сонымен
қатар орындалу техникасында да ерекшеліктері бар. Ал матаның теріс
бетіндегі жіпшалынып отырады. Оны кестенің айшық мәнісіндегі көркем
тігістерге қолданады. Үшбасарлап тігу (үш басып тігу) – оны алғашқы
жіптерді көбейту амалының белгісі түрінде (Х) етіп алады да, соңғы
үшінші жіпті тігіске қолданады. Төртбасарлап, бесбасарлап тігу
үшбасарлап тігудің күрделі түрлері. Х (крест) тігісінің үстінен
басып тігеді. Оның екі түрлі жіппен айшықтап тігетін көркем
тігістер болып табылады.
Айқас кестесінің, сонымен қатар, тігілу
техникасының да ерекшелігіне қарай бірнеше техникасы
бар:
а)
матаның теріс жағынан тік тігіс түсіру;
ә)
матаның теріс жағынан көлденең тігіс түсіру;
б)
көлбеу айқас тігіс;
Х Х
Х
Х
Х
Х
Х
Х
Х Х
а) ә)
б)
ІІІ Сарамандық
жұмыс
Жұмысты бастамас бұрын технткалық қауіпсіздік ережелері еске
түсіреледі. Сонан соң айқас кестесінің тігілу техникасымен
танысады. Енді мата, түрлі-түсті жіптер, қайшы, ине, кергіш, нұсқау
картасы қажет.
Нұсқау картасы
Сергіту сәті
3 топқа үш түрлі тапсырма
беріледі.
І топқа
Ребус
шешу (Бақыт кілті –
еңбекте)
ІІ топқа
Мақал-мәтелдердің орнын
табу
-
Жеті рет
өлшеп ------------------- (бір рет піш)
-
Көз қорқақ
------------------------- (қол батыр)
-
Өнер көзі
-------------------------- (халықта)
-
Қыз еркем
------------------------- (кестесімен көркем)
-
Кестенің сыры
-------------------- (түрінде)
Кілемнің сыры -------------------- (түгінде)
6) Ата көрген
------------------------- (оқ жонар)
Шеше
көрген --------------------- (тон пішер)
ІІІ топқа
«Өнерлі қол» деген сөзге теңеу сөздерден
сызба жасау
ІV Сабақты қорытындылау
Бүгінгі сабақта қалай түсінгендерін 3 топқа сұрақтар қою арқылы
қорытындылау.
І топқа
1) Бүгін біз қандай кесте түрімен
таныстық?
2) Айқас кесте дегеніміз не?
ІІ топқа
1) Айқас кестенің қандай түрлері бар?
2) Орыс кесте дегеніміз не?
ІІІ топқа
1) Айқас кесте қандай бүйымдарға
тігіледі?
2) Айқас кестесінің тігілу техникасына қарай
неше ерекшелігі бар?
V Бағалау
3 топ
бір-бірлерінің жасаған өз жұмыстары мен сабаққа қатысуын, өз
білімдерін өздері бағалайды.
VІ Үйге тапсырма: Бастаған жұмыстарын аяқтап келу.
Бимурзаева Патима
Жаңақорған ауданының білім бөлімінің балалар өнер мектебі