400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Айтыс – ғасырлар жемісі, ұлттық құндылық"

Материал туралы қысқаша түсінік
Әр халықтың туа біткен болмысына, өмір кешу жағдайына қарай қалыптасқан осы дәстүрлердің тозығын уақыт өзі екшеп, озығын ел кәдесіне жаратып жатыр. Соның бірегейі есте жоқ ерте замандарда туып, қалыптасып, дамып жетіліп, бүгінгі күннің де қажетіне жарап отырған халық ауыз әдебиеті болса, оның ең бір өміршең жанры – айтыс.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Айтыс – ғасырлар жемісі, ұлттық құндылық

Айтыс – поэзия жанрларының ішіндегі ең қиыны, күрделісі. Айтыс өнері түркі халықтарының ішінде қазақ пен қырғызда ерекше дамыған. Біздің қанымызбен жаралып, рухымызбен таралған дәстүрлі, синкретті өнер.  Қазақ жанының айнасындай айтыс қилы тағдырлы, бөлекше болмысты қазақтың өзі сияқты, тарих жолында қысталаң-қыспақ пен дәуірлей өрлеудің түрлі кезеңдерін бастан өткергені мәлім. Саясаттың қыспағынан айтыс өнері әсіресе, кеңестік кезеңде айтыс өнерін сахнадан ғана емес, санадан да ығыстырып шығаруға күш салынып бақты. Айтыс шыңырауға құлауға шақ қалып тұрған  талмауыр тұстарда тәуелсіздік таңы атты. 

ХІХ ғасырдағы Сүйінбай, Біржан, Жанақ, Шөже, Кемпірбай, Түбек, Құлмамбет, Сара, Бақтыбайлар жырлаған елдік мүдде, ерлік тақырыбы, халықтың әлеуметтік жағдайы сияқты іргелі мәселелер бүгінгі ақындардың аузымен де айтыла бастады. Айтыстың солғындаған жылдарында аянбай тер төккен халық ақындары Көкен Шәкеев, Манап Көкенов, Қалихан Алтынбаевтардың соңын ала шыққан Әселхан Қалыбекова, Қонысбай Әбілев, Әсия Беркенова, Есенқұл Жақыпбеков, Баянғали Әлімжанов, Қатимолла Бердіғалиев сынды суырып салма саңлақтар айтыс өнерінің бүгінгі заман сахнасында салтанат құруына қызмет етті.                                                                          

Жер бетінде қанша ұлт болса, сонша ұлттық ерекшелік, дәстүр бар. Әр халықтың туа біткен болмысына, өмір кешу жағдайына қарай қалыптасқан осы дәстүрлердің тозығын уақыт өзі екшеп, озығын ел кәдесіне жаратып жатыр. Соның бірегейі есте жоқ ерте замандарда туып, қалыптасып, дамып жетіліп, бүгінгі күннің де қажетіне жарап отырған халық ауыз әдебиеті болса, оның ең бір өміршең жанры – айтыс.

«Айтыс – сөз барымтасы» деп Мұхтар Әуезов айтқандай, айтыс - қазақ халқының әдеби мол мұраларының бірі болып табылады. «Айтыс» деген атау айтысу, тартысу, дауласу, жарысу, сынасу мағынасында қолданылады. XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың басы айтыс өнерінің өркендеп, өрістеген дәуірі болып табылады.

Айтыс – ақындар үшін сөз таласы, сөз барымтасы, сөз майданы ғана емес. Ол – ақындық өнер салыстыратын, жауаптаса отырып, білім шарқын байқататын жер. Сондықтан да айтысқа түсетін әрбір ақын бұл жағдайды жақсы ұғынып, үлкен дайындықпен келетін болған. Бұл ретте айтысқа түсетін ақынды С.Мұқанов бәйгеге қосылатын тұлпарға теңейді.

Кейіннен қазақ сахнасынан жойылып кете жаздаған хас өнердің тамырына қайтадан қан жүгірді. Қан жүгіріп қана қойған жоқ, рухы қалғи бастаған қазақ баласының бойындағы қазақы қасиеттердің қайтадан еңсе тіктеуіне ықпал етті. Жас баладан еңгейген кәріге дейін төл өнері - айтыстың айбынды жанкүйеріне айналды. Айтыстарда айтылған ұтқыр сөздер де, сөз иелері де ел арасына аңыздай таралып, айтыс ақындары абыздай ардақталатын болды.

Сондай-ақ, осы айтыс өнерінің бұқаралық сипат алып, ұлттық идеологияның ұйтқысына айналуына телевизияның септігі мол болды. 1980 жылдардан бастап республикалық-телевизиялық айтыс дүниеге келді. Қоғамда болып жатқан түрлі өзгерістер, саяси-экономикалық, әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлар өткізілген ақындар айтысында жан-жақты насихатталып, халық назарына ұсынылып жатты. Әсіресе, дін, діл, тіл мәселелері өткір көтеріліп, бұқара халық көзқарасын осы бағытқа бұруда ақындар айтысы ерекше рөл атқарды. Ақындар айтысын ұйымдастырушы әрі оның теледидар арқылы Қазақстан аумағына таралуына көп еңбек сіңірген ақын, тележурналист Жүрсін Ерманның осы жылдар еншісінде атқарған қызметін ұлт өнер тарихында қалар ерен іс деп бағалаған жөн. Осы жылдары көгілдір экраннан айтыскер ақындар Ә.Беркенова, Қ.Әбілов, Ә.Қалыбекова, Т.Әбуова, Ә.Манапов, А.Бұлғақов, Е.Асқаров, Н.Тоқтасынова сияқты халық жүрегінен орын алған «от ауыз, орақ тілді» суырып салма ақындар айтыстың көшін ары қарай жалғады. Бұл ақындардың өлеңдері де әлеуметтік мазмұнының өткірлігімен, көркем тілдің құнарлығымен, суырып салмалықтың озық үлгісімен ерекшеленді.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
30.01.2023
398
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі